164
3-жаттығу. «Темір жол кассасы»
Жүргізуші.
«Өзіңізді вокзалдамын деп елестетіңіз, сіз
мінетін поезд 15 минуттан кейін жүргелі тұр. Кассада бір
билет қалды, бірақ кассир билетті сатпай тұр. Сізге билетті
сатуына кассирді сендіру керек».
Өзіне-өзі сенімсіз, ұялшақ бала «кассир» етіп таңдап
алынады.
Қандай-да бір жағдай болған кезде жолаушыларды
сыртқа шығаратын «күзетші» таңдалынады.
Қатысушылар кассаның алдына кезекке тұрады. Жетекшінің
белгісімен касса ашылады да тура 15 минуттан кейін жабылады.
Талқылау жүргізіледі. «Кассир» кері байланыс жасайды : Ол
кімге билет сатар еді? Не үшін? Кімге сатпас еді? Не үшін?
«Кассир» үшін дұрыс нұсқа жасалынады.
«Психоэмоционалды тренинг»
Бұл
тренинг
баланың
агрессивтілігін
төмендетуге
бағытталған. Психотерапия мамандары жағымсыз энергияны
сыртқа шығарып, олардан босану керектігін жəне өз эмоциялары
мен күйлерін бақылау керектігін айтады. Сондықтан да
эмоциялық, еріктік, адамгершіліктік жəне жүріс-тұрыстық
салаларда өзгерістерді ынталандыру үшін келесі жаттығулар
ұсынылады.
1-
БӨЛІМ
Агрессивтік реакциялар мен күйлерді жүріс-тұрыстық
деңгейде бойдан кешіру бойынша жаттығулар. Бұл сырттай
агрессияны азайтуға бағытталған вербальды немесе дене
əрекеттері түрінде болуы мүмкін. Бұл блоктың мақсаты:
агрессияны сыртқа шығара отырып, ішкі ширығуды төмендету.
1-жаттығу
Орындалу тəртібі:
балалар бірінің иығына бірі қолдарын
қойып бірінің артына бірі тұрады, паравоз құрады. Жүргізушінің
«паровоз» деген бұйрығынан соң қозғалысты бастайды: дыбыс
шығарады, ысқырады, дөңгелегі бір такт бойынша істейді,
балалар бір-біріне сəйкес қимылдауға тырысады. Паровоз түрлі
бағыт бойынша жүреді , баяу жүреді, басқа бағытқа ауысады,
73
7. Демонстративтілік (Д). Қол əртүрлі тəсілдермен өзін
көрсетуге тырысады, қолдың демонстративті əрекетке қатысуы
(сақинаны көрсету, маникюрын көрсету, қабырғада көрсету,
билеу, музыкалық аспапта ойнау жəне т.б.).
8. Жарымжандық (УВ). Қол зақымдалған, ауру қол,
белгілі бір əрекеттерге деген қабілетсіздік (зақымданған қол,
ауру адамның немесе өлейін деп жатқан адамның қолы, сынған
саусақ)
9. Белсенді
өзіндік қасиетінің жоқ болуы
(АБ). Қол
қарым-қатынаспен байланысты емес əрекетке араласу; бірақ қол
өзінің физикалық орналасуын ауыстыруы мүмкін (инеге жіпті
сабақтау, жазу, тігу, машина жүргізу, жүзу жəне т.б.).
10. Енжар
өзіндік қасиетінің жоқ болуы
(ПБ). Əрекетсіз
қол немесе əрекет жасайын деп тұрған қол немесе əрекет етуі
үшін басқа адамның қатысуын қажет ететін қол, бірақ қол өзіні
ң
денелік
орналасуын өзгертпейді (демалып жатыр; қозғалмай
жатыр; адам үстелге сүйеніп отыр; ұйқы барысында салбырап
тұруы)
11. Сипаттау (О). Бұл санатқа қандай əрекет жасап
тұрғаны белгісіз қол жатады (томпақ қол, əдемі қол, баланың
қолы, ауру адамның қолы).
Тестің нəтижелерін өңдеу жəне талдау:
Зерттелушінің əр жауабын 11 санаттың біріне жатқызамыз.
«Агрессия» жəне «Нұсқау» санаттарына жататын жауаптар
зерттелушілердің агрессияның жоғары түрлерімен, қоршаған-
дарға бейімделгісі келмеуімен байланысты жауаптар.
«Қорқыныш», «Эмоционалдылық», «Қарым-қатынас» жəне
«Тəуелділік» санаттарының жауаптары əлеуметтік ортаға
бейімделумен байланысты əрекеттер үрдіин көрсетеді; бірақ
агрессивті мінез-құлықпен байланысты емес.
Агрессивтіліктің қосынды баллы келесі формула бойынша
есептеледі:
А = (Агрессия + Нұсқау) – (Қорқыныш +
Эмоционалдылық + Қарым-қатынас + Тəуелділік)
Яғни, ашық агрессивті мінез-құлық көрсеткіші алғашқы екі
санат бойынша жауаптардың қосындысынан «бейімдегіш»
жауаптардың қосындысын шегеру.