Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет42/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



112

113


«Ойыс»  және  «дөңес»  су  беті:  а  –  алыс 

көкжиек; б – жақын көкжиек

Жарықтың  жаңбыр  тамшыларынан 

сынуы, шағылуы және дифракциясы 



кемпірқосақ түрінде байқалады. 

АТМОСФЕРАЛЫҚ  РЕФРАК-

ЦИЯ (латынша «рефрактио – сыну») 

– жер бетіне жақындаған сайын ауа 

тығыздығы  артатын  болғандықтан, 

жарық  сәуленің  бастапқы  таралу 

бағытынан  ауытқуы  себепті  аспан 

шырақтарының (жұлдыздардың) және 

жер бетіндегі объектілердің көрінерлік 

қалпының ауытқып өзгеріп байқалуы. Жарық сәуленің атмосфера қабатындағы сы- 

ну  құбылысы  (рефракциясы)  аспан  шырақтарының  көрінерлік  қалпының 

«бұзылып»  ығысып  көрінуін  тудырады,  көрінерлік  көкжиектің  биіктігінің 

аласарып  (төмендеп),  қысыңқылы  немесе  көкжиектің  биіктеп  жоғарылап 

байқалуына, әртүрлі сағымның көрінуіне әкеп соғады. Жарық сәуленің рефракция- 

сы бұлардан өзге құбылыстарды – 

жұлдыздардың жыпылықтауын, кездейсоқ 

рефракция түрлерін, жарық шоғының дақты (шұбарланған) құрылымдарын ту-

дырады. Көкжиекке жақындаған (шамамен 35° бұрышқа) көрініс барынша үлкен 

өзгеріске ұшырайды. Атмосфералық рефракцияның салдарынан аспан шырақтары 

көкжиектен біршама «көтеріліп» көрінетін болады. Күн мен Айдың дискілері күн 

батар және шығар кездері 



екі бүйірі томпайып шығып жалпайып (созылыңқы 

болып) байқалады. 



АТМОСФЕРАЛЫҚ ЭЛЕКТР – атмосферада жүзеге асатын электр құбы- 

лыстары мен үрдістердің: атмосфераны электр өрісінің ауаның иондалу және 

электрөткізгіштігінің, бұлттардың және жауын-шашынның электр зарядтарының 

атмосферадағы электр тогы мен разрядтарының жиынтығы. Тропосферадағы бүкіл 

бұлттар және жауындар, тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электрмен зарядталған 

болады. Жер бетіне жуықтау аймақта тұрақты, белгілі бір кернеулікті электр өрісі 

болады. Бұл кернеулік (Е) орташа есеппен 130 В/м шамасындай болады (мұндағы 

В – вольт, м – метр). Жер шамамен 3·10

5

 Кл теріс зарядты болады (мұндағы  



Кл – Кулон). Бүкіл атмосфера оң зарядты. Электр өрісінің кернеулігінің (Е) шамасы 

орта ендікте үлкен болып Жер полюсі мен экваторға қарай кемиді. Е атмосфераға 

кернеулік (Е) Жерден жоғары көтерілген сайын кемиді, шамамен 10 км биіктікте 

бірнеше В/м шамасында ғана болады. 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



112

113


А т м о с ф е р а н ы ң  э л е к т р  ө р і с і. Тропосферадағы барлық бұлттар, 

тұмандар, шаң-тозаңдар әдетте электр зарядты болады; тіптен таза атмосфераның 

өзінде тұрақты түрде электр өрісі болады. Жер беті мен ионсфераның аралығын-

дағы потенциалдар айырымы 200–500 кВ шамасына тең. 

А т м о с ф е р а н ы ң  н е г і з г і  и о н д а у ш ы л а р ы: 1) атмосфераның 

бүкіл қалыңдығына әсер етуші ғарыштық сәулелер; 2) Жерде және ауада болатын 

радиоактивті заттардың сәулелері; 3) 50–60 км биіктікте Күннің ультракүлгін және 

корпускулалық сәулелері болып есептеледі. 

А т м о с ф е р а д а ғ ы  т о к т а р. Атмосферадағы электр өрісінің кернеулігінің 

әсерінен Жер бетіне қарай тік бағытталған өткізгіштік ток «ағады». 

Н а й з а ғ а й. Бұлттар тудыратын сызықтық найзағай көптеген бөлшектердің 

арасында электродтар жоқ кезде туындайтын 



ұшқынды разрядтың бір түрі 

болып табылады. 

Э л ь м а  о т т а р ы. Жер бетінде кернеулігі 130 В/м тұрақты электр өрісі 

болады. Осы шама 500–1000 В/м-ден артқанда өзіне тән шуыл таралып, үшкір, 

созылыңқы заттарда (шөптердің, ағаштардың, электр тарату желілері діңгектерінің 

ұштарында) электр разряды пайда бола бастайды. Өріс күшейген сайын разряд 

көріне бастайды, кейде едәуір жарқырап 

тәж пішінде байқалады. Атмосферада 

пайда болған осы электрлік тәж көбінесе 



әулие Эльманың оты деп аталады. Бұл 

оттар әсіресе таулар мен теңіздерде байқалады. Биік құрылыстарда (телевизиялық 

мұнарада т.б.) тәж тогы 10 мА-ден асады. Ұшақтардың бұлт арасымен ұшуы 

кезінде оның үшкір ұштарында әлгіндей тәж токтары пайда болады, осы токтар 

радиоқабылдағыштарға 

бөгеуіл келтіреді. 

АТМОСФЕРИКТЕР (ағылшынша – атмосфералық) – атмосферадағы (мы-

салы,  найзағайда)  электр  разрядтар  кезінде  шығарылатын  радиосигналдар. 

Радиоқабылдауға  бөгеуіл  жасайды,  әсіресе  аса  ұзын  және  ұзын  толқындарда 

жиірек байқалады.



Ысқырғыш атмосфериктер – найзағайдың разрядталуы кезінде жер атмо- 

сферасында туатын импульстік сигналдар. Бұл атмосфериктердің максимумы ω 

~1 – 10 кГц (кило Герц) жиілік аймағында болатын кең алқапты алып жатады. 

Жер бетінде туатын әлгіндей жиілікті радиотолқындар Жердің магнит өрісінің 

күш  сызықтары  бойымен  таралып,  ионсфера  арқылы  өтіп, 

түйіндес нүктеде 

қайтадан Жер бетіне жетеді. Сол себепті кеңалқапты қабылдағыштарда алды-

мен жоғарыжиілікті сигнал, сонан соң едәуір төменгі жиілікті сигнал естіледі. 

Осы сигналдар жиілігі біртіндеп бәсеңдейтін 



«ысқырық» секілді дыбыс болып 

естіледі.




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



114

115


АТО М   ( г р е к ш е   « атом о с   – 

бөлшектенбейтін»)  –  заттардың 

өлшемдері  мен  массаларының 

микроскопиялық  (микробөлшек) 

бөлігі,  химиялық  элементтің  өзіне 

тән қасиеттерін тасушы (сақтайтын) 

ең кіші бөлігі. Химиялық элементтің 

әрқайсысына  шартты  белгімен 

белгіленетін  белгілі  бір  текті  атом 

сәйкес келеді. Атом еркін (газда) және 

байланысқан күйлерде болады. Атом 

бірімен-бірі  тікелей  немесе  молеку-

ла  құрамында  байланысып  –  сұйық 

және қатты дене құрайды. Атомның 

барлық  химиялық  және  физикалық 

қасиеттері  атом  құрылымдарының 

ерекшеліктерімен анықталады. 

Атом  оң  электр  заряды  бар  ауыр 



ядродан  және  оның  төңірегін  ай-

налдыра қоршаған жеңіл бөлшектер 

–  теріс  зарядты  электрондардан 

түзілген 



электрондық қабықшадан 

құралған.  Атомның  өлшемдері 

бүтіндей  электрондық  қабықшаның 

өлшемдерімен  анықталады  және  де 

бұл өлшем атом ядросының өлшемімен 

салыстырғанда  одан  үлкен  болады, 

атомның сызықтық өлшемі жуықтап 

алғанда ~10

–8

 см, ядросынікі ~10



–12

10



–13

  см.  Электрондық  қабықшаның 

қатаң шекарасы жоқ, атомның өлшемдері осы өлшемдерді анықтау тәсілдеріне 

байланысты болады. 

Ядроның заряды – атомның негізгі сипаттамасы болып табылады, ол белгілі 

элементке  тән  болуына  байланысты;  ядроның  заряды қарапайым  бөлшектің 

электр  зарядына  (е)  бүтін  еселік  болады,  абсолюттік  шамасы  бойынша  –е 

электр зарядына тең, яғни +еZ-ге тең, мұндағы Z – атомдық нөмір (элементтер 



Ежелгі грек ойшылдары бүкіл дүние құралатын 

атомдардың  төрт  түрі  және  олардың  түрі 

сызбада көрсетілгендей болады деп болжаған. 

Ежелгі  аңыз  бойынша  біздің  заманымыздан 

бұрынғы  VI–V  ғасырларда  ежелгі  грек  ой-

шылдары  арасында  таралған  «Әлем  неден 

құралған?»  деген  сұраққа  ойшыл  Левкипп 

(б.з.б.  500–440)  кәдімгі  алманы  бөлшектеп 

отырып,  оны  қаншалықты  ұсақтап  бөлуге 

болады деген ойға келген. Алманың ең соңында 

бөлшектенбейтіндей  өте  ұсақ  түйіршекке 

келетіндігі  туралы  қорытындыға  келеді. 

Осылайша бөлшектенбейтін материяны ол өз 

тілінде (яғни грекше) атом деп (яғни сөзбе-cөз 

тәржімелегенде  «ұсақталмайтын»  немесе 

«бөлшектенбейтін»  бөлшек)  атап,  «атом» 

ұғымы  қалыптасқан.  Левкипптің  шәкірті 

Демокрит (б.з.б. 460–371) ұстазының идеясы-

нан  жаңа  философия  тұжырымдаған.  Оның 

тұжырымы бойынша «Әлемнің бастамасы – 

атомдар мен бос кеңістік» деген қорытынды 

орныққан. 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау