Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет6/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

20
1.  Оқшау  сөздің  қайсысы  айтылған  ойдың  ретін 
білдіреді?
А) Қыстырма сөз; Ә) Айқындауыш мүше; 
Б) Қаратпа сөз.
2. Бос орынға қай сөздер тұрады?
 ...  жеңіл, ... жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін ...
А) Түсінуге (тілге) ұйқастары;
Ә) Тілге, жүрекке, айналасы;
Б) Айтуға (жүрекке) барлығы.
3.  Бірыңғай  мүшелермен  қызметтес,  тұлғалас 
болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені 
табыңыз.
А) Оқшау сөз;             Ә) Бірыңғай мүше;  
Б) Жалпылауыш сөз.
4. Пысықтауыштың сұрақтарын тап.
А) Қандай, қай;  Ә) Қалай, қашан;  Б) Кімнің, ненің.
5. Бұл жолы дастарханға жүрегі мейірімге толы, жылы 
жүзді кісілер келіп отырды. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің 
қай мүшесі болып тұр.
А) Баяндауыш;     Ә) Анықтауыш;    Б) Бастауыш.
6. Қай сөйлемде қыстырма сөз бар?
А) Меніңше, саған жарысқа қатысу керек.
Ә) Қалқам, көмектесіп жіберші!
Б) Қап, осыны бұрын неге білмедім?!
7. Есімдіктен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Қарттың аты – Амантай. 
Ә) Бұл күнде біз үшеуміз.
Б) Сен кімсің?
Жаңа сабақ.
І. Ой қозғау стратегиясы. 
1.  Сөйлем  дегеніміз  не?  2.  Құрамына  қарай  неше  түрге 
бөлінеді?  3.  Сөйлем  айтылу  мақсатына  қарай  нешеге 


21
бөлінеді? 4. Сөйлемді қазақ тілінің қай саласы зерттейді?
Интерактивті тақтамен жұмыс (Талдау әдісі):
Айша өз ісінің дұрыстығына сенді.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Жазушыға көп адамдармен кездесу керек.
Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан ашық.
Жай  сөйлемнің  құрылысы  және  көлемі  әрқашан  бір 
сипатта бола бермейді.
Жай  сөйлемнің  бұлайша  бөлінуі,  әсіресе,  тұрлаулы 
мүшелердің,  оның  ішінде  бастауыш  құрамының 
грамматикалық  сипаты,  сөйлемді  құрастырудағы    алатын 
орыны, қызметіне байланысты.
Жақты сөйлем
Кез  келген  жай  сөйлем  өзінің  бас  мүшелерінің,  яғни 
тұрлаулы мүшелерінің сипатына қарай жақты немесе жақсыз 
болады.
Салыстыру.
Мысалы: Желтоқсан құрбандарының есімі жадымызда 
мәңгі сақталады.
Саммит тарихта бірінші рет ТМД аумағында өтті.
Не ексең, соны орасың.
Қызға – қырық үйден тыю.
 
Жай сөйлемнің құрамына 
қарай түрлері 
Жақты 
сөйлем 
Жақсыз 
сөйлем 
Жалаң 
сөйлем 
Жайылма 
сөйлем 
Толымды 
сөйлем 
Толымсыз 
сөйлем 
Атаулы 
сөйлем 


22
Менің жазғым келеді.
Жақты  сөйлем  –  бастауышы  бар    немесе  бастауышты 
баяндауышы арқылы білуге болатын сөйлем. 
Қазақ тілінде өзінің жалпы құрамына, құрылымына қарай 
жақты сөйлемдердің  мынадай түрлері болады:
Бастауышы  жасырын  тұрғанда  белгісіз  жақты  және 
жалпылама жақты сөйлемдер болып бөлінеді.
 
Нарды көбіне жүк 
тасуға 
пайдаланады. 
Белгісіз жақты 
сөйлем 
Жалпылама 
жақты сөйлем 
Көп тыңда, аз сөйле. 
Жауға жалынба, досқа 
тарылма. 
Жақты                   
сөйлем 
а) Істелетін іс-қимыл 
үш жаққа бірдей  
қатысты болып 
келген бастауышы 
жоқ сөйлем. 
Баяндауышы II жақта 
тұрған сөйлемдер көбіне 
мақал-мәтелдер болады. 
Айтушының өз ойын 
белгілі бір адам ғана емес, 
жалпыға, көпшілікке ортақ 
түрде айтып жеткізуі үшін 
қолданылады. 
ә) Баяндауышы ауыспалы өткен шақ 
не келер шақтың III жағындағы 
етістіктен жасалады. 
Ол кезде көмірді 
қауғамен тартатын. 


23
Қауға – 
Жақты сөйлемнің белгілері:
1. Тұрлаулы мүшелері толық болады.
2. Тұрлаулы мүшелері үш жақта қиыса байланысады.
3. Кейде жасырын тұрған бастауышты баяндауыш арқылы 
табуға болады.
Оқулықпен жұмыс. 71-жаттығу.
Сергіту сәті. «Тапқырлар аялдамасы».
А) Мақал-мәтелдің жалғасын тауып айт.
Жеті жұрттың тілін біл, ... 
Жауға жаныңды берсең де, ...
Ә) Әзіл сұрақтар (мақалмен жауап беру)
Кім ауырмай өледі? 
Сүйектен, еттен өтетін не?
Жанды семіртетін не?
Қар жана ма?
Б) Тыйым сөздерді кім көп біледі?
Деңгейлік тапсырмалар. Топтық жұмыс.
«Тұлпар» тобы:
І. Оқушылық деңгей – «Біліміңді байқап көр».
1. Жай сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2.  Бастауыш  дегеніміз  не?  Жасалу  жолдарына  мысал 
келтір.
3. Толықтауыштың неше түрі бар? Мысалмен дәлелде.
«Зерде» тобы:
ІІ. Алгоритмдік деңгей.
1. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау.
    Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
2. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау.
    Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі.
3. Пысықтауыштың мағыналық түрлерін ата.


24
«Жігер» тобы
ІІІ.Шығармашылық  деңгей.  Ойтолғау:  «Желтоқсан  – 
жеткен тәуелсіздік».
Сабақты бекіту.
Жай сөйлем туралы не білдіңіз? Не үйрендіңіз?
Мына  сөйлемдердің  ішінен  жақты  сөйлемді  тауып 
айтыңдар.
•  Қыстың ұзақ түні. Долы боран.
•  Бай болмасаң болма, білім-өнерге сай бол.
•  Білмегенді сұраудан арланбау керек.
Үйге  тапсырма.  Ойтолғау:  «Елімнің  ертеңімін». 
72-жаттығу. 
Білімді бағалау (жауап парақшалары бойынша).
Гүлбира ЕРЕЖЕПОВА,
Сәкен Сейфуллин атындағы
№5 көпсалалы мектеп-лицей
 мұғалімі.
Ақмола облысы,
Степногорск қаласы.
ТІЛ САБАҒЫНА –     
ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАКАТТАР
Мультимедиа, электронды оқулықтар  туралы  көп  айты-
лып жүр. Жаңа оқыту жүйесіндегі техникалық жабдықтар-
дың бірі – интерактивті плакат. Бұл құралды да сабақтарда 
тиімді пайдалана білуіміз қажет. Интерактивті плакат – оқы-
ту үрдісінде ақпараттарды көрнекілік арқылы биік деңгейде 
қабылдауға  көмектесетін  жаңа  типтегі  электронды  оқыту 
жабдығы.  Бұл  цифрлік  оқыту  ресурсында  ақпарат  бірден 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау