Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ен-таңбасы болмаса,
Малды қайдан танырсың – деп қазақ атамыз айтқандай, тұйық оюы еліміздің белгісіндей
болып, мемлекеттік Туымызда бейнеленген. «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі
жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын
долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға
қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі байлық пен молшылықтың
нышаны. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты
туған. Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынова былай
деп жазыпты:
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
“Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп,
Әжем кеп сипағандай шашыма жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі.
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан ,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
«Қай үйге кірсемде, жердегі киіздің бетіне оюдың бір ғана түрін көремін. Сөйтсем, мен
қазақтың киіз кітабының үстінде демалып отырған екенмін. Қазақ халқының адамгершілігін
күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен»,-деп Александр Македонский айтқан деген аңыз да
бар.
Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың
тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану
халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде, ортақ арман едi. Соның нәтижесiнде бiздiң бабаларымыз
бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер мұраларын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн
бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi
жоғары бағалаған Абай. Ал,Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер
екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн
айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Ою - өрнектерді әр түсті бояулармен
алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар.Бояу мен түстерді
таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық
мәні де болған. Қазақта қайсыбір түстердің символикалық мәні бар: көк түс – аспанның түсі ,
қызыл түс - оттың, күн көзінің символы, ақ түс - ақиқатты, қуаныштың, бақыттың
символы, сары түс - ақыл – парасаттың қайғы – мұңның символы, қара түс - жер символы;
жасыл түс - жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған
белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің
ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған. Түстер адам өмірінде үлкен роль атқарады.
Түс адамға психологиялық - физикалық жағынан әсер етеді Мысалы, жылы, суық түстен адамға -
ширақтық пен еңбекқорлық, қуаныш пен қайғы сезімдерін туғызады. Түстерді дұрыс қабылдауға
қабілеті бар адам он мың түстердің реңдерін байқап, ажырата алады. Қолөнер бұйымдарын
жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Өрнек
дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы
алғанда ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу. Композициялық
тұйық өрнектер дегеніміз- шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер.
Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек. Симметрия дегеніміз - ою өрнектің екі
жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны- ритм дейміз. Бұйымға
салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы–колорит деп
аталады.
«Тәуелсіздік таңы» деп аталатын бұл композициялық шығармамызда симметрия, ритм, түс
үйлесімділік заңдылықтарын сақтай отырып, ілмек бізбен тоқыдым. «Күн», «күн-көзі», «күн
сәулесі», «шыққан күн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады. Халық қолөнерінің бай
302
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қай халықтың болса да, тұрмыс – тіршілігіне
қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Халық шеберлерінің қолынан
шыққан әдемілеп, әсемдеп тіккен бұйымдары көзімізге ыстық көрінетіні анық. Халық арасында
осындай өнерімен әйгілі шеберлеріміз көп. Олардың қолтаңбасы күнделікті өмірде мен мұндалап үй –
үйде жайнап тұр. Осы халық шеберлерінің мұрасын, біздің қазіргі заманымызға дейін алып келушілер
кімдер? Әрине, олар он саусағынан өнер тамған шеберлер. Мәшһүр Жүсіп Көшетұлының аңыз
әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынандай үш асыл қасиет бар. Асылдығы бір – бірінен
өтеді, бірі – көз, бірі – көңіл, бірі – ақыл. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, әсемдікке
баулуда әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі болуға үйретіп отырған. Шеберлерді үлгі ете
отырып, қолөнерді үйреткен. «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналары. Көне
көз қариялардан сұрастыру арқылы өзінің шеберлік қасиеттерімен халқының ғасырлар талғамынан
өткен асыл қазынасын меңгерген қолөнер шеберлері біздің ауылымызда да өмір сүрген, қазірде бар.
Соның бір – екеуіне тоқтала кетейін. Халқымыздың мұрасын қазіргі кезге дейін алып келген ел
ішіндегі он саусағынан өнер тамған шеберлер. Халық өнерін игере білген, ұлттық бұйымдарды
шеберлікпен тігетін Рая, Нұргүлсім, Жұпарқан апа - әжелеріміздің қолынан шыққан бұйымдар әр
түрлі көрмелерден жүлделі орындар алып жүр. Ол апаларымыздың қолынын шыққан әдемі
бұйымдары ауылымыздың мұражайында тұр. Олардың көзін көріп, қолөнерін үйреніп, өздерінің
тұрмыстық қажетін өтеп отырған Камалхан, Роза, Қарлығаш, Айман сияқты апай көкелеріміздің
тіккен бұйымдары көздің жауын алады. Бабаларымыздың ғасырлар тарихынан өткен асыл қазынасын
осындай елдегі шеберлердің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Халық өнері мені қызықтырады. Оларды жоғалтпай, үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай мен де бос уақытымда
анаммен бірге ою ойып, оны кестелегенді қолөнермен айналысқанды ұнатамын. Қазақ халқының
өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі
бар. Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы. Ұлттық
ою-өрнектердің бүгінгі заманға пайдасы зор. Ендігі міндет ұлттық дүниетанымын
ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем, рухани
қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми
тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет. Оюдың адам баласын тигізер әсері мол. Адам ойын бір
жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге , ашуды,
қайғыны басуға ықпал етеді .Бұл туралы Зейнеп Ахметова апамыз Бауыржан ата туралы жазған
естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде
қолына жедел қайшы мен қағаз алып, түрлі ою ояды екен. Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-
дәлдік, есеп, теңдік, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық,
ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат,
сұлулыққа деген құштарлық жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады - деп
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру біздің қолымыз.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 7 том Алматы, 2005.
2. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері Алматы,2003.
3. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы.Рауан,1990.
4. Ш. Өмірбекова.Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. «Алматыкітап» 2003ж
5 Ә. Ысқаққызы. Сырмақ өнері. «Алматыкітап», 2007 ж.
6. Сапар Төленбаев, М.Өмірбекова «Ою-өрнектердің жасалу жолдары»
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА
303
Достарыңызбен бөлісу: |