Баспасөз релизі 2018 жылғы 14 наурыз



жүктеу 23,57 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі23,57 Kb.
#17467


 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ                                                                      2018 жылғы 14 наурыз 



 

АТФБАНК ӨЗІНІҢ СЕРІКТЕСТЕРІ ҮШІН ӨҢІРЛІК ФОРУМДАР СЕРИЯСЫН 

БАСТАЙДЫ 

2018 жылғы 15 наурыз күні Шымкент қаласында «АТФБанк» АҚ  (әрі қарай - Банк) 

Серіктестерінің  Бірінші  Өңірлік  Форумы  өтеді.  Форум  Қазақстанның  оңтүстігіндегі 

Шымкент,  Тараз  және  Қызылорда  сияқты  үш  қаласындағы  Банктің  серіктестік  желісінің 

бір бөлігінің басын қосады. Тұтастай алғанда осы жылдың ішінде мұндай іс-шаралар төрт 

өңірлік  аумақта  өтетін  болады.  Ал  соңғы  ең  ірі  Форум  жылдың  соңында  Алматы 

қаласында өтеді және оған Қазақстанның барлық өңірінен келген бизнесмендер қатысады. 

 «Біз  базалық  қызмет  көрсететін  стандартты  банк  болғымыз  келмейді.  Бүгінде  кез 

келген  салада  жаңашыл  идеялар  ұсынатындар  ғана  көшбасшы  болмақ.  Біздің  Банк  дәл 

осы бағытта қызмет етіп келеді. Тек кредиттік ұйым ғана емес, сондай-ақ ең алдымен 

жаңа мүмкіндіктердің көзі ретінде әрекет ете отырып, біз өз клиенттерімізбен қарым-

қатынастың  жаңа  үлгісін  құрудамыз»  -  деп  атап  өтті  АТФБанк  Басқарма 

Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Сергей Коваленко. 

Іс-шараның  негізгі  мақсаты  –  Банк  клиенттерінің  араларында  жаңа  ынтымақтастық 

қарым-қатынас орнатуға негізделген орта құру  және Банкпен, сондай-ақ Банктің  «Даму» 

Қоры мен мемлекеттік құрылымдар сияқты серіктестерімен арақатынасты нығайту. 

АТФБанк бизнесінің құрылымында шағын және орта бизнес бағыты негізгі бағыт болып 

есептеледі.  2017  жылы  ШОБ-қа  берілген  кредиттің  жалпы  көлемі  өткен  жылмен 

салыстырғанда  116%-ға  артты.  Бұл  ретте  кредиттік  портфельдің  оның  жалпы  көлемінің 

1/5  бөлігін  құрайтын  мемлекеттік  бағдарламалар  бойынша  53%-ға,  сондай-ақ  ШОБ 

портфелі бойынша тұтастай алғанда 65%-ға артқандығы байқалады. 

«Қазіргі  уақытта  шағын  және  орта  бизнес  саласымен  айналысатын  55  мыңнан  астам 

компания біздің банктің клиенттері болып табылады. Соңғы екі жылда жаңа клиенттік 

база 82%-ға өсті. Бұл өз кезегінде клиенттеріміздің бізге тек сенім білдіріп қана қоймай, 

сонымен  қатар  бізбен  бірге  өз  бизнестерін  құруды  әрі  дамытуды  қалайтындықтарын 

білдіреді.  Біз  өз  тарапымыздан  бизнесті  қаржыландыру,  оған  барынша  тиімді  түрде 

банктік қызмет көрсету үшін бар күшімізді салуымыз керек.  Біздің алдағы уақыттағы 

ең маңызды міндеттеріміздің бірі – кредиттік  өтінімдерді жедел қарастыру жағынан 

барлық  ЕДБ  арасында  бірінші  болу.  Осы  мақсатқа  қол  жеткізетіндігімізге  сенемін»,  - 

деп толықтырды Сергей Коваленко.    

2017 жылдың қорытындылары бойынша АТФБанктің ШОБ сегменті бойынша нарықтағы 

үлесі 3 есеге артты. 



«Мақсаттарымызға  қол  жеткізу  үшін  біз  клиенттік  базамызды  ұлғайтуымыз  керек,- 

дейді  Сергей  Коваленко.  Бұл  біздің  қолымыздан  келеді  және  біз  клиенттеріміздің 



барынша көп болуы есебінен дамып келеміз. Біздің ең басты жетістігіміз - осы. Аталған 

жағдайда кредиттің орташа сомасы – 50 млн. теңге. Бұл – аса бір қомақты сома емес, 

себебі  біз  тек  бірнеше  ірі  клиенттермен  ғана  жұмыс  істеуді  мақсат  тұтпаймыз.  Біз 

серіктестеріміздің  кең  ауқымымен,  шағын  бизнеспен,  орташа  компаниялармен  жұмыс 

істейміз.  Олардың  басым  бөлігі  –  өңірлердің  өкілдері,  сондықтан  біз  тұтастай 


Қазақстан  бойынша  ірі  қалаларда  бизнес-кездесулер  сериясын  іске  қосу  туралы  шешім 

қабылдадық».    

Алдағы  Форум  аясында  қатысушылар  жаңа  іскерлік  байланыстар  орнату,  мемлекеттік 

бағдарламалардың  құралдарымен  жан-жақты  танысу  және  бизнесті  қаржыландырудың 

жаңа  әдістерін  білу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Форум  спикерлерінің  қатарында  – 

АТФБанктің,  «Даму»  Қорының  топ-менеджерлері.  Өз  кезегінде  клиенттер  өздерінің  

мемлекеттік-жеке  серіктестік  пен  Банк  қолдауының  арқасында  қол  жеткізген  табысқа 

жету  тарихымен  бөліседі.  «Нетворкинг»  сессиясының  аясында  қатысушылар  бейресми 

жағдайда  бір-бірімен,  Форум  қатысушылары  компанияларының  қызметімен  жақынырақ 

танысу және бизнес-байланыстар орнату мүмкіндігін алады. 

Банктің  серіктестік  желісіне  қосылу  үшін  әлеуетті  клиенттер  де  шақырылды,  іс-шара 

барысында  олар  банктің  олардың  бизнесін  дамытуда  өздері  үшін  қандай  қолдау  көрсете 

алатындығы жайлы біле алады. 

Бизнес-процестерді тұрақты түрде жақсарту және клиенттік базаны кеңейтудің арқасында 

АТФБанк  2018  жылдың  қорытындылары  бойынша  ШОБ  сегментіндегі  кредиттік 

портфельді екі есеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. 

Анықтама  

«АТФБанк»  АҚ  (әрі  қарай  –  Банк)  активтерінің  саны  жөнінен  Қазақстан 

Республикасындағы  ірі  банктердің  бірі  болып  табылады.  Банктің  негізгі  акционері  - 

99,76%  құрайтын  акциялар  пакетіне  ие  «KNG  Finance»  ЖШС.  20  жылдық  тарихы  мен 

қазақстандық әрі шетелдік құрылымдармен ынтымақтастық қарым-қатынастарындағы мол 

тәжірибесі  Банкке банк қызметтері  нарығынан  сенімді  әрі  беделді орын алуға  мүмкіндік 

берді. 

Банк  әмбебап  профильді  дамыта  отырып,  корпоративтік  клиенттер,  бөлшек  клиенттер, 

шағын  және  орта  бизнес  субъектілері,  Private  Banking  клиенттеріне  банк  қызметтерінің 

барлық  түрлерін  көрсетеді.  Қазақстанның  барлық  облыс  орталықтарында  Банктің  17 

филиалы бар, сондай-ақ Банк бөлімшелер мен банкоматтардың кең желісіне ие. 

 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 



Банктік және басқа операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 

берген 28.12.2007 ж. № 239 лицензия 

 

Байланыс орталығының деректері: 

Лариса Гусева 

PR бағыты 

Тел.  +7 (727) 258 30 00 ішкі 0597 

mailto: L.Gusseva@atfbank.kz  

http://www.atfbank.kz 



жүктеу 23,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау