Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»



жүктеу 126,75 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі126,75 Kb.
#18135


Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық 

сақтандыру туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы 

 

1. 



Заң жобасының атауы    

«Қазақстан  Республикасындағы  міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру туралы». 

 

2. 



Заң жобасы қажеттігінің негіздемесі  

Қазақстан  Республикасының  Президенті    Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  2012 

жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға қарай 

әлемнің  ең  дамыған  30  елдерінің  қатарына  кіру  туралы  елдің  одан  әрі 

дамуының жаңа стратегиялық мақсатын қойды.    

Экономиканы жаңғыртудың негізгі сызбасы Қазақстан Ренспубликасы 

Президентінің  2014  жылғы  17  қаңтардағы  №732  Жарлығымен  бекітілген 

Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған  30  елдерінің  қатарына  кіру  туралы 

Тұжырымдамасында  көрсетілген.    Бұл  ретте,  негізгі  бағдар  ретінде 

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымына  (бұдан  әрі  –  ЭЫДҰ) 

мүше елдердің көрсеткіштері алынды.   

Бұл  стратегияны  жүзеге  асыру  бірқатар  проблемалардың  болуынан 

денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізіп, оның ЭЫДҰ-ға мүше елдердің 

стандарттарына жақындауын талап етеді.      

 

Осылайша,  Қазақстан  әлемнің  дамыған  елдеріне  қарағанда 



денсаулық  сақтауға  айтарлықтай  аз  инвестиция  жұмсайды.  ЭЫДҰ-ға 

мүше  елдердің  және  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

жүйелерінің  негізгі  көрсеткіштерін  салыстыру  денсаулық  сақтау  саласына 

жұмсалатын  жалпы  шығыстар  Қазақстанда  (ЖІӨ-ден  3,8%)  ЭЫДҰ-ға  мүше 

елдердің  осы  секілді  көрсеткіштерінен  (ЖІӨ-ден  9,4%)  әлі  де  артта  қалып 

келе 


жатқанын 

көрсетеді, 

ал 

саланы 


қаржыландыру 

көздері 


әртараптандырылмаған.     

Мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  өз  денсаулығына 



деген  ортақ  жауапкершілік  принципі  жүзеге  асырылмай  отыр. 

Республикада  қолданылатын  денсаулық  сақтау  саласын  жалпы  салық  салу 

есебінен қаржыландыру саясаты жұмыс берушілердің қаржылай қатысуының 

айырмашылығын жояды, ал олардың денсаулық сақтауды дамытуға қосатын 

мақсатты үлесі едәуір төмен дәрежеде қалып келеді.    

Қазақстан  денсаулық  сақтау  саласына  даму  деңгейі  бірдей  және 

дамыған  елдерден  гөрі  аз  қаржы  жұмсай  отырып,  айтарлықтай  зор 

жетістіктерге  қол  жеткізді.  Осылайша,  туу  кезіндегі  күтілетін  өмір 

ұзақтығының  жыл  сайынғы  өсімі  0,57  жасты  (ЕС  –  0,24  жыл)  құрады,  жыл 

сайынғы  ана  өлімінің  қарқыны  орташа  есеппен  100  мың  тірі  туғандарға  3,4 

құрайды,  жыл  сайынғы  бала  өлімінің  төмендеу  қарқыны  орташа  есеппен 

1 000 тірі туғандарға 1,11 құрайды.    

Осы секілді прогресс инвестициялардың иімділігін ғана емес, сонымен 

бірге  одан  әрі  резервтердің  сарқылу  мүмкіндігін  де  көрсетеді,  нәтижесінде 




денсаулық сақтау жүйесі тиімділігінің төмендеуі белең алады. Бұған сондай-

ақ  елдегі  орташа  еңбекақыға  0,9  құрайтын  Қазақстандағы  медицина 

қызметкерлерінің еңбекақысының төмен деңгейі де әсер етеді, бұл ЭЫДҰ-ға 

мүше елдердің осы секілді көрсеткіштерінен 2-3 есеге төмен.     

Жоғарыда  көрсетілген  мәселелерді  шешу  үдерісі  әрқашан  жаһандық 

үрдістердің  ауыр  салмағының  астында  қалып  отырмақ,  олар:  халықтың 

қартаюы,  сонымен  байланысты  созылмалы  жұқпалы  емес  аурулардың 

тарауы, медицина қызметтерін пайдаланудың өсімі, нәтижесінде – денсаулық 

сақтау саласына шығындардың өсуі.   

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика  министрлігінің 

Статистика комитетінің болжамдары бойынша елдегі халық саны 2030 жылға 

қарай  21  млн.  адамнан  асады.  Қазірдің  өзінде  созылмалы  жұқпалы  емес 

ауруларды  емдеуге  жұмсалатын  шығыстар  стационарлық  көмек  бюджетінің 

50%  асып  отыр,  ал  экономикалық  жағынан  ең  тиімді  көмек  –  алғашқы 

медико-санитарлық көмекті қаржыландыру ұсынылатын 40% едәуір төмен.  

Осы  факторларды  есепке  ала  отырып,  азаматтардың  денсаулығын 

сақтауға  конституциялық  құқығын  жүзеге  асырудың  жаңа  механизмін 

әзірлеп, енгізу қажет.   

Бұл  шара  жаңа  заңның  нормаларымен  жүзеге  асырылатын  болады,  ол 

ортақ  жауапкершілік  принципін  жүзеге  асыруға,  қаржылық  тұрақтылықты 

қамтамасыз  етуге,  экономиканы  жаңғырту  жағдайында  денсаулық  сақтау 

саласының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.   

Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруды  енгізу  ондай  жүйені 

құраудың тиімді тәсілі болып табылады, бұл жағдайда барлық серіктестердің 

өз міндеттемелерін орындауы анық көрініс табады, ал жарналардың мақсатты 

сипаты денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.    

Осы  факторларды  есепке  ала  отырып,  азаматтардың  денсаулығын 

сақтауға  конституциялық  құқығын  жүзеге  асырудың  жаңа  механизмін 

әзірлеп, енгізу қажет.   

Осыған  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  Қазақстан 

Республикасында  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруды  кезең-кезеңімен 

енгізу  туралы  шешім  қабылдады,  бұл  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2014  жылғы  24  сәуірдегі  №396  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан 

Республикасының әлеуметтік даму тұжырымдамасында көрініс тапты.   

«Бұдан  ары  қарайғы  мемлекеттік  құрылыстың  100  нақты  қадамы» 

институционалдық  реформасының  жоспарында  Қазақстан  Республикасында 

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу көзделіп отыр.   

Бұл  шара  жаңа  заңның  нормаларымен  жүзеге  асырылатын  болады,  ол 

қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге  және  экономиканы  жаңғырту 

жағдайында  денсаулық  сақтау  саласының  тиімділігін  арттыруға,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау 

жүйесі  туралы»  Кодексінің  (бұдан  әрі  –  Кодекс)  4  бабында  белгіленген 

денсаулық 

сақтау 


саласындағы 

мемлекеттік 

саясаттың 

төмендегі 

принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді:     



азаматтардың  қауіпсіз,  тиімді  және  сапалы  медициналық  көмек 

алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; 

мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  жеке  және 



қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;   

тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемін 



қамтамасыз ету;   

денсаулық  сақтау  жүйесі  қызметіндегі  профилактикалық 



бағыттың басымдығы;   

медициналық көмектің қолжетімділігі;   



медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;   

денсаулық  сақтаудың  халықтың  сұранысын,  мұқтажын 



қанағаттандыруға  және  өмір  сапасын  жақсартуға  бағытталған  әлеуметтік 

бағдарлылығы; 

          Денсаулықты  сақтау  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асыру  тәсілдерінің 

бірі  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемін  ұсыну  болып 

табылады,  оның  қаржыландырылуын  Кодекстің  34  бабының  1  тармағына  

сәйкес мемлекет жүзеге асырады, ал Кодекстің 6 бабының 7) тармақшасына 

сәйкес  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемінің  тізбесін 

бекіту өкілеттігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі ие.      

Бұл  ретте,  азаматтардың  заңмен  кепілдендірілген  тегін  көмекті  алу 

құқығы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  29  бабының  2 

тармағында белгіленген, сәйкесінше қандай да бір жаңа механизмдерді енгізу 

бұл құқықты төмендетпеуі қажет.    

Бұл жағдайларда жаңа заңның нормалары:    

азаматтардың  денсаулық  сақтауға  конституциялық  құқығын 



қамтамасыз  ету  түрлерінің  бірі  ретінде  әлеуметтік  медициналық 

сақтандырудың  құқықтық,  экономикалық  және  ұйымдастырушылық 

негіздерін белгілейді;  

әлеуметтік медициналық сақтандыруды Әлеуметтік медициналық 



сақтандыру  қорының  қаражаты  есебінен  халықты  кепілдендірілген  тегін 

медициналық 

көмекпен 

қамтамасыз 

ету 

жөніндегі 



мемлекеттің 

ұйымдастырып,  бақылайтын  және  кепілдендіретін  шаралар  жиынтығы 

ретінде анықтайды. 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  35  бабына  сәйкес  әр 

адамға міндетті болып табылатын салықтар, алымдар және басқа да міндетті 

төлемдер  кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмектің  бюджеттік 

қаржыландырылуының  көзі болып  табылатынын  ескере  отырып,  әлеуметтік 

медициналық сақтандыру жалпыға ортақ және міндетті болуы қажет.    

Қазақстан  Республикасында  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруды 

енгізу  келесі  элементтерден  тұратын  түбегейлі  жаңа  жүйені  жасауды 

көздейді:  

әлеуметтік медициналық сақтандыру субъектілері;   



әлеуметтік  медициналық  сақтандуры  жүйесінің  субъектілері 

арасындағы  қарым-қатынасты  реттейтін  мемлекеттің  белгілеп  кепілдік 

беретін нормалар мен қағидаттардың жиынтығы.  




Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесінің  субъектілері 

болып табылады:     

1) 

әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  аударымдарының 



төлеушілері;   

2) 


медициналық қызметтерді тұтынушылар (пациенттер);  

3) 


жеке 

медициналық 

тәжірибемен 

айналысатын 

медициналық ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;  

4) 


медициналық  мақсаттағы  бұйымдар  мен  медициналық 

техникалар, дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы субъектілер;   

6) ортақ дистрибьютор; 

7) Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру 

қоры.  

 

Әлеуметтік 



медициналық 

сақтандыру 

жүйесінің 

субъектілері 

арасындағы  қатынастарды  реттейтін  нормалар  мен  қағидаттар  ретінде  осы 

заң, басқа заңнамалық актілер мен заңға тәуелді актілер болып табылады.  

 

Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  келесі  принциптер 



негізінде жүзеге асырылатын болады:    

1) 


әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндеттері;  

2) 


әлеуметтік  медициналық  сақтандыруды  қаржыландыруға 

мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ қатысуы;  

3) 

кепілдіктер мен міндеттемелердің теңгерімділігі;  



4) 

әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қаржысын  тек 

кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін ұсыну үшін ғана 

пайдалану;   

5) 

кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлеміне  тең 



қолжетімділік;  

6) 


алғашқы медико-санитарлық көмектің басымдылығы;  

7) 


медициналық 

көмектің 

сапасы 

мен 


қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету;   

8) 

әлеуметтік 



медициналық 

сақтандыру 

жүйесі 

субъектілерінің қызметіндегі ашықтық пен жариялылық.   



 

Қазақстан  Республикасында  міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыруды  енгізу  үшін  Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қорын 

коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамның  құқықтық  ұйымдастырушылық 

нысаны түрінде құру көзделеді. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері 

Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.  

Қордың  негізгі  міндеті  барлық  төлеушілерден  түсетін  төлемдерді 

шоғырландырып,  халыққа  арналған  кепілдендірілген  тегін  медициналық 

көмек  көлеміне  енетін  қызметтерді  сатып  алуды  жүзеге  асыру  болып 

табылады.  

Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесі  кірістерідің  құрылуы 

келесі механизмдердің есебінен іске асырылады:  




-  алықтың  жекелеген  санаттарына  арналған  кепілдендірілген  тегін 

медициналық  көмек  көлемін  қаржфыландыруды  мемлекет  арқылы 

қамтамасыз  ету,  олар:  18  жасқа  дейінгі  балалар,  жүкті  әйелдер,  сондай-ақ 

бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер, жаңа туған баланы асырап алу, 

бала үш жасқа толғанша күту демалысындағы әйелдер, «Алтын алқа», «Күміс 

алқа»  алқаларымен  марапатталған  көпбалалы  аналар,  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысушылар  мен  мүгедектер,  сондай-ақ  оларға  теңестірілген  тұлғалар, 

мүгедектер,  білім  беру  ұйымдарында  күндізгі  оқу  нысанында  оқып  жатқан 

тұлғалар, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар, зейнеткерлер;     

2017  жылдан  бастап  жұмыс  берушілердің  жұмыс  істейтін 



тұрғындар  үшін  ай  сайынғы  еңбекақы  қорынан    5%  мөлшерінде  әлеуметтік 

медициналық сақтандыруға міндетті аударымдарды енгізуі;  

жұмыс  істейтін  азаматтардың  2020  жылдан  бастап  ай  сайынғы 



кірістен  1%  мөлшерінде  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруға  міндетті 

аударымдар енгізуі;  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаржысының қаржылық тұрақтылығы, 

сақталуы  және  мақсатты  пайдаланылуы  мемлекетпен  кепілдендіріледі  және 

жаңа заңның нормаларымен белгіленеді, оның ішінде:    

міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруға  аударымдардың 



мақсатты сипаты және олардың қайтарымсыздығы;  

Қордың өз қаражаты мен активтерінің жеке есебін жүргізу;   



Қор  активтерін  тек  кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек 

көлемі аясындағы медициналық қызмет үшін төлеуге ғана пайдалану;  

Қор  активтерін  қандай  да  бір  тұлғалар  тарапынан  өндіртіп  алу 



өтініштеріне бас тартуды белгілеу;   

міндеттемелердің 



күтілетін 

шығыстардың 

актуарийлік 

нәтижелеріне негізделген Қор кірістеріне сәйкес қатаң түрде құрылуы;  

күтпеген шығыстарды өтеу үшін резерв қалыптастыру;   



инвестициялық қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы 

жүзеге асыру;  

Қор  активтерін  инвестициялық  басқару  жөніндегі  барлық 



операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;    

Қазақстан 



Республикасы 

Үкіметінің 

Қор 

активтерін 



инвестициялауға арналған қаржылық құралдар тізбесін белгілеуі;     

Қор  қызметін  қамтамасыз  етуге  арналған  шығыстарды  шектеуді 



енгізу;  

жыл сайынғы аудитті міндетті түрде өткізіп отыру;  



Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  тәртіпте 

Қордың жүйелі түрде қаржылай есеп беріп отыруы;  

Қордың басқарушы қызметкерлеріне талаптар орнату.  



 

Азаматтарға  кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлеміне 

енетін  қызметтерді  ұсыну  меншік  нысанына  қарамастан  денсаулық  сақтау 

субъектілерімен және Қормен тиісті шарт жасасқандармен іске асырылатын 

болады.  



Шарт  жасасу  үшін  медициналық  ұйымдарды,  сондай-ақ  жеке  меншік 

медициналық  тәжірибемен  айналысатын  жеке  тұлғаларды  іріктеу  олардың 

бәсекелестік басымдықтары  мен қызметтердің сапасын есепке алатын айқын 

және анық критерийлер негізінде жүзеге асырылады.  

Кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлемі  медициналық 

көмектің нысаны мен түріне байланысты медициналық қызметтер мен дәрі-

дәрмектер тізімінің толық тізбесі түрінде қалыптастырылатын болады.  

Кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлеміне  енетін 

медициналық  көмектің  түрлері  мен  нысандары  клиникалық  басшылық, 

клиникалық  хаттамалар,  медициналық  көмек  көрсету  ұйымдарының 

стандарттары  мен  алгоритмдері  жататын  стандарттар  негізінде  көрсетілетін 

болады.    

 

Төлеушілердің  кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлемін 



қамтамасыз  етуге  кезең-кезеңімен  тартылуын  есепке  ала  отырып, 

кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлеміне  енетін  қызметтер  үшін 

төлем келесі түрде іске асырылатын болады.    

2017  жылдан  бастап  ӘМСҚ-ға  медициналық  көмектің  төмендегі 

нысандары  мен  түрлері  төленетін  болады:  АМСК,  консультативтік-

диагностикалық көмек (МСАК маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы 

бойынша), стационарды алмастыратын медициналық көмек (МСАК маманы 

немесе  медициналық  ұйымның  жолдамасы  бойынша),  мамандандырылған 

стационарлық 

медициналық 

көмек, 

(жергілікті 



бюджет 

есебінен 

қаржыландырылатын жолдамалардан басқа, жоспарлы – жолдаманың болуы 

және  ауруханаға  жатқызуға  арналған  көрсеткіштердің  болуы,  шұғыл  – 

жолдаманың  болу-болмауына  қарамайды),  жоғарыда  айтылып  өткен 

медициналық  қызметтің  түрлері  мен  нысандарын  көрсету  үшін 

қолданылатын  дәрі-дәрмектер  мен  медициналық  мақсаттағы  бұйымдарды 

беру. 


2017  жылдан  бастап  медициналық  көмектің  басқа  да  түрлері  мен 

нысандарын  көрсету,  сондай-ақ  психикалық,  наркологиялық  бүлінулер  мен 

жұқпалы  аурулардың,  туберкулез  және  ЖҚТБ/АҚТҚ  болуы  кезінде 

әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесінен  тыс  мемлекеттік  бюджет 

есебінен жүзеге асырылатын болады.    

2021  жылдан  бастап  жоғары  мамандандырылған  медициналық 

көмектен  басқа  ӘМСҚ-да  ТМККК-ға  енетін  медициналық  көмектің  барлық 

түрлері мен нысандары төленетін болады.    

Жоғары  мамандандырылған  медициналық  көмек  қолда  бар  қаражат 

көлемінде квоталар негізінде ұсынылатын болады.  

 

3. 

Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары  

Заң жобасы төмендегі мақсатта әзірленіп жатыр:  

мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  ортақ 



қатысуына  негізделген  медициналық  көмек  көрсетудің  кепілдіктері  мен 

міндеттемелерін қамтамасыз етудің теңгерімді және тұрақты жүйесін құру;    




кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін жетілдіру;  

басым аурулар кезінде мамандандырылған көмекке, оңалту және 



паллиативті медициналық көмекке қолжетімділік технологияларын арттыру; 



медициналық 



ұйымдар, 

сондай-ақ 

жеке 

меншік 

медициналық  тәжірибемен  айналысатын  жеке  тұлғалар  арасындағы 

бәсекелестікті ынталандыру; 

медициналық 



қызметтер 

сапасын 


және 

пациенттердің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру.  

 

4. 



Заң жобасын реттеудің мәні.  

Мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  ортақ  қатысуына 

негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында 

кепілдендірілген  тегін  медициналық  көмек  көлемін  алуды  қамтамасыз  ету 

мен ұсынуға байланысты қатынастар реттеу мәні болып табылады.  

 

5. 



Заң жобасының құрылымы  

Заң жобасы 8 тараудан тұрады:  

Тарау 1 – Жалпы ережелер;  

Тарау  2  –  Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесін  мемлекеттік 

реттеу;  

Тарау  3  –  Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесінің 

субъектілері;  

Тарау 4 –  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;  

Тарау  5  –  Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесін 

қаржыландыру;  

Тарау  6  -  Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыруға 

аударымдарды есептеу мен төлеу тәртібі;  

Тарау  7  –Тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі 

шеңберінде медициналық қызметтер көрсету үшін медициналық ұйымдарды, 

сондай-ақ  жеке  меншік  медициналық  тәжірибемен  айналысатын  жеке 

тұлғаларды таңдау;    

Тарау 8 – Қорытынды ережелер.   

 

6. 



Заң  жобасы  қабылданған  жағдайдағы  болжамды  құқықтық 

және әлеуметтік-экономикалық салдары   

Бұл  заң  жобасының  қабылдануы  азаматтардың  денсаулығын 

қорғаудағы  және  ТМККК  алуға  конституциялық  құқығын  жүзеге  асыруға 

ыңғайлы  жағдайлардың  тууына  әкеледі,  ТМККК-ны  қамтамасыз  ету 

жөніндегі  мемлекеттің  кепілдіктерін  және  мемлекеттің,  жұмыс  берушілер 

мен 


азаматтардың 

жеке 


және 

қоғам 


денсаулығы 

үшін 


ортақ 

жауапкершіліктерін  жүзеге  асыруға    құқықтық  негіздер  құруға  мүмкіндік 

береді.    

Болжамды  заң  жобасының  қабылдануы  қандай  да  бір  теріс  құқықтық 

және әлеуметтік-экономикалық салдардың тууына әкелмейді.  

 



7. 

Басқа  заңнамалық  актілерді  бір  мезгілде  (одан  кейін) 

әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкестендірудің қажеттігі  

Заң жобасының қабылдануы төмендегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен 

толықтыруларды енгізуді талап етеді:  

1. 


2008 

жылғы 


желтоқсандағы 

№ 

95-IV 


Қазақстан 

Республикасының  Кодексі  «Қазақстан  Республикасының  Бюджеттік 

кодексі».  

2. 


2008  жылғы  10  желтоқсандағы  N  99-IV    Қазақстан 

Республикасының  Кодексі  «Салықтар  және  бюджетке  төленетін  басқа  да 

міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)».  

4. 


2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және 

денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.  

5. 

2014  жылғы  5  шілдедегі  №  235-V  ҚРЗ  Қазақстан 



Республикасының Кодексі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы».  

6. 


2008  жылғы  25  желтоқсандағы  N  112-IV  Қазақстан 

Республикасының Заңы «Бәсекелестік туралы».  

 

8. 

Заң жобасы мәнінің басқа нормативтік құқықтық актілермен 

регламенттелуі   

Заң  жобасының  мәні  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 

кодексімен,  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы» 

Қазақстан Республикасының Кодексімен регламенттелген.   

 

9. 

Қарастырылып 

отырған 

мәселе 

бойынша 

шетелдік 

тәжірибенің болуы   

Әлемдік  тәжірибеде  денсаулық  сақтау  жүйелерінің  барлығы  4  негізгі 

модельдердің басым түсуімен аралас қаржыландыру құрылымына ие:   

бюджеттік модель, қаржыландырудың негізгі көзі – жалпы салық 



салу.  Бұл  модель  әлемнің  54  елінің  ішінде  тұрғындарды  медициналық 

көмекпен  жаппай  қамтуға  кепілдік  беретін  22  елінде  (Ұлыбритания, 

Австралия, Канада және т.б.) кеңінен таралған;    

мемлекеттің,  жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  міндетті  ортақ 



жарналары  есебінен  қаржыландырылатын  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру (бұдан әрі – ӘМС). Әлемнің 54 елінің ішінде 30-ында (Германия, 

Франция, Жапония, Корея) таралған;   

жұмыс  берушілердің  немесе  қызметкерлердің  өзінің  ерікті 



жарналарының  есебінен  қаржыландырылатын  жеке  меншік  медициналық 

сақтандыру  (АҚШ-та  2009  жылғы  денсаулық  сақтау  және  пациенттерді 

қорғау реформасына дейін);   

Денсаулық  сақтаудың  жинақтау  шоттары,  негізінен  Сингапурда 



қолданылады. 

Тек 


қана 

жұмыс 


істеуші 

азаматтардың 

есебінен 

қаржыландырылады.  

  

Бюджеттік  модель  қаржыландырудың  тұрақтылығы  және  әлеуметтік 



қорғалудың    жоғары  деңгейімен  сипатталады,  алайда  азаматтардың 

өзденсаулығына  деген  жеке  жауапкершіліктеріне  және  медициналық 




қызметтерді  көрсетушілердің  арасындағы  бәсекелестікке  іс  жүзінде 

ешқандай әсер етпейді.    

Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  (бұдан  әрі  –  ӘМС)  барлық 

әлеуметтік  серіктестердің  денсаулығы  үшін  ортақ  жауапкершілікті  жүзеге 

асыруды  қамтамасыз  етеді,  бәсекелестікті  дамытуға,  сапасын  және 

тиімділігін арттыруға ынталандырады.    

Жеке  меншік  медициналық  сақтандыруды  пайдаланатын  жүйелер 

пациенттердің  әртүрлі  жеке  мұқтаждықтарына  лезде  әсер  етуге  мүмкіндік 

беретін  ашықтықтың  жоғары  деңгейімен  ерекшеленеді  жәгне  медициналық 

қызметтердің  сапасының  жоғарылауына  зор  ынталандырады.  Бұл  модель 

мендициналық  көмек  алу  кезінде  азаматтардың  әлеуметтік  қорғалуы  мен 

теңдігін  қамтамасыз  ете  алмайды,  денсаулық  сақтау  басымдықтарына 

байланысты  қаражатты  қайта  бөлуге  мүмкіндік  бермейді,  оны  қолдану 

жоғары транзакциялық шығындарға әкеледі.    

Жинақтаушы 

медициналық 

шоттар 

медициналық 



көмектің 

қолжатемділігін жинақталған қор мөлшерімен шектейді, бұл кірістері төмен 

немесе созылмалы аурулары бар азаматтарға өзінің теріс әсерін береді.  Бұл 

модель  ашықтықтың  жоғары  деңгейіне  ие  болып  және  медициналық 

қызметтерді  көрсететіндер  арасында  бәсекелестікті  ынталандыра  отырып, 

денсаулық  үшін  ортақ  жауапкершілік  принципін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

бермейді және әкімшілік шығыстардың өсуіне әкеледі.   

Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай  ӘМС  жүйелері  тұрғындарды 

жаппай  медициналық  көмекпен  қамтамасыз  етеді.  Эстония,  Чехия,  Венгрия 

және  т.б.  секілді  ЭЫДҰ-ға  мүше  елдер  бұл  көрсеткішке  денсаулық  сақтау 

саласын ЖІӨ-ге 5-8% шегінде қаржыландыра отырып қол жеткізе алды.   

ӘМС-ті  енгізу  мен  оның  жұмыс  істеуінің  мақсаттарынан  тыс  әртүрлі 

елдерде  ӘМС-тің  тұрақтылығы  мен  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  жұмыс 

істеудің ортақ механизмдері мен даму үрдістері кездеседі.   

ӘМС  Қорлары    барлық  әлеуметтік  серіктестердің  байқаушы  кеңестер 

мен  басқа  да  органдар  арқылы  басқаруға  қатысуының  жоғары  дәрежесі 

болуымен қатар автономиялықтың жоғары деңгейіне де жетті.  

ӘМС  жүйесінің  әртүрлі  элементтерінің  қызметін  өздігінен  реттеудің 

заңды  түрде  белгіленген  механизмдері  бар:  басқару  органдарын  құру, 

тарифты  құру,  технологияларды  бағалау,  медицина  қызметкерлерінің 

біліктілігін  мойындау,    медициналық  қызметтерді  ұсынушыларды 

аккредитациялау және т.б.   

Жұмысшы  мен  жұмыс  берушінің  төлемдерінің  үлесі  секілді 

сақтандыру  жарналарының  мөлшері  де  елдің  даму  деңгейіне  байланысты 

ауытқып  отырады.    Мәселен,  Германияда  еңбекақы  төлеу  қорынан  14,1%, 

Австрияда  6,5%-дан (фермерлер),  11%-ға дейін (зейнеткерлер), Францияда 

13,6%, Ресейде 5,1%.  

Сонымен  бірге,  ӘМС  қолданылайтын  елдердің  өзінде  мемлекеттік 

бюджет  әрқашан  да  айтарлықтай  қаржыландыру  көзі  болып  табылады.  

Осылайша,  АҚШ-та  2011  жылы  мемлекеттік  шығыстардың  салыстырмалы 

үлесі 46% құрады, ал Сингапурде – 31%.  



Сақтандыру  қорларының  арасындағы  пациенттер  үшін  бәсекелестік 

медициналық  сақтандыру  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл 

жағдайларда  сақтандыру  жағдайларының  орын  алуына  жоғары  тәуекелдік 

болуына  байланысты  созылмалы  аурулары  бар  егде  жастағы  азаматтар, 

балалар  мен  жүкті  әйелдер  қажетсіз  клиенттер  болып  табылады  және 

сақтандырудың  қорғауын  ұсынудан  бас  тартудың  немесе  оның  жоғары 

құнының салдарынан медициналық көмекке қол жеткізе алмауы мүмкін.     

Бұл  теңсіздікті  еңсеру  үшін  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы 

қаржылардың  ортақ  пулын  қалыптастыруды  ұсынады,  ол  бір  ғана  қор  құру 

арқылы  (Корея,  Жапония,  Венгрия  және  т.б.)  немесе  қорлардың  бірте-бірте 

бірігуі  арқылы  (Эстония),  сондай-ақ  тәуекелдіктерді  теңестірудің 

механизмдері  арқылы  (Германия,  Франция,  Бельгия  және  т.б.)  ӘМС  жүйесі 

бар барлық елдерде жүзеге асырылып келеді.  

Бұл  механизмнің  классикалық  үлгісі  Германия  болып  табылады,  онда 

елдің 130-дан астам қорлары жинаған сақтандыру жарналары тәуекелдіктерді 

теңестірудің  ортақ  қорында  шоғырландырылады  және  федералдық 

бюджеттен  субсидиялармен  толықтырылады.  Қалыптастырылған  қаржы 

пулы  жынысы,  жасы,  кіріс  деңгейі  мен  денсаулық  жағдайына  қарай  түзеу 

коэффициенттерімен  түзетіліп,  сақтандыру  қорларының  арасында  қайта 

бөлінеді.  

Тарифтік  саясат  тарифтердің  экономикалық  нақтылығына  және  ортақ 

кіріс  базасымен  теңгерімділігіне  негізделеді,  әдетте  негізі  құралдарды 

амортизацияларын  қалпына  келтіруді  көздейді.  Сақтандыру  қорлары, 

медициналық  қызметтерді  көрсетушілер  немесе  олардың  бірлестіктері 

арасындағы  келіссөздер  нәтижесінде  тарифтердің  мөлшерін  белгілеу 

тәжірибесі таралған.   

ӘМС  қолданатын  елдерде  медициналық  қызметтерді  сатып  алу 

тәжірибесі мынадай түрде жүзеге асырылады:  

сақтандыру пакеттерінде ұсынылатын қызметтердің толық тізбесі 



беріледі;  

Төлем  тәсілдері  медициналық  көмектің  нәтижелері  мен  сапасын 



есепке  ала  отырып,  әрбір  жеке  қызмет  үшін  (тарификатор,  клиникалық 

шығынды топтар және т.б.) төлем жасау жөніндегі тәсілдерді біріктіреді.  

ӘМС  қолданатын  елдерде  медициналық  көмек  көрсету  пациенттің 

медициналық ұйымды еркін түрде таңдауы мен денсаулық сақтау жүйесінің 

мүмкіндіктері арасындағы теңгерім негізінде іске асырылады.  

Осылайша,  егер  алғашқы  медико-санитарлық  көмек  (бұдан  әрі  – 

АМСК) көрсету барысында пациент дәрігерді ауыстыру құқығына ие болса, 

онда мемлекет немесе кәсіби ұйымдар сәйкесті жерде тәжірибе алып жүрген 

дәрігерлердің санын квоталауды жүзеге асырады.   

Бірқатар  жағдайларда  медициналық  көмектің  тиімділігін  арттыру 

қажеттігіне  байланысты  таңдауға  шектеу  қою  тәжірибесі  белгіленеді. 

Мәселен,  Германияда  Ауруларды  басқару  бағдарламасына  қатысушылар 

АМСК  дәрігерін  ауыстыру  жағдайында  Бағдарламадан  шығып  қалады, 

сондай-ақ оған тоқталмай басқа мамандарға да жүгіне алмайды.    




Осылайша,  әлемдік  тәжірибеге  шолу  төмендегілер  ӘМС  жүйесінің  ең 

тиімді әрі қаржылық жағынан тұрақты болып табылатынын көрсетті:    

денсаулық  сақтау  саласын  қаржыландыру  ІЖӨ-ге  5%  кем  емес 



болуы;    

ӘМС жүйелері өздігінен реттелудің жоғары деңгейіне ие, барлық 



әлеуметтік серіктестер басқаруға қатысады;   

мемлекеттің,  жұмыс  берушінің  және  жұмысшының  ортақ  



қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылады; 

қаржы ортақ пулда шоғырландырылады;  



шынайы және теңгерімді тарифтік саясат орын алады – тарифтер 

келіссөздер  арқылы  белгіленеді  және  оған  амортизациялық  шығыстар 

енгізіледі;  

қызметтің  нәтижесіне  бағдарланған  қызметтерге  төлем  жасау 



тәсілдері қолданылады.    

 

10. 



Заң  жобасын  жүзеге  асыруға  байланысты  болжамды 

қаржылай шығыстар  

Заң  жобасын  қабылдау  халықтың  жекелеген  санаттарына  кепілдендірілген 

тегін  медициналық  көмек  көлемін  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаржылай шығыстардың болуына 



әкеледі.  

 

жүктеу 126,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау