269
Демек, әдетте жұмыс станциялары дискілерге және басқа жұмыс
станцияларының ортақ ресурстарына қол жеткізе алады. Бұл жағдайда
бірнеше пайдаланушылардың бірлескен жұмысы оңай және ыңғайлы, бір
ранкті желілерге қызмет көрсету қарапайым, бірақ жалпы желінің
өнімділігі әдетте төмен.
Диск пен арналарды резервтеу. Ең мұқият болған жағдайда, дискілер
бәрібір зақымдануы мүмкін. Мұндай жағдайларда дискілерді резервтеуді
қолданады: бір дисклі контроллерге екі абсолютті бірдей винчестерді
қосады және сәйкесінше операциялық жүйені баптайды. Содан кейін
негізгі дискінің ақпараты автоматты түрде екіншісі – айналы дискіге
қайталанатын болады. Егер бастапқы диск зақымдалған болса, арнайы
процедура толығымен айналы дискінен деректерді қалпына келтіреді.
Сонымен қатар, дискіге жолдарды ыстық резевртеудің қандай да бір
аумағы бөлінеді: егер жұмыс кезінде ақаулы жол табылса, ол автоматты
түрде резервтеу аумағындағы жолға ауыстырылады.
Серверлерді ыстық резервтеу. Айналы дискідегі деректерді қалпына
келтіру уақыты бірнеше сағатқа жетуі мүмкін, оның барысында желі
өшіріледі. Бұған жол бермеу үшін серверлерді ыстық резервтеу
қолданылады. Резервтік сервер автоматты түрде қосылады; резервтік
сервердің дискілеріндегі файлдар бастапқы сервердің файлдарымен бірдей
(себебі серверлер жоғары жылдамдықты байланыс желісі арқылы
қосылған), сондықтан деректерді қалпына келтірудің қажеті жоқ және
серверді жөндеу жүйені тоқтатуды талап етпейді.
Желілік операциялық жүйелер. Желілік операциялық жүйелер
желілерде жүргізілетін келесі негізгі жұмыстардың жүзеге асыруға
көмектеседі:
• файлдық қолдау (файлдарды жасау, бөлу және іздеу);
• байланыс (деректер алмасу кезінде орын алған барлық жағдайлар);
• жабдықтарды қолдау қызметі.
Әрбір
жергілікті
есептеу
жүйесі
ресурстарды
бөлу
мен
компьютерлермен алмасуды қарастыратын желілік операциялық жүйенің
басқарылуымен жұмыс істейді; желілік операциялық жүйелердің барлық
жұмыстары жалпы күрделі принциптерге негізделген.
Бөлінген операциялық жүйелер келесі құрылымдарға бөлінеді:
желідегі әрбір компьютер бөлінген операциялық жүйенің барлық
қызметтерін орындай алады;
бөлінген операциялық жүйенің жиі пайдаланылатын бағдарламалар
көшірмелері
барлық
компьютерлерде
орнатылған,
ал
сирек
пайдаланылатын бағдарламалар көшірмелері тек біреуінде немесе
бірнешеуіне ғана орнатылады;
270
әрбір компьютер бөлінген операциялық жүйенің қызметтерінің белгілі
бір жиынтығын орындайды және бұл әртүрлі компьютерлерде әртүрлі,
бірдей немесе ішінара сәйкес келуі мүмкін.
Желілік операциялық жүйелер MS DOS, OS/2, Unix, Macintosh,
Windows операциялық жүйелеріне немесе өз беттеріне негізделуі мүмкін.
Бірақ бұған қарамастан, желілік операциялық жүйелер деректерді қорғау
құралдарын жұмыс бағдарламаларына, деректер жинақтарына және
желілік ресурстарға қатынау құқықтарын бақылау арқылы, сондай-ақ
бірнеше пайдаланушы қосымшаларын орындау арқылы қамтамасыз етеді.
Әдетте, барлық желілік операциялық жүйелер Ethernet, Arcnet және Token
Ring сияқты желілік карталарды пайдаланады.
Жергілікті желі үшін Microsoft фирмасының Novell NetWare, Microsoft
Windows NT сияқты операциялық жүйелері ең танымал.
«Клиентсервер» желілеріне арналған операциялық жүйелердің
көпшілігі ғаламдық желілермен байланысу құралдарымен сатылады
немесе мұндай құралдар қосымша ұсынылады. Көптеген желілік
операциялық жүйелер қосымша өнімдердің көмегімен ғаламдық
желілердің қызметтерінің әртүрлі түрлерін қолдайды.
Көптеген желілік операциялық жүйелерде деректерді қорғау
қарастырылған. Қорғаудың негізгі шаралары каталогтар мен файл
деңгейіндегі артықшылықтарды, құпия сөздерді және ақпаратты
шифрлауды,
орындалатын
операцияларды
бақылау
құралдарын,
пайдаланушыларды тіркеу және бұғаттау әрекеттерінің үздіксіз
мониторингін
(тіпті
сәтсіз)
қамтиды.
Көбінесе,
қорғау
жеке
пайдаланушылар
немесе
топтардың
артықшылықтарына
сәйкес
ресурстарды ашатын пайдаланушы деңгейінде жүзеге асырылады. Әрбір
пайдаланушыға бірегей ат тағайындалады, сонымен қатар желіде тіркелу
үшін құпия сөз тіркеледі. Деректерді қорғауға «клиент-сервер» түрінің
желілері үшін барлық желілік операциялық жүйелер және тең-теңімен
байланыс желілерінің көптеген операциялық жүйелер қолдау көрсетеді.
Алайда, бір ранкті желілерге арналған кейбір операциялық жүйелер
ресурстарды ортақ пайдалану кезінде сенімді қорғаныс технологиясын
қолданады - ресурстарға қол жетімділік пароль негізінде ашылады.
Желілік операциялық жүйелер (жұмыс істеудің іргелі қағидаттарының
жиынтығында) бастапқы орнату процедуралары мен желіні басқару
құралдарымен ерекшеленеді.
Ең алдымен желілік операциялық жүйені таңдау критерийі қызмет
істеудің тиімділігі болып табылады. Алайда, жүйелер арасындағы елеулі
айырмашылықтар, әдетте, желінің үлкен жүктемесі кезінде көрсетіледі,
себебі файл-сервердің қуаты және жедел жадының көлемі желінің
өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Әрине, айтарлықтай критерий желілік
операциялық жүйенің құны болып табылады (немесе құны/өнімділігі
көрсеткіші).
Достарыңызбен бөлісу: |