Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
292
293
Қатты денелерде диффузияның өтуінің: атомдардың
вакансиялармен
(кристалдық тордың бос түйіндерімен) орындарын алмастыру және атомдардың
түйіндер арасында орын ауыстыру, бір мезгілде әлденеше атомның циклдік орын
алмастыру, көрші екі атомның орындарының тікелей алмасу тәсілдері бар.
Диффузия ортада тек шоғырлану градиенті болғанда ғана емес, сонымен қатар
зарядты бөлшектердің сыртқы электр өрісінің ықпалымен (э л е к т р л і к д и ф ф у
з и я), ауырлық күш немесе қысым тудыратын (б а р о д и ф ф у з и я), бірқалыпсыз
қызған ортада термодиффузия пайда болады. Газдардың кеуек қабаттар арқылы
немесе бу ағыны арқылы диффузиялануы и з о т о п т а р д ы ажырату үшін пай-
даланылады. Сұйық ерітінділерде еріткіштер молекулаларының жартылай өтімді
қабаттар (мембраналар) арқылы диффузиялануы осмостық қысым тудырады, осы
жайт заттарды ажырату үшін пайдаланылады.
Амбиполярлық (екіжақтылық) диффузия – плазмада немесе электролитте
жүзеге асатын қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бір бағыттағы бірлескен
диффузиясы.
Спиндік диффузия – Кюри температурасының маңайындағы ферромагнетиктің
немесе Неель температурасының маңайындағы антиферромагнетиктің артық
магниттелушілігінің диффузиялар заңы бойынша жүзеге асырылып үлестірілуі.
ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАМЕРА – зарядты бөлшектердің тректерін (іздерін)
Вильсон камерасындағыдай бақылауға арналған аспап. Бұл камерадағы трек-
тер спирттің аса қаныққан буының сұйық тамшыларынан түзіледі, бұлардың
асақанығуы камераның ыссы қақпағынан шығатын (таралатын) ағынның
камераның түп жағындағы едәуір салқын қақпағына қарай үздіксіз бағытталған
ағыны есебінен пайда болады. Диффузиялық камераның Вильсон камерасынан
айырмашылығы ондағы асақанығу тұрақты түрде (диффузиялық камераның
бірқатар қабаттарында) ұсталады, сол себепті диффузиялық камера зарядталған
бөлшектердің иондарын үздіксіз «сезетін» болады. Бұл камераны 1936 жылы
американ физигі А.
Лангсдорф ойлап тапқан.
ДИФФУЗОР – ағын арнасының сұйықтың
немесе газдың ағыны тежелетін және қысымы
артатын бөлігі. Диффузор арналу мақсаты және
геометриялық пішіні бойынша соплоға кері
құрылғы. Орташа жылдамдықтың төмендеуі
салдарынан ағын бағытында қысым арта-
ды және ағынның кинетикалық энергиясы
ішінара потенциалдық энергияға түрленеді.
Дыбыс жылдамдығына дейінгі жыл-
дамдықты дөңгелек қималы диффузор:
1 – диффузорға кіреберістегі қима;
2 – диффузордың соңындағы қима;
3 – жылдамдықтың артуы; 4 – қай-
тымды ағыс; 5 – ағыс айналымы
Д
100
∑
ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ
292
293
Диффузордағы энергияның түрленуі соплодағы түрленуден өзгеше
энтропия-
сы едәуір артады және толық қысым кемитін болады. Ағынның кинетикалық
энергиясының шығындалған бөлігі құйындардың пайда болуына әрі оның сөнуіне
жұмсалады және кедергі күшке қарсы жұмыс жасайды әрі қайтымсыз жылуға ауы-
сады. Дыбыстық асқынжылдамдық жағдайында диффузорға енер тұстағы тежелу
соққы толқындар аймағында жүзеге асырылады.
ДИХРОЙЗМ (грекше «ди – екі» + «хрома – түс») – оптикалық өстің бойы-
мен өзара перпендикуляр бағыттардан бақылау кезінде бір өсті кристалдардан
өтуші сәулелердің қосарланып сынуының әртүрлі түсті болып көрінуі. Дихройзм
п л е о х р о й з м н і ң (көп түстіліктің) дербес жағдайы.
Сызықты дихройзм – кәдімгі және өзгеше (кәдімгі емес) сәулелердің
айырмашылығы себеп болатын дихройзм.
Циркулярлы дихройзм – оң жақ және сол жақ циркулярлы полярлануы болатын
жарық үшін әртүрлі жұтылу айырмашылығы себеп болатын дихройзм.
ДИЭЛЕКТРИКТЕР (грекше «диа – арқылы» + ағылшынша «электрик –
электр») – электр тогын нашар өткізетін заттар. «Диэлектрик» деген ғылыми атауды
1839 жылы ағылшын физигі Майкл
Фарадей (1791–1867) енгізген. Диэлектриктер
оң зарядтары мен теріс зарядтары тең мөлшерде болып келетін атомдар мен моле-
кулалардан құралған. Заттар электр өткізгіштік қасиетіне қарай ток өткізгіштер,
т о к ө т к і з б е й т і н д е р және токты жартылайөткізгіштер болып бөлінеді.
Диэлектриктердің электрөткізгіштігі ме-
талдармен салыстырылғанда өте төмен.
Диэлектриктердің электрөткізгіштігінің
мөлшерлік айырмашылығын классикалық
физика металдарда еркін электрондардың
болатындығымен, ал диэлектриктердегі
бүкіл
электрондардың атомдармен бай-
ланысты болатынымен түсіндірді. Электр
өрісі ол электрондарды атомдардан жұлып
шығармайды, тек сәл ғана ығыстырады
делінді. Қатты денелердің к в а н т т ы қ
теориясы металдар мен диэлектриктердің
электрлік қасиеттерінің әрқилы болатынын
электрондардың энергия деңгейлері бой-
ынша таралу сипатының әртүрлі болуымен
түсіндірді. Диэлектриктердегі электрондар-
Диэлектриктердің: а
– иондық; б –
электрондық; в
– бағдарлану полярла-
нулары.