Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет25/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47

кадрлар даярлау нысаны;

 

      3) дуальдық оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту 



үшін жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту 

жағдайлары мен тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;

 

      4) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе 



өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту 

нысаны;


 

      5) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін 

кәсіптік оқыту нысаны;

 

       6) оқыту шарты – жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы кәсіптік даярлау, 



қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім. 

 

      117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі



 

      1. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы 

сипаттамаларын жазудан тұрады.

 

      Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және 



пайдаланылатын білімінің, машығы мен құзыретінің сипатына қарай деңгейлер бойынша салада 

маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.

 

      Кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және 



құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын 

стандарт.

 

      2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс 



берушілер бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітетін салалық біліктілік 

шеңберлері негізінде жүргізеді.

 

      2-1. Мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды 



әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды тиісті қызмет саласының мемлекеттік 

органдары еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.

 

      3. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі 



уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді 

және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 

республикалық комиссия бекітеді.

 

      4. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет 



салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері жүргізеді 

және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 

салалық комиссиялар бекітеді.

 

      



Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 

№ 483-V


 Заңымен (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті



 

                арттыру

 

      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен 



біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.

 

      2. Жұмыс беруші жұмыскерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге 



адамдарды (білім алушы) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін 

арттыруды:

 

      1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде);



 

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 

кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;

 

      3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін 



арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.

 

      3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта 



даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты 


немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен 

жүзеге асырылады.

 

      4. Оқыту шартында:



 

      1) білім алушы алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке және (немесе) 

біліктілік курсының атауына сілтеме;

 

       2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері; 



 

      3) оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу 

мерзімі;

 

      4) оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне 



пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;

 

      5) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;



 

      6) тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс.

 

      Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы 



мүмкін.

 

      5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтетін 



жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес 

жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.

 

      6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты 



жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.

 

      7. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске 



асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың 

біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.

 

      8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес 



практикалар базасы ретінде кәсіптік практикадан өту үшін орын ұсынады, қауіпсіз 

жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды.

 

      119-бап. Дуальдық оқыту



 

      Дуальдық оқыту дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

 

      Өндірістік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек тәртіптемесінің 



қағидалары қолданылады.

 

      Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек 



өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін 

өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

 

      Өндірістік оқыту мен практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 



қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

 

   10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 

      120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды

 

                (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті



 

      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) 

үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де 

заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 

әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) 

арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.

 

       2. Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске 



және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 

 

      3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 



нақтылануы мүмкін.

 

      4. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының 



тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық 

жауаптылықтан босатпайды.

 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау