КОМПЬЮТЕРЛІК СЫЗУ ЖӘНЕ 3D-МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗДЕРІ.
AUTOCAD ЖҮЙЕСІНДЕ СЫЗБАЛАРДЫ РЕДАКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ
БЕЗЕНДІРУ КОМАНДАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ДАҒДЫЛАРЫН ИГЕРУ
Барлық мамандықтардың студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға
арналған
әдістемелік нұсқау
Алматы 2013
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
ИНСТИТУТ
ЭНЕРГЕТИК
И
ИСВЯЗИ
Инженерлік графика
және қолданбалы
механика кафедрасы
Коммерциялық емес
акционерлік
қоғам
общество
2
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.Д.Дінасылов, Р.Қ.Қойлыбаева. Компьютерлік
сызу және 3D-модельдеу негіздері. AutoCAD жүйесінде сызбаларды
редакциялау және безендіру командаларымен жұмыс істеу дағдыларын
игеру. Барлық мамандықтардың студенттері үшін зертханалық жұмысты
орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2013. - 39 б.
«Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» пәнін оқу
графикалық AutoCAD жүйесінде жұмыс жасау негіздерін үйренуге арналған
8 зертханалық жұмысты орындауды қамтиды.
Берілген әдістемелік нұсқау 2-ші зертханалық жұмысты орындауға
арналған, онда студенттер AutoCAD жүйесінде сызбаларды редакциялау және
безендіру командаларымен танысады. Бұл әдістемеде редакциялау және
сызбаларды безендіру командаларымен жұмыс істеу жөнінде негізгі
мәліметтер келтірілген, өз бетінше орындауға тапсырмалар және қадамдық
нұсқаулар берілген.
Әдістеме «Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» пәнін
оқитын студенттермен қатар «Инженерлік және компьютерлік графика»,
«AutoCAD», «Инженерлік графика» пәндері бойынша оқып жатқан
студенттерге де арналған.
Без. 67, әдеб.көрсеткіші - 9 атау.
Пікір беруші: «Электроника» кафедрасының аға оқытушысы
Елеукулов Е.О.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.
3
Кіріспе
AutoCAD жүйесінде сызбаларды орындау уақытын қысқартуға
мүмкіндік беретін әртүрлі амалдар бар. Осыған жататын - сурет жасау
режимдері мен графикалық объектілерді редакциялау командалары. AutoCAD
жүйесінде тиімді жұмыс істеу үшін оларды білу және оларды қолдануды
игеру керек. Тұрғызылған сызбаларды сәйкес түрде безендіру, яғни
өлшемдерді көрсету, қажетті жазуларды орындау, негізгі жазу мен қажетті
кестелерді толтыру керек. Техникалық сызбаларды Конструкторлық
құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандарттары бойынша безендіруге
талап қойылады.
1 Жұмыс мақсаты. Техникалық және бағдарламалық жабдықтар
Жұмыс мақсаты: AutoCAD жүйесіндегі графикалық объектілерді
редакциялау командаларын игеру, сурет жасау режимдерін қолдануды және
өлшемдерді түсіруді үйрену.
«Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының
компьютерлік сыныптарында Windows XP және Windows 7 жүйелер
басқарумен жұмыс атқаратын AutoCAD R14, AutoCAD 2004 және AutoCAD
2007 нұсқалары орнатылған. Компьютер сыныптарында орыс тілді AutoCAD
R14 нұсқасы жылу энергетикасы, электрэнергетика, радиоэлектроника
сұлбалары мен сызбаларын орындауға арналған ENERGO-ELECTRO ақпарат-
қаушағымен толықтырылған.
2 Зертханалық жұмысты орындау
Жұмыс орындау алдында оқытушы AutoCAD жүйесінде объектілерді
редакциялау және сызбаларды безендіру командаларын қолданумен жұмыс
істеуді түсіндіріп, көрсетеді. А қосымшасында тақырып бойынша негізгі
мәліметтер келтірілген, оларды анықтамалық материал ретінде осы және
келесі зертханалық жұмыстарды орындау кезінде пайдалануға болады.
Алдымен А3 пішіні бар файлды ашыңыз немесе AutoCAD R14
жүйесінде Чертеж (Сызба) немесе Схема (Сұлба) менюі арқылы А3 пішінін
енгізіңіз.
OSNAP атты объектілік байланыстыру режимін іске қосып, қажетті
объектілік байланыстыруларды орнатыңыз: Endpoint (Конточка – Шеткі
нүкте), Midpoint (Середина – Ортасындағы нүкте), Intersection (Пересечение –
Қиылысу нүктесі), Center (Центр – Центрлік нүкте).
2.1 Тапсырма 1
1-суретте көрсетілген тетікбөлшектін сызбасын сурет салу және
редакциялау командаларын қолданумен тұрғызу керек (өлшемдерді түсірмей).