Жоба орындаушысы



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет7/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53

222 
 
қорғау  нұсқамасын  шығаруға (10-б. 10-т.),  ал  соттардың  тұрмыстық 
зорлық-зомбылық жасаған адамдардың мінез-құлқына қатысты ерекше 
талаптарды қоюға құқығы бар (10-б. 13-т.). 
Осы уақытта оқу мекемелерінде, балаларға арналған интернаттық 
үлгідегі  мекемелерде  жəне/немесе  қоғамнан  уақытша  оқшаулауды 
қамтамасыз  ететін  мекемелерде  жəне  балаларды  түзеу  мекемелерінде 
профилактиканың  көрсетілген  мəселелеріне,  ерте  анықтауға  немесе 
араласуға қатысты тиімді заңнама жоқ.  
Қазақстандағы  нормативтік-құқықтық  база  интернаттық  үлгідегі 
мекемелерде,  қоғамнан  уақытша  оқшаулауды  қамтамасыз  ететін 
мекемелерде  жəне  балаларды  түзеу  мекемелерінде  еркек  жəне  əйел 
жынысты  тəрбиеленушілерді  бөлуді  көздейді;  дегенмен  ол  осындай 
мекемелерде  балалардың  жасына  қарай  тəрбиеленушілерді  топтарға 
бөлу  бойынша  ұқсас  ережелерді  қарастырмайды
7
.  Бұл  жуырда  ғана 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мекемелерінде  жəне  мемле-
кеттік  интернаттық  мекемелерінде  балаларға  қатысты  зорлық-зомбы-
лықты  бағалау  мақсатында  жүргізілген  тексеру  көрсеткендей,  барлық 
жастағы  балаларды  бір  мекемеде  қалдыру  жасы  үлкен  балалардың 
кішкентай  балаларға  қатысты  күш  қолдануымен  жəне  қатыгез 
қатынаспен  ұштасатынын  көрсетеді.  Бұл  бағалау  дəлелдегендей, 
мемлекеттік интернаттық мекемелерінде балаларға қатысты жасалатын 
зорлық-зомбылық психологиялық зақымдарға, өз дене мүшесіне зақым 
келтіруге  жəне  суицид  мінез-құлыққа,  дене  зақымдарына,  ал  кейбір 
жағдайларда, тіпті, балалардың қайтыс болуына əкеп соқтырады. (18)  
Сондай-ақ  оқу  мекемелерінде,  балаларға  арналған  интернаттық 
үлгідегі  мекемелерде,  қоғамнан  уақытша  оқшаулауды  қамтамасыз 
ететін  мекемелерде  жəне  балалар  түзеу  мекемелерінде  қызмет-
керлердің  тарапынан  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылық  елеулі 
мəселе болып табылатыны тіркелген.  
Қазақстанда  педагогтық  құрамды  іріктеу  өлшемдерін,  сондай-ақ 
дағдылардың  болмауына  байланысты  лауазым  талаптарына  сай 
келмейтін  немесе  құқыққа  қарсы  əрекеттерді  жасауда  кінəлі  деп 
танылған  жағдайда,  қызметшіні  лауазымынан  шеттету  мүмкіндігін 
көздейтін нормативтік актілер бар
8
.  
                                                            
7
  «Ерекше  режимде  ұстайтын  білім  беру  ұйымы  туралы  ережені 
бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің 
2005  жылғы 5 ақпандағы  № 68 бұйрығына  сəйкес  Ерекше  режимде 
ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ер 
балалар мен қыз балаларға жеке құрылады. 
8
  «Жалпы  орта  білімнiң  білім  беру  бағдарламаларын  iске 
асыратын білім беру ұйымдары қызметінiң үлгi ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сəйкес ұйымға педагогикалық 
жұмысқа  біліктілік  сипаттаманың  талаптарына  сай  келетін,  қажетті  кəсіптік-
15 
 
«Біздің  мектепте  мұндай  жағдайлар  жоқ,  басқа 
мектептерде  қалай  екенін  білмеймін,  бірақ  бізде  мұндай 
кездескен емес» 
«Біздің мектепте мұндай жоқ» 
«Мұндайды көрмегенмін, байқамадым» 
«Менің тəжірибемде мұндай болған емес» 
«Жоқ, мұндай болған емес. Бізде сынып жетекшісі жақсы 
жұмыс істейді» 
«Білесіз бе, мұндай бізде болмайды» 
«Кейде  иығымен  қағып  кетеді,  бірақ  мұндай  жанжалдар 
жылдам шешіледі» 
«Кітаптарды,  дəптерлерді,  заттарды  жырту  жағдай-
лары  болған  емес  əрине.  Вербальды  емес  агрессияны 
көрсетпейді» 
«Менің  тəжірибемде  біздің  мектепте  мұндай  жағдайды 
байқамадым. Тұрақты түрде алдын алу жұмыстары жүргізіліп 
тұрады. Инспектор дəріс оқиды – оқушылар өзінің ережелерін, 
өз құқықтарын, қателіктерін біледі»  
 
Мектептегі  оқу  үдерісі  барысында  туындайтын  жанжал 
жағдайлары  бала  агрессивтілігінің  негізгі  факторларының  бірі 
болып  табылады.  Қазақстандық  мектептерде  білім  алатын 
балалардың  ата-аналары  мұғалімдер  тарапынан  күш  көрсетудің 
жоқтығын айтады.  
Мұғалімдер  тарапынан  денеге  күш  қолданудың  жоқтығын 
ата-аналардың 91%-ы  атап  өтті.  Ата-аналардың 89,2%-ы 
балаларын  келемеждеу  жағдайларымен  кездеспегендіктерін 
айтты.  
Ата-аналардың 87,4%-ы  мектеп  мұғалімдері  тарапынан 
рухани кемсіту жəне келемеждеу жəйттарын жоққа шығарды.  
Респонденттердің 82,4%-ы  балалардың  бағаларын  əдейілеп 
төмендетумен  байланысты  мұғалімдердің  балаларға  деген 
субъективті қатынасын ешқашан кездестірмегендіктерін айтты.  
Мұғалімдердің бүкіл сынып алдында баланы кемсіту немесе 
келемеждеу,  төмендету,  күш  жұмсау  жағдайлары  өте  сирек 
кездесетіндігін респонденттердің 3,6%-ы атап өтті (12-кесте). 
 


16 
 
12-кесте.  
Сіздің балаңыздың өмірінде соңғы уақытта мұғалімдерге 
қатысты келесі жағдайлар болды ма? (n=222) 
Жауап нұсқалары 
Ешқашан  Кейде   Жиі  
Жауап 
беру қиын 
Оған теріс түсінікпен 
қарап, негізсіз оның 
бағасын төмендетті 
82,4 8,6  
3,7 
5,4 
Оны сынып алдында 
мазаққа айналдырды 
89,2 3,6  
1,0 
6,3 
Оны дөрекі тыйып 
тастады 
84,7 5,9  
1,4 
8,1 
Оны қорлап, тіл тигізген 87,4 
3,6 
 1,4  7,7 
Оған қол көтерді 91,0 
3,6 

5,4 
 
Социологиялық сауалнама нəтижесі бойынша анықталғаны: 
Астана жəне Алматы қалаларында білім алатын балалардың ата-
аналары  балалардың  агрессиясын  мұғалімдер  өздерінің  əртүрлі 
жағымсыз  əрекеттерімен  туындататындығын  атап  өтті.  Астана 
қаласының  ата-аналарының 16,6%-ы  мен  Алматы  қалаларының 
ата-аналарының 16,7%-ының  жауаптары  бойынша,  мұғалімдер 
негізсіз олардың балаларының бағаларын төмендеткен. Мұғалім-
дердің  балаларына  деген  дөрекі  қатынасына  Астана  қаласы 
оқушылары  ата-аналарының 10%-ы  мен  Алматы  қаласы  ата-
аналарының 30,9%-ы шағым айтқан.  
Бұл  ең  алдымен,  республикалық  деңгейдегі  қалаларда 
тұратын  ата-аналардың  мұғалімдерге  қоятын  талаптардың 
жоғары болуымен түсіндірілуі мүмкін.  
Қарағанды облысының ата-аналарының 100%-ы мұғалімдер 
тарапынан 
олардың 
балаларын 
төмендету, 
келемеждеу 
жағдайларының  болмағандығын  айтқан.  Қарағандылық  ата-
аналардың 95,5%-ы бағаны төмендету, бүкіл сыныптың алдында 
кемсіту жəне денеге күш қолдану жəйттерін жоққа шығарды.  
Қостанай  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  ата-
аналарының 100%-ы  мұғалімдер  бүкіл  сыныптың  алдында 
кемсіту тəрізді əрекеттерге жол бермейтіндіктерін атап өтті.  
Жамбыл  облысы  ата-аналарының 100%-ы  мұғалімдердің 
балаларға  күш  қолдану  жағдайларымен  кездеспегендіктерін 
айтты (13-кесте). 
221 
 
бостандығынан  заңсыз  айыру  жəне  адамды  пайдалану  жағдайлары 
жиынтығы бойынша ҚК 126-бабы бойынша жəне тиісінше ҚР ҚК 128 
не 133-баптары бойынша саралануы тиіс.  
 
 
Білім беру мекемелеріндегі  
зорлық-зомбылықтан қорғау 
 
1994  жылы  Қазақстан  БҰҰ  Баланың  құқықтарын  қорғау  туралы 
конвенциясын  (бұдан  əрі – БҚК)  ратификациялады.  БҚК  мемлекетке 
балаларды  зорлық-зомбылықтың  барлық  түрлерінен  қорғауды 
тапсырады  жəне  оның  рөлін  балалар  саулығының  соңғы  төрешісі 
сияқты айқындайды. БҰҰ БҚК сəйкес 1995 жылғы ҚР Конституциясы 
балаларға  қатыгездікпен  қарауға  қатаң  тыйым  салады.  Бұдан  басқа, 
2002  жылғы  «Баланың  құқықтары  туралы»  ҚР  Заңының 10-бабы 
баланың  құқықтарын  жəне  «оны  тəнiн  жəне  (немесе)  жанын 
жəбiрлеуден,  адамдық  қадiр-қасиетiн  қатыгездiкпен,  дөрекiлiкпен 
қорлаудан» қорғауды қамтамасыз етеді.  
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  баптары 
балаларды  жеке  жəне  қоғамдық  салалардағы  зорлық-зомбылықтан 
қорғауды 
қамтамасыз 
еткенімен, 
осы 
уақытта 
мұғалімдер, 
медициналық қызметкерлер жəне/немесе əлеуметтік қызметшілер үшін 
хабардар ету міндетін орнататын бап жоқ, себебі бұл балаларға қарсы 
зорлық-зомбылыққа қатысты.  
Дегенмен 2011 жылғы  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  жəне  отбасы 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Кодексінің 67-бабына  сəйкес 
баланың  өмiрiне  немесе  денсаулығына  қауiп  төнгендiгi  туралы,  оның 
құқықтары  мен  заңды  мүдделерiнiң  бұзылғандығы  туралы  өздеріне 
белгiлi  болған  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың  лауазымды 
адамдары  жəне  өзге  де  азаматтар  бұл  туралы  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органға 
хабарлауға мiндеттi.  
«Неке  (ерлі-зайыптылық)  жəне  отбасы  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Кодексімен  қатар,  үйде  жəне  отбасында  балаларға 
қарай  жасалған  зорлық-зомбылыққа  қатысты 2009 жылғы  «Тұрмыс-
тық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы да қызмет 
етеді.  Осы  заң  ұйымдастырушылық  негіздерді  орнатады  жəне 
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын  алу  жəне  тұрмыстық  зорлық-
зомбылық  құрбандарына,  оның  ішінде  кəмелетке  толмағандарға 
қызмет  көрсету  үшін  жауапты  мемлекеттік  органдарды  айқындайды, 
бұл  баланың  құқықтары  туралы  Конвенцияның 19-бабының 
ережелеріне сəйкес келеді. Осы заңға сəйкес ішкі істер органдарының 
тұрмыстық  зорлық-зомбылық  жағдайлары  орын  алған  жағдайларда 


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау