10
1
Қосымша білім беру бағдарламаларының құрылымы
«Физика» пәні
Қазіргі заманғы физика қоршаған әлем туралы білімнің маңызды көзі,
ғылыми-техникалық прогрестің негізі және сонымен бірге адами мәдениеттің
маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.
Оқушылар физиканы негізгі және қосымша білім беру жүйесінде оқи
алады. Негізгі білімді Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
оқушылары сабақтарда, ал қосымшаны – факультативтік сабақтарда, сыныптан
тыс және мектептен тыс қызметте, сондай-ақ мектептен тыс тәрбие және оқу
ұйымдарында алады. Физикадан факультатив сабақтардың басты мақсаты
негізгі оқу бағдарламасымен айқындалған мазмұнға тереңдеу, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдысын бойына сіңіру,
олардың бастамашылдығы мен шығармашылығын тәрбиелеу және дамыту
болып табылады. Физикадан факультатив сабақтарын өткізу белгіленген
тәртіппен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
1.
Түсінік хат
Курс пәндік-бағдарланған, бейіндік емес пәндерді қолдайтын болып
табылады. Жалпы білім беру деңгейінде физиканы бітірушіге қойылатын
талаптардың шеңберінде оның есептерді шеше білуі көзделмейді.
Курстың бағдарламасы қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарымен
келісілген. Курс сабақта алған білімдерін қорытындылау мен тереңдетуді,
физикалық есепті шеше білу дағдысын дамытуды және осы арқылы физиканы
одан да терең түсінуді болжайды. Сабақта оларды шешуге аз уақыт бөлінетін,
бірақ әрқашан ҰБТ-да кездесетін есеп түрлеріне баса назар аударылады.
Есептерді шешу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал
етеді, ой-өрісін дамытады, жаратылыстану ғылымының негізі бар есептерді
шешудегі дағдыларын жетілдіреді, физика, биология, химия пәндерінен алған
білімдерін қорытындылауға көмектеседі.
Курстың мақсаты:
1)
Оқушыларда физиканы оқуға деген қызығушылықты, оларды есептерді
шешуде қолданумен байланысты зияткерлік және шығармашылық қабілеттерді
қалыптастыруға ықпал ету.
2)
Оқушыларға өздерінің білім деңгейін ЖОО талаптарымен салыстырып
белгілеу мүмкіндігін беру.
3)
Физиканың бөлімдері бойынша бұрын оқыған материалды тереңдету
және кеңейту.
4)
Қиындығы әртүрлі есептерді шешу қабілетін жетілдіру.
Курстың міндеттері :
12
1-
кесте.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сабақтардың
тақырыбы
Тақырыптың
қарастырылатын мәселелері
Сағат
саны
Олардың ішінде
Жұмыс түрі
теория практика
1
2
3
4
5
6
Кіріспе
Міндеттер және олардың жіктелуі
Шешу әдістері мен тәсілдері
1
1
Шолу дәрісі
КИНЕМАТИКА
Бірқалыпты және
бірқалыпты үдемелі
қозғалыс кинематикасы
3
1
2
Шолу дәрісі
Бөлімге түсіндірулер. Тірек
элементтері. Алгоритмдер.
1
Иллюстрациялық тапсырмалар
1.
Есептерді шешу бойынша практикум.
Есептердің типтерін бөліп алу.
Мұғалімнің консультация беруімен
оқушылардың өзіндік жұмысы.
Күрделілігі өсу тәртібімен орналасқан
тапсырмалардың негізгі блогы
1
ДИНАМИКА
10
1.
Ньютон заңдары
3
1
2
Бөлімге түсіндірмелер. Тірек
элементтері. Алгоритмдер.
1
Шолу дәрісі
Иллюстрациялық тапсырмалар
1
Есептерді шешу бойынша практикум.
Есептердің типтерін бөліп алу.
Мұғалімнің консультация беруімен
оқушылардың өзіндік жұмысы
Күрделілігі өсу тәртібімен орналасқан
тапсырмалардың негізгі блогы
1
2.
Мехникалық жұмыс
және қуаттылық.
Энергия
3
1
2
Бөлімге түсіндірмелер. Тірек
элементтері. Алгоритмдер.
1
Шолу дәріс
Иллюстрациялық тапсырмалар
1
Күрделілігі өсу тәртібімен орналасқан
тапсырмалардың негізгі блогы
1
Есептерді шешу бойынша практикум.
Есептердің типтерін бөліп алу.
Мұғалімнің консультация беруімен
оқушылардың өзіндік жұмысы