136
137
А) играем; В) прыгаю;
С) упражнение; Д) финиш.
4. Дене тәрбие сабағы қайда болатынын табыңыз.
А) спортзалда; В) асханада;
С) мектепте; Д) кітапханада.
5. Жұмбақтың шешуін табыңыз:
Жерге түсірмеу үшін допты,
Қос қолмен қағып,
Бір қолмен соқты.
А) футбол ойыны; С) баскетбол ойыны;
В) шахмат ойыны; Д) волейбол ойыны.
6. Футбол ойынын немен ойнайтынын табыңыз:
А) секіртпемен; В) доппен;
С) себетпен; Д) арқанмен.
7. Жіңішке буынды сөздерді табыңыз:
А) жаттығу, арқан; С) спортзал, ойын;
В) дене тәрбиесі, бөрене; Д) қақпа, қызық.
8. Қақпа сөзінің аудармасын табыңыз:
А) интересно; В) площадка;
С) упражнение; Д) ворота
9. Дұрыс жазылған сөйлемді табыңыз:
А) Мен жаттығу жасаймын.
В) Жаттығу жасаймын мен.
С) Жасаймын мен жаттығу.
Д) Жасаймын жаттығу мен.
10. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөзді
табыңыз:
А) жүгіремін; В) секіремін;
С) қақпа; Д) алаң.
ІІІ. Оқу еңбек аясы.
І модуль. Менің сыныбым.
1. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді
табыңыз:
А) алты; В) бесеу; С) тоғызыншы;
2. «Кезекші» сөзінің аудармасын табыңыз:
А) ученик; В) дежурный; С) чистый.
3. Жуан буынды сөзді табыңыз:
А) қабат; В) кезекші; С) дәптер.
4. Жіңішке буынды сөзді тап:
А) достық; В) сөйлем; С) баға.
5. Мақалды аяқтаңыз. «Күш - …» .
А) білімде; В) адамда; С) кезекшіде.
6. Сыныпқа арналған жиһазды табыңыз:
А) диван; В) қабат; С) тақта.
7. «Это – наш класс» сөйлемінің аудармасын
табыңыз:
А) Мынау – менің сыныбым.
В) Бұл – біздің сынып.
С) Бұл – оның сыныбы.
8. Мақалды аяқтаңыз:
«Мектеп - кеме,
Білім - ... » .
А) теңіз; В) кітап; С) сынып.
9. Жалғауы дұрыс жалғанған санды табыңыз:
А) төртыншы; В) алтынші; С) оныншы.
10. Бір буынды сөзді табыңыз:
А) сынып; В) зат; С) мектеп.
ІІ модуль. Менің оқу құралдарым.
1. Оқулық сөзінің аудармасын табыңыз:
А) книга; В) тетрадь;
С) дневник; Д) учебник.
2. «Кітап не үшін керек?» сұрағының жауабын
табыңыз:
А) жазу үшін; В) баға қою үшін;
С) оқу үшін; Д) сызу үшін.
3. Жұмбақтың шешуін табыңыз:
Сен оқуда қандайсың?
Менен жасыра алмайсың.
138
139
А) дәптер; В) күнделік;
С) кітап; Д) қалам.
4. Ұзын сөзінің аудармасын табыңыз:
А) длинный; В) краска;
С) короткий; Д) большой.
5. «Қалам не үшін керек?» сұрағының жауабын
табыңыз:
А) баға қою үшін; В) жазу үшін;
С) сызу үшін; Д) оқу үшін.
6. «Это мой дневник» сөйлемнің аудармасын
табыңыз:
А) Менің қаламым; С) Бұл менің дәптерім;
В) Бұл менің күнделігім. Д) Бұл сенің күнделігің.
7. Жуан буынды сөзді табыңыз:
А) пән; В) дәптер;
С) баға; Д) әдемі.
8. Дұрыс жазылған сөйлемді табыңыз:
А) Үшінші сыныпта оқимын мен;
С) Сыныпта үшінші оқимын мен;
В) Оқимын мен үшінші сыныпта;
Д) Мен үшінші сыныпта оқимын;
9. Жіңішке буынды сөзді табыңыз:
А) қысқа; В) өшіргіш;
С) сызғыш; Д) қарындаш.
10. Сурет салу сөз тіркесінің аудармасын табыңыз:
А) старый; В) читать;
С) рисовать; Д) ластик.
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл!
Г.АЛАТАЕВА,
С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҒАЛЫМЫ,
ТҰҢҒЫШ ЗЕРТТЕУШІСІ - ШОҚАН
УӘЛИХАНОВ
Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы және Ақтөбе көлік,
коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің
«Әлеуметтік
пәндер»
бірлестігімен
бірлесе
ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына
550 жыл толуы мен Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына
арналған «Қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш зерттеушісі
- Шоқан Уәлиханов» тақырыбында тарихи-танымдық
кеш өтті.
Мақсаты: жастарға тарих сахнасына тұңғыш
көтерілген Қазақ хандығының тарихы туралы,
ұлтымыздың алғашқы мемлекеттік дәрежеге жетуін
түсіндіру және Қазақ халқының көрнекті ұлы -
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын
зерделей отырып, жас ұрпақтың бойына тіл,
мәдениет, салт-дәстүрлер арқылы толерантты қарым
- қатынас дағдыларын және патриоттық рухын
қалыптастыру. Сонымен қатар, Алматы облысында
Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынэмель» атты
Мемлекеттік мемориалдық мұражайында бастау алған
Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Менің
Шоқаным» республикалық мәдени-ағартушылық
жобасына атсалысу.
140
141
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы
мен Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған шара
Мемлекеттік Әнұранымызбен ашылды.
Тарихи - танымдық кешке Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
«Қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы, профессор,
филология ғылымының докторы - Жұбаназар Асанов,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап -
ғылыми кітапханасының директоры Несібелі Жұмағұл
және №6655 әскери бөлімінің қызметкерлері -
Константин Андреади, Алтыншаш Баймурзина,
Гүлмира Китанова, Ақтөбе қалалық үш тілде оқытатын
№21 мектеп-гимназиясының оқушылары, колледждің
әкімшілігі мен студенттері қатысты.
Кеште «Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің
оқытушылары – А.С.Тұрманова «Тарихқа тағылым
- өткенге тағзым», «Қазақ хандығының құрылуы»,
Б.Б.Қаумешов «Ұлы дала тарихын ұлықтаған ұлы той»
тақырыбындағы баяндамаларында Қазақ хандығының
құрылу тарихына тоқталып өтсе, Г.Б.Баймағамбетова
«Шоқан Уәлиханов және Тарих-и Рашиди» атты
баяндамасында
Ш.Уәлихановтың
өмірдерегі
жайын және Қазақстан тарихы библиографиясында
«Тарих-и Рашиди» атты Мұхаммед Хайдар Дулатидің
кітабын зерттеу Ш.Уәлихановтан басталғанын, сонау
30-жылдары Қазақстан тарихын жан-жақты жазуға алғаш
рет құлшына кіріскен профессор Санжар Асфендияров
бұл кітапқа көп көңіл бөлгенін, 40-жылдары В.Вяткин
өзінің зерттеулерінде «Тарих-и Рашиди» атты кітапты
кеңінен пайдаланғанын баяндады.
«Тарих-и Рашиди» материалдары бойынша
Ш.Уәлиханов «Тоғылық Темір хан Жүніс хан
шежірелерін жасаумен қатар, аса құнды XVI
ғасыр карталарын жасапты. М.Хайдар кітабының
материалдары Ш.Уәлиханов жасаған «Моғолстан
картасы» және Моғолстанның батыс бөлігінің картасы
аса бағалы дүниелер болғандықтан, Санкт-Петербург
ғалымдары, соның ішінде Орыс Географиялық Қоғамы
және өзі қызмет атқарған Азия Департаментінде
жоғары дәрежеде бағаланды деген деректер келтіре
отырып, Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында бұл
күнде М.Х.Дулатидің еңбегін алғаш зерттеп, ғылыми
айналымға енгізген қазақ ғалымы – Ш.Уәлихановтың
180 жылдығын тойлау да бұйырып отырғандығын
атап өтті.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университетінің «Қазақ тілі» кафедрасының
оқытушысы, профессор, филология ғылымының
докторы - Жұбаназар Асанов «Шоқан және «Едіге»
тарихи - қаһармандық эпосы» тақырыбында жастардың
назарына «Едіге» жырының біздің Ақтөбе жерімен
байланысы бар екенін және 1841 жылы Шоқан
жүйелеген нұсқа ерте таңбаланған үлгілердің біріне
жататынын, жырды әкесі – Шыңғыс сұлтан жазып
алғанын, оның үш нұсқада болғанын мазмұнды
деректермен әңгімеледі.
Шара барысында автоматтандыру бөлімінің
кітапханашылары қатысушылар назарына Қазақ
хандығының 550 жылдығы мен Ш.Уәлихановтың
180 жылдығына арналған «Қазақ хандығы - тарих
толқынында», «Шоқан туралы үздік сыр» атты
бейнероликтерін көрсетті.
Белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтің «Сабалақ
Абылай - Хан Абылай» - екі актілі тарихи драмасының
9- көрінісінен үзіндіні ҚР Ұлттық ұланы №6655
әскери бөлімінің рота маманы -А.Константин, штаб
аудармашысы-А.Баймурзина,
тәрбие
бөлімшесі
бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға
көмекшісі – Г.Китанова, Ақтөбе қалалық үш тілде
оқытатын №21 мектеп-гимназиясының оқушылары –
Б.Таханов, Қ.Амандос және М.Амандос орындады.
Шараға оқу залы бөлімінің кітапханашылары
«Ұлы дала төсіндегі қазақ хандығы» және «Шоқан
мұрасы – халық қазынасы» атты кітап көрмелерін
142
143
Бір өлең - бір әлем
Г.МАДИЯРОВА,
№16 Ш.Уәлиханов атындағы
жалпы орта мектеп.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Төлеби ауданы
ҚАЗАҚ ЕЛІ
Патшалар өтті сенде даңқы шыққан,
Батырлар, билер болды жауды жыққан.
Сенде туып, сенде өлген боздақтарым
Мәңгілік шертілетін жыр мен дастан.
Жанқияр азаматтың ерлігімен
Бейбіт күн орнады ғой ел басына.
Сен менің жеңісіммен мақтан, елім,
Мен сені жыр етемін әрқашанда.
Қазағым, қазақтығың көрініп тұр,
Қазақтың қазақтығын әлемге ұқтыр.
550 жыл толған хандығыңның,
Бүгінде салтанаты көрініп тұр.
Елбасың Нұрсұлтандай ел ағасы
Халқының қамын жеген Нұр ағасы.
20 жыл мерейтойдың иегері,
Қазақстан халықтары Ассамблеясы.
Елімнің болашағы жастарда тұр,
Жас толқын, сен жасыма, жасқанба құр.
Нұр ағам құрып берген Ұлы елімнің,
Өрісін, мәртебесін биікке асыр.
Қазағым, қасиетім, қаймағымсың,
Халқыңнан айналайын айна мүсін.
Мен сенің тынышыңды күзетемін,
Сен менің бағым болып жайнағансың.
Биіктен көрін елім, биіктегін,
Мен сенің әр тасыңды биік көрдім.
Мен шыңға шыққан сайын сен қуансаң,
Мен сен боп көк аспанда биіктермін.
Қайсар елім, қасиетті туған жер,
Бейбіт атқан әрбір таңды думанды ел.
Айдан асып асқақтап өр атағы,
Қазағымның бақ жұлдызы жайнай бер!
ұйымдастырды. Көрмеде кітапхана қорына Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналып, М.Қойгелдінің
құрастыруымен, 2 кітаптан, 117 әңгімеден тұратын,
түрлі-түсті иллюстрациялық суреттермен көркемделген,
Алматы: «ҚАЗақпарат» баспасынан 2015 жылы қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде бөлек-бөлек кітап болып
шыққан, оқырмандардың көптен күткен М.Х.Дулатидің
«Тарихи Рашидиі», сонымен қатар, Алматы: «Сардар»
баспа үйінен 2015 жылы шыққан «Қазақ хандары»
кітабының, Б.Б.Кәрібаевтың «Қазақ хандығының
құрылуы тарихы» қазақ тіліндегі монографиясының,
«Алматы баспагерлер, полиграфистер және кітап
таратушылар Ассоциясы» баспасынан 2015 жылы 3
томнан тұратын, әр томы орыс тілі мен ағылшын
тіліне аударылып, жеке кітап болып жарық көрген
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясының
да келіп түскені хабарланды.
Кеш соңында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық
әмбебап - ғылыми кітапханасының директоры Несібелі
Жұмағұл тарихымызды ұлықтау жылында 11-қыркүйек
күні Астанада дүркіреп өткен игі шара турасын және
қаламызда алдағы өтетін шара жоспарын тілге тиек
етіп өтті.
Тарихи-танымдық
кешке
Ақтөбе
көлік,
коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің
Э-11 тобының студенттері - Сабырбаев Бақтияр «Қазақ
елдігі» жайындағы өлең шумағын, Жантөре мен Ринат
«Қазақстаным» әнін тарту етті.
Мәңгілік қазақ елінің 550 жылдық мерейтойы -
өткенді таразылап, болашаққа бастар жол болмақ.
Тарихта алтын әріппен қашалып жазылған Керей мен
Жәнібек негізін қалаған қазақ мемлекеті қаншама
қилы заманды басынан өткерді. Міне, енді бабалар
ісін жалғаушы бүгінгі ұрпақ тұғыры биік тәуелсіздікке
де қол жеткізді. Еліміздің елдігін көрсететін айтулы
күндерді ұлт болып ұлықтауымыз керек. Мың жаса,
Тәуелсіз Қазақ Елі!!!
144
Бас редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе” –
ай сайын шығатын республикалық
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы:
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Теріп, беттеген – Айнур ХАБИДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 10.10.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68.
Таралымы – 650. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.
Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru
Жұрнал сайты: www.kazhu.kz
Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
№10, 2015 ж., 144 бет, Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |