23
мүмкіндік берілген.
Дөңгелекті тік төртбұрышты массивпен көбейту нәтижесі А.6-суретте
көрсетілген. Алғашқы объект суретте тұтас негізгі сызықпен кескінделіп тұр.
Дөңгелек массив - таңдалған объектілерді шеңбер бойымен көбейтуі.
Дөңгелек массив жасаудың диалог терезесі А.7-суретте көрсетілген. Сол
кезде алғашқы объектті өзіне параллель немесе массив центріне қатысты
айналдырып көбейтуге болады (А.8-суретті қараңыз).
А.2.3 Жылжыту.
Объектілерді жылжыту «Перемеще-
ние» командасын қолданумен базалық
нүктесі таңдалып (А.9-суретте дөңгелек
центрі) және оның жаңа орны көрсетіліп
орындалады.
А.2.4 Айналдыру.
Объектті
айналдыру
«Поворот»
(Айналдыру)
командасын
қолданумен
таңдалған базалық нүктесіне қатысты (А.10-
суретте координат басы) берілген бұрышқа
айналдырып орындалады. Бұрыш оң жақ
горизонталь бағытынан бастап сағат тілі
А.6 сурет
А.8 сурет
А.9 сурет
А.7 сурет
А.10 сурет
24
жүрісіне қарсы есептеледі (полярлық бұрыш секілді).
Айналдыру бұрышын кейбірде графикалық түрде көрсету керек. Ол
үшін «Опорный угол» (Тіреулік бұрыш) опциясы қолданылады. А.11-суретте
тік төртбұрышты сол жақ төменгі төбесіне қатысты оның диагоналін таңдаған
нүктеге қараған бағытпен түйістіріп айналдыруы көрсетілген. Диагональ
үзілмелі сызықпен көрсетілген; сандар тіреулік бұрыш нүктелерінің көрсету
ретін білдіреді.
А.2.5 Масштабтау.
Масштабтау деп объектінің барлық
геометриялық
өлшемдерін
берілген
санға
пропорционалды үлкейтуін атайды. Масштабтау
орнын өзгертпейтін базалық нүктеге қатысты
орындалады. А.13 суретте көрсетілген мысалда
үшбұрыштың
координат
басына
қатысты
масштабтауы орындалады. Базалық нүктені берген
соң масштабтау коэффициентін беру керек.
«Поворот» командасына ұқсас «Масштабиро-
вание» командасында да «Опорный отрезок»
опциясы бар, ол алғашқы объект кесіндісін таңдап, оның масштабтаудан
кейінгі қажетті өлшемін беруге мүмкіндік береді. Сол кезде масштабтау
коэффициенті автоматты түрде есептеледі. А.14-суретте объектінің бір
қабырғасы берілген нүктеге дейін ұзартылып, объект базалық нүктеге
қатысты үлкейтіледі, сандар кесінді нүктелерінің көрсету ретін білдіреді.
А.2.5 Айна.
А.13 сурет
А.11 сурет
А.12 сурет
Бастапқы орны. - - - - диагоналі мен +
нүктесінің бағыттарын түйістіру қажет
«Тіреулік бұрыш» опциясын
пайдалану арқылы айналдыру
А.14 сурет
Бастапқы орны. Жағын нүктемен «Опорный отрезок» опциясының
беттескенше үлкейту қажет
көмегімен масштабтау
25
«Зеркало» (Айна) командасы таңдалған оъектілерді берілген түзуге
қатысты шағылдыруын орындайды. Түзуді екі нүкте арқылы беру керек.
Команданың тек қана бір опциясы бар, ол алғашқы объектілерді жоюға
мүмкіндік береді. А.15-суретте объектілерді тік оське қатысты шағылдыруы
көрсетілген.
А.2.6 Ұқсастық.
«Подобие» (Ұқсастық) командасы берілген қашықтықта орналасқан
эквидистантты (ұқсас) объектілерді тұрғызады. Қашықтықты беріп, объектті
таңдау керек, содан кейін оның қай жағынан эквидистант тұрғызылатынын
көрсету керек. А.16-суретте «Подобие» команда көмегімен белгіленген
тұйықталған контурдың эквидистанты түрғызылған. Команданы қолданған
соң жаңа контурды тұйықтау керек екенін атап өту керек, өйткені команда
сызықтарды өзі қоспайды.
А.2.7 Қиықжиек.
«Фаска»
(Қиықжиек)
командасы
қиылысатын
сызықтарда
қиықжиектерді тұрғызуға арналған. Қиықжиек өлшемдерін беру екі негізгі
тәсілмен орындауға болады:
а) «Длина» опциясы (қиықжиектің екі ұзындығы беріледі);
б) «Угол» опциясы (қиықжиектің бір ұзындығы және бұрышы беріледі).
А.17-суретте екі кесіндінің тең қабырғалы қиықжиегін тұрғызуы
көрсетілген. Жіңішке сызықпен кесілетін бөліктер белгіленген.
А.2.8 Түйіндесу.
«Сопряжение» командасы екі объектіні (сызықтар,
полисызықтар,
доғалар)
радиусы
берілген
доғамен
түйіндестіріп, өзара қосуын орындайды (А.18-суретті
қараңыз); доға радиусын «раДиус» опциясы көмегімен беру
керек.
Радиусы нөлге тең доғамен кесінділерді түйіндестіріп,
А.15 сурет
А.16 сурет
А.17 сурет
А.18 сурет