52
Агрессивтілікті өзіндік бағалау
1. Соңғы сөзді өзім айтамын.
1 2 3 4
2. Көбіне əңгімелесу барасында сөйлесіп отырған адамның
сөзін бұзамын.
1 2 3 4
3. Мен тез ашуланамын.
1 2 3 4
4. Басқаларға сын айтқанды ұнатамын.
1 2 3 4
5. Басқаларға беделді адам боғым келеді.
1 2 3 4
6. Аз нəрсемен қанағаттанбаймын, көп нəрсеге ұмтыламын.
1 2 3 4
7. Ашуланғанда өзімді ұстауым қиын.
1 2 3 4
8. Бағынғаннан гөрі басқарғанды ұнатамын.
1 2 3 4
9. Менің ым-ишарам біршама дөрекілеу.
1 2 3 4
10. Мен кекшілмін.
1 2 3 4
Ригидтілікті өзіндік бағалау
1. Маған əдеттерімді өзгерту қиын.
1 2 3 4
2. Зейінімді ауыстыру қиын.
1 2 3 4
3. Кез келген жаңа нəрсеге өте қауіптілікпен қараймын.
1 2 3 4
4. Мені сендіру қиын.
1 2 3 4
5. Кейде мені ойдан шығарып тастайтын ойлар келіп
мазалайды.
1 2 3 4
6. Адамдарға бірден жақындасып кете алмаймын.
1 2 3 4
185
ата-ана мен баланың арасындағы жəне ата-аналардың өзара
қатынасында эмоционалды байланыстың болмағанының сал-
дары. Егер да ата-аналарының арасында үнемі ұрыс-керіс болып
тұрса, онда мұндай отбасында эмоционалды-психологиялық
атмосфера бала үшін нағыз сынақ болады. Ата-аналар ұрыс-
керісінде баланы өздеріне құрал ретінде пайдаланса, мұндай
жағдай өте қауіпті болып табылады.
4. Бала тұлғасын сыйламау. Егер баланы үнемі сынап,
намысына тиетін ескертулерді жиі жасаса, онда баланың
бойында өзінің күшіне жəне өзіне деген сенімсіздік пайда
болып, одан терең əрі күрделі «комплекс» туындап, бала ашық
түрде ашу ызасын көрсете бастайды.
5. Ата-аналар тарапынан шектен тыс өбектеу немесе
назар аударудың аз болуы. Егер де балаға ата-аналар шектен
тыс көңіл аударып, олардың қалауларын орындауға тырысса,
онда ол ерке жəне бұзық болып өседі. Егер де ол айтқан сөзін
орындата алмаса, агрессия көрініс алады.
Ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі немесе қолдарының бос
болмауы агрессияның себебі ретінде қарастырылады, мысалы,
«байқамай қалғаннан, ұрысқаны жақсы болар еді». Егер де біз
баланың қиналысына жəне күйзелуіне көңіл аудармасақ, онда
балада ересектер оны түсінбейді жəне оған көмек көрсете алмай-
ды деген көзқарас туындайды, осы себептен балада жалғыздық,
дəрменсіздік, қорғансыздық сезімі пайда болады. Нəтижесінде,
балада адекватты емес агрессивті реакция туындайды.
6. Шектен тыс бақылау немесе бақылаудың мүлдем
болмауы. Баланың жүріс-тұрысын шектен тыс бақылап отырса
(гиперопека) немесе мүлдем көңіл аударып қарамаса (гипоопека)
бұл бала үшін зиян. Егер өктемшіл ата-аналар өз балаларын
басқарып, олардың ерік-жігерін басып отырса, бұл оларда
қорқыныш, жабырқаушылық сезімдерін тудырады.
Үнемі шектеу көрген, тəуелділік жағдайында өскен баланың
жүріс-тұрысында көрініс алатын агрессия қарастырылып отыр-
ған жағдайға қарсылық ретінде көрініс алады.
7. Дене белсенділігін шектеу. Бала жүріс-тұрысындағы
агрессивті көріністер себебі ата-ана тарапынан қойылған шектеу
немесе нұсқаулар болып табылады. Бұл жағдайда баладағы
агрессия жиналған энергияның тасуымен негізделген, өйткені
оларға қойылған шектеулер із қалдырмай қоймайды.