«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет43/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146

 
 
88 
 
болады.  Мен  сіздерге  осы  мінездерді  сату  үшін  жарнамалауларыңызды  ұсынамын.  Сол 
жағымсыздың  ішінен  жағымды  қылықтарымен    ерекшелеп,  басқалар  сатып  алғысы 
келетіндей  етіп  жарнамалауларыңызды  сұраймын.  Мысалы  :  «қисықтық,  себебі  ол 
қайсарлықпен  ұқсас.  Баланың  бойына  қисықтық  емес  қайсарлықты  қалыптастыру  керек.  
Қайсар адам еңбекқор,тәуекелшіл сияқты жарнама жасау тапсырылды. 
Топтарға  қызғаншақтық,  ашуланшақтық,  жалқаулық,еркелік  мінез-қылықтарды 
жарнамалау берілді. Мінез- құлықты атайды,түсіндіреді. 
1.Бұл жұмысты орындау жеңіл болды ма? Не қиындық туғызды? 
2. Бұл мінез-құлықтардың жаңа жағын байқадыңыз ба? 
3. Бұл мінез-құлықтардың өмірде қажетті екенімен келісесіз бе? 
4.  Атқарылған  жұмыстан  кейін  оларды  қаншалықты  қабылдайсыз?деген  сұрақтар 
арқылы  қорытындыланды.  Ата-аналар  мен  балаларға  берілген    жұмыстардан    бала 
бойындағы  жағымды,жағымсыз  қасиеттер  мен  әдеттердің  сәйкес  келгені  таңқалдырды.Ата-
аналар  баласының  бойындағы  қасиеттерін,      әдеттерін  толық  білетіні  анықталды.Бала 
бойындағы    қызғаншақтық,  жалқаулық,  ашуланшақтық,  еркелік  мінез-қылықтарды  тыюға 
жұмыс  жасалынды.  Ата-аналар  социумымен  жасалынған  жұмыстар  арқылы  жыл  соңында 
сыныптың білім сапасы 54%-ке көтерілді. Оқушылардың арасында достық қарым қатынастар 
жақсарды. Жыл басында ортақ тіл табыса алмаған Қазбек пен Алан дос болды.Исаның мінезі 
жақсарды.  Аружан  мен  Ажардың  білімге  қызығушылықтары  артып,      жыл  соңында 
екпінділер қатарына қосылды.  Оқу жылының басымен салыстырғанда сынып балаларының  
арасында  ұйымшылдық  қалыптасты.    Әр  түрлі  спорттық  сайыстарға  қатысып  жүлделі 
орындар  алды  және  бірін-бірі  қолдаушылықтары  артты.  Мектеп  бойынша  «Жыл  сыныбы» 
сайысына қатысып 3 жүлделі орынды жеңіп алды.   
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Философия и методы RWCТ в действии  С.Мирсеитова. А., 2004ж. 
2. Жарықбаев Қ.Ж. Психология Алматы   2002ж.   
 
 
Биология сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету 
 
Ныгызбаева Г.Ж. 
Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев атындағы № 43  
мектеп-лицейі, химия және биология пәндерінің  
мұғалімі, жоғарғы санатты,III деңгейлі 
 
Ақпараттық  кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққакіру  жағдайында адамзат 
ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық 
даму  деңгейінің  өлшемдеріретінде  мектептің  білім  беру  жүйесін  жаңа  талаптар  бойынша 
жоспарлауыүшін  маңызды.Бүгінгі  күні  білім  беру  саласы  «Қазақстан-2050»  ұзақмерзімді 
Стратегиясының  маңызды  басым  бағыттарының  бірі  болып  танылды.Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  республиканы  әлемдегібәсекеге  қабілетті  30 
елдің  қатарына  кіргізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Бұлмәселені  жүзеге  асыруда  білім 
беру  жүйесін  жетілдіру  айтарлықтай  рөлатқарады.  Қазақстандықтардың  әлеуетін  ашу  үшін 
жаңа  мүмкіндіктер  жасау  саясатында,  ерекше  сапалы  білім  беру  жүйесі  бағытында  жалпы 
білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  сабақ  беру  деңгейіне  тарту 
міндетін қойған [1]. 
Оқыту  сапасын  арттыруда  білім  беру  үдерісінің  барлыққатысушыларының  ең  үздік 
білім  ресурстары  мен  технологияларына  теңқолжетімділікті  қамтамасыз  ету;  оқушылардың 
алған  білімдері  тез  өзгеретін  әлемдетабысқа  жеткізетіндігінен  қанағаттану;  жалпы  білім 
беретін  мектептердеҚазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани 


 
 
89 
 
дамығаназаматын қалыптастыруқажет [2].  
Оқу  мақсаты  басымдылығының  өзгеруі  білім  мен  тәрбие  мазмұнына  елеулі  түрде 
ықпал  етіп,  оны  жаңартудың  ең  басты  бағытттарын  айқындауға  және  нақтылы  міндеттер 
белгілеуге  мүмкіндік  береді.  Жаңа  мазмұнды  оқытудың  нәтижелілігі  мұғалімнің  шеберлігі 
мен ізденісіне көп байланысты. 
Адамзатты  өркениетке  жеткізетін  құрал-білім.  Осы  құралды  жеткіншектер  бойына 
дарытушы ұстаздар қауымы. Сондықтан ұстаз жан-жақты тұлға болу керек. Ұстаздық жолда 
жай  ұстаз  емес,  бала  жанын  түсінетін,  өз  пәніне  қызықтыра  білетін    ұстаз,болу 
керек.Бүгінгідей  керемет  технологиялар  мен  ақпарат  заманында  білім  беру  өмірдің  басты 
талабы.  Бүгінгі  жастарымыз  білімді,әрі  тәрбиелі  келешек  өркениетті  Қазақстанның  білімді 
азаматы. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы  – 
білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі  екенін  ұқтым.  Оқушы  —  ізденуші,  ойланушы,  өз  ойын 
дәлелдеуші,  мұғалім  —  әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы  екенін  түсіндім.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  —  шыңдалған  ой,  ой  қозғай  отырып,  оқушының  өз  ойымен 
өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп,  сұрыптап, 
жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және 
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау 
Мұнда  әр  сабақ  үш  кезеңнен  тұрады:  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  ашу,  ой 
толғаныс.  Оқытуда  жақсы  нәтижеге  жету  үшін  сабақтың  әр  кезеңінде  стратегияларды 
сабақтың  мазмұнына  қарай  ұтымды  пайдаланған  жөн.  Мысалы  қызығушылықты  ояту 
кезеңінде ассоцациялық карта, кілтті сөздер, кішігірім дөңгелек стол, араласқан оқиғалар тб, 
ал мағынаны ашу кезеңінде БББ, инсерт, екі жақты күнделік, джиксо, оқытуға басшылық, ой 
толғаныс кезеңінде екі жақты күнделік, сементикалық карта, эссе, кроссенс стратегияларын 
қолдану өте тиімді. 
Оқyшылapғa  caпaлы  бiлiм  беpy  үшiн  бaғдapлaмaның  жетi  мoдyлiн  ықпaлдacтыpып 
жүйелібағытта жұмысымды жалғастырудамын.Осындағы жеті модульдің бірі сыни тұрғыдан 
ойлау. Мұнда сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Cыни тұpғыдaн 
oйлay  деген  бaқылayдың,  тәжipибенiң,  oйлay  мен  тaлқылayдың  нәтижеciнде  aлынғaн 
aқпapaтты oйлayғa, жинaқтayғa, aнaлиз жacayғa, бaғaлayғa бaғыттaлғaн пәндiк шешiм бoлып 
тaбылaды. Coнымен қaтap cыни тұpғыдaн oйлay көбiнеcе бaлaмaлы шешiмдеpдi қaбылдayғa, 
бip  нәpcенi  елеcтетyге,  oйлay  және  ic-әpекеттiң  жaңa  немеcе  түpлендipiлген  тәciлдеpiн 
енгiзyге  дaйын  бoлyды  көздейдi.  Cын  тұpғыcынaн  oйлay  дaғдылapының  негiзгi  тiзбеciне 
тaлдay,  пaйымдay,  қaдaғaлay,  түciндipy,  метaтaнy,  қopытынды  жacay,  бaғaлay  енедi 
(Мұғaлiмге apнaлғaн нұcқayлық 49). 
Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі идеясы: 
- Баланың  сыни  ойлауын  бағалау(ұтқырлық,сынаржақтылықтың  болмауы,пайым, 
тәртіп, өзіндік сана-сезім); 
- Сыни  ойлауды  дамыту  –  зерттеушілік  үшін  сапалы  және  мазмұнды  әңгімеге  көңіл 
бөлу; 
- Диалог арқылы сыни ойлау
- Ойлау туралы ойлану; 
- Рефлексивті практик; 
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныптa осындай 
әртүрлі сипаттағы сұрақтaр қойылу үшін оқушыны оған үйретiп қана қоймай, сонымен бірге 
сол  ортaны  жасау  қажет.  Сондықтaн  мұғалімдер  үшін  берілген  төмендегі  стратегияларды 
басшылыққа алдым. 
- Жaн-жақты жауаптарды талап ететін сұрaқтар қою
- Сұрaқ қойылған соң, оқушылaр жауаптарын ойланып алу үшін уақыт беру; 
- Сiз не қоса алар едіңіз деген сұрaқтар қою


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау