86
Көлденең жайма жиіліктің мәні пайдаланылатын ажыратымдылыққа,
монитордың электр параметрлері мен бейне адаптерінің мүмкіндіктеріне
байланысты.
ЭСТ мониторлары тік жайма жиілігі 85 Гц-тен кем қолднылуы керек.
LCD мониторлары үшін бұл параметр маңызды емес, себебі экранның
жыпылықтауы барлық мәндерде байқалмайды.
Б е й н е ө т к і з у ж о л а ғ ы н ы ң е н і . Өткізу жолағының ені МГц
шамасымен өлшенеді және экранда көрсетілген нүктелердің максималды
санын секунд сайын сипаттайды.
Өткізу жолының ені тік және көлденең пикселдер санына, сондай-ақ
экранның тік жайма жиілігіне (регенерация) байланысты болады. Y - тік
бойынша пикселдердің саны, X - көлденең бойынша пиксель саны, ал R -
экранның жаңарту жиілігі деп қарастырайық. Тік бойынша үндестіруге
арналған қосымша уақытты ескеру үшін Y 1.05 коэффицентіне көбейтіңіз.
Көлденең үндестіру үшін қажетті уақыт сканерлеу уақытының шамамен
30% сәйкес келеді, сондықтан әдетте 1,3 коэффициенті қолданылады.
Мәселен, регенерация жиілігін 90 Гц кезінде 1280 x 1024
ажаратымдылық үшін, монитордың жолақты өткізу ені мынадай болады:
1,5 х 1024 х 1280 х 1,3 х 90 = 161 МГц.
Мониторлардың функционалдық сипаттамалары. К о р п у с п е н
т і р е у і ш қ ұ р ы л ы м ы . Монитор құрылымы алдын ала анықталған
орында экранның фронталды қарау мүмкіндігін корпусты тік осі
айналасында ± 30 ° шамасында көлденең жазықтықта және көлдененң осі
айналасында ± 30 ° шамасында тік жазықтықта бұруды қамтамасыз ету
керек Мониторлар дизайні диффузды жарық шашыраумен сабырлы,
жұмсақ реңктері түстерге бояуын қамтамасыз етуге тиіс. Монитор корпусы
шағылыстыру коэффиценті 0,6 ... 0,4 болатын бір түсті күңгірт бетті болуы
тиіс және жыпылдау жасай алатын жылтыр бөлшектер болмауы керек.
Монитор арнайы кабель арқылы жүйелік блокқа қосылады. Түсті
монитор үшін түсті кодтайтын үш сигналдары (RGB) және екі үндестіру
сигналдары (тік және көлденең жайма) қажет. Компьютер жағынан бұл
кабель көп жағдайда үш қатарлы DB15 / 9 қосқышы бар болады, оны VGA
қосқышы деп те атайды. Ол IBM-үйлесімді компьютерлерде
пайдаланылады.
Монитордың жағынан кабель мониторға тұрақты түрде орнатылған
немесе сол ретінде DB15 / 9 пайдаланатын алынбалы қосылым болуы
мүмкін. Негізінен, компьютерге екі мониторды қосуға болады (көп беттік
басылымдарды айналдыру кезінде ыңғайлы болуы мүмкін), немесе
керісінше бір мониторды екі компьютермен жұмыс істеу үшін (әрине бір
мезгілде емес) қолдануға болады.
87
Қуатты қосу индикаторы
Қуатты қосу батырмасы
«+» Батырмасы
«-» батырмасы
«Мәзір» батырмасы
«Шығу» батырмасы
Рис. 2.45. Монтордың беткі панелі
Әдетте монитордың алдыңғы панелінде келесі басқару элементтері: іске
қосу индикаторы, қуатты өшіру батырмасы, мәзір батырмасы, Reset.
Батырмасы орналасады (2.45-сурет).
Б а с қ а р у
ж ә н е
р е т т е у
қ ұ р а л д а р ы . Қазіргі заманғы
мониторларда реттеулерге қолжетімдік экрандық мәзір арқылы іске
асырылады, оған мысал 2.46. суретте көре аласыз. Мониторды реттеудің
үш тобы бар: негізгі, геометриялық және түсті реттеу.
Негізгі реттеулер суретті тік және көлденең бойынша жарықтықты,
креғарлықты, өлшемді өзгертеді.
Геометриялық реттеулер бейненің күрделі бұрмалауын болдырмау
арналған: «Pan / Tilt», «еңкею/айналу», «параллелограмм», «трапеция»
және «бөшке/жастық» және т.б.
Түстерді реттеулерге сәуле түйістіру реттеу, түс температурасы, муар
басу функциясыжәне басқа да жатады. Түс реттегіші сыртқы
жарықтандыру түрінен және монитордың орналасуынан байланысты
болатын монитордың түс сипаттамаларын оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
Баптаудың пикграммасы
Реттеу үшін таңдалған ішкі мәзір
Жол жүргізілген баптаулар
деңгейін бейнелейді
2.46-сурет. Мониторды реттеудің мәзірі
88
Монитордың баптаулары
Шартты
белгілеру
Сипаттамасы
Мақсаты
Негізгі түзетулер
О
Жарықтық (brightness)
Монитордың жарықтығын түзету
€
Кереғарлық (contrast)
Монитордың кереғарлығын түзету
И
Көлденеңнен
орталықтандыру (horizontal
centering)
Бейненің жиектемесін солға немесе оңға
жылжытады
0
Тігінен орталықтандыру
(vertical centering)
Бейненің жиектемесін тігінен
жылжытады
В
Ені (width)
Бейнені көлденеңнен созу/қысу
ш
Биіктігі (height)
Бейнені тігінен созу/қысу
ф
Арттыру (zoom)
Бейненің пропорционалды өсуі немесе
азаюы
Геометриялық баптаулары
т
Бұрмалау (rotation)
Экранның ортасына қатысты бейнені
бұрмалау
о
Трапеция (keystone)
Трапецияның бұрмалануын көлденеңнен
түзету
о
Бейнені жылжыту (key
balance)
Бейненің жылжуын түзету
□а
Көлбеу (pin cushion)
Монитордың көлбеу бұрышын алып
тастауға мүмкіндік береді
□а
Бұрмалауды жылжыту (pin
balance)
Суретті экранның ортасында оңға немесе
солға жылжытқан жағдайда түзетуге
мүмкіндік береді
Муарды және сәулелерді реттеу параметрлері
вв
Сәулелердің көлденең
төмендеуі (H convergence)
Түстерді көлденеңнен түзету
2 . 6 - к е с т е
Достарыңызбен бөлісу: |