ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА»
кафедрасы
Энергетиктер күніне арналған “Энергетика-
экономиканың алтын өзегі” атты кішігірім
концерттік бағдарлама
Ұйымдастырған: «Энергия үнемдеу
және автоматика» кафедрасы ссистент
Исмаилова Г.К.
Алматы 2015
Құрметті энергетиктер!
Біз қалыптасқан дәстүр бойынша желтоқсанның үшінші жексенбісінде
айтулы мереке - Энергетиктер күнін атап өтеміз. Бұл - біздің отбасы, ошақ
қасымыздағы жылылықты, жарықты, кәсіпорындар, мекемелер мен
ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті электрэнергиясымен
қамтамасыз ету жолында елеулі еңбек сіңіріп жүрген адамдардың кәсіби
мерекесі.
Энергетика - кез келген экономиканың алтын өзегі. Осы салада қызмет
жасап жүрген адамдар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың
елімізді
әлеуметтік-экономикалық
жағынан
дамыту,
экономика мен өнеркәсіптік өндірісті жаңғырту бойынша алға қойған
міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлес қосып келеді.
Энергетик – бұл шын мәнінде мақтануға тұрарлықтай кәсіп. Сіздердің
көпшіліктеріңіз үшін бұл жай ғана жұмыс емес, бұл сіздердің
тағдырларыңыз, өмірлеріңіз. Қарағанды облысының энергетиктері тұрғындар
мен кәсіпорындарды жылумен және электр энергиясымен үздіксіз
қамтамасыз ету, оның сапасын арттыру жолында үнемі ізденіп шаруашылық
жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу үстінде. Осының арқасында біздің
аймағымыздың, бүкіл еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді. Біздің
өңірімізде энергетиканың қуатты ресурсы бар, дегенмен өнеркәсіп пен
тұрғын үй саласының дамуының нәтижесінде энергия жетіспеушілігінің
мәселесі де туындап отыр. Оны шешу үшін 2015 жылы энергетиканы
дамытудың аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды. Оның аясында
жұмыс істеп тұрған жылуэлектр станцияларының қуаттылықтары
кеңейтілетін болады. Сонымен бірге бірқатар ауылдық аумақтардың электр
тасымалы желілерін қалпына келтіріп, жаңғырту бойынша жобалар жүзеге
асырылуда. Бұл тағы да 6 мыңның шамасындағы адамды тұрақты электрмен
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігі де сөзсіз.
Осынау мереке күні біз әр уақытта ойланып, байыбына бара бермейтін,
бірақ оның жемісін күнделікті пайдаланып жүрген сіздердің адал
еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Үйіміздегі жарық пен
жылу, техниканың жұмысы, жалпы ХХІ ғасырдағы адамзат баласының өмір
сүру мүмкіндігі тікелей сіздердің осы қажырлы еңбектеріңізге байланысты.
Сіздер шын мәнісінде үлкен жұмыс жасап, баршамызға ертеңгі күнге деген
сенім сыйлайсыздар.
Кеңес үкіметі тұсында салынған көпқабатты тұрғын үйлерде энергия
үнемдеудің тиімді жолдары қандай? О баста ешқандай үнемге құрылмаған
жүйелерді бүгінгі нарық талабына сай жаңғыртудың қандай мүмкіндіктері
бар? Осындай мәселелер кеше «Қазақ тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ өкілдерінің жергілікті құзырлы
мекеме басшылары мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына арнап
өткізген семинарда көтерілді.
Акционерлік қоғам төрағасының орынбасары Ерболат Бөксекбаевтың
айтуынша, бүгінгі таңда елімізде кешегі кеңес өкіметінен мұра боп қалған
тұрғын үйлер көп. Көпқабатты баспаналардың 40 пайызы қазірде күрделі
жөндеуді талап етеді. Егер шара қолданылмаса, тозған үйлерден жоғалатын
энергия мөлшері жылдан-жылға ұлғая береді. Одан басқа, еліміздегі су
құбырының 71 пайызы, канализация жолдарының 68 пайызы, жылу
құбырының 65 пайызы ескірген деп есептеледі. Мұның бәрі станциялардан
босатылған энергиялардың едәуір көлемі тұтынушыларға жетпей қалуына
әсер етеді. Шындығы сол, бүгінгі таңда қаладағы жылу магистральдерінің
біршама бөліктері «жалаңаштанып» қалған. Сараптама нәтижелерінде
Қарағанды жылу кәсіпорны 41 пайызға дейін жылу қуатын орта жолда
жоғалтатыны анықталған. Өндірісіне қаншама шикізат жұмсалған жылу
қуаты ауаны ғана жылытады. Жыл сайын миллиондаған гикокалорий энергия
ауаға сіңіп кетіп жатса, ол шығынды тариф бойынша есептеп көрсеңіз
қаншама қаржының көкке ұшып жатқанын аңғарасыз.
Әлемдегі өркениетті дамуының негіздері: компьютер, ғарыш
зымыраны, жасанды сана, радио мен теледидар, мобильді телефон, жарық
және жылу, мұздатқыш, ақылды тұрмыстық және өндірістік техника—
осылардың
барлығы
электр
энергиясынсыз
дәрменсіз.
Еліміздің
экономикасының дамуымен және халықтың тұрмыс жағдайының
жақсаруымен энергияны тұтыну артып келеді. Сондықтан, елімізге жылу
энергетикасы, электр энергетикасы, ақпараттық технологиялар, стандарттау
және энергиямен қамтамасыз ету бойынша кадрлар өте қажет.
Біздің кафедрада - энергетик мамандарын дайындайтын қазіргі заманғы
жылу техникалық, электр техникалық, ақпараттық және метрологиялық
базаларда 25 зертхана – жылу техникасының, электр техникасының
теориялық негіздері, электрлік машина, электрлік жетек, электрмен
қамтамасыз ету, электр технологиясы, автоматика және басқа да
компьютерлік технологияларды қолданатын арнайы пәндер зертханасы бар.
Студенттермен сабақтарды тәжірибелі профессорлар, доценттер және
өндіріс мамандары жүргізеді.
Студенттердің шетел университеттеріне оқуға баруға, энергияны
үнемдеу технологиясы, мобильді электрлендірілген машиналар және жылу,
электр энергиясы, ақпараттық технологиялар мен стандарттаудағы өзекті
сұрақтар
бойынша
ғылыми–зерттеу
жұмыстармен
шұғылдануға
мүмкіндіктері бар. Бакалавриат бітірушілер оқуды бейіндік немесе ғылыми
магистратурада
жалғастыра
алады.
Магистратураны
бітіргендер
докторантураға оқуға түсуіне болады.
Кафедра Ресей, Өзбекстан, Польша, Чехия, Германия, АҚШ, Малайзия
және Болгария жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта.
Кафедра төмендегі мамандықтар бойынша бакалаврлар
дайындайды:
5В081200
–
Ауыл
шаруашылығын
энергиямен қамтамасыз ету – мамандығын
игергендер
ірі
мемлекеттік
Агроөнеркәсіптік
кешендерде, фермерлік шаруашылықтарда энергетик,
сондай-ақ
АЖК
мекемелеріндегі
энергиямен
қамтамасыз ету жүйелерінде мамандар және
жетекшілер, электртехнологиялық, жарықтехникалық және
сәулелендіру
қондырғыларын,
электрлік
жетек
және
жүйелі
автоматтандырылған технологиялық кешендерді күтіп қарайтын және
монтаждайтын электрмеханик болып жұмыс істейді.
5В071700 – Жылу энергетикасы – мамандығын игерген түлектер
жобалап – құрастырушы, монтаждап–күтіпқарау орындарында, жылуды
өндіретін, тарататын, пайдаланатын мекемелерде, сондай-ақ энергетикалық
жүйелер мен кешендерде, жылу электр станцияларында және ауыл
шаруашылығында техниктер мен инженерлер қызметін атқара алады.
5В071800 – Электр энергетикасы – аталған мамандықты игерген
түлектер агроөнеркәсіптік кешенінің ірі құрылымдарында, фермерлік
шаруашылықтарда энергетик, сондай-ақ АЖК мекемелеріндегі энергиямен
қамтамасыз
ету
жүйелерінде
мамандар
және
жетекшілер,
электртехнологиялық, жарықтехникалық және сәулелендіру қондырғыларын,
электрлік жетек және жүйелі автоматтандырылған технологиялық
кешендерді күтіп қарайтын және монтаждайтын электрмеханик болып
жұмыс істей алады.
Айқын болашақта электр энергиясына тең келер балама энергия түрі
жоқ. Ол, күнделікті өмірдегі, өнеркәсіптегі және ауылшаруашылығындағы
барлық жаңа технологиялардың негізі болып табылады.
Осы мамандықты игерген жағдайда Сізге жұмыссыздық қауіптілігі жоқ.
Өзіңізге, жанұяңызға, өзіңіздің туысқандарыңызға және жақындарыңызға
жақсы тұрмыстық жағдай жасай аласыз.
Қымбатты достар!
Баршаңызды мерейлі мереке - Энергетиктер күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға бақыт пен береке,
отбастарыңызға амандық және аймағымызды өркендету жолындағы
еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Мерекелеріңізбен!
Энергияны сақтау-болашақ инвестициясы
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
Шешуі:(Энергия).
Энергетика экономиканың алатын өзегі!
Қанай: Армысыздар құрметті көпшілік қауым! Міне, бүгінгі қалыптасқан
дәстүр бойынша айтулы мереке энергетиктер күніне арналған «Энергетика –
экономиканың алатын өзегі» атты кішігірім концерттік бағдарламамызға қош
келіпсіздер!
Назерке: Бүгін біз үшін ерекше күн – біздің кәсіби мерекеміз, Энергетиктер
күні!
Бүгінгі мереке өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған
адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен қатар бұл – энергетиктер
буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау. Бұл – еліміздің энергетикалық
кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған адамдар мерекесі.
Қанай: Энергетиктер күні біздің отбасы ошақ қасымыздығы жылылықты,
жарықты, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі
үшін қажетті электроэнергиясымен қамтамасыз ету жолында елеулі еңбек
сіңіріп, осы салада қызмет жасап жүрген адамдардың кәсіби мерекесі.
Назерке: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев энергетиканың дамуына аса
көңіл бөледі, себебі экономиканың барлық басқа салаларының өмірге
икемділігі, үйдегіжайлылық, жылулық және жарық энергетикаға байланысты.
Қанай: Энергетик бұл шын мәнінде мақтануға турарлықтай кәсіп! Бұл біз
үшін жай ғана жұмыс емес, бұл біздің тағдырымыз, өміріміз!
Назерке: Бүгін бізде қонақта «Инженерлік» факультетіміздің деканы
Абдильдин Нурлан Кеңесбекұлына сөз береміз.
____Сания Қайратқызын «Ғажайып түс» әсем әнімен құрметпен ортаға
шақырамыз.
Назерке: Энергетикалық кешен – еліміздің экономикасы мен өмірді
қамтамасыз ету қайнарының негізі. Электр қуатынсыз шағын ауыл да, үлкен
шаһар да, бүкіл жер шары да әрекет ете алмайды. Сіздерді кәсіби
мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Келесі музыкалық сәлем тек сіздер үшін.
___Ортамызда Кәсіптік оқыту мамандығының 104 тобының
орындауында үнді биі.
Қанай: Назерке, осы үйіміздегі жарық пен жылу, техниканың жұмысы,
жалпы ХХІ ғасырдағы адамзат баласының өмір сүру мүмкіндігі тікелей
энергетика мамандарының қажырлы еңбектеріне байланысты емес пе, қалай
ойлайсын?
Назерке: Йә, әрине энергетик аға – апаларымыз шын мәнісінде үлкен жұмыс
жасап, баршамызға ертенгі күнге деген сенім сыйлайды.
Қанай: Біз бүгін жүзден жүйрік шығатын энергетика саласының
ұстаздарына, осы саланың басында тұрған азаматтарға ерекше құрмет
көрсете отырып, ұстаз ағаларымызға сөз кезегін берейік:
1)
«Энергияны үнемдеу және автоматика» кафедрасының
меңгерушісі
Шыныбай Жандос Сапрарғалиұлына.
2)
«Энергияны үнемдеу және автоматика» кафедрасының
профессоры Алиханов Джахфер Музаферович мырзаға
.
3)
«Энергияны үнемдеу және автоматика» кафедрасының
профессоры Исаханов Муратбек Жанабатырович мырзаға
.
4) «Энергияны үнемдеу және автоматика» кафедрасының
профессоры Умбеткулов Ертуған Кожагулович мырзаға
.
Назерке: Энергетиктер! Өндірістік сала мен барлық мемлекеттік және
әлеуметтік мекемелердің үзіліссіз жұмыстары, тұрғын үйлердің жылулығы
мен жайлылығы, халық тұрмысының сапалылығы – осының бәрі өздеріңіздің
күрделі еңбектеріңізге байланысты.
Алдарыңызда Сейтқасым Назеркенің орындауында
«Алтын бесік» әсем әнін карсы алайық
Қанай:Ендігі сөз кезегі аса құрметпен кешіміздің қонағы Қазақстан жолы
тәрбие білім басқармасының бастығы Хасиетова Галия Сусамыровнаға
беріледі
Қыздардың мың бұралған биі қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
Ортада университетіміздің «Гүлбану» би ансамбілінің орындауында
ұйғыр биі.
Қанай: Бүгінгі күні заманауи қоғамды жылу және электр қуаттарысыз
елестету мүмкін емес. Күн сайын астаналық қуатпен қамтамасыз ету
мекемелерінің мыңдаған жұмысшылары қала тұрғындарының өмірі жайлы
болсын деп өзерінің маңызды қызметін атқаруда. «Энергетик күні» - бұл
энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі.
Өлеңге көңілің құмар, дауысың жыртар,
Созылтып ән мұржасы созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге таңсық
Жылпыңдар жылы сөзді неге ұмытар ?
Тамырды солқылдатып, ойды қозғап,
Жүректі тебірентіп, ішті жылытар.
– дей отыра музыкалыфқ сәлеммен Ыдырыс Саянды ортаға
шақырайық М. Мақатаевтың «Ұнатамын сені» әнімен
Назерке: Бұл күн - сондай-ақ энергетика саласындағы жауапты орындарда
бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. «Энергетик күні» -
«жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының
айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі.
Алдарыңызда Өнерлі көңілді тапқырлар Инженер құрама командасын
шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Қанай:
Алдарыңызда факультетіміздің 4 курс студенті Мирзам Жалғастың
орындауында «Аспанға қараймын» әсем әнін қарсы алыңыздар
Назерке: Білесіңбе Канай энергетик жұмысының маңыздылығын бағалауға
болмайды және олардың еңбектерінің арқасында азаматтардың үйлері
жайлы ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етіп, әрбір тұтынушыға
қалыпты жұмыс беріледі екен.
Қанай: Ия, сондықтанда Энергетиктер күні- бір кездері энергетикалық жүйе
құруға немесе қызмет көрсетуге қатысқандардың барлығына арналған
мереке.
Назерке: Баршаңызды мерейлі мереке- Энергетиктер күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға бақыт пен береке,
отбастарыңызға амандық және аймағымызды өркендету жолындағы
еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Қанай: Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Келесі кездезкенше қош сау
болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |