94
1-оқушы: - Қасым Аманжолов шығармаларын дәл
бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан қайта оқысаңыз,
оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманынан
оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын
көресің. Ақынның сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі.
Ақынның «Қазақстан» деген өлеңін де дәл бүгінгі Тәуелсіз
Қазақстанның жиырма жылдығына арнап жазғандай, бір
сөзін де өзгертуге келмейді. Өлеңде ел тәуелсіздігін аталар
арманымен ұштастыру идеясы, қазақ жерінің бүгінгі тыныс
тіршілігінің кең жасалған суреті, оны оқырманның көз
алдына жайып сап, шеберлікпен танытады.
(«Қазақстан» өлеңі оқылады).
2-оқушы: - Қасым Аманжолов Орал қаласындағы
педагогикалық институтқа оқуға түседі, бірақ аяқтауға
мүмкіндік болмайды. Осы жылдарда-ақ Қасымның өлеңі
газет бетінде көріне бастайды. Оның өлеңдері, әсіресе,
Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде жиі басылды. 1932
жылы Алматыға келіп «Лениншіл жас» газетіне қызметке
орналасады. Қалың жұртшылық Қасымды ақын ретінде
1936-1938 жылдары нақты таныған. 1938 жылы «Өмір
сыры» атты өлеңдер жинағы шықты.
Жүргізуші: - 1933 жылы 22 жасар Қасым әскерге
алынады. Ол кезде Оралда атты әскер полкі болатын. Екі жыл
әскери міндетін ойдағыдай өтеп шыққаннан кейін Оралда
ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік
жетекшісі болады. Қаладағы өнерге құштар жастарды
театрға шақырып, оларды жаңа рөлдерге баулыды. Театрдың
өрісін кеңейтуді көздеп оркестр құрады. Сөйтіп Орал театры
республикадағы қазақтың тұңғыш музыкалық драма театры
болады.
Ол кезде Оралда бірқатар талантты жастар тобы
қалыптасқан-ды: Қажым Жұмалиев, Қуан Тастайбеков,
Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов, Абдолла Жұмағалиев,
Хамит Ерғалиев.
Қасым лаулаған өлеңді төгіп жіберетіндігімен, ән
95
құмарлығымен, сауыққой ерке серілігімен жұртты тәнті
ететін.
(«Домбыра» өлеңі мәнерлеп оқылады).
3-оқушы: - Соғыс! Қаһары қатты қысқа сөз майдан
эшелондарын азаматтардың алдында көлденең тартты. Ақ
сақалды Алатау атасымен қоштасып Қасым да қаламдас
достарымен бірге қан майданға шеру тартты. Қасым әскерге
1941 жылы-ақ шақырылады. Оларды Қиыр Шығысқа
жөнелткен.
(«Қоштасу», «Үстімде сұр шинелім» өлеңдері оқылады).
4-оқушы: - Қиыр Шығыс өлкесі, байтақ Байкал көлі
Қасымның жүрегінен өлең болып ұшты. Ақын алдында
майданда өлген аяулы досы Абдолла Жұмағалиевтың өлімі
туралы хабар жатты. Қасым қатты тебіренді. Абзал ақын
досының қазасына күңіренеді. Ақ қағазды алдына жайып,
дос туралы өлмейтін дастан жазады. Қиыр Шығыстан осы
бір дастан туған өлке Қазақстан даласына қарлығаштай
қанат қағып жетеді. Қасымның Абдолла туралы поэмасы сол
бір күндерде, қатал кездерде Қиыр Шығыстың аспанының
астында туып еді. Поэмада Қасымға тән асқақ романтика,
жалын атқан шабыт, қанықты көркем бояу ерекше көзге
түседі.
(«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді оқылады).
Жүргізуші: - Соғыс кезінде қайнаған Қасым шығар-
машылығының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол
қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері – қазақ
батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге
құштарлық. Қансырап жығылған, сөніп бара жатқан сарбаз.
Өмір елестеп, қыз алыстап, аласұрған, еңіреген ақын аяғында
өлімді алыстатқан әмірші қызбен, өмірімен қайта табысады.
(«Дариға, сол қыз» өлеңі оқылады).
5-оқушы: - Қасым Аманжоловтың талантын жарқырата
ашуда үлкен рөл атқарған оның достары еді. Қасым
қазақ ақын-жазушыларынан Мұхтар Әуезов, Бауыржан
Момышұлы, Сырбай Мәуленов, Ілияс Омаров сияқты ұлы
96
тұлғалармен шығармашылық, достық қарым-қатынаста
болды. Қасым мен Сырбай ағалы-інілі бауырдай болыпты.
Қасым дүниеден өткен соң олардың балалары қосылып, отау
құрып, екеуін құда етті. Сырбай бір ұлының атын Қасым, бір
қызының атын Сақыпжамал деп қойды. Аз күн тіршіліктегі
қос ақын ортасындағы дәмдестік, рухани достық азан шақыра
қойылған ат арқылы бүгінгі күнге ұласты. Сырбайдың
Қасымы бизнесті, ақшалы жердегі қызметін тастап, ғылым
жолына түсіп, докторлық қорғапты... Аманатқа деген
адалдықтан ба дейсің!
(«Сырбайға», «Бауыржан» өлеңдері оқылады).
6-оқушы: - Қасым аударма жұмысымен көп шұғылдан-
ды. Пушкиннің «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың
«Маскарад» атты драмалық поэмасын, өлеңдерін,
Маяковскийдің оннан астам өлеңдерін, Твардовскийдің
«Василий Теркин» поэмасын қазақшалады.
(Қасым Аманжолов аудармасындағы «Өткен күндер»
өлеңі оқылады).
7-оқушы: - Елуінші жылдардың бас кезінде Қазақстан-
да «Ұлтшылдыққа қарсы күрес» деген желеумен үлкен
науқан өткені белгілі. Комитеттің «Ленинград» және
«Звезда» жұрналы туралы қаулысы мен «Қазақстан тарихы
маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деп аталатын
«Правда» газетінің мақаласы себеп болған еді. Орталық
Комитеттің нұсқауына сәйкес Қазақстан компартиясы да
жаңа құжаттар қабылдап, шығармашылық ұйымдарда «етек
алған ұлтшылдыққа» қарсы күрес науқанын жүргізеді.
Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтбаевтың, Әлкей Марғұлан-
ның Қазақстаннан қуылатыны да осы кез. Қазақстан
жазушылары шығармалары да осы тұрғыда қатты тексеріске
түсті. Халқым, елім деген ақындардың бәрі жаппай айыпқа
ілікті. Қасым Аманжолов бұл кезде науқас еді. Ол туралы
жазылған жала мақалалар ақын жүрегінің жарасын ұлғайта
түскені даусыз. Партиялығын қарайтын жиналысқа да ол
ауру күйінде келіп қатысты. Сол жиналыста Қасымның
Достарыңызбен бөлісу: |