ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет64/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82

137 
 
дамыту  -  96,3%;  эстрадалық  әндер  -  95,9%;  классикалық  музыка  19,8%; 
халықтық  музыка  -  9,7%    қызығушылық  танытады.  Осылардың  арасынан 
эстрада  жұлдыздарының  концертіне  барғанды  -  93,6%,  бейнежазбалар, 
дискілер,  атақты  рок  және  поп  музыкаларының  пластинкаларын  тыңдағанды 
(89,6%), паркте және қалада қыдырғанды 83,7%, дискотекаға барғанды 72,3%, 
театрға  барғанды  65%,  сайыстарда,  көріністерде,  конкурстарда,  көңілді 
тапқырлар  клубына  жеке  қатысқанды  34,8%  қалайды.  Осы  нәтижелерден 
көрініп тұрғандай, заманауи студенттердің  музыкаға қызығушылығының дені  
көңіл көтеру жанрына бағытталған.      
Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды  дамуының    жоғары 
деңгейін танытқан студенттер аудиторияда  және аудиториядан тыс уақыттағы 
этномузыкалық білімді дамытуға, интеллектуалды дамуына деген ниетінің бар 
екендігін,  зерттеу  іс-әрекетіне  белсене  қатысуын,  этномузыкалық  білімді 
меңгерудегі  мақсаттылық,  танымдық  қажеттіліктің  қалыптасуын,  халық 
музыкасындағы шығармаға терең қызығушылықтарын бар екендігін байқатты. 
Сұралғандардың ішінен осы деңгейдегілер екі-үш адамды ғана құрады. 
Сұралғандардың  ішінен  16,4  %  танымдық  қызығушылығы  орташа 
деңгейдегілер.  Осы  деңгейдегі  студенттер  тұтастай  ұлттық  музыканың 
тұлғаның  интеллектуалды  дамуындағы  мәнін  түсінгенімен,  сабақ  барысында 
ғана этномузыкалық мазмұндағы материалдарға деген қызығушылық танытады. 
Оларды  практикалық  ойлау-адамгершілік  тарапынан  ынталандырушылықтың 
жоқтығынан,  тек  қана  нәтижеге  жету  мақсатында  бағытталған  халықтық 
музыкалық шығармашылықтың ерекшелігін зерттеудегі барлық оң ынталар мен 
күрделі емес тапсырмалар, қарапайым материалды қызықтырады.     
Сұралғандардың  77,9  %  қызығушылығы  төмен  деңгейлерді  көрсетті.  Бұл  
деңгейге  этномузыкалық  мазмұндағы  материалдарға,    халықтық  музыкалық 
шығармаға  деген  студенттердің  танымдық  қызығушылығы  төмендігімен 
ерекшеленеді.  Студенттер  болашақ  кәсіби  педагогикалық  қызметі  үшін 
олардың мәнін түсінбей отырып этномузыкалық білім алуға деген немқұрайлық 
танытады.  
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы  студенттердің интеллектуалды дамуының 
деңгейіне  әсер  ететін  факторларды  анықтадық.  Сауалнамаға  қатысқандардың 
басым бөлігі мәдени мекемелерге жиі баруды (музыкалық мектептер, театрлар, 
филармония,  концерттер  және  т.б.),  халықтық  музыка  саласының 
қайраткерлерімен  кездесулер  ұйымдастыруды,  халық  музыкасынан  дәріс 
берушілермен  жиі  араласуды,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ 
ұлттық музыкасы арқылы студенттердің интеллектуалды дамуына бағытталған 
кәсіби  даярлықты  тереңдетуді  (пәндер  мазмұнын    толықтыру,  арнайы 
сабақтардың  кіріспесі,  педагогикалық  практикадағы  ұлттық  музыка  негізінде 
интеллектуалды дамыту бағыттарын, ғылыми-зерттеушілік және аудиториядан 
тыс жұмыстарды және т.б.) атады.  
Осы  жауаптар  қазақ  ұлттық  музыкасының  рухани  құндылығы  негізінде 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  интеллектуалды  даму 
үдерісіне педагогикалық ықпал ететін қажеттіліктерді дәлелдеді.    


138 
 
Сауалнамаға 
қатысқан 
студенттердің 
басым 
бөлігі 
(87,4%) 
интеллектуалдық  дамудың  музыкалық-педагогикалық  іс-әрекеттің  кәсібилігін 
анықтайтын  әрбір  музыка  пәнінің  мұғаліміне  қажетті  ерекшелік  болып 
табылатынына сенімді.  
Келесі диагностикалық әдістеме шығармашылық жұмысқа сәйкес құрылды 
–  студенттерге  «менің  өмірімдегі  халықтық  музыкалық  шығарма»  атты 
тақырыбына  сай  келетін  шығарма  жазуды  ұсындық.  Оның  көмегімен  біз 
студенттік жастардың өмірінде халықтық музыка қандай орын алатынын, олар 
қандай  музыканы  қалайтынын,  сонымен  қатар  кейбір  себептерге  байланысты 
әлемдегі 
халықтық 
музыкалық 
шығарманы 
жастар 
не 
себептен 
қолданбайтынын анықтадық.  
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттердің интеллектуалды дамытудың 
мәнін  түсінуне  қатысты  сұрақтар  алынды:  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  интеллектуалды 
дамуын кәсіби даярлаудың қай сатысында, оқу және оқудан тыс жұмыстардың 
қандай  формаларымен  жүргізуді  қалайтындықтары,  болашақ  мұғалімдерге 
ұлттық музыка саласындағы білімнің қандай түрлері қажеттігі анықталды. Осы  
диагностикалық  әдіс  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғары 
оқу орындарында студенттердің интеллектуалды дамуының деңгейін анықтауға 
мүмкіндік берді.  
Болашақ  педагог-музыканттардың  қазақ  ұлттық  музыкасына  қажеттілігін 
зерттеуді  қалыптастырудың  деңгейі  тәжірибелік  ерекшелікке  бейімделген 
М.А.Михайловтың  тесттік  әдістемесінің  көмегі  арқылы  өлшенді.  Оның 
нәтижесінде  осы  көрсеткіш  бойынша  бақылау  және  эксперимент  топтарында  
жоғары  деңгейдің  болмағандығын  көрсетті.  Орта  деңгейдегі  студенттерге 
фольклорық  жазбаны  жинайтын,  концертке  баруды  ұнататын,  дәстүрді  жеке 
зерттеуге  икемі  бар  және  осы  тұрғыдан  белсенділік  танытатын,  өзінің 
репертуарына 
фольклорлық 
шығармаларды 
қатыстырушы, 
халықтық 
музыкаларын  тыңдаудан  ләззат  алатын  студенттерді  жатқыздық.  Мұндай 
өлшемдердегі  қажеттілік-ынталандырушылық  компоненттің    орта  деңгейін  
20,5  %  болашақ  педагогог-музыканттар  құрады.  Олар  ұлттық  музыканы 
зерттеуге  деген  қажеттілік  танытпайды,  тек  қана  мұғалімнің  тапсырмасы 
бойынша орындайды немесе тыңдайды.   
Төмен деңгейдегі топқа 69,7 % сұралғандар кірді. Болашақ музыка пәнінің 
мұғалімдері ұлттық музыкалық мәдениеттегі шығарманы орындауға талпыныс 
жасамайды. Олар қазақ ұлттық музыкасына қарағанда заманауи композитордың 
жазған джаз, эстрадалық мәнердегі шығармаларын ұнатады.  
Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалдық  дамудың  қажеттілік-
ынталандырушылық  компоненті  бойынша  деңгейдің  анықталуы  5-суретте 
көрсетілген.  
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау