Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/82
Дата31.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18590
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82

75 
 
сәйкес  келетін  білімнің  мазмұны  мен  мақсаты,  сонымен  қатар  оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау үшін алдын ала анықталған критерийлер. 
Критерийлер  –  пәннен  нақты  тақырыпты  меңгеру  барысында  білім 
алушылардың  орындайтын  іс-әрекеттері,  яғни  оқу  мақсатын  жүзеге  асыруға 
арналған өлшемдер. 
Критерийлер көрсеткіштер арқылы шешімін табады, әр нақты тапсырмаға 
арналған  бағалау  критерийлері  берілген  оқу  тапсырмасын  орындаудың 
нәтижесі  қандай  болуы  керек  екенін  дәл  көрсетеді,  ал  кез  келген  көрсеткіш 
бойынша  бағалау  –  бұл  қойылған  мақсатқа  оқушының  қаншалықты 
жеткендігінің  анықтамасы.  Критерий  –  нәтижені  бағалаудың  қойылған 
талаптарға  сәйкестігі  бойынша  шешім  қабылдаудың  белгісі,  негіздемесі, 
ережесі.  
Білім  алушыларды  мектепте  оқытудың  сапасын  арттыру  және  мектеп 
түлектерінің  білімін  халықаралық  стандартқа  сәйкестендіру  –  критериалды 
бағалауды  енгізудің  мақсаты  болып  табылады.  Критериалды  бағалау  жүйесі 
білім  алушыларды  әділ  бағалау  проблемасын  шешуі  және  оларды  неғұрлым 
жоғары жетістіктерге жетуге жетелеуі тиіс. Бағалау жүйесі: 
– 
оқу  материалы  мен  практикалық  дағдылардың  қаншалықты  табысты 
меңгерілгені және қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс; 
– 
білім алушылардың өз жетістіктерін өздерінің бағалауына ынталандыру 
және дамыту механизмі қалыптасуы тиіс; 
– 
мұғалім, білім алушы, ата-ана және мектеп ұжымы арасындағы үздіксіз 
қарым-қатынасты қарастыруы және қамтамасыз етуі тиіс; 
– 
нақты бір сыныпқа бірдей қолдануға арналуы тиіс; 
– 
білім  алушының  психологиясына  байқап  ұқыпты  қарауды, 
психологиясын  жаралайтын,  зақым  келтіретін  жағдаяттардан  қашық  болуды 
қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс. 
Критериалды бағалау жүйесінің артықшылықтары: 
– 
оқу пәнінің мақсаттарына сәйкес келеді және әділ бағалауды арттыруға 
мүмкіндік тудырады; 
– 
жетістік деңгейлері нақты құрастырылған; 
– 
бағалауды  білім  процесіне  қатысушы  білім  алушылар,  ата-аналар, 
мұғалімдер үшін бірдей түсінікті етеді; 
– 
өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды; 
– 
білім алушының өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілігін тәрбиелейді; 
– 
білім алуға қызығушылығын арттырады; 
– 
білім  алушыларды  сабақтың  әр  кезеңінде  бағалау  мүмкіндігін  жасайды 
(білім алушылар қорытынды бағаның неден шығатынын көреді). 
Білім алушыларға бағаның қайдан шығатыны түсінікті болуы үшін, оларға 
әр  түрлі  критерийлер  ұсынылады.  Осы  кезеңнің  ең  маңызды  сәті,  білім 
алушыларға өзін және басқаларды бағалауға мүмкіндік беру болып табылады. 
Бағалау  критерийлерін  мұғалім  өзі  немесе  білім  алушылармен  бірігіп  те 
әзірлеуі мүмкін: бұл оқытудың осы кезеңінде білім алушылардың меңгеруі тиіс 
стандарты  болып  табылады.  Критерий  дегеніміз  –  бұл  білім  алушылардың 


76 
 
білуі,  түсінуі,  өзгертуі,  дәлелдеуі  тиіс  фактілер,  ұғымдар  мен  дәлелдер. 
Критериалды  бағалау  жүйесі  бір  оқушыны  басқа  оқушымен  салыстыру 
жағдайы  болдырмайды,  бағалаудың  қосымша  мүмкіндіктері  пайда  болады, 
сонымен қатар білім алушылар өз жетістіктерін бір немесе басқа критерийлер 
бойынша жетілдіру мүмкіндігі болады. 
Жекелеген  жұмыстарды  бағалай  отырып,  мұғалім  білім  алушының 
назарын  қорытынды  баға  қойылған  жалпы  жұмыстың  бір  немесе  басқа 
құрамдас бөлігінен қол жеткізген жетістігіне аудартады. Критериалды бағалау 
әдісі  білім  алушының  оқу  әрекетіне  қызығушылығын  арттырудың  және 
тұлғалық тәсілдің ықпалды құралы болып табылады. Бағалау жүйесінің аталған 
технологиясын енгізу барысында әр білім алушы дамудың нақты деңгейіне қол 
жеткізе  алады,  себебі  бұл  технология  оқушының  алға  басуына  және  өзін-өзі 
танытуына бағытталған [13]. 
Критериалды бағалаудың жүйесі: 
– 
сабақтың әр бөлігіндегі дайындық деңгейін; 
– 
пәннің  оқу  бағдарламасындағы  мақсаттарын  орындау  қабілетін 
анықтауға; 
– 
тұлғаның даму жетістігін бақылауға; 
– 
білімді меңгеру барысында жіберген қателіктерін анықтауға; 
– 
өзі орындаған жұмысқа берілген бағаның әділдігіне көз жеткізуіне; 
– 
білімді меңгеруі туралы мұғалім – оқушы, мұғалім – ата-ана арасындағы 
байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Критериалды  бағалаудың  білім  алушылар  үшін  де,  мұғалімдер  және  ата-
аналар үшін де маңызы бар. Мысалы, 
білім алушылар: 
– 
өздерінің  танымдық  және  ойлау  қабілеттерінің  деңгейін  арттыру  үшін 
оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану; 
– 
жаңа  білімді  меңгеру  барысында  табысқа  жетелейтін  бағалау 
критерийлерін түсіну; 
– 
сын  тұрғысынан  ойлау,  өз  ойын  еркін  айту,  білімін  көпшілік  алдында 
көрсету  (ұсыну),  өзін-өзі  және  сыныптастарын  бағалау  арқылы  кері  байланыс 
орнату мүмкіндігіне ие болады; 
– 
өзбетінше  жаңа  білім  алу,  оқу  әрекетін  ұйымдастыру,  мақсат  қою, 
жоспарлау, өзін-өзі бақылау және өз әрекетінің нәтижесін бағалау, өз әрекетінің 
болуы мүмкін нәтижелерін алдын-ала болжау дағдыларын меңгереді; 
– 
бастапқы  фактілер  мен  болжамдарды,  теориялық  модельдер  мен  нақты 
нысандарды  түсіндіру  үшін,  олардың  арасындағы  айырмашылықты  түсіну 
мүмкіндігіне ие болады; 
– 
белгілі фактілерді түсіндіру және ұсынылған болжамды эксперименттік 
жолмен тексеру, процестер мен құбылыстардың теориялық модельдерін әзірлеу 
үшін болжамдар мысалында ыңғайлы оқу әрекетін меңгеру; 
– 
қабылдау, өңдеу және ақпаратты сөз, образдық, белгілік түрлерде беру, 
алынған  ақпаратты  қойылған  мақсатқа  сәйкес  талдау  және  қайта  өңдеу 
дағдыларын қалыптастыру; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау