190
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазіргі удиндер, бұрынғы жылдардағыдай, көне христиандықтың миофи-
зиттік бағытын (Армян Апостолдық шіркеуі) ұстанады.
УДМУРТТАР, өз атауы – удмурт; еск. вотяк.
Қазақстандағы удмурттар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 9095 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 5458 адам.
Удмурт тілі – Удмурт Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан уд-
мурттары этностық тобының экзогенді тілі.
Удмурт тілі фин-угор тілдері семьясының пермь тобына жатады.
Негізгі діні – православие, ауылдық жерлерде ол христиандыққа дейінгі
қалдықтарды да қамтиды.
2014 жылғы мəліметтер бойынша халықтың шоғырланып қоныстанған жері
Қостанай облысында – 1479 адам, Ақмола облысында – 1072 адам, Павлодар
облысында – 571 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 233 адам.
УДЭГЕЛЕР, өз атауы – удээ, удихэ. Қиыр Шығыстағы саны аз тұрғылықты
халықтардың бірі.
Қазақстандағы угэделер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 47 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 2 адам.
Удэге тілі тұңғыс-манчжур тілдерінің семьясына жатады.
Удэге тілі – Қазақстан удэгелері этностық тобының эндогенді тілі.
Дінге сенетін удэгелер – православиеліктер.
ҰЙҒЫРЛАР, өз атауы – ұйғыр.
Қазақстандағы ұйғырлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 210 377
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 242 119 адам.
Ұйғыр этностық тобы Қазақстан аумағында Шығыс Түркістаннан (қазіргі
ҚХР ШҰАА) шыққандар есебінен ХХ ғасырда қалыптасты.
Ұйғыр тілі – Қазақстан ұйғырлары этностық тобының эндогенді тілі.
Ұйғыр тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн тармағы-
ның қарлұқ тобына жатады.
Діни сенімі жағынан ұйғырлар – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырлана қоныстанған
жерлері Алматы облысында – 63,22%, Оңтүстік Қазақстан облысында –
1,55%, Алматы қаласында – 32,56%.
Қазақстан аумағында республикалық, облыстық ұйғыр этномəдени бір-
лестіктері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
УКРАИНДАР, өз атауы – украиндық.
Қазақстандағы украиндар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 547065
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 307089 адам.
Украин тілі – Украинаның мемлекеттік тілі; Днестр жағалауының ресми
тілі (молдаван жəне орыс тілдерімен қатар); Қазақстан украиндары этностық
тобының экзогенді тілі.
Украин тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының шығыс
славян тобына жатады.
191
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Украиндар негізінен православиеліктер, бірақ формальды түрде екі патриар-
хат пен бір автокефалдық шіркеуге бөлінеді; сондай-ақ гректік католиктік
жəне римдік католиктік шіркеулер, протестанттық христиан конфессиялары
бар, дəстүрлі емес түрлі діндерді жақтайтындар да бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша украиндардың шоғырлана қоныстанған
жерлері Қостанай облысында – 26,03%, Қарағанды облысында – 14,99%, Ақ-
мола облысында – 11,54%.
Қазақстан аумағында республикалық, облыстық украин этномəдени бір-
лестіктері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
УЛЬЧТЕР, өз атауы – нани.
Қазақстандағы ульчтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 3 адам, 2009
жылғы мəлімет бойынша 1 адам.
Ульч тілі – Қазақстан ульчтері этностық тобының эндогенді тілі.
Ульч тілі – оралдық тілдер семьясының тұңғыс-манчжур тармағының амур
ішкі тобына жатады.
Ульчтердің, Амур бойындағы басқа да халықтар сияқты, дəстүрлі діні
шамандықтан көрінеді. Сонымен қатар ульчтердің қоғамдық өмірінде табы-
ну жүйесі – кəсіпке, отбасына, ата-бабаға (анимизм) табыну үлкен орын
алады.
ФИНДЕР, өз атауы – суоми.
Қазақстандағы финдердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 547 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 371 адам.
Фин тілі – Финляндия Республикасыныңресми тілі (швед тілімен қатар);
Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі; Қазақстан финдері этностық тобы-
ның экзогенді тілі.
Фин тілі – балтық-фин тілдерінің бірі (солтүстік тобы).
Финдердің діншілдігі Финляндияның Евангелиелік-лютерандық шірке-
уінің шегінде іске асырылады (дінге сенетіндердің 78,3%-ы) жəне бұл – мем-
лекеттік діні. Православие бұл елде мемлекеттік екінші дін болып саналады.
Католиктер де, аздаған мұсылман да, еврей қауымы да бар.
ХАҚАСТАР, өз атауы – тадар, хоорай; ескі. минусин жəне абақан та-
тарлары немесе түріктері.
Қазақстандағы хақастар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 355 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 233 адам.
Хақас тілі – Хақасия Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстандағы
хақастар этностық тобының экзогенді тілі.
Хақас тілі алтай тілдері семьясының түркі тегіне жатады.
Дəстүрлі діні – шамандық. XIX ғасырда көптеген хақас шоқындырылып,
православиеге енгізілді.
ХАЛХА, өз атауы – халха.
Қазақстандағы монғол (халха) саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 602
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 426 адам.
192
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Моңғол тілі – Моңғолия Республикасының ресми тілі; Қазақстандағы
моңғол этностық тобының экзогенді тілі.
Моңғол (халха моңгол) тілі алтай тілдері семьясының моңғол тармағына
жатады.
Діні – Тибет буддашылдығы, шамандық.
ХАНТЫЛАР, өз атауы – хантэ; ескі. остяк.
Қазақстандағы хантылар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 24 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 426 адам.
Ханты тілі – Қазақстандағы ханты этностық тобының эндогенді тілі.
Ханты (остяк) тілі орал тілдері семьясының фин-угор тобының обь-угор
тармағына жатады.
Дəстүрлі діндері — шамандық пен православие.
ХОРВАТТАР, өз атауы – хорват.
Қазақстандағы хорваттар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 39 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 102 адам.
Хорват тілі – Хорватия Республикасының ресми тілі; Босния мен Герце-
говинаның ресми тілі (босния жəне серб тілдерімен қатар); Қазақстандағы
хорваттары этностық тобының экзогенді тілі.
Хорват тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының оңтүстік
славян ішкі тобына жатады.
Негізгі діні – католиктік.
ЦАХУРЛАР, өз атауы – цыхбы.
Қазақстандағы цахурлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 17 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 2 адам.
Цахур тілі – Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстандағы
цахурлардың эндогенді тілі.
Цахур тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағындағы
лезгин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін цахурлар сүнниттік исламның шафиқ мазхабын ұстанады.
СЫҒАНДАР, өз атауы – рома.
Қазақстандағы сығандар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 5130 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 4165 адам.
Сыған тілі – Қазақстандағы сыған этностық тобының эндогенді тілі.
Сыған тілі үндіеуропалық тілдер семьясының үнді (үндіарий) тобына жа-
тады.
Сығандар, басқа да халықтар сияқты, көшіп-қонып жүрген, мекен еткен
жерлеріндегі дінді ұстанады.
ЧЕРКЕСТЕР, өз атауы – адыге.
Қазақстандағы черкестер тобының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойын-
ша 182 адам, 2009 жылғы мəліметтер бойынша 11 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |