Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет33/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47

97
іздеу арқылы жүргізіледі . Балалардың интернат мекемелерінен алмастыру-
шы отбасыларға көптеп орналастырылуы, ИТБМ балалар санының азаюы 
байқалуда . 
Сондықтан  асырап  алушы  отбасы  институтын  дамыту  үшін  елде 
материалдық, құқықтық, консультациялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық 
шарттар мен мүмкіндіктерді құру қажет . Бұл халық арасындағы әлеуетті асы-
рап алушы отбасылар санын арттыру үшін  де маңызды .
Жүргізілген зерттеу күні бүгін балаларды отбасыларға орналастыру бой-
ынша қызметтің негізгі мәселелерін анықтап берді:
• 
• азаматтардың жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 
балаларды  отбасында  тәрбиелеудің  түрлі  формалары  бар  екені 
және оның мүмкіндіктері туралы хабарының аздығы;
• 
• қорғаншы  және  қамқоршы  отбасылардың  аз  қаржыландырылуы 
және  материалдық  және  материалдық  емес  ынталандырудың 
қосымша механизмдерінің жоқтығы/жеткіліксіздігі;
• 
• республикалық  және  аймақтық  деңгейде  интернат  мекемелерінің 
желісін  қайта  ұйымдастыруға  және  жетім  балалар  мен  ата-ана 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  отбасыларға  орналастыру 
қызметін қамтамасыз етуге ынтаның жоқтығы .
Жалпы, жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері халықтың Қазақстанда 
асырап алушы отбасы институтын дамытуға белгілі бір әлеуеті (дайындығы) 
бар  екенін  көрсетті .  Елде  көп  азаматтардың  балалар  үйіндегі  балаларға 
әдеттегі  демеушіліктен  бөлек,  тиімді  тәсілдер  арқылы  көмектесу  туралы, 
сондай-ақ осы балалар үшін асырап алушы ата-ана/тәрбиелеуші болу тура-
лы ойы бар . 
Зерттеу нәтижелері Қазақстанда асырап алушы отбасы инстиутын дамы-
ту бойыша басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді:
1 .  Необходимо  материально  стимулировать  развитие  приемных  се-
мей,  что1 .  Асырап  алушы  отбасылардың  дамуын  материалдық  тұрғыдан 
ынталандыру  қажет .  Бұл  мемлекет  үшін  баланы  интернат  мекемесінде 
тәрбиелеуге қарағанда экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да 
тиімді . Мұндағы соңғы нәтиже – баланың асырап алушы отбасында тұруы, 
факті бойынша әлеуметтенуі жоғары;
2 . Қазақстан мен халықаралық тәжірибеде балаларды әлеуметтендірудің 
тиімді формалары ретінде бағаланған және мақұлданған, жетім балалар мен 
ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  отбасында  тәрбиелеудің  түрлі 
формаларын жетілдіру және дамыту маңызды  (асырап алу, қамқоршылық, 
асырап  алушы  отбасы,  патронаттық  отбасы,  отбасылық  үйде  тәрбиелеу 
Қорытынды


98
тобы, меймандос отбасы, кәсіби асырап алушы/патронаттық отбасылар) .
3 .  Халықты  асырап  алушы  отбасыларды  көбейтуге  тарту,  мұндай 
отбасылардың әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында қазіргі интернат 
мекемелерінің желісінде мамандандырылған отбасылық консультация және 
қолдау орталықтарын құру қажет .
4 .  Балалармен  жұмыс  жүргізетін,  әлеуметтік  жетімдік  профилактикасы 
бойынша  қызметті  жүзеге  асыратын  барлық  құрылымды  біріктіру  (өзара 
байланыс және үйлестіру) жүйесін құру қажет (бірлескен бағдарламаларды 
әзірлеу;  әлеуметтік  қызметкерлерді  дайындайтын  ЖОО-мен  байланыс  ор-
нату; интернат мекемелерінің базасында балалармен және отбасылармен 
жұмыс  істеу,  оларды  қолдау  бойынша  конституциялық  орталықтар  құру) . 
Ғылыми зерттеулер мен жалпы әлемдік тәжірибе баланы отбасына орнала-
стыру келесі жағдайда ғана сәтті болатынын дәлелдеді: бала бұған дайын 
болса; отбасы мұндай баланы қабылдауға және тәрбиелеуге дайын болса; 
баланы орналастырғаннан кейін балалардың қайтпауы үшін бала мен отба-
сына қажетті көмек көрсету .
Яғни,  кез-келген  істегідей  балаларды  отбасыларға  орналастыру  бой-
ынша кәсіби ұйымдастырылған жұмысты және отбасымен жолға қойылған 
қарым-қатынасты  талап  етеді .  Ол  қарым-қатынас  заң  негізінде  белсенді 
түрде жүргізіледі, тараптардың құқықтары мен міндеттері болады .
5 . Әлеуметтік жетімдік ПРОФИЛАКТИКАСЫ мен балалардың интернат 
мекемелеріне түсуін азайтуға баса көңіл бөлу қажет . Бұл үшін отбасындағы 
дағдарысты ертерек анықтау үшін өмірлік қиын жағдайда қалған балалар 
мен  отбасыларға  бағытталған  арнайы  әлеуметтік  қызметтерді  дамыту 
қажет . Халықаралық тәжірибе осы тектес оқиғалардың 40-50% балалардың 
БҮ түсуінің алдын алуға болатынын көрсетті . Жыл сайын қатер тобындағы 
6-8  мың  бала  анықталып,  олардың  2-3  мыңы  БҮ  түсетінін  ескерсек,  тіпті 
асырап  алушы  отбасылар  институтын  қарқынды  түрде  дамытқанмен, 
профилактикалық  жұмыс  жүргізілмесе  бұл  мекемелер  ешқашан  жабыл-
майды .
6 .  Ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  түсуінің  алдын  алу 
профилактикасын  жүргізу  мақсатында  заңнамалық  деңгейде  «Алдын  ала 
қамқоршылық институты» түсінігін енгізу қажет . Мұнда егер кәмелеттік жасқа 
толмаған баланың мүддесі үшін оған қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау 
қажет болса, қорғаншылық және қамқоршылық органына қорғаншыны неме-
се қамқоршыны уақыта тағайындау туралы акт қабылдауға құқық беріледі .
Баланың туыстарына немесе балаға туысқан емес жақын адамдарына неме-
се патронаттық отбасыға, кәсіби патронаттық отбасыға басымдық беріледі . 
Түрлі  себептерге  байланысты  баланы  отбасына  беру  мүмкін  болмаған 
жағдайда ғана ол интернат мекемесіне орналастырылады . 


99
Қорытынды
7 . Елімізде 10 жылдан аса қолданылған «патронат» тәжірибесі оның жа-
сырын  асырап  алу  ретінде  пайдаланылатынын  көрсетті .  Ал,  патронаттық 
немесе «фостерлік» жүйе мен осы форманы пайдаланған әлемдік тәжірибе 
баланың интернатқа түсуінің алдын алудағы мақсаттылығын дәлелдеген бо-
латын . Сондай-ақ әлеуметтік жетімдік профилактикасы бойынша қызметтер 
тәжірибеден сәтті өткізіліп жатқан елдерде патронат (foster care) – бұл ба-
ланы  туған  отбасын  сақтауға  бағытталған  орналастыру  түрі .  Бір  жағынан 
бала  кәсіби  патронат  отбасында  бола  тұрып,  балалар  үйіне  түспейді, 
екінші жағынан туған ата-анасы отбасын қалпына келтіру мүмкіндігін сақтап 
қалады . Себебі патронат баланың өз ата-анасымен қарым-қатынаста болу-
ын қамтамасыз етеді . Әрине, арнайы қызметтер бұл отбасымен жұмыс істеп, 
оған дағдарыстан шығуға көмектеседі .
Оңалту,  өз  отбасындағы  жағдайды  өзгерту,  ол  мүмкін  болмаса  асырап 
алуға беру мақсатында өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды отбасына 
уақытша орналастыру формасы ретінде «Кәсіби патронат отбасы» түсінігін 
мақсатты  түрде  енгізу  ұсынылады .  Негізгі  мақсат  –  баланы  балалар  үйіне 
түсірмеу, оған және отбасына кәсіби көмек (психологиялық, педагогикалық, 
медициналық, заңгерлік, материалдық) көрсету . 
Сондай-ақ  Қазақстанда  құқықтық  мәртебесі  әр  түрлі  және  тәрбиелеу 
ерекшеліктері  бар  балаларға  арналған  патронаттық  отбасылар  түрлерін 
және аталмыш отбасында болу мерзімін қарастыру қажет . 
8 .  Отбасылық  тәрбиелеу  формасы  болып  табылмайтын,  бірақ  қазіргі 
уақытта  асырап  алуға  берілмейтін  немесе  қамқоршылыққа  немесе 
патронатқа  берілмейтін  жетім  балаларды  тәрбиелеудің  тиімді  тәсілі    бо-
лып тұрған «Меймандос отбасы» формасын дамыту және заң тұрғысынан 
бекіту (Жұмыс істеу ережелері/регламенті мен Ережесін әзірлеп, қабылдау) 
өзе маңызды . Ол әсіресе асырап алушы отбасыларға кету мүмкіндігі аз ере-
сек жастағы балалар үшін маңызды . Меймандостық формада тәрбиелеген 
кезде бала өзінің араласатын ортасын кеңейтуге мүмкіндік алады, сондай-
ақ  өмірлік  маңызы  бар  дағдыларын  қалыптастырады  және  нақты  өмірлік 
жағдайлардағы мінез-құлық формасын қалыптастырады .
Әлемдік  тәжірибеде  Меймандос  отбасы  «уақытша  фостерлік  отбасы» 
ретінде және балаларды әлеуметтендіру, әсіресе түрлі себептерге байланы-
сты асырап алушы отбасы табылмайтын балаларды әлеуметтендірудің сәтті 
формасы ретінде «тәлімгерлік» мақсатында  пайдаланылады . 


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау