ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.
4. Жұмыскерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде олардың
еңбегіне ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
70-бап. Толық емес жұмыс уақыты
1. Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер
мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі
мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының
нормасын азайту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын
қысқарту;
3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және
жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып
есептеледі.
2. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы Кодексте,
еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын
шектеуге әкеп соқтырмайды.
3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың
біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын
белгілейді.
71-бап. Жұмыс уақыты режимі
1. Жұмыскерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі
ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің
актісінде айқындалады.
2. Өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын
енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы
белгіленеді.
3. Жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің
актісіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.
4. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.
5. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс
ауысымының)
басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі
қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып
айқындалады.
6. Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық жұмыскерлері,
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек
шарттарына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі
мүмкін.
72-бап. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге
бөлу
1. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге:
1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда;
2) егер бұл жұмыскердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерімен
байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі.
2. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс уақытының
жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгіленген ұзақтығынан аспауға
тиіс.
3. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері, жұмыстағы
үзілістердің саны
мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар жұмыс үшін
жұмыскерлерге төленетін өтемақылардың түрлері мен мөлшерлері еңбек, ұжымдық шарттарда
айқындалады.
Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлумен байланысты үзілістер
жұмыскерлердің тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына жатпайды.
73-бап. Ауысымдық жұмыс
1. Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан
асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.
2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан
екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді.
3. Жұмыс беруші ауысым кестелерін осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін
кемінде күнтізбелік он күн бұрын жұмыскерлердің назарына жеткізеді.
4. Жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.
74-бап. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс
1. Жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс
мүдделерімен үйлестіру мақсатында жұмыскерлер үшін икемді жұмыс уақыты
режимі белгіленуі
мүмкін.
2. Икемді жұмыс уақыты режимі кезінде:
1) белгіленген жұмыс уақыты;
2) жұмыскер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы
икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;
3) есептік кезең белгіленеді.
3. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін орташа белгіленген жұмыс уақытының
ұзақтығы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезіндегі есептік кезең деп танылады.
4. Икемді жұмыс уақыты кезіндегі есептік кезең алты айдан аспайды.
5. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) және
(немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті және (немесе) апта сайынғы
жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкін.
6. Белгіленген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемді
жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең жұмыс берушінің актісінде, еңбек
немесе ұжымдық
шарттарда белгіленеді.
75-бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебі
1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда,
учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін
белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын
жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.
2. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және
(немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиіс
кезең жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп танылады.
3. Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі бір
жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең болуы
мүмкін.
4. Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі
жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы жұмыскердің демалыс ұзақтығының
сақталуы міндетті болып табылады.
5. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс істеу тәртібі, жұмыс уақытының
жиынтық есебі белгіленетін жұмыскерлердің санаттары ұжымдық
шартта немесе жұмыс
берушінің актісінде айқындалады.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылатын жұмысқа он сегіз жасқа толмаған