Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата23.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#16734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

балалардың  жеке  ерекшеліктерін  біледі,  балалардың  жеке  дамыту 

бағдарламасын жасауда және жүзеге асыруға қатысады;  

баланың  әр  түрлі  әрекет  түрлерінің  даму  деңгейін,  коммуникативті 



белсенділік ерекшеліктерін, мақсатқа бағытталған әрекет деңгейін, өзіне өзі қызмет 

көрсету, мәдени-гигиеналық дағдыларын анықтайды;   

мамандардың ұсысыныстарын орындайды [19]. 



Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір 

маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы 

мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің 

басты  мақсаты  -  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  дамыту,  оқыту,  тәрбиелеу 

және  әлеуметтендіру  екендігін  түсіну  қажет.  Сонымен  қатар,  қазіргі  таңда 

педагогтардың  барлығы  өздерінің  белгілі  бір  салада  «білмейтіндіктерін» 

мойындап,  әріптесінің  көмегін  қабылдай  алмайды.  Инклюзивті  білім  берудің 

«алтын  ережесі»  -  топта  жұмыс  жасау,  осыған  педагогтарды  даярлауда  ерекше 

мән  беру  керек.  Арнайы  педагогика  саласында  өзінің  кемшіліктерін  мойындау, 

әріптестері  мен  мамандардың  көмегін  қабылдау,  мамандармен  тұрақты 

байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады.    

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  енгізу  жағдайындағы  білім  беру  үдерісінің 

сапасын  арттыру  мақсатында,  оның  барлық  субъектілеріне,  яғни  әкімшілік, 

педагогтар,  мамандар,  балалар  мен  ата-аналарға  келесі  ережелерді  сақтау 

ұсынылады: 

әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу; 



өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау; 

бір-біріне сыйластықпен қарау; 



көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және 

оны тыңдауға дайын болу; 

топтың  ортақ  мақсатын  мойындау  және  сол  мақсатқа  жету  үшін 



еңбектенуге тырысу. 

Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы 

педагогика  саласындағы  білім  жеткіліксіздігін,  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың  дене  және  психологиялық  ерекшеліктерін  түсінуі,  мамандардан 

көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді 

басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық 

әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға 

бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады.  

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша 

педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру 



бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс (Леонтьева 

Е.Е.  жасаған  ұсынымдар[20]).  Инклюзивті  білім  беру  бойынша  координатор 

жоғарғы  дефектологиялық  білімі  бар  (сурдопедагог,  тифлопедагог, 

олигофренопедагог,  мұғалім-логопед,  т.б.),  инклюзивті  білім  беру  саласында 

даярлықтан  өткен  және  көру,  есту,  тірек-қимыл  немесе  интеллектуалды 

дамуында  әр  түрлі  бұзылыстары  бар  балалармен  жұмыс  істеген  кез  келген 

маман  бола  алады.    Интеллектуалды  бұзылыстарға  психикалық  даму  тежелуі, 

17 


 


интеллектуалды  жетіспеушілік,  оның  ішінде  Даун  синдромы,  балалар 

церебралды параличі, аутистік бұзылыстар және т.б. жатады.  

 

Координатордың қызметіне кіруі мүмкін: 



1. 

Әкімшілік: 

инклюзивті  мәдениет  пен  құндылық,  философия  мен  идеология, 



ұйымдастырудың ерекше тәртібін қалыптастыру; 

инклюзивті  білім  беру  саласында  педагогикалық  ұжым  әрекетінің 



стратегиясы  мен  тактикасын  анықтау  (нақты  қадамдарды  жоспарлау,  жүзеге 

асыру және талдау – ұйымдастырушылық компонент), барлық балаларға бірдей 

көңіл бөлуді қамтамасыз ету және сол мақсатта қолдағы ресурстарды нәтижелі 

қолдану; 

инклюзивті  практиканы  қолдау  (әріптестерге  кәсіби  қолдау  мен 



ынталандыру,  әсіресе,  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  нәтижелі  жұмыс 

істеу  үлгілерін  таратуда,  түзете-дамыту  жұмысының,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  

мазмұны,  формалары,  әдістері  мен  тәсілдері  туралы  сұрақтарды  шешуде 

пәнаралық, «командалық» ыңғай жасауды қамтамасыз ету).  

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктерін, баланы дамытуда 



ұзақмерзімді мақсаттарды талдау, бала мен оның отбасын қолдау стратегиясы. 

 

2. 

Білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық 

консилиум маманының (жетекшісі) қызметтері: 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестің  мамандарымен 



өзара әрекеттесу; 

білім  беру  ұйымының  психологиялық-медициналық-педагогикалық 



консилиум мүшелерінің әрекетін координациялау; 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  консилиум  отырыстарын 



жаспарлау және жүргізу; 

жеке  білім  беру  жоспарын  (баланың  жеке  даму  бағдарламасы)  жасауға 



және жүзеге асыруға қатысу; 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  консилиумның  шешімдерін 



ата-аналар мен әкімшілікке жеткізу. 

Консилиумның мүшесі ретінде координатордың міндеттерінің ішінде даму 

мүмкіндігі шектеулі балаларды ендіру үдерісінреттеу және тиімді ету бойынша 

нақты шараларды бөлуге болады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 

жеке 

және 


топтық 

түзету 


сабақтарының 

кестесі, 

оқушыларды 

(тәрбиеленушілерді)  қосымша  құрылғылармен  қамтамасыз  ету  сұрақтары; 

баланың  мектепте  болу  тәртібін  ата-аналармен  келісу  және  психологиялық-

педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.  



 

3. 

«Сыртқы» серіктестермен өзара әрекеттестік: 

психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен, 



психологиялық-педагогикалық түзету  кабинеттерімен, 

түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерімен, 



18 

 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау