Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет22/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134

Тақырып бойынша сұрақтар: 

 

1.  Ұжымдық шарттың түсінігі жəне оның мəні. 

2.  Ұжымдық шарттың тараптары. 

3.  Ұжымдық шарттар қандай мақсатта бекітіледі? 

4.  Ұжымдық  шарттың  мазмұны  қандай  болады  жəне  кім  оны 

анықтайды? 

5.  Ұжымдық шартты бекітудің тəртібі жəне əрекет ету мерзімі. 

6.  Ұжымдқ  шарттың  ережелерін  орындамағаны  үшін  қандай 

жауапкершілік туындайды? 

7.  Ұжымдық келісімге анықтама жəне жалпы сипаттама беріңіз. 

8.  Ұжымдық  келісімнің  ұжымдық  шарттан  айырмашылығы 

неде? 


9.  Ұжымдық келісімдердің тараптары болып кім табылады? 

10.  Ұжымдық келісімдердің түрлері. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




6  Т А Р А У 

 

КƏСІПТІК ОДАҚТАР



 

            

Кəсіптік  одақтардың  түсінігі.  Алғаш  рет  кəсіптік  одақтар  Англияда 

ХVІІІ  ғасырдың  соңына  қарай  пайда  болды.  Олар  өз  мүшелерінің 

кəсіби  мүдделерін  қорғау  мақсатында  құрылды.  Кəсіптік 

одақтардың  пайда  болуы  мемлекет  пен  кəсіпкерлердің  күшті 

қарсылығын тудырды. Тіпті, кəсіподақтарды басу үшін қылмыстық 

жауапкершілік  көзделді,  ал  кəсіподақтарға  бірігу  қылмыстық  топ 

ретінде 

қарастырылды. 

Алайда, 

кейінірек 

жұмысшылар 

қозғалыстарының  қысымының  нəтижесінде  кəсіподақтар  заңды 

тұрғыда  танылды.  Кəсіподақтарды  қылмыстық  қудалау  Англияда 

1824-1825  жылдары,  Францияда – 1864 жылы,  Италияда – 1896 

жылы тоқтатылды. 

1871  жылы  Англияда,  содан  кейін  өзге  де  мемлекеттерде  кəсіподақтар 

туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кəсіподақтарға анықтама берді, 

оларды  тіркелген  (заңды)  жəне  тіркелмеген  (заңсыз)  деп  бөлді. 

Аталған  заң  ағылшындық  тіркелген  кəсіподақтарға  бірқатар 

құқықтар берді, ол əлі күнге дейін күшіне ие. 

Кеңестік  Одақта 1918 жылғы  Еңбек  туралы  заңдар 

кодексі  кəсіподақтарға  еңбекшілердің  мүдделерін  қорғауға 

қатысты  бірқатар  құқықтарды  тиесілі  етті, 1922 жылғы  Еңбек 

заңдары  туралы  кодекс  бұл  құқықтарды  біршама  кеңейтті. 

Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы 9 сəуірдегі  «Кəсіптік 

одақтар  туралы»  заңы  кəсіподақтар  мен  олардың  органдарының 

құқықтары мен өкілеттіктерінің негізін бекітті. 

Қазіргі  кезде  əлемнің  көптеген  елдері  Халықаралық  еңбек 

ұйымының 1948 жылғы  № 87 «Ассоциациялар  еркіндігі  жəне 

ұйымдасуға  қатысты  құқықтарды  қорғау  туралы»  конвенциясын 

сақтауға  тырысып,  кəсіподақтардың  құқықтарын  заңды  тұрғыдан 

таниды.  Конвенцияға  сəйкес  жұмысшылар  өз  қалауы  бойынша 

ұйымдар құру жəне өздерінің мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін 

осы  ұйымдарға  кіру  құқығына  ие.  Дəл  осындай  құқық 

кəсіпкерлерге де тиесілі. Əрбір қызметкер, əрбір азамат кəсіподаққа 

еркін  кіруге  жəне  одан  шығуға  құқылы.  Бұл  құқық,  яғни, 

кəсіподаққа  еркін  кіру  жəне  одан  шығу  құқығы,  əрбір  адамның 

кəсіподақтарға  бірігу  құқығы,  оларды  ортақ  мүдделерді  қорғау 

үшін 

құру 


ҚР 

Конституциясында 

тікелей 

көзделген. 




Республиканың  негізгі  заңында,  жоғарғы  заң  күшіне  ие  актіде 

кəсіподақтарды арнайы атап өту олардың қоғам өміріндегі ерекше 

рөлі мен мəнін көрсетеді. 

Кəсіподақтар  қоғамдық  құбылыс  ретінде  ішкі  жəне  сыртқы 

сипаттағы қатынастар мен байланыстардың көпжақты жəне күрделі 

жүйесін  білдіреді.  Социалистік  қоғамда  олар  ең  кең  таралған 

қоғамдық ұйым болған.  

Кəсіподақтар  қоғамның  саяси  жүйесіне  кіреді,  мүшелікке 

негізделген, бірлескен қызметтің негізінде ортақ мүдделерді қорғау 

жəне 


жарғылық 

мақсаттарға 

жету 

үшін 


құрылады. 

Кəсіподақтардың  негізгі  міндеттері  олардың  басты  функциясы – 

еңбек  жəне  еңбекпен  байланысты  қатынастар  саласында 

қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауды  жүзеге 

асырумен байланысты. 

Сонымен,  кəсіподақтар – бұл  өз  мүшелерінің  құқықтары  мен 



мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді 

ортақ  өндірістік,  кəсіби  мүдделердің  негізінде  біріктіретін, 

тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер

ҚР 


«Кəсіптік 

одақтар 


туралы» 

заңының 1-бабында 

кəсіподақтарға келесідей анықтама берілген: 

Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар) – 

дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар коғамдық бірлестіктер, оларды 

азаматтар  өздерінің  кəсіптік  мүдделерінің    ортақтығы  негізінде  өз 

мүшелерінің  еңбек  ету,  сондай-ақ  басқа  да  əлеуметтік-

экономикалық  құқықтары  мен  мудделерін  білдіріп,  қорғау, 

еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін ерікті түрде 

кұрады. 


Кəсіподақтар  салалық  (мысалы,  темір  жол  қызметкерлерінің 

кəсіподағы),  аумақтық  (мысалы,  Алматы  қалалық  жəне  Алматы 

облыстық  ұстаздардың  кəсіподағы)  немесе  кəсіби  ерекшелікті 

ескеретін  өзге  де  белгісі  бойынша  құрылуы  мүмкін.  Бастапқы 

кəсіподақтық  ұйым  бір  өндіріс  кəсіподағының  мүшелерін 

біріктіреді.  Бір  немесе  бірнеше  мамандық  бойынша  құрылатын 

кəсіподақтардың  санына  шек  қойылмайды.  Барлық  кəсіподақтарға 

теңдей құқықтар беріледі. 

Кəсіподақтардың  сайланбалы,  тұрақты  əрекет  ететін  органы – 

кəсіподақтық  комитет.  Кəсіподақ  өкілі – бұл  кəсіподақтың 

ұйымдастырушысы, басшысы немесе еңбек ұжымының мүдделерін 

білдіруге уəкілетті өзге де тұлға. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау