ОӘК 577.4.681.3
А.А. АДАМОВ, Н.Б. КАЗАНКАПОВА, А.А. ИСМАИЛОВА
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МОНИТОРИНГІ: ТОПЫРАҚТЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ
САРАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨҢДЕУ
Жердің табиғи-экологиялық жағдайы, оның ресурсты-экономикалық потенциалы жайында
ақпаратты қамтитын жердің мониторингі бойынша деректер қорын құру, қазіргі заманның өзекті
мәселесі болып отыр. [1] Топырақтың толықтай физика-химиялық мінездемесін беретін
лабораториялық саралау нәтижелері, жер мониторингі деректер қорының басты ақпараттары
болып табылады. Топырақты лабораториялық саралау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу
уақытты үнемдеп қана қоймай, есептеулердің дәлдігіне кепілдеме береді.
Әрбір жобаны жасау алдында алдымен оның интерфейсі жобаланады, яғни бағдарлама
жасалғаннан кейін бағдарламаның көрінісі қандай болу керек. Ең алдымен қажетті компоненттер
қойылады, олардың қасиеттері өзгертіледі, жаңа формалар қосылады, т.с.с.
Сонымен, біріншіден басқару қосымшасына форманы жобалаймыз. Microsoft Visual Studio
программалау ортасында бас жоба құрамыз. Орналастырып, атауларын береміз.
Бағдарламаны жүктегенде ең алғашқы терезе «Негізгі терезе» ашылады. Бұл терезеден
“Зерттеулер” менюінде “Енгізу”, “Сақталған зерттеуді өзгерту”, “Exсell-ге шығару” батырмалары
орналасқан. Терезенің ортаңғы бөлігінде “Зерттеу аты”, “Реквизиті”, “Уақыты”, “Сипаттамасы”
сияқты деректер қорын сақтайды.
Сурет 1. Бағдарламаның негізгі терезесі
Жаңадан зерттеу жүргізгендегі мәліметтерді енгізу үшін “Енгізу” батырмасын басамыз.
Нәтижесінде “Жаңа зерттеу” терезесі ашылады.
Сурет 2. “Жаңа зерттеу” терезесі
Бұл терезеге зерттеудің аты, реквизиті, уақыты, сипаттамасы сияқты зерттеу нәтижелерін
енгізіп “Ары қарай” батырмасын басамыз. “Жаңа лабораториялық жұмыс” терезесі ашылады.
Сурет 3. “Жаңа лабораториялық жұмыс” терезесі
Бұл терезеге лабораториялық зерттеу номері, топырақтың салмағы, бос бюкстің салмағы,
сынауға алынған бюкстің салмағы сияқты мәліметтерді енгізгенде автоматты түрде
гигроскопиялық ылғалдылық, гигроскопиялық коэффициент мәндерін есептеп шығарып береді.
Бұл енгізілген мәліметтерді “Лабораториялық жұмыстар” терезесінен көруге болады және мұнда
төрт рет жүргізілген зерттеу мәліметтері енгізілген.
Сурет 4. “Лабораториялық жұмыстар” терезесі
Бұл терезеде бұрынғы енгізілген лабораториялық зерттеулер жайлы толық мәліметтер
сақталады. Мұнда кез –келген лабораториялық жұмыстың үстінен бір басып, нәтижені қарау
батырмасын бассақ, сол лабораториялық жұмыстың нәтижелерін көруге болады. Ал жаңадан
мәліметтер енгізетін болсақ, “жаңа лабораториялық жұмыс” батырмасын басамыз. Нәтижесінде
келесі терезе пайда болады.
Сурет 5. “Зерттеу” терезесі
Мұнда бюкстің номері, топырақты бюкстің салмағы, бос бюкстің салмағы сияқты деректерді
енгізіп, сақтау батырмасын басамыз. Сақталған деректерді “лабораториялық жұмыстар”
терезесінен көре аламыз.
Бағдарламада еңгізілген барлық мәліметтер Excel-ге экспортталады да, кесте түрінде осы
папкада сақталады. Әр зерттеудің нәтижесін “Негізгі терезедегі” “Exсell-ге шығару” батырмасын
басу арқылы көруге болады.
Сурет 6. Excel-ге экспортталған есептеу деректері
Қорытынды мәліметтерді көру үшін “лабораториялық жұмыстар” терезесіндегі кез-келген
лабораториялық жұмыс номерінің үстінен бір шертіп, “қорытынды мәліметтер” батырмасын
басамыз. Нәтижесінде келесі қорытынды мәліметтер жазылған терезені көруге болады.
Сурет 7. «Қорытынды» терезесі
Бұл терезенің сол жағындағы мәліметтер лабораториялық зерттеу барысындағы алынып,
қолдан енгізілетін мәліметтер, ал оң жағындағы мәліметтер өздеріне сәйкес формулалармен
автоматты түрде есептелінеді, нәтижесінде фракция мөлшеріне сәйкес топырақтың механикалық
құрамы анықталады. [2]
Қорытынды. Жазылған бағдарлама Щучинск қаласындағы «Экологиялық мониторинг»
зертханасында жүргізілетін топырақты саралау барысында қолданылып, сараптамадан өтілмек
және қоршаған орта мониторингін ақпаратты қамтамасыздандыруда таптырмайтын құрал болады
деп күтілуде.
Әдебиеттер
1. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. –Л., 2000. –390с.
2. Качинский Н.А. Структура почвы. Издательство: МГУ, 1993 г.