Еңбек қатынастарындағы сіздің ҚҰҚЫҚтарыңЫЗ



жүктеу 57,49 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.12.2017
өлшемі57,49 Kb.
#2676


ЕҢБЕК

 ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ 

СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КƏСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ 


Қазақстан Республикасы 

Кəсіподақтарының  Федерациясы

Астана қ., Абай даңғ., 38, www.fprk.kz

ҚРКФ Оқыту-əдімтемелік орталығы

тел./факс:  8 (7172) 21-61-63; 21-58-31;

e-mail: kursyfprk@fprk.kz




3

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қызметкер тек қана мемлекеттік еңбек 

инспекциясының, сондай-ақ кəсіподақтардың 

көмегімен ғана өз құқықтарыңды іске асыра

аласың жəне қорғай аласың!

Еңбек бостандығына құқығың бар (ҚР ЕК 6-б.).

Кемсітушілікке тыйым салынған (ҚР ЕК 7-б.).

Мəжбүрлі еңбекке тыйым салынған (ҚР ЕК 8-б.).



Қызметкер, сенің құқығың бар (ҚР ЕК 22-б.):

  Еңбек  кодексіне  сəйкес  еңбек  шартын 



жасасуға,өзгертуге жəне бұзуға;

 еңбек шартында келісілген жұмысқа;



 уақытылы жəне толық көлемде өзінің біліктілігіне, 

еңбегінің күрделілігіне, атқарған жұмысының санына 

жəне сапасына сəйкес жалақы алуға;

 демалысқа, сонымен қатар ақылы жыл сайынғы 



еңбек демалысына;

  кəсіби  даярлануға,  қайта  даярлануға  жəне  өз 



біліктілігіңді арттыруға;

 бірігуге, кəсіби одақтар құруға жəне өзінің еңбек 



құқықтарын,  бостандығын  жəне  заңды  мүдделерін 

қорғау үшін оларға кіруге,

  өзіңнің  еңбек  құқықтарыңды,  бостандығыңды 



жəне заңды мүдделеріңді заңмен тыйым салынбаған 

тəсілдермен қорғауға;

 міндетті əлеуметтік сақтандыруға жəне т.б.




4

ҚЫЗМЕТКЕР, ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Жұмыс 


беруші 

жұмысқа 


қабылдағанда 

қызметкермен  еңбек  шартын  жасасуға  міндетті. 

Еңбек шарты жазбаша нысанда екі дана етіп жасала-

ды, оған тараптар қолдарын қояды. Еңбек шартының 

бір  данасы  қызметкерге  беріледі,  екіншісі  жұмыс 

берушіде сақталады.

Еңбек шарты:

 қызметкер мен жұмыс беруші қол қойған күннен 



немесе  онда  келісілген  мерзімнен  бастап  күшіне 

енеді


Жұмысқа қабылдау қалай ресімделеді?

Жұмысқа  қабылдау  жасалған  еңбек  шарты 

негізінде  шығарылған  жұмыс  берушінің  актісімен 

(бұйрығымен немесе өкімімен) ресімделеді.

Жұмыс  беруші  үш  күн  мерзімде  қызметкерлі 

актімен  таныстыруға  міндетті.  Жұмыс  берушінің 

актісімен  танысқаны  қызметкердің  қол  қоюымен 

куəландырылады. Қызметкердің талап етуі бойынша 

жұмыс  беруші  оған  актінің  жұмыс  беруші  растаған 

көшірмесін беруге міндетті.

Жұмысқа  қабылданған  кезде  жұмыс  беруші 

қызметкерді  ұйымдағы  ішкі  еңбек  тəртіптемесі 

ережелерімен,  жұмыс  берушінің  қызметкердің 

еңбек функциясына қатысы бар өзге де актілермен, 

ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.

Қызметкер  қашан  өз  міндеттерін  орындауға 

кірісуге міндетті?



5

Қызметкер  еңбек  шартында  белгіленген  күннен 

бастап  өз  міндеттерін  орындауға  кірісуге  міндетті. 

Егер  еңбек  шартында  жұмыстың  басталу  күні 

белгіленбеген  болса,  онда  еңбек  қатынастары 

қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады 

деп есептеледі (ҚР ЕК 38-б.).

Еңбек шартының мерзімі 

туралы есіңде болсын

Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге, бір жылдан 

кем емес белгілі бір мерзімге, мынадай жағдайларды 

қоспағанда:

 белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;



  жұмыста  уақытша  болмаған  қызметкерді  ауы-

стыру уақытына;

 маусымдық жұмысты орындау уақытына жаса-



луы мүмкін.

Егер  еңбек  шартының  қолданылу  мерзімі 

аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тəулік ішінде 

еңбек  қатынастарын  тоқтатуды  талап  етпеген  бол-

са, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып 

есептеледі.



Медициналық тексерулер 

Жұмысқа кіріскен кезде мединалық тексеру жұмыс 

берушінің есебінен жүргізіледі. 

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек 

шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеру-



6

ден кейін ғана жасалады жəне одан əрі қызметкерлер 

он  сегіз  жасқа  толғанға  дейін  жыл  сайын  міндетті 

медициналық тексеруден өтуге тиіс (ҚР ЕК 180-б.). 

Ауыр  жұмыстарда,  зиянды  жəне  қауіпті  еңбек 

жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлер 

үшін  жұмыс  беруші  мерзімді  медициналық  тексеру-

ден өз қаражаты есебінен жүргізеді (ҚР ЕК 312-б.).

Ерекше  қауіпті  жұмыстармен,  машиналармен 

жəне  тетіктермен  байланысты  жұмыстарда  істейтін 

қызметкерлер  ауысым  алдындағы  медициналық 

куəландырудан өтуге тиіс.



Еңбек кітапшасы туралы не білесің?

Еңбек  кітапшасы  қызметкердің  қызметі  жəне 

жұмыс стажы жұмыс туралы негізгі құжаттардың бірі 

болып табылады.

Тəртіптік жаза жұмыстан босату болып табылған 

жағдайды  қоспағанда,  еңбек  кітапшасына  тəртіптік 

жаза қолдану туралы жазбалар енгізілмейді. 

Қызметкердің  тілегі  бойынша  қоса  атқаратын 

жұмыс  туралы  жазбалар  қоса  атқаратын  жұмысты 

растайтын құжат негізінде енгізіледі.

Еңбек шарты тоқтатылған жағдайда жұмыс беруші 

қызметкерге  (соңғы  жұмыс  күні)  еңбек  кітапшасын 

беруі тиіс.



7

Жалақы төлеу жөніндегі құқықтарыңды 

қалай қорғауға болады?

Жалақы айына кемінде айына бір рет төленеді.

Жалақы  төлеу  кезінде  жұмыс  беруші  əрбір 

қызметкерге  тиісті  кезеңдегі  тиесілі  жалақының 

құрамдас  бөліктері,  жүргізілген  ұстап  қалулардың 

мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап 

қалынған жəне аударылған міндетті зейнетақы жар-

налары  туралы,  сондай-ақ  төленуге  тиісті  жалпы 

ақша  сомасы  туралы  мəліметтері  туралы  жазбаша 

түрде ай сайын хабарлауға міндетті. 

Жалақыны  жəне  қызметкермен  еңбек  шартын 

бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс 

берушінің  кінəсінен  кешіктірілген  кезде,  жұмыс 

беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді 

(ҚР ЕК 134-б.).

Қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы 

аптасына 40 сағаттан асатын болса, еңбекке 

ақы төлеу қалай жүргізіледі?

Еңбекке  уақыт  бойынша  ақы  төлеу  кезінде  үстеме 

уақыттағы  жұмысқа  қызметкердің    тарифтік  ставкасын 

(лауазымдық айлықақысын) негізде ала оты рып кемінде 

біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.Еңбекке 

кесімді  ақы  төлеу  кезінде  үстеме  уақыттағы  жұмысқа 

қызметкердің 

белгіленген 

тарифтік 

ставкасының 

(лауазымдық  айлықақысының)  кемінде  елу  проценті 

мөлшерінде қосымша ақы төленеді (ҚР ЕК 127-б.).




8

Жыл сайынғы ақылы 

еңбек демалысы туралы

Қызметкерлерге  ұзақтығы  күнтізбелік  жиырма 

төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі еңбек демалы-

сы беріледі.

Жұмыс берушінің актілерінде жəне еңбек шартын-

да,  ұжымдық  шартта  көп  күн  саны  көзделуі  мүмкін 

(ҚР ЕК 101-б.).

Жұмыстан босатылған кезде қызметкердің 

демалыс алуға құқығы бар ма?

Еңбек  шарты  тоқтатылған  кезде  жыл  сайынғы 

ақылы  еңбек  демалысын  (жыл  сайынғы  еңбек 

демалыстарын)  пайдаланбаған  немесе  толық 

пайдаланбаған 

қызметкерге 

жыл 

сайынғы 


ақылы  еңбек  демалысының  (жыл  сайынғы  еңбек 

демалыстарының)  пайдаланылмаған  күндері  үшін 

өтемақы төлемі жүргізіледі (ҚР ЕК 110-б.).

Кəсіптік одақтың мүшесі болып табылатын 

қызметкерлер үшін жұмыстан босатылған 

кезде қандай кепілдіктер бар?

Кəсіптік  одақтың  мүшесі  болып  табылатын 

қызметкерлермен жұмыс беруші өз бастамасы бойын-

ша, ұйым қызметкерлері санының немесе штатының 

қысқаруына  байланысты,  қызметкер  біліктілігінің 

жеткіліксіз  салдарынан  атқаратын  лауазымына  не-




9

месе  орындайтын  жұмысына  сəйкес  келмегендіктен 

біліктілік  комиссиясының  қорытындысымен  растал ған 

еңбек жағжайларының өзгеруіне байланысты қызметкер 

жұмысты  жалғастырудан  бас  тартқан  осы  ұйымның 

кəсіптік одағы органының дəлелді пікірін ескермей еңбек 

шартын бұзуға құқығы жоқ (ҚР ЕК 56-б.).

 

Еңбек шартының бұзылуына байланысты 



берілетін өтемақы төлемдерін алу құқығы

Қызметкерлердің:

 ұйым таратылған немесе қызметкерлердің саны 



немесе  штаты  қысқарған  жағдайда  еңбек  шарты 

бұзылғанда (ҚР ЕК 157-б.);

  еңбек  шартында  қызметкермен  келісім  бой-



ынша,  жұмыс  берушінің  қызметкерге  талаптарды 

сақтамай-ақ (еңбек шартын бұзу туралы хабарлама) 

бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде 

өтемақы төлегенде; 

 еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуына 



байланысты  еңбек  қатынастарын  жалғастырудан 

қызметкер  бас  тартқан  (ҚР  ЕК 61-б.)  жағдайда 

өтемақы төлемдерін алуға құқығы бар.

 Жүкті əйелдердің жəне үш жасқа дейінгі 

балалары барəйелдердің құқықтары 

Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде 

жүкті  əйелді  орташа  жалақысын  сақтай  отырып,  зи-

янды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың 




10

əсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті 

(ҚР ЕК 191-б.).

Жұмыс беруші жүкті əйелдің, үш жасқа дейінгі ба-

ласы  бар  ата-ананың  (асырап  алушының)  біреуінің, 

сондай-ақ  отбасының  ауру  мүшесіне  медициналық 

қорытындыға  сəйкес  күтім  жасайтын  қызметкердің 

жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс 

уақыты режимін береді (ҚР ЕК 189-б.). 

Жүктілікке жəне босануға байланысты 

демалыс туралы не білесің

?

1.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 

өзгеше  белгіленбесе,  əйелдерге  жүктілігіне  жəне 

босануына  байланысты  ұзақтығы  босануға  дейін 

күнтізбелік  жетпіс  күнге  жəне  босанғаннан  кейін 

күнтізбелік  елу  алты  (қиналып  босанған  немесе  екі 

немесе  одан  да  көп  бала  туған  жағдайда – жетпіс) 

күнге дейін ақылы демалыс беріледі;

2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі 

жəне  демалыс  əйелге  босанғанға  дейін  нақты 

пайдаланған  күндерінің  санына  жəне  жұмыс 

берушідегі  жұмысының  ұзақтығына  қарамастан, 

толық беріледі (ҚР ЕК 193-б.).

Баламен қалай боламыз?

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне бай-

ланысты жалақысы сақталмайтын демалыс əйелдің 

өтініші бойынша беріледі (ҚР ЕК 195-б.).




11

Баланы тамақтандыруға арналған 

үзілістер төленуге жатады

Баланы  (балаларды)  тамақтандыруға  арналған 

үзілістер жұмыс уақытына кіреді жəне орташа жалақысы 

мөлшерінде төленуге жатады (ҚР ЕК 188-б.). 



Əйелдерге демалыс алуға берілетін кепілдік 

Əйелге  қалауы  бойынша,  жүктілікке  жəне 

босануға байланысты демалыстың алдында немесе 

тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған 

демалыс  біткен  соң  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  де-

малысы  жұмыс  берушідегі  жұмысының  ұзақтығына 

қарамастан беріледі (ҚР ЕК 192-б.).

Балалардың күтіміне байланысты жалақысы 

сақталмайтын демалыс

Жұмыс беруші қызметкерге: 

1) ата-анасының қалауы бойынша – баланың ана-

сына не əкесіне;

2)  баланы  жалғыз  тəрбиелеп  отырған  ата-

анасының біреуіне;

3) баланы іс жүзінде тəрбиелеп отырған əжесіне, 

атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;

4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған 

қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін баланың 

күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын дема-

лыс беруге міндетті ( ҚР ЕК 195-б.).

Еңбек  шарты  тараптарының  келісімі  бойын-



12

ша  қызметкердің  өтініші  негізінде  оған  жалақысы 

сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Жалақысы  сақталмайтын  демалыстың  ұзақтығы 

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім 

бойынша айқындалады.

Жұмыс беруші:

1) неке тіркелген;

2) бала туылған;

3) жақын туыстары қайтыс болған;

4)  еңбек  шартында,  ұжымдық  шартта  көзделген 

өзге  де  жағдайлар  кезінде  қызметкердің  жазбаша 

өтініші  негізінде  күнтізбелік  бес  күнге  дейін  жалақы 

сақталмайтын демалыс беруге міндетті (ҚР ЕК 111-б.).

Сонымен  қатар  еңбек  шарттарында,  ұжымдық 

шартта төлем төлеу мəселесі ескерілуі мүмкін.



Əйелді ауыр жұмысқа ауыстырмақшы

Əйелдердің  еңбегін  ауыр  жұмыстарда,  еңбек 

жағдайлары  зиянды  (ерекше  зиянды)  жəне  (неме-

се) қауіпті жұмыстарда, өздері үшін белгіленген шекті 

нормалардан  асатын  жүкті  қолмен  көтеруіне  жəне 

жылжытуына байланысты жұмыстарда пайдалануға 



тыйым салынады (ҚР ЕК 186-б.).

жүктеу 57,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау