КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
498
499
к
178
∑
тұрақтысы. Кейде В = nk/λ (λ – жарық толқынының ұзындығы) шамасы да
Кеер
тұрақтысы деп аталады. Керр тұрақтысы
оң және
теріс шама бола алады. Оның
шамасы заттардың агрегаттық күйлеріне (газдар үшін k ~ 10
–15
СГСЕ бірлігі,
сұйықтар үшін
k ~ 10
–12
СГСЕ бірлігі), температураға (температура артқанда Керр
тұрақтысы азаяды), сонымен қатар заттардың молекулаларының құрамына тәуелді
болады.
М а г н и т о п т и к а л ы қ Керр эффектісі жазық полярланған жарық
магниттелген ферромагнетиктен шағылысып эллипстік полярланған болады,
эллипстің полярланған ұзын осі түскен жарықтың полярлану жазықтығына
қатысты бір шама бұрышқа бұрылады. Осы магнитоптикалық құбылыс Фарадей
эффектісіне ұқсас табиғатты болады және кванттық теориямен түсіндіріледі.
Жарық шоғының түсу жазықтығы бойынша Керр эффектісі: полярлық,
меридиандық және экваторлық деген үш түрге ажыратылған. Аталған бағыттар
2-сызбада бейнеленген. Магнитоптикалық Керр эффектісі ферромагнетик
металдардың және қорытпалардың
электрондық құрылымдарын, домендік
құрылымдарын зерттеу үшін қолданылады.
Керр эффектісін 1910 жылы француз физигі Поль
Ланжеван (1872 – 1946),
одан кейін 1918 жылы неміс физигі Макс
Борн (1882 – 1970) түсіндірген.
Бағытталған Керр эффектісі – электр өрісін диполдік моменті болатын заттар
молекулаларының өрісі бойынша бағыттайды және полярландыру Керр эф-
фектісі меншікті моменті болмайтын молекулаларда (немесе атомдарда) ди-
польдік момент индукциялайды. Осының нәтижесінде сыну көрсеткіштері
(жалғастырушы бойынша және көлденеңінен полярланған жарықтың заттар-
дағы таралу жылдамдығы) әртүрлі болады да, сәуленің қосарланып сынуы пайда
болады.
КЕРІЛУ, б е т т і к – беттік керілуді тудыруға шығындалған жұмыспен
сипатталатын екі ортаның бөліну (ажырау) беттерінің қасиеті.
КЕСКІН – нәрселердің көрінетін (кейде көрінбейтін) оптикалық және басқа
физикалық құбылыстарға байланысты пайда болатын бейнесі (пішіні).
Дифракциялық кескін – электрмагниттік сәулелер немесе бөлшектер
шоқтарының дифракциялары арқылы кристалдық торларды немесе өзгедей
кеңістіктік периодты құрылымдарды кескіндеу.
Жорымал кескін – нысаннан (объектіден) келетін сәулелердің жалғасына
қарама-қарсы бағытталған сәулелердің қиылысуынан пайда болатын оптикалық
кескін. Жорымал кескінді экранға немесе фотопленкаға түсіру мүмкін емес.
Бірақ та жорымал кескін өзгедей оптикалық жүйеге қатысты (мысалы, көзге
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
500
501
немесе жинақтауыш линзаға) нысан (объект) ретінде пайдаланылады, осының
нәтижесінде жорымал кескін нақты шын кескінге айналады.
Оптикалық кескін – оптикалық жүйенің нысан (объект) тарататын (шыға-
ратын) және нысанның контуры мен бөліктерін қайта жаңғыртатын сәулеге әсер
етуі нәтижесінде пайда болатын сурет.
Стереоскоптық кескін – заттың сыртқы көрінісі көлемді болып көрінетін
оптикалық кескін.
Стигматикалық кескін – оптикалық жүйемен нысанның (объектінің) әрбір
нүктесі кескінделетін, нысанның бір нүктесіне сәйкес болып кескінделетін
оптикалық кескін.
Шын кескін – нысаннан (объектіден) таралып келетін сәулелердің қиылысуынан
пайда болатын оптикалық кескін.
КЕСКІН ИМПУЛЬСІ (латынша «импульс – соққы, түрткі») – жеке-дара
импульстік сигнал (шартты белгі, таңба).
К-ҚАРМАУ –
бета-ыдырау кезіндегі атом ядросының өзіне жақын орналасқан
К-электрондық қабықшадан электронды қосып алуы. Қозған атомның ядросының
өзінің төңірегінде жақын орналасқан «К» әрпімен белгіленген орбита бойынша
айналып жүрген бір электронды «ұстап» (қармап) алуы себепті осылайша аталған.
Осының нәтижесінде әлгі атомның ядросы
химиялық элементтердің периодты
жүйесі кестесіндегі реттік нөмері бір бірлікке кем элементтің атом ядросына
(атом ядросының оң зарядының біреуі кем) айналады, бірақ массалық саны
алғашқысынан өзгермейді, яғни басқа бір элемент ядросының изомері болады.
Мысалы, 4 протоннан және 3 нейтроннан (барлығы 7 нуклоннан) құралған
берилий-7 К («ка») орбитасынан өзінің бір электронын «ұстап» алып, 3 протоннан
және 4 нейтроннан (мұның да барлығы 7 нуклон) құралған литий-7 атомының
ядросына түрленеді. К-қармау кезінде атомның электрондық қабықшасынан
оның бір электроны «жоғалып» кететіндіктен (жай ғана жұлынып тасталмайды),
бір атомның ядросының өзге бір атом ядросына
түрлену үрдісі (процесі) рентген
сәулесінің кванты мен нейтриноның шығарылуымен қабаттасады.
КИЛО... (французша «кило», грекше «килио – мың») – сөздің алғашқы бөлігіне
бастапқы еселік бірлік атауын құру үшін пайдаланылатын бастапқы бірліктен 1000
есе артық физикалық шама, к, k таңбаларымен белгіленген.
КИЛОВАТТ (кВт, кW) – ваттқа еселік бірлік. 1 кВт = 1000 Вт = 1010 эрг/сек
= 101,97 кгкүш·м/сек = 1,36 а.к. (ат күші) = 859,84 ккал/сағ.
КИЛОВАТТ-САҒАТ (кВт·сағ, кW·һ) – электртехникада қолданылатын
энергияның немесе жұмыстың жүйеден тыс бірлігі. 1 кВт·сағ = 3,6·106 Дж.