Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы


Асырап алушы отбасыны ұйымдастыру тәртібі



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет40/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47

118
3. Асырап алушы отбасыны ұйымдастыру тәртібі 
3 .1 .  Асырап алушы отбасы болғысы келетін тұлғалар (әрі қарай – асы-
рап алушы ата-аналыққа үміткерлер) қорғаншылық және қамқоршылық орга-
нына тұрғылықты мекенжайы бойынша келесі құжаттарды өткізеді: 
1)  асырап  алушы  отбасыны  құру  туралы  өтініш  (ерлі-зайыптылардың 
екеуі де қол қойған бірлесе жазған өтініш қабылданады);
2) отбасы құрамы туралы анықтама; 
3)  денсаулық  жағдайы  және  өтініш  берушілермен  бірге  тұратын  отба-
сы  мүшелері  туралы  анықтама  (созылмалы  аурулардың  жоқтығы  туралы 
анықтама, нарколог, венеролог, психиатрдың тексеруі); 
4)  Сіздермен  бірге  тұратын,  кәмелеттік  жасқа  толған  барлық  отбасы 
мүшелерінің асырап алушы отбасын құруға нотариалды түрде куәландырып 
берген  жазбаша  келесімі  немесе  құжаттарды  қабылдайтын  лауазымды 
тұлғаның алдында өз қолымен жазылған  келісімдері;
5) соттылығы бар-жоқтығы туралы анықтама;
6)  білімі  туралы  құжат  пен  неке  туралы  куәліктің  белгіленген  тәртіпте 
куәландырылған көшірмелері;
7) еңбек кітапшасынан үзінді-көшірме;
8) жеке куәлігі .
3 .2 .  Асырап  алушылар,  қорғаншылар  және/немесе  патронаттық 
тәрбиешілер болып табылатын, бала тәрбиелеуде тәжірибесі бар, балаларға 
арналған әлеуметтік, білім беру және емдеу мекемелерінде жұмыс істеген 
тәжірибесі бар алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерге басымдық беріледі .
3 .3 .  Орган берілген өтініш пен қоса берілген құжаттар негізінде, сондай-
ақ  өтініш  берілген  күннен  бастап  бір  ай  ішіндегі  ерлі-зайыптылардың  өмір 
сүру жағдайларын тексеру актісінің негізінде қорытынды жасайды .
3 .4 .  Теріс  қорытынды  шығарылған  жағдайда  бұл  туралы  шешім 
қабылданған  күннен  бастап  10  күн  ішінде  өтініш  берушілерге  хабарлана-
ды . Сол уақытта өтініш берушілерге құжаттары қайтарылады . Қорытындыға 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіпте  шағым 
түсіруге болады .
3 .5 .  Асырап  алушы  отбасыны  құру  үшін  отбасының  бір  мүшесі  мен 
тәрбиеленуші  үшін  жалпы  баспана  ауданы  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс .
3 .6 .  Қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдары  немесе  олар 
өкілеттендірген  органдар  мен  ұйымдар  алмастырушы  ата-аналыққа 
үміткерлер  өтініш  берген  күннен  бастап  бір  ай  ішінде  алмастырушы  ата-
аналыққа  үміткерлердің  өмір  сүру  жағдайларын  тексереді,  олардың  жеке 
қасиеттерін, өмір қалыбы мен отбасы дәстүрлерін, отбасындағы тұлға аралық 


119
қатынастарды  зерттейді,    отбасының  барлық  мүшелерінің  балалардың 
өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  және  олардың  құқықтары  мен 
заңды  мүдделерін  қорғауға  дайындығын  бағалайды,  мұның  бәрі  алмасты-
рушы ата-аналыққа үміткерлердің өмір сүру жағдайын тексеру актісінде (әрі 
қарай – тексеру актісі) көрсетіледі .
3 .7 .  Өтінішті  қарау  кезінде  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органы 
олардың өз балалары мен асырап алған балаларын тәрбиелеу тәжірибесін 
ескеріп,  туған  және  асырап  алған  балалар  тәрбиесі  мен  әлеуметтенуінің 
сәттілігі туралы ақпаратты тексеру актісінде көрсетеді .
3 .8 .  Алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлер  психикалық-физикалық 
даму  ерекшеліктері  бар  баланы,  мүгедек  баланы  тәрбиелеуге  алғылары 
келсе тексеру актісінде оларда бұл үшін қажетті жағдайлардың бар-жоқтығы 
көрсетілуі тиіс .
3 .9 .  Берілген өтініш пен тізімнің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың, 
сондай-ақ  тексеру  актісінің  негізінде  қорғаншылық  және  қамқоршылық  ор-
гандары өтініш берілген күннен бастап 20 күн ішінде асырап алушы отбасы-
ны құру мүмкіндігі туралы және асырап алушы ата-аналыққа үміткерлердің 
балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындауға дайындығы туралы  
қорытынды (әрі қарай – қорытынды) дайындайды .
3 .10 . Қорғаншылық және қамқоршылық органы қорытынды мен барлық 
қажетті  құжаттардың  негізінде  үш  күндік  мерзімде  асырап  алушы  ата-
аналыққа  үміткерлерді  есепке  қойып,  бұл  туралы  оларға  хабарлайды  не-
месе  негізді  бас  тарту  шешімін  жеткізіп,  бір  уақытта  барлық  құжаттарын  
қайтарады .
3 .11 . Білім  басқармасы  (бөлімдері)  немесе  олар  өкілеттендірген  ор-
гандар  мен  ұйымдар  асырап  алушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  Қазақстан 
Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі  ұсынған  бағдарламалар 
бойынша  «Асырап  алушы  ата-аналар  мектебі  туралы»  Ереженің  негізінде 
оқытуды (дайындық) ұйымдастырады .
3 .12 . Оқудан (дайындық) өткен және қорытынды алған асырап алушы ата-
аналыққа үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша Білім басқармасында 
(бөлімі) есепке қойылуы тиіс . Білім басқармасы (бөлімі) асырап алушы ата-
аналыққа  үміткерлерді  журналға  есепке  алады .  Ол  журналдың  формасын 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді .
3 .13 . Білім  басқармасы  (бөлімі)  асырап  алушы  отбасының  тұрғылықты 
мекенжайы  бойынша  қорытынды  негізінде  және  осы  Ережелердің 
2 .6-тармағында белгіленген талапқа сай келетін баспанасы болған жағдайда 
асырап  алушы  ата-аналыққа  үміткерлерге  балалармен  танысуға  жолдама 
береді .
Қосымша


120
3 .14 . Балаларды  тәрбиелеу  және  қамтамасыз  ету  шарттары  туралы 
келісімшартты  және  еңбек  келісімшарттарын  жасауға  қорғаншылық  және 
қамқоршылық органының асырап алушы отбасыны құру туралы шешімі негіз 
болып табылады .
3 .15 . Балаларды асырап алушы отбасында тәрбиелеу және қамтамасыз 
ету  шарттары  туралы  келісімшарт  балалардың  асырап  алушы  отбасына 
қанша  уақытқа  берілетінін,  оларды  қамтамасыз  ету,  тәрбиелеу  және  білім 
беру жағдайларын, асырап алушы ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін,   
білім беру ұйымы мен қорғаншылық және қамқоршылық органының  асырап 
алушы отбасыны қамтамасыз ету бойынша міндеттерін, сондай-ақ осындай 
келісімшартты тоқтату негізі мен салдарын қарастыруы тиіс .
4. Балаларды асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру тәртібі  
4 .1 .  Асырап алушы отбасына жетім балалар, ата-анасының ата-аналық 
құқығы шектелуіне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, хабарсыз кеткен 
деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, қабілетсіз немесе қабілеті 
шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын 
өтеуіне,  баланы  тәрбиелеуден  бас  тартуына  немесе  оның  құқықтары  мен 
заңды мүдделерін қорғаудан жалтаруына, соның ішінде баланы тәрбиелейтін 
немесе  медициналық  ұйымнан  алудан  бас  тартуына  байланысты,  сондай-
ақ  ата-ана  қамқорлығы  болмайтын  басқа  жағдайларға  байланысты  жалғыз 
қамқоршысынан  немесе  ата-анасының  екеуінен  де  айырылған,  жаңа  туған 
баладан 18 жасқа дейінгі балалар берілед .
4 .2 .  Бір отбасының мүшелері болып табылатын немесе туысқандық бай-
ланысы  бар  балалар  бір  асырап  алушы  отбасына  беріледі .  Медициналық 
көрсеткіштер  немесе  басқа  себептер  бойынша  бұл  балаларды  жеке-жеке 
тәрбиелеп, оқыту қажет болатын жағдайлар бұдан тыс .
4 .3 .  Асырап алушы отбасына берілуі мүмкін балалар саны төрттен кем 
болмауы және оннан аспауы тиіс . Асырап алушы отбасындағы балалардың 
жалпы саны туған және асырап алынған балалардың бәрін қосқанда 10 адам-
нан аспауы керек .
4 .4 .  Асырап алушы отбасына тәрбиеленушілер, оның ішінде балаларға 
арналған  интернат  мекемелеріндегі,  әлеуметтік  көмек  пен  оңалтуға  мұқтаж 
кәмелеттік  жасқа  толмағандарға  арналған  мемлекеттік  мамандандырылған 
мекемелердегі,  кәсіби-техникалық,  орта  арнайы  және  жоғары  білім  беруді 
қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелердегі тәрбиеленушілер беріледі .
4 .5 .  Баланы іріктеген кезде білім беру ұйымының әкімшілігі асырап алу-
шы  ата-аналарды  оларға  берілетін  баланың  жеке  ісімен  және  денсаулық 
жағдайымен, физикалық және ақыл-есінің дамуымен таныстыруға міндетті .


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау