Диссертация орыс және еуропа әдебиетіндегі Қазақстан болмысының



жүктеу 338,96 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі338,96 Kb.
#18816
түріДиссертация


6D020500 – Филология мамандығы бойынша  

философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған  

Оразбаева Наркес Серікбаевнаның  

«XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы 

көркем әдеби және құжат мәтіндеріндегі Қазақстанның ұлттық болмысы»  

атты диссертациясына  

АННОТАЦИЯ 

 

Диссертация  орыс  және  еуропа  әдебиетіндегі  Қазақстан  болмысының 



көркемдік  қабылдану  дәрежесі  мен  ерекшеліктерін  зерделеуге  арналған. 

Аталмыш  тақырып  аясындағы  зерттеу  жұмыстарында  өзге  ұлттық  кеңістіктің 

тұрпаттамасы,  Орталық  Азия  кеңістігінің  табиғатына  сәйкес  уақыт  пен 

бейнелерді  ұғыну  өзгешелігі,  орыс  және  еуропа  шығармаларындағы,  әсіресе 

XIX  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  француз 

әдебиетіндегі,  қазақ  фольклоры  мен  қазақ  сөзінің  алар  орны  негізделеді. 

Сонымен 

қатар, 


әдебиеттану 

теориясында 

қазақ 

жазушыларының 



шығармашылығымен  салыстыра  отырып  анықталған,  қазаққа  тән  ойлау 

қабілетімен  ерекшеленетін  орыс  жазушыларына  қатысты  «биментальдық» 

термині негізделіп беріледі. 

Зерттеудің  өзектілігі.  Полиэтникалық  қоғам  аясында  әдебиеттің  дамуы 

ерекшелене 

түсті: 

бір 


елдің 

бейнесі 


өзге 

елдердегі 

жазушылар 

шығармашылығында  сипатталып,  жан-жақтылығымен  көзге  түсті.  XIX-XX 

ғасырларда 

жасаған 


орыс, 

қазақ 


және 

еуропа 


жазушыларының 

шығармашылығындағы Қазақстан бейнесінің бірнеше қырдан танылуы зерттеу 

тақырыбының  маңыздылығын  арттырып  отыр.  Осындай  ұғымдардың 

ерекшеліктерін  зерттеу  барысында  көркем  мәтіндердегі  түрлі  халықтардың 

санасына  тән  қорытылған  бейнелерге  толы  өзге  ұлтқа  тән  әлемді  зерделеу 

қажеттілік  етеді.  Ф.С.Эфендиева  сөзіне  сүйенетін  болсақ,  көркем  әдебиет 

адамдардың  тарихи  сана-сезімі  мен  әлеуметтік  жадының  қалыптасуында 

ерекше маңызды роль атқарады [1, с.247]. 

Ақын-жазушылардың  шығармашылығындағы  өзге  ел  мен  халық 

бейнесінің  көркемділігі  арқылы  өзге  ұлтты  танудың  негізгі  үрдістерінің 

анықталуы тақырыптың өзектілігін ашады. Сондай-ақ, автордың түрлі халықтар 

туралы қалыптастырған жеке және стереотипті ойларының бейнелері ретіндегі 

әдебиет оқырмандар арасында сәйкесінше пікірлерді қалыптастыруға қабілетті. 

Әртүрлі  ұлттардың  әдебиетіндегі  өзге  ұлтқа  тән  кеңістікті  сипаттаудағы 

жалпыға  ортақ  ерекшеліктерді  іздей  отыра,  зерттеудің  басым  бөлігінде  орыс 

әдебиетіндегі  Қазақстан  бейнесіне  назар  аудардық.  Қазақ  және  орыс 

халықтарының  тарихи  байланыстарын  ескере  отырып,  зерттеу  тақырыбына 

сәйкес  материалдардың  байлығына  орай,  орыс  ақын-жазушыларының 

шығармашылығындағы  Қазақстанның  болмысы  зерттеуіміздің  негізін  құрады. 

Осы  арқылы  белгілі  уақыттың  шеңберінде  қарастырылатын  Қазақстанның 

болмысын  түйсіну  ерекшеліктері  мен  генезисін  анықтау  мүмкіндіктеріне  ие 

болып отырмыз. Орыс әдебиетінің классиктері негізін қалап кеткен өзге ұлтқа 

тән көркемдік әлемді бейнелеу дәстүрі түрткі болған ХХ ғасырдың басындағы 



орыс  поэзиясында  өзінің  шығармашыл  жалғасын  таба  алды.  Мұндай  дәстүр 

қазіргі таңға дейін Ресейдің әдеби үдерісінде үзілмей келеді.  

Зерттеу  тақырыбымен  жұмыс  барысында  пәнаралық  тәсілдерді  қолдану 

арқылы орыс және еуропа әдебиеттеріндегі жаңа көркем кеңістікті, оның ішінде 

біздің  зерттеуге  байланысты  Қазақстанның  болмысын  игеру  жолдары  мен 

ерекшеліктерін  анықтау  мүмкіндіктері  пайда  болды.  Мұндай  ерекшеліктерді 

табу  арқылы  автордың  мәдени  ортасына  қызығушылық  танытатын  өзге 

халыққа  қатысты  тақырыптар  шеңбері  анықталады.  Айтып  кеткен  тақырып 

шеңберіне  қазақ  халқының  натурфилософиялық  ұғымдары,  әлеуметтік-

тұрмыстық  құрылымы,  өзге  халықтармен  бірігу  дәрежесі,  қазақ  тілі  мен 

фольклоры,  мифологиялық  мүдделері  сынды  тақырыптар  сыяды.  Қазақстан 

болмысының  көркем,  құжаттық  және  көсемсөз  мәтіндеріне  ену  үдерісі  қайта 

қабылдау  дәрежесін  бейнелесе,  ұлттық  әдебиеттерде  қалыптасқан  Қазақстан 

жайлы стереотипті ұғымдардың пайда болуын зерттеу арқылы қазақ халқының 

орыс және еуропа қоғамындағы қабылдау генезисін анықтай аламыз.  

Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  ретінде  орыс  және  еуропа 

әдебиеттеріндегі  Қазақстан  болмысын  зерттеу  үлгісі  арқылы  өзге  ұлттық 

көркем  кеңістікті  жасаудың  амал-тәсілдері  мен  ерекшелігін  анықтау  алға 

қойылып  отыр.  Зерттеу  нәтижесінде  Қазақстан  болмысының  әдеби  көркем, 

құжаттық  мәтіндер  негізіндегі  генезисі  мен  оның  орыс  және  еуропа 

қоғамдарындағы  белгілі  уақыт  аясындағы  тарихи,  әлеуметтік  және  саяси 

алғышарттарын  айқындадық.  Оқырмандар  қауымы  арасында  өзге  ұлтқа  тән 

әлемді  объективті  түрде  қабылдауды  қалыптастыруға  ықпал  ететін  орыс 

әдебиеті  өкілдерінің  шығармалары  арасындағы  практикалық  материалдар 

шеңберіне  «биментальдық»  термині  мен  оның  туындыларына  теориялық 

негіздеме беру арқылы шек қойылады.  

Жұмыстың  мақсатына  сүйене  отырып,  келесі  міндеттерді  анықтауға 

болады: 

1)  компаративистика, 

интертекстуалды 

талдау, 


көркем 

мәтіннің 

лингвистикалық  талдауы  және  ұлтаралық  байланыстар  бағыттары  сынды 

әдебиеттану теориясындағы біршама еңбектерді оқып, зерделеу; 

2)  өзге  мәдениетті  қабылдаудың  авторлық  ерекшеліктеріне  негізделе 

отырып,  практикалық  материалдарды  анықтау  және  оларға  теориялық 

негіздеме беру; 

3)  жұмыста  қарастырылып  отырған  авторлардың  шығармашылығына 

қатысты сыни мақалаларды іздеу мен өңдеу

4)  өзге ұлтқа тән әлемнің бейнелер жүйесін анықтау, оның ерекшеліктері 

мен қабылдануы тарапынан қарастырылатын мәтіндерді жан-жақты талдау; 

5)  өзге  ұлтқа  тән  көркем  кеңістікті  жасау  барысында  көркем  бейнелеу 

құралдары мен өзге тілдің орындайтын қызметі, тақырып поэтикасы, жанрлық 

ерекшеліктерін  және  композициялық  элементтердің  атқаратын  рольдерін 

анықтау; 

6)  XIX-XX  ғасырлар  аяғында  орыс  және  еуропа  әдебиеттеріндегі  көркем 

және құжаттық мәтіндерден Қазақстан болмысының генезисін табу. 



Зерттеу  жұмысының  объектісі  –  XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 

орыс  әдебиетінің  көркем  және  көсемсөз  мәтіндерінде,  XIX-XX  ғғ.  еуропа, 

әсіресе француз әдебиетіндегі көркем мәтіндер мен құжаттарда өзге ұлт ретінде 

көрсетілген  Қазақстан  болмысын  тануды  көрсететін  мәтіндер.  Салыстырмалы 

талдауды жүргізу мақсатында қазақ әдебиетінен шығармалар алынды.  

Зерттеудің  пәні  –  аталып  отырған  материалдардағы  өзге  ұлтқа  тән 

кеңістікті 

сипаттайтын 

көркем 


мәтіннің 

стильдік, 

лингвистикалық, 

композициялық  трансформациялар  мен  бейімдеулер  элементтері;  өзге  ұлтқа 

тән,  әсіресе  Қазақстанның,  көркем  әлемінің  бейнелер  жүйесі;  зерттеуде 

қарастырылып 

отырған 

ақын-жазушылардың 

тұлғалық 

сипаты 


мен 

биографиясы.  



Зерттеудің  жаңалығы.  Біріншіден,  XIX  ғасыр  соңы  –  ХХ  ғасырдың 

бірінші  жартысы  аясында  орыс  және  еуропа,  әсіресе  француз  әдебиетіндегі 

Қазақстан болмысының генезисі зерделенді. Оның ішінде көркем әдебиет және 

көсемсөз  мәтіндері  мен  түрлі  құжаттарға  Қазақстан  болмысын  енгізу  әдістері 

қарастырылды.  Осыған  орай  мәтіннің  өзге  ұлтқа  тән  көркем  кеңістікке 

бейімделуі  зерттеледі:  натурфилософиялық  ұғымдардың,  мифологиялық 

нұсқаулардың,  ұлттық  құндылықтар  мен  әлеуметтік-саяси  жағдайдың 

бейнеленуі,  деректілігі  және  трансформациясы.  Мұндай  тұжырымдар  өзге 

ұлтқа тән әдеби көркем әлемді қабылдау, оның ішінде түрлі халықтар әдебиет 

өкілдерінің көркем рецепцияларын толығымен бейнелей алады.  

Сонымен  қатар,  алғаш  рет  әдебиеттану  саласында  «биментальдық» 

терминінің  қолданылуы  негізделіп,  екі  түрлі  ұлт  пен  мәдени  кеңістіктерге 

қатысы  бар  авторлардың  шығармаларындағы  өзге  ұлтқа  тән  әдеби-көркем 

әлемді суреттеу ерекшеліктері анықталып отыр. Орыс әдебиетіндегі Қазақстан 

болмысын  зерттеу  негізінде  қарастырылған  аталмыш  концепцияда  орыс 

ақындарының  әдеби-көркем  мәтіндеріндегі  өзге  халықтың,  табиғаттың 

бейнелер  жүйесі,  уақыт  пен  кеңістікті  сезіну  ерекшеліктері,  фольклор  мен 

мифологияның,  бөтен  тілдің  қолданылуы  қамтылған.  Оқырмандардың 

полимәдениетті құзыреттілігінің қалыптасуы барысында терминді қолданудың 

келешектегі бағдарлары талданып отыр. 

Практикалық  материалдардың  басым  бөлігі  зерттеуде  қарастырылып 

отырған  қырлардан  алғаш  рет  талдануда.  Оның  ішінде  Л.Н.  Мартыновтың 

Қазақстан  туралы  жазған  публицистикалық  мақалалары  мен  кейбір  мұрағат 

материалдарына,  сол  еңбектерінде  орын  алған  ХХ  ғасырдың  жиырмасыншы 

жылдарындағы  қазақ  әйелдер  қауымының  хал-ахуалы,  Түркістан-Сібір 

магистралі  құрылысының  сипаттамасы,  сонымен  қатар,  Қазақстан  аумағында 

билік  құрған  кеңес  дәуірінің  орнауынан  кейін  орын  алған  әлеуметтік  және 

геосаяси өзгерістер қамтылды.  

Диссертациялық  зерттеудің  теоретикалық  әрі  әдістемелік  негізін 

поэтикалық  мәтіндегі  өзге  ұлтқа  тән  бейнелерді  (елдерді,  аумақтарды, 

адамдарды,  мәдениеттерді)  жасаудың  теориялық  негізін  анықтайтын,  орыс 

ақындарының  лирикасындағы  Қазақстанның  әдеби  көркем  бейнесін 

құрастырудың  қыр-сырын  көрсетіп,  ұлтаралық  байланыстарды  зерттейтін 

еңбектер құрады. 




Аталмыш  тақырыпқа  кіретін  қырларды  зерттеу  әдебиеттанудың  әртүрлі 

саласындағы  жұмыстарда  кездеседі.  Себебі  диссертацияда  Қазақстан 

болмысының  әдебиеттегі  қабылдану  үрдісін,  талданып  отырған  әдеби 

шығармалар  санының  басымдылығына  орай,  пәнаралық  деңгейде  түрлі 

қырларын синтездеу арқылы қарастыруды көздеп отыр. Қарастырылып отырған 

аспектілер мен зерттеу салаларына әдеби этнографиялық бөлімдердің көрінісі, 

орыс мәтіндеріндегі қазақ тілі мен мифологиясы, көркем мәтін талдауы, әдеби 

шығармадағы  құжаттық  сипаттар  мен  құжаттарды  зерттеу  жатады.  Сонымен 

қатар, диссертацияның теориялық және практикалық базасы ретінде зерттелген 

материалдар әртүрлі ғылыми салалар мен пәндерге ортақ болып табылады.  

 Атап айтқанда, әдебиеттану теориясы мен әдістеме саласында  еңбек еткен 

алыптар 


А.Н.Веселовский, 

В.Е.Хализев, 

М.М.Бахтин, 

Ю.М.Лотман, 

В.М.Жирмунский, 

Е.М.Мелетинский, 

Ю.Кристева, 

Ю.И.Минералова, 

Е.Г.Эткинд,  С.Н.Поварцов,  О.Г.Ревзин,  М.Х.Маданова  және  басқалары  жазған 

іргелі  еңбектер  зерттеудің  негізін  қалап  отыр.  Қазақ-орыс  және  қазақ-еуропа 

арасындағы  әдеби  байланыстар  туралы  жазылған  келесі  маңызды  еңбектер 

негізге  алынды:  М.О.Әуезов,  К.Ш.Кереевой-Канафиева,  Ш.К.Сәтпаева, 

М.Х.Маданова,  М.И.Фетисов,  қазіргі  авторлардан  C.C.Царегородцева, 

Ф.С.Эфендиев, 

Г.С.Умарова, 

О.Е.Сухих, 

М.Д.Шраер, 

Л.Н.Сарбаш, 

В.Э.Молодяков  және  басқалары;  Сібір  және  Орталық  Азиядағы  еуропалық 

жазушылар  мен  саяхатшылар,  француз  ғалымдары  С.М.Горшенина, 

А.Ф.Строев, 

S.Moussa 

және 

басқалары. 



Р.Ф.Мухаметшина 

мен 


А.Ф.Галимуллинаның  еңбектерінде  политілдік  білім  беру  жүйесіндегі  оқыту 

әдістемесінде бименталды тұлға ұғымы алғаш рет негізделген [2]. 

Практикалық  құндылық  және  оқушылар  арасындағы  полимәдениетті 

құзыретті  дамыту  факторы  ретіндегі  әдебиетті  оқыту  тәсілі  ағылшын  ғалымы 

M.Byram, америкалық ғалымдар P.Funke, D.I.Hanauer, M.Martin, B.Vaughn және 

N.Mullin 

маңызды 

теориялық 

еңбектерінде, 

ресейлік 

оқытушылар 

Н.Ю.Фиоктистова, 

Л.В.Печникованың 

практикалық 

еңбектерінде 

қарастырылған.  Пәнаралық  деңгейде  жүргізілген  зерттеу  жұмысы  еңбектің 

теориялық  және  практикалық  қолданыс  аясын  кеңейтуге  мүмкіндік  береді. 

Осыған  орай  алға  қойған  міндеттерді  орындау  үшін  келесі  әдістер 

қолданылады:  салыстырмалы,  биографиялық,  контексттік-герменевтикалық, 

әдеби-көркем  мәтінді  біртұтас  талдау  және  филологиялық  талдау  әдістері, 

интертекстуалдық  талдау,  лингвистикалық  тәсіл,  есептік  және  пайыздық 

сипаттамалардың статистикалық әдісі. 

Зерттеу 

жұмысымызда 

салыстырмалы 

әдісті 


қолдану 

себебін 


М.Х.Маданованың  келесі  тұжырымдамасы  дәйектеп  отыр:  «салыстырмалы 

әдебиеттану  (әдеби  компаративистика)  –  ұлттық  әдебиеттің  әлемдік  әдеби 

үдеріске  ену  динамикасының  кешенді  және  көп  қырлы  зерделеуі  болып 

табылады» [3, с.

23

]. Ғалым М.Х.Маданова нұсқап отырған көп қырлы зерделеу 



дегеніміз  –  байланыстарды  табу,  миф  мәселесін  зерттеу,  типологиялық 

байланыстарды  анықтау,  «елдің,  мәдениеттің  ұлттық  болмысын  қарастыру» 

болып  табылады.  Бұл  біздің  диссертациямыз  үшін  өте  маңызды  екенін  атап 

өткен жөн. 




Контексттік-герменевтикалық  әдіс  әдеби  шығарманы  мүмкіндігінше 

кеңінен  философиялық  және  мәдениеттану  кеңістіктерінде  қарастыруды 

қамтамасыз ететін контексттер жүйесіндегі кез келген тарихи-әдеби дерек пен 

құбылысты  түсіндіре  алады.  В.В.Заманскаяның  айтуынша,  «контексттік-

герменевтикалық әдістің аса басты міндеті – еуропа және әлемдік мәдениеттер 

аясындағы  ұлттық  мәдениеттің  әдеби-көркем  сана-сезімінің  динамикасы  мен 

ерекшелігін  айқындауға  мүмкіндік  беретін  –  дәуірдің  біртұтас  континенттік 

мәдени кеңістігін реконструкциялау» [3]. Осы әдістің арқасында әртүрлі ұлттық 

әдебиеттер  қарым-қатынасының  тарихын  бірнеше  қырдан  қарастыру 

біртұтастық сипатқа ие болып отыр.  



Практикалық  база.  Зерттеу  жұмысы  орыс  әдебиеті  (Вс.В.Иванов, 

Л.Н.Мартынов,  П.Н.Васильев,  А.Г.Волос),  қазақ  әдебиеті  (М.О.Әуезов, 

С.М.Мұқанов,  О.О.Сүлейменов,  Ә.К.Кекілбаев)  және  еуропа  әдебиеті 

(А.Вамбери, Т.Аткинсон, Г.Капюс, Ж.Верн) шығармалары негізінде жүргізілді. 

Тәжірибелік  базаның  іргесін  әдеби  көркем  мәтіндер  (поэзия  және  проза), 

публицистикалық мәтіндер (басым бөлігі газет мақалалары) және кітапханалар 

мен  музейлердің  мұрағатынан  алынған  құжаттар  қалап  отыр.  Қарастырып 

отырған  жазушылардың  шығармашылығын  жете  зерделеудің  нәтижесінде 

тақырып  аясында  егжей-тегжейлі,  жан-жақты  зерттелген  материалдардың 

көлемі жұмыс барысында ұлғая түсті. 

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында орын 

алған  жаңа  саяси-әлеуметтік  жағдайдың  әсерінен  өзге  мәдениет  өкілдеріндегі 

Қазақстан  болмысын  жаңаша  қабылдауд  өзгерістерңне  назар  аудара  отырып, 

дәл  осы  кезеңді  зерттеудің  хронологиялық  шеңбері  ретінде  белгіледік.  Соның 

ішінде  әдебиетте,  бірінші  жағынан  өзге  ұлтқа  тән  ұғымдардың  өзгеріске 

ұшырауын бейнелесе, екінші жағынан (біздің зерттеуде алынған материалдарға 

сай)  авторлар  сол  өзгерістерді  оқырмандар  арасында  қалыптастыра  бастауы 

тілге тиек болып отыр. Диссертацияның хронологиялық шеңберінен тыс қалған 

О.О.Сүлейменов  пен  А.Г.Волостың  шығармалары  өзге  ұлтқа  тән  болмысты 

қабылдау  үрдістері  мен  алғышарттары  бұдан  да  ерте  қалыптаса  бастағанын 

растау үшін қолданылды.  

Таңдалып 

отырған 

ақын-жазушылар 

шығармашылығындағы 

тақырыбымызды зерттеу жоспары бойынша келесі әдеби сын-зерттеу еңбектері 

қарастырылды:  соның  ішінде  Л.Н.Мартыновтың  шығармашылығы  бойынша 

В.Ф.Огнев,  А.А.Урбан,  Ю.А.Андреев,  Е.С.Калмановскийдің  елеулі  еңбектері; 

В.В.Дементьевтің  «Леонид  Мартынов:  ақын  және  заман»  кітабы;  Вс.В.Иванов 

пен  Е.А.Папкова  шығармашылығында  Сібір  сарындарының  кездесуін 

дәлелдейтін  құжаттар  зерттелді.  С.П.Залыгин  мен  С.Н.Поварцов  сынды 

зерттеушілер  еңбектерінде  П.Н.Васильев  шығармашылығындағы  Қазақстан 

болмысының  орын  алуы  жан-жақты  көрсетілген.  Бірқатар  сібірлік 

жазушылардың  тағдыры  мен  шығармашылығы  жайлы  С.Ю.Куняевтың 

зерттеулері маңызды болып табылады.  

Аталып 


көрсетілген 

еңбектерде 

орыс 

ақын-жазушыларының 



шығармашылығындағы  Қазақстан  тақырыбы  өлеңді  талдау  барысында  орыс 

поэтикасына  жат  кейбір  бейнелер  мен  стильдік  ерекшеліктерді  түсіндіретін 




белгілер  арқылы  қарастырылған.  Сонымен  қоса,  осы  уақытқа  дейін 

қарастырылып  отырған  кезеңдегі  салыстырмалы  аспекті  бойынша  орыс  және 

еуропа  мәтіндеріндегі  Қазақстан  болмысының  генезисін  анықтап,  ақындар 

танымы  мен  қазақ  халқына  тән  әлем  суретіне  жақындық  дәрежесін  және 

аталмыш  танымды  көркем  түрде  бейнелейтін  тақырыптар  мен  санаттардың 

шеңберін барынша қамтып, жүйелі түрде түсіндіретін еңбектерді таба алмадық, 



Қорғалатын негізгі мәселелер: 

1) Әдебиеттануға «биментальдық» термині мен оның туындыларын енгізу 

–  өзге  ұлтқа  тән  әлемді  оқырман  қауымына  барынша  әділ  жеткізе  алатын 

әдебиетті  таңдауға  жағдай  жасайды.  Мұндай  әдебиетте  автор  мақсатты 

аудиториямен  қоса  мәтінде  бейнеленіп  отырған  халықтың  танымы  және 

көзқарасына 

жақын 

болатындықтан, 



қажетті 

танымдық 

(мәдени, 

этнографиялық,  тілдік)  қайнарды  қамтамасыз  ететін  болады.  Сонымен  қатар, 

аталмыш  әдеби  шығармаларда  бөтен  мәдениетпен  таныстығы  аз,  мағлұматы 

жеткіліксіздіктен  туындайтын,  өзге  ұлттық  болмысты  тек  экзотикамен  өлшеп 

бейнелейтін  стереотипті  ұғымдар  барынша  аз  болады.  Сондай-ақ,  ұлттық 

болмысты  бейнелеуге  салғырттық  танытқан  шығармалардан  бөлек  сапалы 

қайнарлар жиналады. 

2)  Өзге  ұлтқа  тән  бейнелерді  талдау  басқа  мәдениеттің  ерекшеліктерін 

жеткізудің келесі жалпы тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді: шығармадағы 

кейіпкер  немесе  автор  бейнесін  сәйкестендіру  мәселесінің  шешімі;  стильдік 

және  тілдік  ерекшеліктер;  өзге  халыққа  тән  жалпы  және  бірегей  бейнелердің 

болуы;  уақыт  пен  кеңістікті  көркемдік  тұрғыдан  түсіну  ерекшеліктері.  Қазақ 

әдебиетінің  мәтіндерімен  салыстыру  арқылы  автордың  сана-сезімінің  қазақ 

халқының  түйсігімен  жақындық  деңгейін,  және  оның  себептерін  айқындай 

аламыз. 

3)  Таным  негіздерін  бейнелейтін  және  ұлттық  сипатқа  әсер  ететін  дерек 

ретіндегі  натурфилософия  басқа  мәдениетті  тану  тәсілдерінің  ішінде  ең 

маңыздысы  болып  табылады.  Мұндай  табиғи  және  антропоморфизм  сынды 

элементтер 

Орталық 


Азия 

туралы 


жазған 

орыс 


жазушылары 

шығармаларындағы  кейіпкерлердің  көбін  сипаттай  алады  және  түрік  әдеби 

көркем кеңістігінің ерекше қыры болып табылады.  

4)  Көркем  шығармадағы  кейбір  табиғат  бейнелері  кеңістік  пен  уақытты 

айқындап  көрсететін  құрал  ретінде  қолданылады.  Одан  бөлек,  биментальдық 

ойлау жүйесі Еуропа мен Азия құрлықтары арасындағы шекараларды, олардың 

мәдениеттері мен өткен, осы және келер шақ айырмашылықтарын көлеңкелету 

үшін уақыт пен кеңістікті ерекше сезінуге шарт қояды. Өзге ұлтқа тән әлемнің 

әдеби-көркем  шындығына  сәйкес  халық  пен  кеңістікті  сипаттайтын  тұрақты 

бинарлық оппозицияларды қабылдау қызықты қырынан ұсынылады.  

5)  Л.Мартыновтың  Қазақстан  туралы  публицистикалық  мақалалары  мен 

жолжазбалары,  Ж.Верннің  Сібір  және  Орталық  Азия  туралы  романдары, 

сондай-ақ,  еуропалық  саяхатшылардың  Қазақстан  жайлы  жазған  очерктері 

арқылы  түркі  әлемін  сырт  көзқараспен  бейнелеудегі  құжаттар  мен  әдеби 

шығармалардың синтезін бақылау мүмкіндігіне ие болдық. Құжаттық бөліктің 

дәрежесі мен оның әдеби көркем түрде өзгертілуі мақсатты аудиториядан, өзге 




ұлтқа  тән  әлемді  барынша  таныстыра  алу,  түсіндіре  алуды  мақсат  қойып 

отырған автордың талабына байланысты болып отыр. Ондай мәтіндерде тарихи 

деректер,  басқа  тіл,  өзге  мәдениет  пен  жергілікті  ақиқаттар,  соның  ішінде 

көбінен  стереотипті  түсініктер  де  қолданылады.  Өзге  ұлтқа  тән  кеңістікті 

белгілеуде  көркемдік  тұрғыдан  ұтымды  пайдаланылатын  тақырып  поэтикасы 

сынды элемент те маңызды болып табылады. 

6) Зерттеп, зерделенген материалдар негізінде XIX ғасырдың басы мен ХХ 

ғасырдың  бірінші  жартысындағы  орыс  және  еуропа  әдебиетіндегі  Қазақстан 

болмысының  ұлттық  ерекшелігін  айқындауға  мүмкіндік  туындап  отыр.  Және 

осы  тұрғыдан  қол  жеткізген  нәтижелерді  өзге  ұлтқа  тән  әдеби  көркем  әлемді 

бейнелеудегі жалпы үдеріспен байланыстыруға болады. 

Теориялық  маңыздылық.  XIX-XX  ғғ.  шеңберіндегі  орыс  және  еуропа 

әдебиеттеріндегі  Қазақстанның  ұлттық  ерекшелігі  мен  орыс  және  еуропа 

қоғамының  санасында  қалыптасқан  Қазақстан  болмысының  генезисінің 

ерекшелігін  анықтау.  Қол  жеткізген  тұжырымдар  өзге  ұлтқа  тән  әлемді  әдеби 

көркем  түрде  қабылдаудағы  жалпы  үрдістермен  байланытырылып,  жүйелі 

түрде түсіндірілді. Одан басқа, әдебиеттану теориясында полиэтникалық қоғам 

шарттарында  қалыптаса  алатын  «биментальдық»  термині  мен  концепциясы 

негізделіп беріледі. 



Нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері тәжірибе 

жүзінде  компаративистика,  әдебиет  тарихы  бойынша  курстарды  дайындау 

барысында,  көркем  мәтінді  талдауда,  ұлтаралық  әдеби  байланыстарды 

айқындауда  қолданыла  алады.  Әдебиетті  оқыту  саласында  «биментальдық» 

студенттердің  полимәдениетті  құзыретін  қалыптастыруна  жауап  беретін  санат 

ретінде  ұсынылады.  Білім  беру  жүйесінде  екі  мәдени  ортада  өскен  автор 

тұлғасын  жете  зерттеудің  арқасында  студенттердің  мультимәдени  құзыретін 

қалыптастыруға  жауапты  әдебиетті  таңдаудың  объективтілігін  арттыруға 

болады.  Басқа  мәдениетті  таныстыра  алатын  және  мультимәдени  құзыреттің 

жарқын үлгісі ретіндегі биментальдық ойлау жүйесінің ерекшеліктерін көрсете 

алатын жеке шығармалар мен үзінділерді іздеу міндетін орындап отыр. 

Ізденушінің жеке үлесі: 

 



Автор  зерттеудің  тақырыбы,  мақсаты  және  міндеттеріне  сәйкес 

тәжірибелік материалдарды жинақтады. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Польша 

және  Франциядағы  кітапханалар  мен  музейлерде  жүргізілген  жұмыс 

нәтижесінде зерттеуге қажетті мұрағат құжаттары іздестірілді. 

 

Биментальдық  шығармашыл  тұлға  мен  поэтика  ерекшеліктерінің  даму 



деректерінің  айқындалуымен  «биментальдық»  терминінің  негізінде  концепция 

дайындалды. 

 

Әдебиеттегі  өзге  ұлтқа  тән  құбылыстардың  теориялық  негізі  және  оны 



зерттеудегі келешектегі мүмкіндіктер айқындалды. 

 



Басқа мәдени ортада алдымен құжаттық мәтіндерге енгізілген өзге ұлтқа 

тән кеңістікті әдеби-көркем түрде қайта ой елегінен өткізу нәтижесінде әдеби-

көркем  мәтінде  қалыптасқан  өзге  ұлтқа  тән  әлемді  суреттеу  жүйесі 

құрастырылды. 




 

Аталмыш  жүйенің  келесі  құрамдас  бөліктері  анықталды:  қазақ 



халқының  натурфилософиялық,  мифологиялық  танымдары,  әлеуметтік-

тұрмыстық  құрылымы,  басқа  халықтармен  интеграция  деңгейі,  қазақ  тілі  мен 

фольклоры.  

 



Жоғарыда  аталған  өзге  ұлтқа  тән  әлемді  суреттеу  жүйесіне  орай  әдеби 

көркем  мәтін  әдебиеттану,  тарихи,  әлеуметтік-тұрмыстық,  лингвистикалық 

контексттерде талданып, зерттеудің нәтижелерін айқындады.  

 



Кітапхана  мұрағаттарында  бұған  дейін  зерттелмеген  құжаттық  және 

публицистикалық мәтіндер жинақталып, ғылыми түрде талданды. 



Жұмысты сынақтан өткізу. Диссертация нәтижелері шет мемлекеттерде 

өткен  9  конференцияда  сынақтан  өткізілді.  Оның  ішінде  VI  Халықаралық 

«Өнер  және  әдебиеттегі  құжат 

пен  көркем  әдебиеттің  синтезі» 

конференциясында  (3-8  мамыр  2016  ж.,  Қазан  қ.,  Ресей),  «Әлемдік  мәдениет 

кеңістігінде  орыс  тілі  мен  әдебиеті»  атты  XIII  МАПРЯЛ  Конгрессінде  (13-20 

қыркүйек 2015 ж., Гранада, Испания), ХХ Жалпыресейлік «Балаларға арналған 

және  балалар  жайлы  әлемдік  әдебиет»  атты  ғылыми-практикалық 

конференцияда (29-30 қыркүйек 2015 ж., Мәскеу қ., Ресей), Төртінші Кипрлық 

Халықаралық 

білім 

беру 


саласындағы 

зерттеулерге 

арналған 

конференциясында (19-21 наурыз, 2015 ж., Гирнедегі Америкалық университет, 

Солтүстік  Кипр)  зерттеу  бойынша  баяндамалар  оқылып,  ғылыми  ортада 

талқылаудан өтті.  

Сонымен  қатар  диссертация  нәтижелері  елімізде  өткен  халықаралық 

дәрежедегі 15 конференцияда сынақтан өткізілді. Оның ішінде зерттеуші келесі 

конференцияларға  толыққанды  қатысты:  2009-2012,  2014-2016  жылдары  7 

мәрте  студенттер,  магистранттар  және  жас  ғалымдар  арасында  өтетін 

«Ломоносов»  конференциясында  (Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 

университетінің Қазақстандағы филиалы); 2009, 2011 и 2014 жылдары «Ғылым 

және  білім беру  саласы»  атты жас  ғалымдар  конференциясында  (Л.Н.Гумилев 

атындағы  ЕҰУ);  2016  жылы  МАПРЯЛ  аясында  өткізілген  «Орыс  тілі  және 

қазіргі  заман»  атты  XIX  Халықаралық  ғылыми  конференциясы;  2011  жылы 

Халықаралық  «Әдеби  үдеріс  динамикасы  мен  поэтика  мәселелері»  атты 

ғылыми конференциясы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы). 

Жарияланған  мақалалар.  Ғылыми  зерттеу  тақырыбына  сәйкес 

республикалық  және  шетелдік  конференция  материалдарының  жинағында  27 

ғылыми  мақала  жарық  көрді.  Оның  ішінде  1  мақала  Scopus  және  Thomson 

Reuters  базаларына  кіретін  журналда,  4  мақала  ҚР  БҒМ  білім  беру  саласын 

бақылау  комитеті  ұсынған  баспаларда,  1  мақала  ғылыми-әдістемелік  құралда 

және  басқалары  халықаралық,  республикалық  конференциялардың  мақалалар 

жинағында жарияланды.  

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Алға қойылған мақсаттар мен 

міндеттерге  сәйкес  ғылыми  жұмыс  кіріспе,  төрт  бөлім  және  қорытынды, 

пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен  қосымша  негізінде  құралған.  Зерттеу 

құрылымы ізденіс қырларына сәйкес құрастырылды. Әр бөлім үш немесе төрт 

бөлімшелерге  жіктелген.  Ізденістің  түрлі  қырлары  бөлімдер  мен  бөлімшелер 

ішінде бір ұлттық мәдениетке тән әртүрлі шығармалар негізінде қарастырылып, 




содан  кейін  ғана  қол  жеткізген  нәтижелердің  әр  қадамын  нақтылай  көрсету 

мақсатында 

басқа 

ұлттардың 



әдебиетімен 

салыстырылып 

беріледі. 

Библиографиялық  тізімде  198  қайнар  көз  көрсетілген.  Қосымша  ретінде 

картографиялық сипаттамалар, фотосуреттер мен кестелер ұсынылып отыр. 

Сонымен  кіріспеде  тақырып  таңдауы,  оның  өзектілігі  мен  ғылыми 

жаңашылдығы  негізделіп,  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері,  объектісі  мен 

пәні  айқындалып,  қорғауға  ұсынылатын  тұжырымдамалар,  зерттеудің 

теориялық және практикалық қағидалары баяндалған. 

«Өзге  ұлтқа  тән  әдеби-көркем  кеңістік  ретіндегі  Қазақстан»  атты 

бірінші  бөлімде,  біріншіден,  әдебиеттану  саласындағы  өзге  ұлтқа  тән 

құбылыстардың  теориялық  негізі  мен  мәселелері  анықталған.  Зерттеуіміздің 

теориялық-әдістемелік  базасы  көркем  мәтінді  қолдана  отырып,  оның 

мағынасын әртүрлі қырдан ашуға, сонымен қатар жалпы әдебиеттегі өзге ұлтқа 

тән  әлемнің  өмір  сүру  қағидасын  талдауға  мүмкіндік  береді.  Қарастырылған 

теориялық еңбектердің ішінде XX – XXI ғасырлардағы әдебиеттану теориясы, 

компаративистика,  мәдениетаралық  коммуникация,  педагогика,  лингвистика 

және  басқа  салалардағы  кеңестік,  ресейлік,  қазақстандық,  еуропалық  және 

америкалық ғалымдар қамтылған.  

 «Орыс  және  батыс  әдебиеттерінде  қолданылған  Қазақстан  болмысы 

негізінде  әдебиеттанудағы  өзге  ұлтқа  тән  әлемнің  теориялық  негіздерін 

анықтау»  бөлімшесінде  бөлімше  тақырыбына  сай  әдебиеттану  тарихы 

аясындағы жұмыстар мен орыс және еуропаның Қазақстан туралы мәтіндерінің 

практикалық талдауы мен сипаттауын қамтитын еңбектері қарастырылған.   

Одан  әрі  орыс  және  еуропа  әдебиеттеріндегі  Қазақстан  болмысы 

ерекшелігінің  ұлттық  генезисін  айқындау  мәселесін  алға  қойғандықтан, 

зерттеуіміздің 

теориялық 

заңды 

нәтижесіне 



айналған 

бименталдық 

категориясын  белгілейміз.  Бұл  бөлімде  аталмыш  терминді  әдебиеттануға 

енгізудің алғышарттары және автор тұлғасы мен әдеби  көркем шығармаларды 

талдау  әдістері  қарастырылу  арқылы  зерттеуіміздің  негізі  болып  отырған 

жалпы теориялық база толықтырылды.  

Соның ішінде, Л.Мартынов новеллаларының контексттік-герменевтикалық 

талдауы  кеңес  кеңістігігі  контекстіндегі  қазақ  мәдениетін  көрсететін 

мәдениеттану  аспектісін  ашады;  кеңес  билігі  кезеңіндегі  қазақ  мәдениетінің 

ақиқаттарын  бейнелейтін  әлеуметтік  мәдени  контекст;  метафоралар  мен 

көркемдік  тізімді  меңзейтін  әдебиеттану  аспектісі;  автордың  қазақ  халқын 

қабылдау мен үзінділерді байланыстыратын философиялық контекст бар.  



 «Орыс  әдебиетіндегі  өзге  ұлтқа  тән  әлемнің  көркем  бейімделу 

тәсілдері»  атты  екінші  бөлімде  біріншіден  автобиографиялық  материалдар 

негізінде  автордың  өзін  сәйкестендіру  тәсілдері  және  әдеби-көркем 

мәтіндердегі  лирикалық  кейіпкерлер  мен  автор  бейнесінің  этникалық 

сәйкестердіру  үдерістері  зерделенген.  «Тарихтың  дағдарыс  кезеңдерінде  дәл 

қоғам сияқты жеке тұлғалардың өзі жаңалықтармен сәйкестендіруді, өзгерістер 

параметрлерін  түсінуді  және  жаңа  ұғымдарды  құрастыруды  қажет  етеді.  Өзін 

өзі  сәйкестендірудің  этномәдениетті,  конфессионалдық,  тілдік,  кеңістіктік, 

темпоральдық  бөліктерден  тұратын  сәйкестендірудің  параметрлік  үлгінің 




қалыптасуындағы  ерекше  рольді  әдебиет,  оның  ішінде  автобиографиялық 

нарратив  атқарады.  <…>  рух  туралы  ғылымдар  саласында  бірінші  орынға 

сипаттамасы  және  нақты  табиғаты  бойынша  өзін  сәйкестендіру  актісі  болып 

табылатын автобиография шығып отыр» [5, с.123]. Жоғарыда айтылып отырған 

дағдарыс  кезеңдеріне  ойланбастан  ХХ  ғасыр  басындағы  Орталық  Азияның 

кеңестік  кеңістікке  енгізілуі  тұсында  қарастырылып  отырған  авторлардың 

өзінің  мәдени  ортасын  қайта  қабылдауға  байланысты  орнаған  құлазу  кезеңін 

жатқызуға болады.  

Практикалық  материалдың  талдауына  сүйене  отырып,  қазақ  халқымен 

мәдени  және  этникалық  тұрғыдан  байланыс  орнатқан  автор  мен  лирикалық 

кейіпкерлердің  бейнелерін  ерекше  айқындап  отырмыз.  Бұл  бөлімше 

Л.Мартыновтың  қазақ  халқы  туралы  естеліктері  мен  сол  ойларды  қорыту, 

П.Васильев  лирикасындағы  азиялықтың  болмысы  мен  Мұқан  Башметов 

бүркеншек есімінің және Вс.Ивановтың автобиографиялық шығармаларындағы 

мәселе талдауларын қамтып отыр. 

Әрі  қарай  зерттеу  жұмысының  «XX  ғасырдағы  орыс  ақындарының 

шығармашылығындағы  қазақ  халқы  бейнелерінің  көркем  концепциясы» 

бөлімшесінде  орыс  әдебиетіндегі  қазақ  халқының  болмысы  талқыланып,  сол 

болмыстың  жинақылығы  мен  біртұтастығы  көркем  концепция  туралы  сөз 

қозғауға  мүмкіндік  беріп  отыр.  Автор  шығармаларындағы  басқа  ұлтқа  тән 

аталмыш  бейнелерді  талқылау  арқылы  автордың  түйсігі  және  оның  сипаттап 

отырған халық сана-сезімінің сәйкес тұстарын анықтауға болады. Оның ішінде 

қазақтардың  көшпенділер  дәстүріне  сәйкес бейнелері  емес,  оған  қарама-қарсы 

Қазақстанның  ХХ  ғасыр  басындағы  әлеуметтік,  саяси  және  тұрмыстық 

ахуалындағы  өзгерістерге  байланысты  қазақ  халқының  болмысын  орыс  ақын-

жазушыларының  қабылдауы  ерекше  көзге  түсіп  отыр.  Қазақ  әдебиетімен 

салыстыру  тұрғысынан  алғанда  Л.Мартынов  пен  П.Васильевтің  әдеби 

шығармаларында  гендерлік  мәселелерге  аса  назар  аударылғанын  байқаймыз. 

Өзге  ұлтқа  тән  әлемді  сипаттау  барысында  ХХ  ғасырдың  басындағы 

стереотипті ұғымдардан тыс қарастырылған, қазақ әйелдерінің жаңа әлеуметтік 

рольдеріне  сәйкес,  орыс  әдебиетіне  енген  әйелдің  жаңашыл  бейнелері  әдеби 

көркем шығармадағы халық болмысының қарқынды түрде даму мүмкіндіктерін 

көрсетеді.  

Екі  тілдің  лексикасы  мен  грамматикасы  араласқанын  сипаттайтын  тілдік 

ерекшеліктер  бөлек  «Орыс  поэтикалық  мәтініндегі  қазақ  сөздерінің 

грамматикалық  және  көркем-стилистикалық  бейімделуі»  бөлімшесінде 

талданды.  Мәселен,  мұндай  ерекшеліктер  қазақ  топонимдерін  талдау 

барысында айқын байқалады. Тақырып шеңберінде жинастырған практикалық 

материалдар  мен  лингвистикалық  талдаудың  әртүрлі  қырларына  байланысты 

орыс  әдебиеті  шығармаларындағы  қазақ  сөздерін  зерттеу  үшін  өзекті  деп 

табылған  мәтінді  талдаудың  келесі  деңгейлерін  белгілеп  отырмыз: 

грамматикалық  деңгей  (сөздерді  ұйымдастырудың  морфологиялық  және 

синтаксистік  қырларынан  тұрады)  және  көркем  тілдік  сап.  Зерттеуіміздің  бұл 

қырын  орыс  әдебиетіндегі  қазақ  топонимдерін  зерделеу  ашық  көрсетіп  тұр. 




Себебі топонимдер «өлкетану ақпаратынан бөлек, контексттік шарт негізіндегі 

көркем-эстетикалық ақпаратты» [6] тарату көзі  



 «Өзге ұлтқа тән әлем суретін түсіну тәсілі есебіндегі натурфилософия» 

атты  үшінші  бөлімде  космогониялық  ұғым,  табиғат  элементтерінің 

байланысы,  бинарлық  құрылыс  құрылымы  мен  сол  жүйедегі  адамның  орны, 

космогониялық  ұғымдарға  негізделген  әлемнің  әдеби-көркем  айнасы  ашылып 

берілген.  Л.Н.Гумилев  «Этногенез  және  Жер  биосферасы»  атты  еңбегінде 

«этностың  өзі  –  табиғат  құбылысы  болғандықтан,  адамзат  пен  табиғат 

арасындағы  байланыс  этникалық  ұжымдар  арқылы  орнайды»  деп 

тұжырымдаған [7]. 

Ұлттық  сипатпен  табиғат  байланысын  анықтау  барысында  біз  біріншіден 

табиғат-морфты,  оның  ішінде  зооморфты,  ботаникалық  және  ландшафтық, 

антропоморфтық троптарды бөлек қарастырдық. Аталмыш құралдар өмір сүру 

қағидасы,  адамның  сыртқы  түр-әлпетімен  жазық  дала  бейнесінің  байланысы 

қағидаларына және табиғат бейнелеріндегі ұлттық сипат нышандарына сәйкес 

құрастырылған.  Осы  сынды  әлемнің  натурфилософиялық  үлгісіне  назар  сала 

отырып, жазушылардың алдында өзге ұлттың болмысын сипаттау мақсатында 

бірнеше міндеттер қойылған: кейіпкерлер бейнесін табиғат-морфты троптарды 

қолдану  арқылы  жеткізу,  халықтың  сана-сезімін  ғалам  туралы  алғаш 

қалыптасқан  ұғымдар  арқылы  түсініп,  осының  негізінде  әлемнің  ұлттық 

картинасын  таныстыру.  Мәселен,  Вс.Иванов  романындағы  («от  белесых 

солончаков выпадают ресницы людей, мокнут ноги и как саксаул-дерево гнутся 

руки») және П.Васильевтің («Руки черные карагачу назад // Судорогою свело») 

поэмасындағы  ботаникалық  троптар  Олжас  Сүлейменов  лирикасындағы 

қараағаш 

бейнесімен 

салыстырылады. 

Түрік 

мәдениетінде 



бірдей 

символикалық  пайымына  ие  сексеуіл  мен  қараағаш  жазық  дала  тұрғындары  – 

көшпелі  халыққа  тән  шыдамдылықтың,  қиындық  тудыратын  ауа  райы 

шарттарына бейімделуге міндетті сабырлықтың белгілері ретінде, «табандылық 

пен беріктіктің символы» [8, с.134] болып қалыптасқан.  

Екінші және үшінші бөлімшелерде Орталық Азия кеңістігін бейнелеудегі 

кеңістік  пен  уақыт  дәрежелері,  сондай-ақ  кейбір  архетиптік  мүдделер  мен 

бинарлық  оппозициялар  трансформациясының  тәсілдері,  ерекшеліктері 

сипатталған.  

«Еуроазияттық  мәдени  әлемнің  сәйкестену  ретіндегі  кеңістік  пен  уақыт» 

атты  екінші  бөлімшеде  Орталық  Азия  кеңістігін  суреттеу  барысындағы 

кеңістіктік-уақыттық  санаттар  сипатталған.  Ғалым  В.В.Савельева  кеңістіктік 

үлгіге  тән  бірнеше  сипаттамаларды  атаған:  географиялық  ландшафтар, 

урбандық кеңістіктер, ашық және жабық, микро- және макрокеңістіктер, табиғи 

және  жасанды,  т.с.с.  [9,  с.43].  Аталмыш  бөлімшеде  Л.Мартынов,  П.Васильев 

және О.Сүлейменовтың талданған шығармаларында көп жағдайда континенттік 

және  этникалық  белгілерге  негізделген  географиялық  макрокеңістіктер 

қарастырылған.  Сонымен  қоса,  «уақыт  жебесімен»  [9,  с.43]  байланыс  орнату 

олардың  шығармашылығындағы  кеңістіктік  сипаттамалардың  басым  бөлігін 

ерекшелендіріп отыр.  



 «Бинарлық  оппозициялар  мен  олардың  деконструкциясы»  атты  үшінші 

бөлімшеде  кейбір  архетиптік  ұғымдар  мен  бинарлық  оппозициялардың 

трансформациялық тәсілдері қарастырылған. «жоғары» / «төмен», «жазықтық» 

/  «тау»,  «құрлық»  /  «теңіз»,  «солтүстік»  /  «оңтүстік»  сынды  бинарлық  жұптар 

ақындар  шығармашылығында  әлемдік  мифологиядағы  осы  жұптарға  тән 

жалпыға  ортақ  ұғымдармен  біртіндеп  байланысу  арқылы  деконструкция 

жолдары  мен  оның  себептерін  анықтау  мүмкіндігіне  қол  жеткізіп  отырмыз. 

Мәтінді  көркемдік  талдау  барысында  биментальды  ойлау  жүйесіне  тән 

автордың  ұғымына  сәйкес  шығармада  қосымша  ұғымдар  пайда  болады.  Одан 

бөлек,  зерттеу  жұмысында  автор  суреттеп  отырған  мәдениетке  тән 

шындықтарды  пайдалану  арқылы  құралған  бинарлық  оппозициялармен 

көркемделген  мәдени  кеңістік  таныстырылымының  дәрежесі  анықталады. 

Бинарлық  жұптардың  деконструкциясы  нақты  мәдени  кеңістіктің  қарқынды 

дамуын көркем тәсілмен көрсету үшін пайдаланылған.  



«Өзге ұлтқа тән көркем әлем рецепциясындағы құжаттық және әдеби 

көркемдіктің синтезі» атты төртінші бөлімнің басында ХХ ғасырдың бірінші 

жартысында  өмір  сүрген  орыс  ақыны  Л.Н.  Мартыновтың  публицистикасы, 

нақтырақ айтқанда ақынның 1926-1927 жылдар аралығында жарияланған қазақ 

әйелдерінің  хал-ахуалы  жайында  жазылған  бірнеше  мақаласы  қарастырылды. 

Леонид  Мартыновтың  гендерлік  тең  құқықтық  мәселелері  туралы  жазбалары 

мен очерктерінің талдауы арқылы Солтүстік Қазақстан мен Сібірдегі халықтың 

қоғамдық өміріндегі ақынның ролін анықтауға мүмкіндік алдық. Екінші міндет 

бойынша  публицистикалық  мақалаларда  қолданылған  көркемдік  тәсілдерді 

іздеп,  олардың  мағынасы  мен  қолдану  себебін  анықтау  қажет.  Соңында 

аталмыш  материалдың  Мартынов  шығармаларына  ену  тәсілдері  мен  оның 

дәрежесі  айқындалады.  Қорыта  айтатын  болсақ,  қаламгердің  журналистік 

ісіндегі  құжаттық  және  әдеби  көркемдік  синтезі  анықталып,  орыс  ақыны 

шығармашылығындағы Қазақстан болмысының орны айқындалмақ.  

«Мәдениеттер  диалогы  ретіндегі  әдеби  көркем  кеңістік»  атты  бөлімшесі 

көркем  мәтін  кеңістігіндегі  мәдениетаралық  диалогты  айқындап,  достық 

қарым-қатынастардың 

көрінісін 

(Вс.Иванов, 

М.Әуезов, 

Л.Мартынов, 

О.Сүлейменов)  және  орыс  тіліндегі  мәтіндерде  қазақ  халқының  тарихи 

бейнесін  (Махамбет  Өтемісов,  Қажымұқан  Мұңайтпасов,  Л.Мартыновтың 

басқа да тарихи бейнелері) қамтиды. 

«Қазақстан  туралы  еуропалық  мәтіндер»  бөлімшесі  Ш.Қ.  Сатпаеваның 

«ХІХ  және  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ-еуропалық  әдеби 

байланыстар»  монографиясының  талдауынан  басталып,  құжат  мәтіндеріндегі 

Қазақстанды  сипаттау  ерекшеліктері  жан-жақты  ашылады.  Атап  айтсақ, 

еуропалықтардың  кейбір  еңбектерінде  қолданылған  этнонимдер,  тарихи  және 

этнографиялық мәліметтер талданды. Мәселен Жюль Верн романдары Орталық 

Азия  туралы  құжаттық  мағлұматтар  мен  қызық  оқиғалы  роман  жанрын 

синтезден  өткізіп,  ХІХ  ғасырдың  еуропалық  әдеби  шығармаларда  Қазақстан 

болмысының орын алғанын көрсетіп отыр.  

 

 



Жоғарыда  аталып  кеткен  тараудың  соңында  өзге  ұлтқа  тән  әлем  туралы 

жазылған  шығармалар  атауының  түрлері  мен  ерекшеліктерін  табу  үшін 

диссертацияда қолданылған тақырыптардың поэтикасы талданып берілген.

  

Қорытынды бөлімінде зерттеудің ғылыми нәтижелері берілген:  



1.  Әдебиеттануға  «биментальдық»  термині  мен  оның  «биментальді» 

туындысын  енгізу  арқылы  екі  түрлі  мәдениеттің  толыққанды  рецепцияларына 

бейім және осындай қабылдау қабілетін әдеби көркем күйінде жеткізе алатын, 

мәтін  шеңберінде  мультимәдениетті  қабылдау  үлгілерін  көрсететін  жағдайды 

құрастыруға  қабілетті  авторлар  поэтикасының  ерекшеліктерін  жүйелеуге 

мүмкіндік  береді.  Олардың  шығармаларында  салыстырмалы  әдебиеттану, 

ұлттық әдебиеттер, әдебиеттану теориясы курстары үшін және политілдік білім 

беру  жүйесіндегі  полимәдениетті  құзыретті  қалыптастыру  үшін  өзекті  болып 

табылатын  жалпы  үрдістер  қозғалысы  байқалады.  Биментальдық  ойлаудың 

қалыптасу шарттары анықталды: тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік-саяси 

шарттар  мен  баланың  түсінігіне  ықпал  ететін  факторлар  (туған  жері,  басқа 

мәдениетте  өмір  сүру  ұзақтығы,  ақынның  немесе  жазушының  айналасындағы 

басқа мәдениетке жататын мәдени, тілдік және этникалық орта ерекшеліктері). 

2.  Биментальды  авторлардың  көркемдік  әлемді  қабылдау  ерекшеліктері 

өзге  ұлтқа  тән  бейнелер  мен  қабылдауды  ерекше  білдіретін  поэтика  белгілері 

арқылы  сипатталады.  Жалпы  алғанда  аталмыш  ерекшеліктер  келесі 

анықтамаларға  сай  келіп  отыр:  өзін  өзі  сәйкестендіру  мәселесінің  шешімі; 

стильдік  және  тілдік  ерекшеліктер;  басқа  халықтың  жинақталған  және 

қайталанбас  бейнелерінің  болуы;  табиғатты  халық  пен  кеңістікті  сипаттайтын 

фактор ретінде қабылдау; уақыт пен кеңістікті көркем түрде қорыта білу және 

бинарлық архетиптік оппозицияларды түйсіну. 

3.  Жазушының  жат  мәдениетпен  өзін  сәйкестендіру  дәрежесі  оның 

лирикалық  кейіпкерлеріне,  шығармасының  тақырыбы  мен  бейнелердің 

жүйесіне  ықпалын  тигізеді.  Автор  тұлғасының  жаратылысы  мен  қалыптасу 

шарттарының  алдын  ала  анықтауына  байланыты  өзін  сәйкестендіруде  күрделі 

мәселенің  шықпауы  авторға  ұқсайтын  лирикалық  кейіпкерлердің  пайда 

болуына  әсер  етеді.  Мұндай  кейіпкерлер  сипатталып  отырған  халықтың 

жалпылама  бейнесі  ретінде  қызмет  атқара  алады.  Мәселен,  П.Васильев 

лирикасындағы  Мухан  Башметов,  Л.Мартынов  шығармашылығындағы 

О.Сүлейменовтың өзіне ұқсатқан кейіпкері – тәржімалаушы Увенькая.  

4.  ХХ ғасырдағы орыс ақындарының шығармашылығындағы қазақ халқы 

болмысының  концепциясы  Қазақстанның  сол  тұстағы  әлеуметтік-саяси 

өмірінің даму динамикасын қамтып көрсетеді. Оған дәлел көп жоспарлы әдеби 

көркем қайта ойлау елегінен өткен әйел бейнелерін атап айтуға болады. Ошақ 

пен  халық  жадының  сақтаушысы  ретіндегі  әйелдің  дәстүрлі  бейнесімен  қатар 

өзгеріске  ұшыраған  гендерлік  қағидалардың  атмосферасындағы  бейнесінің 

объективтілігі 

дәл 


осы 

динамиканы 

прозасында 

көрсеткен 

қазақ 

жазушыларының шығармаларын салыстыру арқылы дәлелденіп отыр.  



5.  Орыс  поэзиясындағы  қазақ  сөздері  көп  жағдайда  орыс  тілі 

грамматикасының  заңдылықтарына  сәйкес  өзгерістерге  ұшырап,  поэтикалық 

тұрғыдан  ұтымды  беріледі.  Топонимдер  автор  мен  қазақ  халқының  ойлау 



жүйесіндегі  жақындық  және  орыс  халқының  өкілі  ретінде  Қазақстанның 

географиялық  кеңістігімен  таныстық  дәрежесін  көрсететін  этномәдени  бағдар 

ретінде қолданылады. Өзге ұлтқа тән әлемнің ерекшеліктерін көрсету және бір 

әдеби  мәтін  кеңістігінде  екі  түрлі  мәдениет  элементтерін  араластыру 

ұмтылыстары  стиль,  жанр,  композиция  мен  көркем  бейнелер  құралдарын 

таңдауға  әсерін  тигізеді.  Мәселен,  П.Васильев  лирикасындағы  қазақ 

фольклорына еліктеуді, П.Васильев пен Л.Мартынов шығармаларындағы қазақ 

тілі  мен  мәдениетінің  бейнесін  көрсететін  бата  формасын  қолдануды,  қазақ 

тілінің сөздері мен грамматикасын қолдануды атап айтуға болады.  

6.  Натурфилософия  халықты  қабылдауды  көрсететін  өзге  мәдениетті 

түсіну тәсілдерінің және осыған сәйкес ұлттық сипатқа әсер етуші ең маңызды 

фактор  ретінде  қызмет  атқарады.  Қарастырылған  шығармалар  арасында  қазақ 

халқының  танымына  сәйкес,  қазақ  жерін  сипаттайтын  белгілер  арқылы  адам 

мен  табиғат  элементтерін  теңестіретін  табиғи-морфтық  және  антропоморфтық 

табиғатқа  бейімділікті  ерекше  поэтикалық  қыр  деп  атауға  болады.  Әдеби 

шығармадағы  табиғаттың  кейбір  бейнелері  кеңістік  пен  уақытты  анықтау 

құралдары  ретінде  қолданылған.  Одан  бөлек,  биментальдық  ойлау  жүйесі 

Еуропа мен Азия құрлықтары арасындағы шекараларды, олардың мәдениеттері 

мен  өткен,  осы  және  келер  шақ  айырмашылықтарын  көлеңкелету  үшін  уақыт 

пен кеңістікті ерекше сезінуге шарт қояды. 

7.  Сондай-ақ, 

өзге  ұлт  әлемі  этностың  космогониялық  және 

мифологиялық  параметрлерін  бейнелейтін  бинарлы  оппозициялар  жүйесі 

арқылы таныла алады. Кейбір архетипикалық бинарлы оппозициялар («жоғары 

/ төмен», «құрлық / теңіз») әдеби көркем мәтін кеңістігінде белгілі жағдайдың 

орын алуына байланысты бұзылады, мәселен, азаматтық соғысты сипаттаудағы 

жоғары мен төмен ұғымдарын қабылдаудың үйреншікті табиғатының бұзылуы. 

Олардың  деконструкциясы  немесе  кейбір  архетиптердің  бұзылуы  сипатталып 

отырған  тақырыпқа  немесе  кезеңге  сәйкес  келеді,  мәселен,  Қазақстан 

аумағындағы  азаматтық  соғыс  делік.  Осы  сияқты  авторлардың  өзге  ұлтқа  тән 

әлем  туралы  тоқтап  қалған  уақыт  пен  стереотиптерге  ұрынбаған  ұғымдары 

объективтілік дәрежесін нақтылай алады.  

8.  Л.Мартыновтың 

Қазақстанмен 

байланысты 

публицистикалық 

еңбектерін  зерделеу  арқылы  екі  негізгі  тақырыпты  атап  айтуға  болады:  қазақ 

қоғамындағы  әйелдер  құқығының  орын  алуы  және  Түрксіб  құрылысы 

салдарынан  қоғамдық  өмірде  болған  өзгерістер.  Омбы  кітапханалары  мен 

мұрағаттарында жүргізілген  жұмыс пен  мақалаларды  талдау  арқылы  ақынның 

Солтүстік Қазақстан аумағындағы қазақ әлеуметіне тұрмыстық және әлеуметтік 

қайшылықтарды  реттейтін  материалдарды  таныстыруда  атсалысып,  заңдылық 

ағартуда  үлес  қосқаны  белгілі  болып  отыр.  Сонымен  қатар  Мартыновтың 

мақалалары  публицистикалық  мәтіндердің  құжаттық  негізіне  әдеби-көркем 

стильді енгізуімен ерекшеленеді: синекдохалар, көркемдік бейнелеу, диалогтық 

сипат, төл сөз, өткен мағынасында қолданылатын осы шақ етістіктері, теңеулер, 

лепті және сұраулы сөйлемдер. 

9.  Өзге ұлтқа тән кеңістікті сипаттайтын шығармаларға қатысты тақырып 

атауларының  ең  көп  кездесетін  типтерін  анықтау  мақсатында  ғылыми  зерттеу 



жұмыста  қолданылған  барлық  әдеби  шығармалар  атаулары  есептеліп, 

талданды.  Нәтижесінде  кейіпкерлік  және  тақырыптар  жиі  кездесетіні 

анықталды. Ондай тақырыптар кейіпкердің этносын  анықтау үшін ерекше деп 

танылған.  Тақырыпта  топос,  кейіпкердің  есімін  немесе  кәсібін  атап  көрсету 

арқылы  әдеби  көркем  мәтіннің  этномәдени  кеңістігін  ашып  көрсетуге  ықпал 

етуге болады.  

10.  Қазақ-еуропа  байланыстары  жайлы  еңбектер  мен  Қазақстан  туралы 

еуропалықтардың  жолжазбаларын  талдау  арқылы  қазақ  халқы  мен  оның 

аумағын  танудың  тәсілдері  мен  негізгі  үрдістерін  анықтауға  болады.  Француз 

саяхатшылары  жазған  мәтіндерде  құжаттық  және  энографиялық  сипатқа  баса 

назар аударылған. Ж. Верн романдары қазақ-француз әдеби байланыстарының 

дамуында  үлкен  роль  атқарып,  Қазақстан  болмысын  қамтитын  көркем 

кеңістікті  кеңейтудегі  алғашқы  қадамдарды  бастады.  Одан  бөлек,  оның 

романдары  қазақ  жерінің  құжаттық  зерделеуінен  кейін  табиғи  заңдылық 

ретінде  туындайтын  көркемдік  қорыту  нәтижесі  болып  табылады.  Аталып 

отырған кезеңдегі мәтіндерді зерттеп, талдау Қазақстан және Ресей, Қазақстан 

және  Еуропа  (оның  ішінде  нақтырақ  Франция)  арасындағы  ұлтаралық 

қатынастардың жаңа байланыстарын анықтауға мүмкіндік тудырады. Мәселен, 

көркем,  публицистикалық,  және  құжаттық  мәтіндерді  зерделеу  арқылы  алғаш 

рет  қазақ  және  орыс  поэзиясының  өкілдері  Леонид  Мартынов  пен  Олжас 

Сулейменов 

арасындағы 

достық, 

шығармашылық 

қарым-қатынастар 

айқындалып отыр. 

Жоғарыда 

айтылған 

тұжырымдардың 

барлығы 


XIX-XX 

ғасыр 


аралығындағы  орыс  және  еуропа  әдебиетіндегі  Қазақстанның  ұлттық 

ерекшелігін  анықтап,  Қазақстан  болмысының  генезисін  бақылауға  мүмкіндік 

береді.  Сонымен  қатар  ұсынылып  отырған  теориялық  және  кең  көлемді 

практикалық материалға сәйкес әдебиеттегі өзге ұлтқа тән әлемді сипаттаудың 

жалпы үрдістерін айқындауға болады.  

Сонымен, XIX-XX ғасырлар тоғысындағы еуропа әдебиетіндегі Қазақстан 

болмысының  ұлттық  ерекшелігі  көркем  мәтіндерде  өзге  ұлтқа  тән  кеңістік 

ретінде  қолданылған.  Алайда  осы  уақытпен  тұспа-тұс  келетін  құжаттық 

мәтіндерде  Қазақстан  болмысы  тәуелсіз  және  тұрақты  сипатта  өмір  сүре 

бастады.  Орыс  әдебиетіндегі  Қазақстан  болмысы  тұрақты  және  жан-жақты 

түрде ашылып қана қоймай, сонымен қатар көркем әдеби мәтінде биментальді 

ойлау  жүйесіндегі  этномәдени  элемент  ретінде  қолданылды.  Бұған 

мемлекеттегі  геосаяси  ахуалдың  өзгеруі  ықпал  еткені  ақиқат.  Нәтижесінде 

қазақ  әдебиетінің  тақырыптық  және  көркемдік  қатарына  сәйкес  Қазақстан 

болмысының көркем кеңістігіндегі элементтер мен бейнелер жүйесі қарқынды 

түрде дами бастады.  

Мәтіндерді салыстырмалы түрде талдаудың нәтижесінде жоғарыда аталған 

қорытындылар  түрлі  ұлттардың  әдеби  шығармаларын  зерттеуде  қолданыла 

алады.  Мәселен,  орыс-тәжік  байланыстарын  көрсететін  А.Волостың  романын 

бөлек алып қарауға болады.  

Қорытындылап  айтсақ,  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  бірінші 

жартысында  еуропа  әдебиетімен  қоса  еуропалық  әлеумет  те  жаңа  әдеби 




әлеммен  танысып,  жаңа  көркемдік  кеңістікке  алғашқы  қадамдарын  баса 

бастады. Орыс әдебиеті дәстүрден тыс бейнелер қатарымен, әдеби шығарманы 

құрастыру,  жазу  тәсілдерімен,  жаңа  поэтикалық  қырлармен  толығып,  қос 

мәдени  ортаның  араласып,  екі  тілдің  ерекшеліктері  бір  арнада  тоғысу 

нәтижесінде мәдениаралық диалог жаңа деңгейге көтерілді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1  Эфендиев  Ф.С.  Этнокультура  и  национальное  самосознание.  – 

Нальчик: Эль – Фа, 1999. – 329 с. 

2  Mukhametshina, R.F., Galimullina A.F. Inculcation of Bimental Personality 

in  Context  of  Cultural  Dialogue  (As  Exemplified  by  Tatarstan  Schools)  //  Middle-

East Journal of Scientific Research. – 2014. – № 20(12). – P.2135-2138. 

3  Маданова  М.Х.  Введение  в  сравнительное  литературоведение.  – 

Алматы: 


ДОИВА - Братство, 2003. - 252 с.

 

4  Заманская  В.В.  Экзистенциальная  традиция  в  русской  литературе  XX 



века.  Диалоги  на  границах  столетий:  учебное  пособие.  –  М.:  Флинта,  2002.  – 

304 с. 


5  Караева  Л.Б.  Опыт  этнокультурной  самоидентификации  в  английской 

литературной  автобиографии  XX  века  //  Филология  и  культура.  Philology  and 

Culture. – 2013. – №2(32). – С.123-126. 

6  Гасанова 

С.Х. 

Топонимия 



в 

дагестанской 

русскоязычной 

(оригинальной  и  переводной)  художественной  литературе:  автореф.  дисс… 

канд.  филол.  наук:  10.02.01.  –  Махачкала,  2003  //  «disserCat  —  электронная 

библиотека 

диссертаций» 

http://www.dissercat.com/content/toponimiya-v-

dagestanskoi-russkoyazychnoi-originalnoi-i-perevodnoi-khudozhestvennoi-literatu 

11.02.2016

7  Гумилев  Л.Н.  Этногенез  и  биосфера  Земли.  «Gumilevica:  гипотезы, 



теории, мировоззрение» 

http://gumilevica.kulichki.net/EBE/

 20.04.2017. 

8  Мухамадиев  Х.С.  Концепт  дерево,  или  «Ода  Карагачу»  //  В  кн.: 

Национальные  образы  мира  в  современной  литературе  Казахстана  /  под  ред. 

У.К.Абишевой. – Алматы: «Қазақ университеті», 2012. – С.133-143. 

9  Савельева  В.В.  Художественный  текст  и  художественный  мир: 

соотнесенность и организация: автореф. дисс. … канд. филол. наук: 10.01.08  – 

Алматы, 2002. – 50 с. 

10  Сатпаева  Ш.К.  Казахско-европейские  литературные  связи  19  и  первой 

половины 20 в.: монография / под ред. Е.В.Лизунова. – Алма-Ата: Наука, 1972. 

– 280 с. 



 

 

 



 

жүктеу 338,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау