14
«Құқықтық
логика», «Мәдениеттану», «Экология негіздері», «Ұлттық
дүниетаным» сияқты курстар.
Сессия кезінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Жоғары
математика
бастамалары»,
«Агрохимия»,
«Агрофизика»,
«Экология
негіздері», «Компьютерлік графика», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша
«Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер
қазақ тілі», «Іскер ағылшын тілі» таңдау курстары таңдалды, оқу-тәрбие
үрдісінің жаңа түрдегі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының жеке
тұлғалық қалыптасуы қамтамасыз етіледі.
Жобалау
әдісі тиімді пайдаланылған
қолданбалы курстар оқушы
бойындағы
ақпараттық
жобалау,
рөлдік
жобалау,
лингвистикалық,
зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, шығармашылық-зерттеушілік
мәселелерді
шешуге
бағытталған
оқушы
іс-әрекетін
ұйымдастырып,
танымдық біліктілігін дамыту, білімді өздігінен игеріп әрі қолдану дағдысын,
өзгермелі ортаға тез бейімделу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылған. Осы
орайда, ресурстық орталықта бейінді оқытуды ұйымдастырудағы ізденіс
жұмысы мазмұнының үлгісін ұсынамыз (1-кесте).
1-кесте – Ізденіс жұмысының мазмұны
Ізденіс жұмысының мазмұны
Қыркүйек –
сессияалды
жұмыстар
Оқушының қалауы бойынша курсты таңдау, бекіту, курстың
1-модулі бойынша зерттеуді кеңейту жолдарын қарастыру,
жоба тақырыбын анықтау
Күзгі сессия
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңін жүзеге асыру
Сессияаралық
жұмыс
1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңі бойынша дербес
маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер
2. Оқушы күнделігін жүргізу
3. Жұмыс портфолиосын жинақтау
4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)
Қысқы сессия
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңін жүзеге асыру.
І кезеңде оқушы портфолиосын бағалау
Сессияаралық
жұмыс
1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңі бойынша дербес
маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер
2. Оқушы күнделігін жүргізу
3. Жұмыс портфолиосын жинақтау
4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)
Көктемгі
сессия
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІІ кезеңін жүзеге асыру.
Оқушы портфолиосының рейтингісін шығару, бағалау
Сессияаралық
жұмыс
Жоба жұмыстарын қорғауға дайындау, рәсімдеу
Қорытынды
Жобаларды қорғау. Рефлексия
15
«Бейіндер біліктілігі» әдіснамасы. Әдіснаманы ағылшын педагогтері
даярлаған. Оқушыға әр аумақтағы біліктілігін анықтау үшін күнделікті
толтыру үлгісі ұсынылады (2-кесте).
2-кесте – Күнделікті толтыру үлгісі
Аумақтағы
бейіндік
біліктілік
Мен мұны жасай
аламын
(бағандардың біріне
«+» белгісін қой)
Мектептен тыс
жерде қолдана
алатын біліктілікті
көрсетуге тырыс
Мұғалім қолы
(күні, айы)
Көмекпен
Көмексіз
Оқушының әрекетке қатысын көрсететін «оқушы күнделігін» жүргізіп
отыру өз кезегінде түзету жұмыстарын енгізгенде, келешекте басқа жоба
құрғанда қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді.
Ресурстық орталықтың сессиялары және сессияаралық жұмыстары кезінде
жоғары сынып оқушыларына әртүрлі деңгейдегі қызықты да тартымды
іскерлік ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ таңдау курстары бойынша
өзекті тақырыптарды таңдай отырып жобалар қорғалады.
1-9-сыныптарда
жүргізілген
бейіналды
және
10-11-сыныптардағы
бейіндік дайындық бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысының
нәтижесін көру үшін 1-4-сыныптарда «Көркем сөз», 5-7-сыныптарда
«Маржан сөз», 8-сыныптан бастап «Шешендік өнер», «Жас тілші» сияқты
курстар сабақтастыра жүргізіледі. Осының негізінде ресурстық орталықта «Ақ
желкен» жастар баспасөз орталығы
ұйымдастырылды.
Әрине, барлық
оқушылар тіл маманы немесе тілші болуы мүмкін емес, бірақ бұл жұмыстар өз
тілін жете меңгерген, дұрыс ойлай, сөйлей және жаза білетін, әлеуметтенген
жас ұрпақты заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу сияқты мемлекет
саясатындағы өзекті мәселені жүзеге асырады [6].
Әрбір бала болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай
уақытта да көңілі ояу, көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан
қарап, өз ойларын білдіріп, шешімін таба білу шарт. Мұндай дәрежеге жету
үшін жас ұрпақтың сапалы білімі мен шығармашылық қабілеті болуы керек.
ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы – тіл» десе,
заманымыздың көрнекті ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие
шешеді, тәрбие құралы – сөз» - дейді. Жеке адамның ақыл санасындағы, ішкі
жан дүниесіндегі шығармашылық қабілетін дамытуда сөз өнерінің орны
ерекше. Сөз құдіреті қай уақытта болмасын өз маңызын жойған емес. Оқушы
шығармашылығының бұлағы да сөз өнерінен бастау алады. Ендеше, сөз
маржаны арқылы көкірек көзге әсер етіп, шәкірт жүрегін ұлттық рухпен
сусындатып, ой-санасын рухани-адамгершілік құндылықпен жетілдіру –
бүгінгі заман талабы. Сондықтан 5-7-сыныптарда
ұсынылып отырған
«Маржан сөз» бағдарламасының мақсаты – оқушының білім деңгейін саралап,
16
шығармашылық жұмысқа тарту, сөз өнері арқылы халқымыздың әдеби бай-
мұраларын, дәстүрін қадірлей білетін ойы нәрлі, тілі ұшқыр болашақ тұлға
тәрбиелеу болса, басты міндеті – функционалдық сауатты, шығармашылығы
жоғары маман даярлауға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан курс
мазмұнына «Сөз өнері – өмірді танытатын қуатты құрал», «Өрнекті сөз –
ортақ қазына», «Қазақ мақал-мәтелдерінің орысша баламалары», «Сөз асылы
– шешендік» сияқты тараулар енгізілді.
Ал «Жас тілші» бейіндік бағдарламасының түсінік хатында 12 жылдық
білім беруге көшудің мақсаты – өзін-өзі дамыта алатын және тез өзгеретін
өмірдегі жағдаяттарға байланысты өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын,
мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің тапсырыс талабын қанағаттандыратын,
халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру
болып табылатыны көрсетілген. Орта білімнің үшінші сатысын құрудағы
жаңа принципті көзқарас оқытуда білім мазмұнын саралау, ықпалдастыру
және кәсібилендіру негізінде жүргізуге байланысты туындайды.
Осыған орай, «Жас тілші» бағдарламасы оқушыларды тіл мәдениеті мен
публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді сақтап, кез келген тақырыпта
еркін сөйлей білуге үйретеді. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау
шеберлігін
үйрету арқылы
пікір жазуға, авторлық
позицияны тануға
бағыттайды. Сонымен қатар оқушыларды танымдық зерттеу, бақылау, бағалау
жұмысына икемдеп, өзіндік айқындама беруге, түйінді мәселелер шешуге,
өзін-өзі тани отырып, өз талабын қанағаттандыруға дағдыландырады.
Бұл бағдарлама жоғарғы 8-10-сынып оқушыларына арналған. Ол адам
өміріндегі сөз мәдениетінің мәнін аша отырып, сөздерді стильдік нормаларға
сай қолдана білуге дағдыландырады. Оқушының сөз қолдану іскерлігін
шыңдай
отырып,
дұрыс
қарым-қатынас
жасаудың
амал-тәсілдерін
қалыптастыру, логикалық ойлауын, өзіндік ой-тұжырымын, өзекті ойын,
дәлелін шығармашылық деңгейде жеткізе білуге тәрбиелейді. Бұл бағдарлама
арқылы
оқушының
функционалдық
сауаттылығы
мен
құзырлығын
қалыптастыруға ықпал жасалады. Курс мазмұны оқушының функционалдық
сауаттылығын жетілдіретін өзекті мәселелерді қамтиды. Мәселен, курсқа
қысқаша шолу жасасақ:
«Тезис және конспект» (5 сағ). Басты мәселе және негізгі ой. Негізгі ойды
қорғаудағы ішкі логика. Аргументтер мен фактілер. Тақырыпқа сай цитата
таңдау.
Конспектінің құрылымы. Негізгі фактілер мен мысалдар. Ой
ықшамдау және қысқаша мазмұндау. Практикалық жұмыс: «Жоспар».
«Тезис». «Конспект».
«Репортаж» (10 сағ). Репортаж – публицистикалық стиль ішіндегі газет
жанрының бір түрі. Репортаж дайындаудағы сөздің көркемдегіш және
суреттеме құралдарының маңыздылығы. Репортаж тақырыптарының түрлері.
«Интервью» (сұхбат) (6 сағ). Интервьюдің қолданылу аясы. Интервьюдің
тақырыбы мен міндеттері. Интервьюдің құрылымы
секілді
оқушының
функционалдық сауаттылығын қамтитын маңызды тақырыптар қамтылған.
Айта кететін бір жайт, «Ақжелкен» жастар баспасөз орталығының
Достарыңызбен бөлісу: |