Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

27 

арқылы  мемлекеттік  басқаруды  жетілдіру,  ашық  және  «мобильді  үкіметті» 

құру,  ақпараттық  инфрақұрылымның  қолжетімділігін  дамыту  бойынша 

міндеттер шешіледі. 

IT-инфрақұрылымын  дамыту  жөніндегі  шаралар  онлайн  сауданы, 

электрондық  көрсетілетін  қызметтерді,  цифрлық  телевизия  мен  мобильдік 

интернетті  дамыту  үшін  цифрлық  экономиканың  негізіне  айналады,  бұл 

еңбек  өнімділігін  арттыруға  және  Қазақстан  аумағында  логистиканың 

жақсаруына алып келеді. 

Негізгі күш 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді байланыс 

қызметтерін  дамыту  арқылы  мобильді  кеңжолақты  Интернет  желісі 

абоненттерін  ұлғайтуға  жұмсалады.  2018  жылға  қарай  барлық  аудан 

орталықтарын  LTE  стандартты  4G  мобильді  байланыс  желісімен  қамту 

жоспарланған. 

Ауылдың  цифрлық  теңсіздігін  төмендету  мақсатында,  сондай-ақ  ауыл 

тұрғындарының  электрондық    мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  алу 

үшін  «Қазақстан  Республикасының  ауылдық  елді  мекендерінде  талшықты-

оптикалық  байланыс  желілерін  салу»  жобасы  аясында  ауылдық  елді 

мекендерде  жоғары  жылдамдықты  Интернет  желісіне  қолжетімділік 

қамтамасыз  етілетін  болады.    Жобаның  іске  асырылуы  1800  астам 

перспективалы  ауылдық  елді  мекен  жоғары  жылдамдықты  Интернетпен 

қамтамасыз етуге және заманауи байланыс қызметтерін қолданудың деңгейін 

арттыруға  мүмкіндік  береді.  Жоба  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  (бұдан 

әрі - МЖӘ) арқылы іске асырылады. 

Бизнес  жүргізу  үшін  жағдайды  жақсарту,  Қазақстанның  халықаралық 

рейтингтердегі позицияларын арттыру үшін  мемлекеттік қызметтер көрсету, 

құжаттардың  мерзімдері  мен  тізбесін  қысқарту,    қайталанатын  рәсімдерді 

жою, және  оларды толығымен электрондық форматқа ауыстыру процестерін 

барынша оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасады. 

 

3. Бизнес-ортаны

 

түбегейлі жақсарту және кеңейту 

Бизнес  ахуалды  жақсарту  мақсатында  салық  және  кеден  заңнамасын

 

одан  әрі  реформалау,  бизнес  шығасыларын  азайту



 

бойынша  жұмыс 

жүргізілетін болады. Бизнесті ашу, меншікті тіркеу рәсімдері жеңілдетілетін 

болады,  миноритарлық  инвесторлардың  құқықтарын  қорғауды  одан  әрі 

күшейту жоспарлануда. 

Бизнес  ортаға  әкімшілік  жүктемені  азайту  үшін  оларды  2018  жылы 

заңнамалық  түрде  реттеу  мақсатында  бизнесті  белгілі  бір  уақытша  және 

қаржы  шығындарына  ұшырататын,  монополист  кәсіпорындар  мен 

квазимемлекеттік сектор беретін рұқсаттарды

 

түгендеу жалғасады. 



Сонымен  қатар,  жүргізіліп  отырған  ақпараттық  құралдарды  түгендеу 

қорытындысы  бойынша  мемлекеттік  органының  немесе  өзге  адамның 

ақпарат  пен  есептілікті  ұсыну  бойынша  міндеттемелері  оңтайландырылып, 

жүйеге  келтірілетін  болады.  Жұмыс  қорытындысы  бойынша  2018  жылы 

ақпараттық  құралдар

 

ұсынуды    регламенттеу,  сондай-ақ  тұтынушыға 



мемлекеттік 

органдардың

 

құралдарын 



ұсыну 

және 


ақпараттық 


28 

дереккөздеріне  орналастыру  үшін

 

олардың  тізбесі  бойынша  түрлері



 

заң 


жүзінде белгіленеді 

«Өзін-өзі  реттеу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңын  іске 

асыру үшін 2017 – 2019 жылдары реттеушілік әсерге талдау жүргізу арқылы 

түгендеу  нәтижелері  бойынша  айқындалған  мемлекеттік  органдардың  

функциялар тізбесі (1 және 2 топ) бойынша

 

міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу 



жоспарлануда. 

Ағымдағы  жылы  мемлекеттік  бақылау  және  қадағалау  саласындағы 

тәуекелдерді бағалау жүйесін автоматтандыруды аяқтау: 

– мемлекеттік  бақылау  және  қадағалау  жүйесінің  және  тәуекелдерді 

басқару

 

процестерінің,  корпоративтік  басқару  сапасының  және  тәуекелді



 

ескере  отырып,

 

басқарушылық  шешімдер  қабылдау  жеделдігінің



 

тиімділігін 

арттыруға; 

– деректерді  біріктіріге  және  сақтауға,  түінді  басқарушылық 

шешімдерді

 

қабылдау



 

үшін қажет талдамалық есептерді жүргізуге; 

– ішкі 

және 


сыртқы 

пайдаланушылар 

үшін 

көрнекі 


және 

құрылымдалған кезеңдік есептерді жасауға; 

– бақылау  -  қадағалау  органдары  қызметінің  заңнама  талаптарына 

сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың  

2017  –  2021  жылдарға  арналған  бағдарламасын  іске  асыру  қалаларда 

микроқаржыландыруды  кеңейту,  саланы  білікті  еңбек  ресурстарымен 

жеңілдікпен  қамтамасыз  етуді  дамыту  арқылы

 

жұмыссыз  және  өнімсіз 



жұмыспен қамтылған халық арасында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді. 

Өңірлік 


деңгейде 

кәсіпкерлікті 

жаппай 

дамыту, 


бизнестегі 

шығындардың  барлық  түрлерін

 

азайту  бойынша  шаралар  кешені 



қабылданатын  болады.  Бизнес  жүргізу  жеңілдігі  бойынша  арнайы  сыйлық 

тағайындаумен қалалар мен өңірлердің рейтингі енгізіледі. 

БЖК  2020  шеңберінде  субсидиялау

 

құралдары



 

арқылы  кредиттерді 

арзандату,  банк  кредиттеріне  ішінара  кепілдік  беру,  жетіспейтін 

инфрақұрылымды  жеткізу,  мемлекеттік  гранттарды  беру,  кәсіпкерлерді 

оқыту  және  консалтингтік  қызмет  көрсету

 

бойынша  мемлекеттік  қолдау 



шаралары ұсынылатын болады. 

Кәсіпкерлікті  қолдаудың  қосымша  шаралары  аясында  Үкімет  пен 

Ұлттық  Банктің  бірлескен  іс-қимыл  жоспарлары  бойынша  Ұлттық  қордан 

бөлінген  қаражаттың  шеңберінде  жұмыс  жалғасады.  Кредит  беру

 

нарығындағы  қосымша  өтімділікті  қолдау  үшін  халықаралық  қаржы 



ұйымдарының  кредиттік  желілерін  тарту  бойынша  жұмыс  жалғасатын 

болады. 


Тек  қана  бәсекелестік  орта  үшін

 

жағдай  жасауға  және  жаңа 



шаруашылық  субъектілерінің  пайда  болуына  ықпал  ету  үшін  мемлекеттің 

кәсіпкерлік қызметке қатысуы шектелуі тиіс. 

Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу: 

– 2016-2020  жылдарға  арналған

 

Жекешелендірудің  кешенді  жоспарын 



іске асыру; 


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау