18
Мақсаты: білім алушы дамуының ерекшеліктерін, оны оқытудың мүмкін
жағдайлары мен түрлерін, педагогикалық процесті психолгиялық, логопедтік
немесе басқа да қолдаудың қажетті түрлерін анықтау.
Жоспарлы консилиумды жарты жылдықта бір реттен кем емес өткізу
ұсынылады.
Мақсаты: оқыту мен түзету динамикасын бағалау, қажет болған жағдайда
түзетушілік жұмысқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оқыту формасына,
режиміне немесе бағдарламасына өзгертулер енгізу, қосымша зерттеулер
тағайындау.
Жедел консилиум қажет болған жағдайда педагогтың немесе кез-келген
басқа маманның өтініші бойынша (ұзақ ауру, кездейсоқ аффекті реакция, оқуда
немесе түзету жұмысында кездейсоқ пайда болған басқа да мәселелер) өткізілуі
мүмкін.
Мақсаты: пайда болған мәселелердің себебін анықтау; кері кетудің
өлшемдерін, оның тұрақтылығын, оны жеңу мүмкіндіктерін бағалау; мүмкін
жүктемені анықтау; оқытудың режиміне және түріне өзгерту енгізудің
қажеттілігін анықтау.
Қорытынды консилиум баланың оқытудың жаңа сатысына өтуіне
байланысты (мысалы, бастауыш мектептен негізгі орта білім алуға) немесе
түзету жұмысының аяқталуына байланысты өткізіледі.
Консилиум мақсаты: оқытудың аяқталу кезіне оқушы мәртебесіне баға
беру: барлық оқу пәндері бойынша меңгерілген білім, әлеуметтену деңгейі,
эмоциялық-жігерлілік және мінез-құлық жүйесінің жағдайы, жоғары
психикалық қызметінің даму деңгейі; болашақта баламен жұмыс істейтін
педагогтарға ұсыныстар. Қорытынды қонсилиум материалдары баланың
психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырудың негізі ретінде
қолданылады.
Тиімді және құзыретті жұмыс істеу үшін консилиумның құрамы икемді
болуы тиіс. Оның құрамына тұрақты және уақытша қатысушылар кіреді.
Тұрақты қатысушылар әр отырысқа қатысады, отырысты дайындауға және
ұсыныстардың орындалуын бақылауға араласады. Білім беру ұйымының
директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары (директордың оқу-тәжірибелік жұмысы жөніндегі
орынбасары),
директордың
ғылыми-әдістемелік
жұмысы
жөніндегі
орынбасары, әдіскер, педагог-психолог, логопед мұғалім, сынып жетекшілері,
медициналық қызметкер, әлеуметтік педагог консилиумның міндетті
қатысушылары болып табылады.
Уақытша қатысушылар – жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, психиатр
дәрігер және т.б. Денсаулығы немесе әлеуметтік кері бейімделуіне байланысты
туындаған ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қатысты сұрақтар
бойынша шақырылулары мүмкін. Сарапшы ретінде сөз сөйлеуші пән
мұғалімдері, шақырылған түрлі маман-кеңесшілер, ата-аналар және оқушылар
(қажет болған жағдайда) уақытша қатысушылар бола алады.
Консилиум жұмысын ППк төрағасы басқарады, жалпы білім беретін
мекемелерде оның қызметін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
19
(бастауыш деңгейде – директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-
әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары), мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде – әдіскер, техникалық және арнайы білім беру жүйесінде
директордың оқу-тәжірибелік жұмыс жөніндегі орынбасары орындай алады.
Психологиялық-педагогикалық консилиумның төрағасы:
– психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастырады;
– отырыстардың жүйелілігін қамтамасыз етеді;
–
қатысушы-педагогтар
құрамын
қалыптастырады;
отырыста
талқыланатын балалар құрамын қалыптастырады;
– консилиумның оқу-тәрбие процесінің басқа тармақтарымен байланысын
үйлестіреді;
– консилиум ұсыныстарының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
– балаларды қосымша тексеруге (қажет болған жағдайда) уақытылы
жіберілуіне бақылауды жүзеге асырады;
– баланың ата-анасына (қажет болған жағдайда) нақты ақпарат беруді
қамтамасыз етеді.
Мамандардың командалық жұмысын ұйымдастыру және мультипәндік
тәсілдің жүзеге асырылуы ППк-ның төрағасына байланысты болады.
Психологиялық-диагностикалық
консилиум
жұмысы
аясында
психологиялық қолдау көрсетудің үлгілік алгоритмі (Битянова М.Р. бойынша).
1. Қолдау іс-әрекеттерін өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және
әдістемелік дайындық:
- консилиумдарды, диагностикалық іс-шараларды нақты және сағат
бойынша жоспарлау;
- консилиумның барлық қатысушыларын аталған жоспармен таныстырып,
келісу;
- қажетті әдістемелік материалдарды дайындау - бланктерді, әдістеме
мәтіндерін, шешім жолдарын, өңдеуге қажетті кестелерді және т.б.
2. Диагностикалық тексерудің бірінші кезеңін өткізу:
- сабақ барысында балаларды бақылау, деректерді хаттамаға тіркеу;
- таңдап алынған параллельдің барлық оқушыларына диагностикалық
минимум әдістемесін жүргізу;
- қажет болған жағдайда педагогтер мен ата-аналар арасында
сараптамалық сауалнама жүргізу;
- қорытындыларды өңдеу, барлық балалар бойынша қорытынды
бланктерді толтыру, тереңдетілген түрлі психологиялық-диагностикалық
тексеру өткізу үшін балалар тобын іріктеу;
- психологиялық диагностиканың екінші кезеңін ұйымдастыру және
әдістемелік дайындық.
3. Психологиялық-диагностикалық тексерудің екінші кезеңін өткізу:
- іріктелген топ балаларымен тереңдетілген диагностикалық тексеру
өткізу;
- деректерді өңдеу, тексеру бойынша қорытындыны толтыру.
4. Психологиялық-педагогикалық консилиумға дайындық: