Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет41/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83

96
«Қара жәшік» 
– ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның 
ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны 
айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан 
қарастыруға  болатын  құрылғы,  жүйе  не  объект  ретінде  қарастырылады.  Кез 
келген  затты  (құбылысты)  «қара  жәшік»  деп  атауға  болады:  транзистор, 
алгоритм немесе адам санасы. 
Ал  педагогика  ғылымында  «қара  жәшік  ішіндегі  жұмыс»  деген  метафора 
сыныпқа  қатысты  қолданылып,  білім  беру  мекемесінің  құрылымымен 
шектелген жағдайды меңзейді.
Құндылықтар
–  баянды,  мызғымас  негізгі  ішкі  қағидаттар  мен  стандарттар.  Түйінді 
құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ  уақыт 
бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған 
адамдар,  жалпы  адамдардың  әлеуеті  және  қоршаған  адамдардың  әлеуеті 
туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар 
дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-
қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды.
Метатану
–  «Таным  туралы  таным»  деп  анықталады  және  өзінің  ойлау  қабілеттерін 
түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және 
проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология 
ғылымына  бұл  ұғымды  Джон  Флэйвелл  енгізген  болатын  (J.H.  Flavell, 
1976).  Автордың  айтуынша  метатанудың  маңызды  қызметінің  бірі  өздерінің 
танымдық  қызметтерінің  ерекшеліктері  туралы  білімдерінің  негізінде 
оқушыларға  танымдық  қызметтерін  реттеуге  мүмкіндік  беретін  танымдық 
қызметті рефлексиялық бақылау болып табылады.
Метатану 
стратегиялары
–  білім  алушының  оқу  үдерісін  өзіндік  бақылауына  бағытталған  басқару 
түріндегі  әдістер  (мысалы,  оқу  үдерісін  өз  бетінше  жоспарлай  білу,  мақсат 
қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу
–  1.  Таным  объектілерін  олардың  шартты  модельдері  негізінде  зерттеу.  2. 
Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін 
құру  және  зерделеу.  Мұндағы  мақсат  осы  құбылыстарды  түсіну,  сондай-
ақ  зерттеушіні  қызықтыратын  құбылыстарды  болжау.  Модельдеу  адамның 
объектілер  туралы  білімі  мен  сол  объектілер  арасындағы  қарым-қатынасты 
көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Мұғалім жүргізетін 
дамыту жұмысы 
(МЖДЖ)
–  мектептерде  оқыту  мен  оқуды  жетілдіру  тәсілі.  Бұл  үдеріс  барысында 
мұғалімдер  жекелеп  те,  бірлесіп  те  өз  тәжірибесін,  сондай-ақ  өздері  жұмыс 
істейтін  мектеп  тәжірибесін  жақсарту  мақсатында  зерттеу  қажет  болатын 
мәселелер  мен  проблемаларды  анықтайды.  Мұғалім  жүргізетін  дамыту 
жұмысын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім 
зерттеуші  ретінде»  деген  ұстанымға  емес,  «мұғалім  оқыту  және  оқу  іс-
тәжірибесін жетілдірудегі көшбасшы ретінде» деген ұстанымға негізделеді.


97
Өзара білім алуға 
көмектесетін 
диалогтік оқыту
– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды 
проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім 
алуларын  күшейту  мақсатында  оқу  материалын  дайындау  және  хабарлаушы 
әңгіме  өткізудің  оқу  қағидаттарына  негізделген  реттеуші  ережелері  жүйесі. 
Негізгі  функциялары:  репродуктивтік  сұрақтар  мен  арнайы  жасалған 
проблемалық  жағдаяттардың  көмегімен  оқу  қызметінің  жаңа  ұғымдары  мен 
тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың 
ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз 
бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау 
қызметінің тәсілдерін үйрету.
Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда 
негізінен  оқушыларға  белгілі  материал  бойынша  репродуктивтік  сұрақтар 
қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы 
сұрақтар  қоя  алады,  бірақ  бұл  жағдайда  жаңа  ұғымдар  мен  әрекет  ету 
жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Рефлексиялаушы 
практик (мұғалім)
– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін 
мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Рефлексиялық есеп – теориялық материал туралы қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-
әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен 
алынған  мысалдар  жазылған  құжат.  Рефлексиялық  есеп  өз  тәжірибесіне 
қатысты  мынадай  сұрақтарға  жауап  беруді  көздейді:  Неліктен  осындай 
жағдай орын алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» 
айналдырамын? Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Рефлексия
– (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, 
оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. 
Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың 
өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана 
мен  жанның  күйін  өзіндік  бақылау.  Педагогикада  рефлексия  сабақтың  бір 
кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын 
тұрғысынан  талданып,  меңгерілген  біліммен  салыстырылып,  өзіндік  түсінік 
пайда болады.
Сабақты зерттеу 
(Lesson Study) тәсілі
-  мұғалімдер  тәжірибесі  саласындағы  білімді  жетілдіруге  бағытталған 
ынтымақтастық  педагогикалық  тәсіл.  Бұл  тәсіл  ХІХ  ғасырдың  70-ші 
жылдарында Жапонияда негізі қаланған.
Сабақты  зерттеуге  жоспарлау,  оқыту,  қадағалау,  оқыту  мен  оқуды  талдау, 
өз  қорытындыларын  тұжырымдап,  құжаттауды  бірлесіп  жүзеге  асыратын 
мұғалімдер тобы қатысады. Сабақты зерттеудің циклін өткізген соң мұғалімдер 
педагогикалық  тәсілдерді  түрлендіріп  немесе  жетілдіріп,  кейіннен  ашық 
Сабақты зерттеу, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне 
таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш 
және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-
ақ  тұжырымды  педагогикалық  тәсілдерді  жасау  мақсатында  Жапониямен 
қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада 
ойдағыдай қолданылады.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау