65
ұзақ уақыт бойы бірыңғай ырғақтық пульс біркелкі эмоционалдық жағдайдың
берілуіне мүмкіндік жасаған. Қазақ халқы үшін сүйікті дала жылқысының
бейнесіне қатысты өзіндік шабыс ырғағы маңызды рөл ойнайды. Домбыралық
күйде метрикалық өзгеріс, ырғақтық еркіндік, күрделі ырғақ формуласы жиі
кездеседі.
Домбыралық музыканың бейнелік өмірі шексіз – дамудан философиялық
ойға дейін, тартымды биден адамның тұңғиықтық қайғысына дейін қамтылған.
Символдық бейнедегі әлемде (әйел бейнесіндегі топтық күй «Акжелкен»,
шығармашылық шабыт пен шаттық – «Шалқыма», сабырлық, ұстамдылық –
«Қоңыр» және т.б.) осындай символдық белгілерді эмоционалдық бастау
жағдайына байланысты күйді жеткізу үшін авторлар мен тыңдаушылар белгілі
бір шығарманың «кодка кілт» мәнінде сөздерін түсіне отырып жеткізе білген.
«Кілт» халықтың психологиясы, мәдениеті, дәстүрінің кеңдігіне байланысты –
халықтың барлық эстетикасына қатысты болған.
Күйде дыбысты таңдау элементтері кең түрде кездеседі. Оларда көбіне
айқай мен аққудың ұшуы («Аққу» күйі), «Ақсақ құланда» жаралы жануардың
қашуы, Динаның «Бұлбұл» күйінде бұлбұлдың сайрауы бейнеленеді.
Қазақтың аспаптық музыкалық жанрын жіктегенде зерттеушілер әннің
жіктелуіне мән берген. Бұл дегеніміз аспаптық әнге дейін пайда болған әннің
музыкалық ерекшелігі домбыра үшін күйдегі әннің ерекшелігі мен
құрылымына әсер еткен. Сондықтан жекелеген бөлшектердің аясында әндер
мен күйлердің параллельді жіктелуі байқалады (мысалы, ежелгі күй-аңыздарды
анықтауда және т. б.).
Бүгінгі таңда музыка тануда қазақтың аспаптық музыкалар жіктемесі де
жоқ емес (А.Жұбанов, П.Аравин, Б.Гизатов және т.б.). Олардың кейбіреуіне
тоқталайық.
А.Жұбанов
еңбегінде
жеке
композитор-домбырашылардың
шығармашылық дамуы сипатталған. Күйлердің арасындағы қазақ халқының
музыкалық мәдениетінің байлығы болған күйлерді автор өнердегі тылсым
күшке ие лирикалық-философиялық жанр деп есептейді [169].
Б.Г.Гизатов күйді сараптай келе олардың мазмұнын эстетикалық және
әлеуметтік қызметіне қарай былайша жіктейді: аңыздық-эпикалық, тарихи-
батырлық, лирикалық, салт-дәстүрлі және әлеуметтік-тұрмыстық [170].
Жоғары аталған авторлар «Қазақтың музыка тарихы» ғылыми-әдістемелік
кітабында халықтың музыкалық шығармашылығын ежелгі, салттық, тартыс,
қоштасу, жоқтау, тарихи, лирикалық деп бөледі.
Осылайша, жоғары аталған авторлар аспаптық музыканың жанрлық жүйесі
олардың қоғамдық атауына әсер еткен. Мысалы, тарихи күйлерде («Сырым-
сазы», «Саранжап» Құрманғазы, «Он сегіз ер» Сейтек, «Қылыш», Махамбет
«Қайран Нарын» және т.б.) халықтың эстетикалық бейнесінде көрсететін
тамаша адам, батыр, көшбасшы тұлғаны көрнекті бейнелейді. Драмалық
бейнелердегі дүлей зілзалалардың алдын алу – су тасқыны мен 1879 жылы
жұтты (аштықтан малдардың қырылуы) мазмұндайды.
66
Құрманғазының «Көбік шашқан» күйінде композитор қаһарлы өмірдің
сынауына ұшыраған драмалық бейнелерді сипаттайды, дүлей зілзалалардың
алдын алу – су тасқыны мен жұтпен (аштықтан малдардың қырылуы) күрескен,
адамның рухани күшін бейнелейді [171].
Қазақ халқының лирикалық күйлерінің орны ерекше. Осы күйлерде
табиғатқа деген құрмет, сүйіспеншілік орын алады. Далалық бейнені
сипаттайтын күйлердің қатарында Құрманғазының «Сары-Арқа» күйін айтуға
болады. Бұл жай ғана «алтын дала» емес, толқынды сүйетін халықтардың
кеңістігіндегі қазақтың жалпы жерін бейнелейді. Басқа да Тәттімбеттің «Сары-
Жайлау», Қазанғаптың «Жайлау той» күйлері «пейжаздық лириканы»
бейнелейді. Бұл лирикалық табиғаттың тыныш бейнесі. Бірқатар күйлер
жануарларға арналған, әсіресе көшпелі қазақ халқы үшін – мал шаруашылығы
мен аңшылық туған даласының көмекшісі мен қорғаушысы ретінде жылқының
бейнесін көп сомдайды. Қазақтарда жылқы туралы мақал-мәтелдер көп: «Ат
ердің қанаты», «Атың барда жер таны». Сондай-ақ, жылқы бейнесі
Дәулеткерейдің «Ат қалған», Динаның «Қарақасқа ат», Тәттімбеттің
«Бозайғыр», «Қара жорға», Қазанғаптың «Торы ат» және т.б. күйлерінде
сипатталған.
Аспаптық музыкада кең түрде кездесетін ерекше маңыздағы бәйге бейнесі
нақтыдан жалпылама-философиялық бейнеге ауысқан. Қазақ халқының
музыкалық шығармашылығында бәйге бейнесі жалпы ерекшелік пен өзіндік
ырғақтық қозғалысты танытады. Әсіресе бәйгенің бейнесі мен ырғағын
Қазақстандық композиторлар ұлттық міндетті көрсету үшін барлық кәсіби
музыкалық жанрларда (симфоникалық, камералы-аспаптық, опералық)
қолданған.
Мәселен, Дәулеткерейдің «Топан» күйі сүйікті бүркіттің бейнесін ашады,
Динаның «Бұлбұл» күйі табиғатпен байланыс жасауына қатысты адамның
сезімін бейнелейтін ашық дыбыстық таңдауды бейнелейді.
Адамның
қарым-қатынасы
тақырыптары
сүйіктілеріне
арналған
арнауларда, күйлерде көрсетілген (Дәулеткерейдің «Шарипа» Сейтек, «Қыз
Ақжелен», «Қосалқа» күйлері). Қазақ әйелінің бейнесі – ана тағдыры, қыз
тұрмысы да қазақ күйлерінің арқауы болған.
Құрманғазының «Назым», «Балқаймақ», «Қайраншешем» күйлерінде
әйелдің даналық, сұлулық қалпын, мінездің тұрақтылығын, адамгершілік,
тазалық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін, сондай-ақ, еңбекшіл
халықтың жақсы тұстары бейнеленеді.
Осы айтылғандардан басқа, жоғарыда көрсетілгендей қазақ ұлттық
музыкасы жанрлары дәстүрлі аймақтық орындаушылыққа қарай да жіктеледі.
Қазақстанның тиісті географиялық аймақтық орны мен олардың тарихи-
мәдениетіндегі қазақтың аспаптық музыка саласындағы аймақтық дәстүрдегі
композиторлық мектептер мен домбыра күйінің орындау стиліне қарай
жіктемелері бар, атап айтқанда:
шығыс қазақстандық, арқалықтық, қаратаулық,
жетісулық, сырдариялық, маңғыстаулық, батыс қазақстандық. Тұтас
домбыралық
Достарыңызбен бөлісу: |