54
Қазақстан экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы курсындағы
экономикалық есептер жəне олардың мақсаты. Экономикалық есептер құруға
қажеттi цифр материалдарды алу көздерi. Географияны оқыту құралдарын
пайдалану жөнiндегi оқытушылардың озық iс-тəжiрибелерi.
7-тақырып. География сабағы
Сабақ-географияны оқытудың негiзгi формасы. Оқу жұмыстарын
жоспарлау. Жоспарлау түрлерi. Оқушылардың өз беттерiнше жұмыс iстеуi
мен шығармашылық белсендiлiгiн дамытуда тақырыптық жоспарлаудың
ролi; тақырыптық жəне күнделiктi сабақ жоспарларының өзара байланысы,
күнделiктi сабақ жоспарында оқытушы мен оқушылар арасындағы
байланыстың бейнеленуi. Оқытушының сабаққа даярлануы. Сабақтың
мақсаттары мен міндеттерін қою (білімділік, дамытушылық, тəрбиелік) жəне
мазмұнын анықтау; оқыту əдістері мен құралдарын таңдап алу. География
сабағында оқыту процесiн оңтайландырудың негiзгi жолдары.
География сабағының сипаты. Оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiн
тексеру, оның бақылаушылық жəне бiлiм беру қызметi. Тексерудiң мазмұны.
Оқушылардың өз беттерiнше таным əрекетi деңгейлерiне байланысты
тексеру сұрақтары мен тапсырмалардың əр түрлi дəрежеде болуы. Бiлiм мен
iскерлiктi
тексерудi ұйымдастыру формалары (жекелей, жалпылай,
тығыздалған сұрақтар). Тексеру формаларын таңдаудың мазмұнға, жас
ерекшелiкке жəне оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгi қалыптасуына
байланыстылығы. Ауызша, жазбаша жəне графикалық тексерулердi
пайдалану. Тапсырмалардың түрлерi: толық жауап берудi талап ететiн
сұрақтар мен тапсырмалар, құрылымдық, сауалнамалар. Бiлiм мен iскерлiктi
тексеру
процесiнде
оқушылардың
белсендiлiгiн
арттыру
əдiстерi
(рецензиялау, түсiнiк беру т.б).
Жаңа материалды оқып - үйрену. Мектеп географиясы мазмұнының
теориялық дəрежесi артуы мен байланысты жаңа материалды оқып-үйренуге
қойылатын талаптар. Оқушылардың жаңа бiлiмдердi қабылдауға даярлығы
(жаңа
оқу материалын бұрын өтiлгендермен байланыстыра бiлу,
проблемалық ситуациялар жасау, географиялық бiлiм мен iскерлiктiң
практикалық маңызын ашу т.б). Оқып-үйренетiн материалды мағынасына
қарай бөлшектерге бөлу, олардың əрқайсысынан танымдық тапсырмалар
түзу. Бiлiм мен iскерлiктi қалыптастырудың əртүрлi кезеңiнде оқушылардың
белсендiлiгiн арттыру əдiстерi: қабылдау, мəнiн түсiну, ойда сақтау, талдап
қорыту жəне жүйеге келтiру, практикада қолдану. Жаңа материалды оқып-
үйренуде проблема қою.
Бiлiм мен iскерлiктi бекiту. Бiлiмдi “үлгi бойынша” жəне
шығармашылық қолдануды талап ететiн сұрақтар мен тапсырмаларды
пайдалану.
Үйге тапсырма беру; оның маңызы. Тапсырмаларды бiлiм көздерiне
қарай жіктеу. Оқушыларды дифференциалды бағалай отырып жеке
оқушыларға жəне топтарға берiлетiн үй тапсырмалары.
55
Географиядағы негiзгi сабақ түрлерiнiң сипаттамасы: аралас, жаңа
материалды оқып-үйрену, қорытындылап-қайталау; өз беттерiмен жүргiзетiн
жəне сарамандық жұмыстар. Оқытудың дəріс-семинар формалары, оларды
Қазақстан жəне дүниежүзi экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы
курстарында пайдалану мүмкiндiктерi.
География оқытушыларының сабақты жетiлдiрудегi iс-тəжiрибесi, оны
оқып-үйрену жəне көпшiлiккке тарату жолдары.
8-тақырып. Географияны оқытудың мектептен жəне сыныптан
тыс түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар-географияның оқу-тəрбие жұмыстарына
қажеттi құрамды бөлiгi. Сыныптан тыс жұмыстардың бiлiмдiк-тəрбиелiк
мақсаты: саяси-идеялық тəрбие, оқушылардың танымдық iскерлiгiн жəне
географиядағы қызығушылығын дамыту, еңбек тəрбиесi, кəсiптiк бағдар
беру, экологиялық тəрбие. Оқушылардың қоғамдық пайдалы iстерi ролiнiң
артуы. Сыныптан тыс туристiк өлкетану жұмыстарының ерекше рөлi.
Сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi формаларының сипаты
(географиялық үйiрме, сыныптан тыс оқу, конференция, сауық кештер, топ
серуен -туристiк жұмыстар, “география апталығы”, олимпиада т.б); мазмұны,
жоспарлау жəне əртүрлi сыныптан тыс жұмыстарды жүргiзу əдістемесі.
Оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты сыныптан тыс
жұмыстардың ерекшелiктерi.
Сыныптан тыс жұмыстар жайындағы география оқытушыларының озат iс-
тəжiрибесi, оны үйрену жəне көпшiлiкке тарату жолдары.
Топ серуен - мектепте географияны оқыту формаларының бiрi,
оқытудағы өлкетану принципiн жүзеге асырудағы, оқушылардың география
ғылымы зерттеу əдістерімен таныстырудағы, оларды тəрбиелеудегi жəне
таным əрекеттерiн дамытудағы маңызы. Топ серуеннiң оқушыларды еңбекке
баулудағы рөлi. Мектеп бағдарламасындағы топ серуендер жүйесi, оның
географияны оқыту мазмұнымен байланысы. Физикалық география топ
серуендерi; олардың мақсаты, мазмұны жəне VI,VII,VIII сынып
оқушыларына арналған сарамандық тапсырмалар. Қазақстан экономикалық
жəне əлеуметтiк география курсындағы өнеркəсiп орындарына топ серуен,
оның мақсаты, мазмұны, оқушыларға арналған сарамандық тапсырмалар.
Топсеруен ұйымдастыру: оған оқытушы мен оқушылардың даярлығы,
топсеруендi өткiзу, алынған нəтижесiн ретке келтiру.
Топсеруен өткiзудегi оқытушылардың озат iс тəжiрибелерi жəне
жиналған материалдарды география сабақтарына пайдалану.
9-тақырып. Геоинформатика негiздерi жəне геоақпараттық
жүйе (ГАЖ) - технология.
Геоинформатика жəне ГАЖ туралы ортақ ұғымдар: даму тарихы,
мəні, құрылымы, функциялары. Геоинформатика негiздерi. Шынайы
бағытталған ГАЖ. Географиялық ГАЖ дəйектемесi.