326
13.11. –сурет. Paint – та құрылған сурет
Суреттің фрагментін белгілеп алу, тік төртбұрышты аумақ үшін
Белгілеу
құралымен немесе еркін формадағы аумақты белгілеу
үшін, Еркін аумақты белгілеу
құралымен жүргізіледі.
Тіктөртбұрышты белгілеу құралы суретте олардың орнын ауыстыру
үшін немесе өзгерту үшін аумақтың тікөртбұрышты формасын
анықтауға мүмкіндік береді.
Еркін аумақты белгілеу құралы, суреттің өзгерту талап етілетін
аумақтарын тəл анықтауға мүмкіндік береді. Белгіленген аумақтың
көшірмесін алуға, оны басқа орынға орнатуға, барлық суретке қатыссыз
бұруға немесе өшіруге болады.
Белгілеуді алып тастау үшін, белгіленген аумақтың сыртына
шертіңіз.
Paint графикалық редакторының бұл құралдары өзіңді суретші
сезінуге жəне суретті құруға толығымен жеткілікті (13.11-сурет).
Paint графикалық редакторымен жұмыс барысында
туындайтын сұрақтар
327
Қолданушылардың ең жиі қойылатын сұрақтарына мамандардың
жауабын келтіреміз.
Сұрақ 1. Paint – та құрылған суретті Windows – тың жұмыс үстеліне
орналастыруға бола ма?
Жауап. Құрылған суретті сақтаңыз да, Файл мəзірінен келесі
командалардың біреуін таңдаңыз:
•
ағымдық суреттің қайталанатын көшірмелерімен жұмыс үстелін
толтыру үшін, Windows жұмыс үстелін Төсеп толтыру (Замостить)
командасын таңдаңыз;
•
ағымдық суретті жұмыс үстелінің ортасына орнату үшін, Windows
– тың жұмыс үстелінің ортасына командасын таңдаңыз.
Сұрақ 2. Егер Paint экранында құралдар жиынтығы жоқ болса, оны
экранға қалай шығаруға болады?
Жауап. Экранға құралдар жиынтығын шығару үшін, Көрініс мəзіріде
Құралдар жиынтығы командасының қасында галочка түріндегі белгі
болу керек. сондықтан, экранға құралдар жиынтығын шығару үшін, осы
команданы таңдаңыз да, тышқанмен белгіні қойыңыз (құралдар
жиынтығын терезенің кез келген жеріне тышқанмен тасып апаруға
болады).
Бақылау сұрақтар
1. 255,255,255; 255,0,255; 255,0,0 мəндеріне тең RGB – дың қай
түстеріне сəйкес келеді?
2. RGB-ның
CMYK-тан
түстерді жіберу жүйелерінің негізгі
айырмашылықтары қандай?
3.
100,100,0,0; 0,100,0,100 мəндеріне ие болатын түстері, CMYK – тың
қандай түстеріне сəйкес?
4. Графикалық редакторлардың қандай түрлері бар?
5. Графикалық
ақпараттың векторлық ұсынылуының растрлық
ұсынылудан негізгі айырмашылықтарын атаңыз.
6. Paint графикалық редакторы қандай берілгендер типімен жұмыс
істейді? Векторлық əлде растрлық?
7. MS Word – тың қосымшалары графикалық файлдардың қандай
типтерін қолдайды?
328
14 -
т а р а у
ААЖ –ДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
Қазіргі кезде көптеген мекемелер бақарудың жəне есептің
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін (ААЖ) енгізіп жатыр. Бұған
ақпараттық технологияның қарқынды дамуы ықпал етеді. Бизнесті
басқару саласында жаңалықтардың əсерімен көптеген фирмалар жалпы
автоматтандырудан тыс қала алмайды. Қағаз құжаттарының жүгінің
ауырлығынан, оларды реттеп ұстау қиындап барады, сондықтан,
адамзат XXI ғасырға өнеркəсіп орындарында тек есепті ғана емес,
сонымен қатар, басқаруды (АБЖ) да автоматты жүйеге көшіруге нақты
шешіммен аттады.
Дербес компьютерлерді қолдана отырып, отандық автоматтандыру
шамамен 20 жыл бұрын басталды, ол кезде қазіргі бағдарламалық
қамтамасыз ету индустриясының көшбасшылары өздерінің іс –
əрекеттерін енді ғана бастап жатқан. Бəрі PC AT (286) типті ДЭЕМ жəне
80 х 25 символдық мəтіндік экранға есептелінген MS-DOS (Microsoft
Disk
Operation
System),
операциялық
ортасында
жергілікті
қосымшалардан басталды. Өнеркəсіпті автоматтандыру іс – əрекеті
бухгалтерлік есеп бөлімінен басталды жəне автоматтандырудың
жергілікті жүйелерін құрды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
дами берді жəне жергілікті жүйелердің орнына желілік АЖ –лер келді.
14.1.
ААҚ туралы негізгі ұғымдар және олардың
жіктелуі
Адамзат қоғамының дамуы ақпарат көлемінің көбеюімен бірге
жүреді, сондықтан, оны жинау, сақтау жəне өңдеу жүйелерін құру
қажет. Ақпараттық технологиялар жүздеген жыл өмір сүріп келеді,
бірақ ұзақ уақыт олар түрлі мүмкіндіктегі архивтік қағаз құжаттардан
жəне əр түрлі картотекалардан тұрды. Ақпараттық технологиялар да,
ақпараттық жүйелер де компьютерлерді қолдану арқылы жəне оларсыз
да қызмет ете алады. Алайда, ақпарат көлемінің көбеюі, оны қайта
өңдеу тəсілдерін тездетілуіне жəне күрделенуіне деген қажеттілігі,
ақпараттық технологиядағы өзгерістер жəне басқа факторлар
ақпараттық жүйе жұмысын автоматтандырудың қажеттілігіне əкеліп
соқтырады.
Компьютерлердің қарқынды дамуы ақпараттық іс – əрекетті едəуір
көлемде
автоматтандыруға
мүмкіндік
берді,
нəтижесінде
автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылды.
329
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер – бұл компьютерлік
жəне телекоммуникациялық техника негізінде автоматтандырылған əр
түрлі класты жəне əр түрге арналған ақпараттық жүйелер. Информатика
олардың құрастыруларын, жобалауын, құрылуын, талдауын жəне іс –
тəжірибеде қолданылуын оқып - зерттейді.
Ақпараттық технология – бұл автоматтандырылған ақпараттық
жүйелері арқылы іске асырылатын берілгендерді жəне білімдерді
өңдеудің машиналық (инженерлік) тəсілдері.
Қазіргі кезде ААЖ – лер кең таралған. XXI ғасырдың басында өз ісін
дамытқысы
келетін
фирма
қазіргі
заманғы
автоматтандыру
құралдарынсыз қала алмайды.
ААЖ – лерін ұйымдастыру принциптері. Жаңа типті
автоматтандыру жүйелері негізделетін принциптерді қарастырайық.
Оларға жататындар:
•
аппараттық құралдарды стандарттау; жүйенің қажетті өнімділігін
жəне икемділігін қамтамасыз ететін үйлесімді есептеу жүйелерінің
болуы;
•
сандық түрде ұсынылған ақпараттың кез келген түрімен жұмыс
жасау мүмкіндігі;
•
жүйенің
жеке
бөліктерін
біріктіретін
тармақталған
коммуникациялық инфрақұрылым құру, желілерді салу жəне қолдану;
•
іс – əрекеттің нақты түріне бағытталған кіріктірілген
қосымшаларды қолдану.
Ақпаратпен алмасу адамның сезім мүшелері арқылы қабылданатын
ақпаратпен (көзбен, естумен, түйсікпен) басталады жəне аяқталады,
себебі, ақпараттық үрдісті бастапқы жəне соңғы қолданушы адам болып
табылады. Ал компьютерленген ақпараттық жүйеге енгізілетін жəне
шығарылатын ақпараттың арасында мəліметтер қорын басқару
жүйелері, операциялық жүйелер, қолданбалы қамтамасыз ету жəне
ақпараттың өзі орналасады.
ААЖ-де барлық экономикалық факторлар мен ресурстар бір
ақпараттық формадағы берілгендер түрінде болады. Бұл шешімді
қабылдау үрдісін ақпараттық технология ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді. Ендеше, өнеркəсіптің барлық ресуртарын тиімді басқаратын
жалғыз міндетті шешетін ААЖ корпоративті ақпараттық жүйе (КАЖ)
бола алады. Мұндай жүйе бағдарламалық – аппараттық шешімдерден
тұрады: бір ақпараттық ортаға кіріктірілген əрбір нақты міндетті тиімді
шешуге мүмкіндік беретін əмбебап жəне арнайы бағдарламалық
қамтамасыз ету.
ААЖ-дің жіктелуі. ААЖ-дің жіктелуі бірқатар белгілер арқылы
жүзеге асырылады жəне шешілетін мəселеге байланысты жіктелудің əр
түрлі белгілерін таңдап алуға болады. Сонымен қатар, сол бір ААЖ бір
немесе бірнеше белгілер бойынша сипатталуы мүмкін. ААЖ-дің
жіктелу белгілері ретінде қолдану саласы, функционалдық міндеті,
ақпараттық ресурстар түрі, іс – əрекет масштабы, тағайындалуы,
Достарыңызбен бөлісу: |