3-бетте Заман ағымына ілескен жігіт



жүктеу 266,66 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата23.05.2018
өлшемі266,66 Kb.
#16698
1   2   3   4

ЖАНА  ЗЕН

3

№30 (1790) БЕЙСЕНБІ

28 ШІЛДЕ 2016 ЖЫЛ

ЗАМАН АҒЫМЫНА ІЛЕСКЕН ЖІГІТ



Темір Мусаұлы туралы бір үзік сыр

М

ен  осы  бір  қағілез  денелі, 



жұқа  өңді,  сары  жігітті 

біраздан  бері  білемін. 

Бірақ  аса  терең  емес.  Өзі  өте 

жұғымды,  тәрбиелі  жігіт  көрінеді. 

Оның  кішіпейіл,  қарапайымдылығы 

лауазымды  жұмыстарда  істейтінін 

байқатпайды. Тіпті ақ көйлек, кәстөм 

шалбар  мен  галстук  тағып  шіреніп 

жүргенін  де  көрмеппін.  Жалпы  қай-

сы  мекемеде,  қандай  қызметте 

жұмыс  жасайтынынан  да  хабар-

сыз  екенмін.  Тек  менің  білетінім  осы 

Темір Мусаевтың Жаңаөзен қалалық 

мәслихатына  депутат  болғандығы. 

Сондай-ақ  оның  ертеректе  Теңге 

ауылдық  амбулаториясына  жеке 

қалтасынан қаржы шығарып «Жедел 

медициналық  жәрдем»  мәшинесін 

сатып  алып  бергендігі.  Ал  әлемдік 

қаржы  дағдарысы  алқымнан  алып, 

қабырғаны  қақырата  қысқан  шақ-

та  қалтасынан  қомақты  қаржы  шы-

ғарып,  қарапайым  халыққа  көмек 

қолын  созып,  қайырымдылық  жасау 

кез  келген  кісінің  қолынан  келмейді. 

Оның  осындай  ісін  жазып,  оқыр-

мандарға  насихаттау  барысында 

тереңірек  біле  бастадым.  Деген-

мен  оның  жасаған  жақсылығын 

жаһанға  жар  салғысы  келмейтін 

мінезін  тартыншақтық  шығар  деп 

ойлағанмын.  Себебі,  «Теңге  менің 

балалық  шағымның  куәсі  болған  өз 

ауылым  ғой.  Менен  басқа  біреу  бол-

са  да  осылай  жасар  еді»  дегеннен 

әріге  бармады.  Сөйтсем  «Жасаған 

жақсылығыңды  қалың  жұртқа  жа-

риялап  жату  адамгершілікке  емес, 

мақтаншақтыққа  жатады.  Ертедегі 

ата-бабаларымыз  ана  қолыңның 

алғанын-бергенін  мына  қолың  көр-

месін  деген  емес  пе?»  деп  тартын-

шақтай  береді  екен.  Дегенмен  оның 

сүйікті  әкесі  Муса  би  Төлеуұлы  ту-

ралы  шығарма  жазу  барысында 

Темірдің  өмір  жолы  мен  отбасылық 

жағдайына  тереңірек  үңіліп,  ашық 

әңгімелесіп, айқын жазуға мүмкіншілік 

туды.  Сондықтан  Темірдің  боямасыз 

өмірін оқырманға баяндап беруді жөн 

санадық.  Мүмкін  оның  еңбек  жолы, 

іс  тәжірибелері,  кәсіпкерлік  қадамы, 

адамгершілігі, 

қарапайымдылығы 

бүгінгі жастар мен келер ұрпаққа үлгі-

өнеге болар, бәлкім. 

Темір  Мусаұлы  қаладағы  темір 

жол мектебіне бастауыш сыныпқа ба-

рып, 1981 жылы Т.Әлиев атында-ғы 

№1 орта мектепті үздік бітіріп шығады. 

Мектеп  бітіргесін  жұмысқа  арала-

сады.  Бұрынғы  УТТ-3,  қазіргі  УОС-3 

мекемесінде автокөліктерді жөндеуші 

болып еңбек жолын бастайды. 1982-

1984 жылдары Ресейдің Архангельск 

облысында  әскери  қызметте  болып, 

міндетті  борышын  өтеп  келеді.  Екі 

жыл әскери қызметтің дәмін татып, ел 

көріп, жер көріп, біраз ысылды. Әскер-

ден келгесін «Қалалық жедел жәрдем 

медициналық орталығына» жұмысқа 

орналасады.  Ол  жерде  жүргізуші, 

автомеханик  болып  жұмыс  жасады. 

Басқа да жұмыстарды жүргізудің реті 

келіп қалады.

-  Адам  баласы  жастықтың  әсері-

мен  еске  түспеген,  ойға  оралмаған 

нәрселерді арадан жылдар өтіп, жасқа 

жас  мінген  сайын  өмірден  көретіні, 

тағдыр  талайынан  үйренетіні  көп  бо-

лады екен, - дейді Темір өткен шағын 

еске  алып.  -  Әсіресе,  мен  әскерден 

оралып, «Жедел жәрдемге» жұмысқа 

келгелі  өте  көп  ойланатын    сияқты 

болдым.  Соның  бірқатарын  саралап 

көрейін. Бірінші, Жаңаөзен халқының, 

әсіресе  тәуелсіздік  орнағалы  өсу 

қарқыны  байқала  бастады.  Себебі, 

қаладан бұрынғы тау халықтарының 

өкілдері  қопарыла  көшкенімен,  алыс-

жақын  шетелдерден  оралып  жатқан 

қандас  бауырларымыздың  алдыңғы 

легі толықтыра бастады. Бір қоғамнан 

екінші  қоғамның  ершігіне  отырудың 

қиындықтарын  басынан  кешсе  де 

халқымыз құдайға шүкір табиғи өсімін 

тежемеді.  Өйткені,  оралмандардың 

көпшілігі  баяғы  түйенің  қомында, 

көші-қонның жолында балалы болып, 

жол-жөнекей  шілдехана  жасап,  той-

лап жүре беретін асыл әжелеріміздің 

Өзбекстан,  Қарақалпақстан,  Түрік-

менстаннан 

Жаңаөзенге 

қоныс 

аударған  қыз-келіндері  емес  пе?! 



Сондықтан  табиғи  өсімнің  тежелуіне 

ешқандай  негіз  де,  ешқандай  себеп 

те  жоқ.  Дегенмен  халықтың  саны 

өскен  сайын  қызмет  көрсету  сала-

сында  түрлі  проблемалар  туында-

уы  заңды  құбылыс.  Бұл  әрине,  ме-

дицина  саласында  да  байқалады. 

Әсіресе, «Жедел жәрдем» автокөлігі 

жетіспейді.  Қолда  бар  «Жедел 

жәрдем»  халықтың  өсіміне  сәйкес 

келмейді.  Міне,  осындай  мәселелер 

мені  сол  кезден  бастап  толғандыра 

бастады.  Сосын  өз  қолым  өз  ауызы-

ма жеткесін мүмкіндікті қалт жібергім 

келмеді.  Бұл  бір.  Екіншіден,  өзімнің 

аяулы  анамның  айықпас  дертке 

ұшырағанын осы «Жедел жәрдемде» 

жұмыс  істеп  жүрген  кездері  байқа-

дым.  Сол  кездегі  бастығымыз,  яғни 

қалалық  аурухананың  басшысы 

Дабыл  Аққұлов  деген  азамат  бол-

ды.  Мамандығы  -  оташы  дәрігер. 

Ал  «Қалалық  жедел  жәрдем  ор-

талығының»  жетекшісі  Мұрат  Сы-

ражанов  еді.  Ең  бірінші  шешем 

сырқаттанғанда  осы  Дабыл  Аққұ-

ловқа  көрсеттік.  Ол  кісі  анализ  жа-

сатып,  медициналық  сараптамадан 

өткізді.  Сөйтіп  мені  өзіне  шақырып 

алып:  «Темір,  сен  үйленуің  керек. 

Себебі,  анаң  ауыр  науқасқа  шал-

дыққан. Жалпы «Ауру өле ме, сау өле 

ме» оны бір құдай біледі. Ал дәрігер 

болса  шықпас  жанға  себепші  ғана. 

«Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ».  Аяқ 

астынан  олай-былай  болып  кетсе 

анаңның ақтық арманы орындалмай 

іште кетпесін. Сондықтан үйлен айна-

лайын. Шешең болашақ немерелерін 

болмаса  да,  көзі  тірісінде  ең  болма-

са келінін көріп кетсін», - деді. Содан 

үйленуге  қамдандым.  1995  жылы  21 

желтоқсанда  Жеменей  ауылынан 

шыққан  Күмісгүл  атты  арумен  бас 

қосып,  шаңырақ  көтердік.  Өкінішке 

орай,  анам  арадан  бір  апта  өткесін, 

яғни  желтоқсанның  28-і  күні  өмірден 

озды.  «Кенже  келінімді  көзім  тірі  кез-

де  көріп  қалсам  екен»  деген  тілегіне 

періштелер  әумин  деген  сияқты. 

Әйтеуір,  содан  басқа  тойымыздың 

куәсі  бола  алмады.  Тіпті  құдалық 

тойды  көруге  де  59  жылдық  қысқа 

ғұмыры  жетпеді.  Сондықтан  осы 

«Медициналық  жедел  жәрдем»  мә-

шинесінің  жетіспеушілігі  анамның 

беймезгіл  өлімі  менің  өміріме  өш-

пестей  із  қалдырып,  санамда  сақ-

талып қалды.

Темір  уақыт  өткен  сайын  адам 

баласына осы заманда «Оқусыз білім 

жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген қағиданы 

жақсы  түсінді.  Сөйтіп  еңбектен  қол 

үзбей  жүріп,  оқуды  көздеді.  Әуелі 

1991-95 жылдар аралығында Атырау 

қаласындағы  политехникалық  техни-

кумнан  техник-механик  мамандығын 

алып  шықты.  Осыдан  кейін  Қазақ 

газ  өңдеу  зауытында  цех  механигі 

және  өндіріс  шебері  болып  6  жыл 

жұмыс  жасады.  Қарағандыдағы 

Букетов 


атындағы 

мемлекеттік 

университетінде сырттай оқып, 2000 

жылы жоғары білімді инженер-энерге-

тик деген диплом алып шығады. Ара-

да екі жылдай «Мұнайсервис» ЖШС-

да жабдықтаушы болып еңбек етеді.

2000  жылдың  қарсаңы  мен 

бастапқы  жылдары  баяғыдан  бері 

айдарынан  жел  есіп  тұрған  талай 

мекемелердің  тағдыры  таразыға 

тартылып,  кейбірінің  қабырғасы  қа-

қырап,  біреулері  жекешелендіріліп 

жатты.  Осы  бір  кезеңде  Темір  авто-

көліктерге  газ  құю  стансаларын  қам-

титын  «АНТ»  ЖШС-да  коммерция-

лық  директор  болып,  мекемеге 

басшылық жасады. Осы жерде жүріп 

ол  кәсіпкерліктің  небір  қыры  мен 

сырын  үйреніп,  тәжірибе  жинақтап, 

нағыз  өмір  мектебінен  өткендей  бол-

ды. Содан әлгі аумалы-төкпелі заман-

да  газ  өңдеу  зауытының  техникала-

ры  мен  дүние-мүліктері  оңды-солды 

тарқатыла бастады. Соның салдары-

нан  екі  ортада  жұмыссыз  қалғандар 

да бар. Темір қасындағы екі жолдас 

жігітімен  «Мұнайсервис»  ЖШС  ба-

засында  серіктестік  ашуға  кірісті. 

Жалпы  оның  қасындағы  Қадірбек 

Қасымов,  Нұрлан  Әйкеев  үшеуі 

бірігіп  шағын  мекеме  ашады.  Негізгі 

ұсыныс  Қадірбек  тарапынан  болған. 

Құрылтайшысы да сол. Қажетті қаржы 

үшін  мініп  жүрген  автокөлігін  сатқан. 

Өзі  Көкшетаудың  жігіті.  Автомобиль 

жолдары институтын жаңадан бітіріп 

келген  жас  маман.  Осында  келгесін 

Олжашы Жеменейдің қызына үйленді. 

Оның  осындай  қадамға  баруына 

қайын  жұрт  жағының  да  септігі  тиді. 

Міне, осы үшеуі бірігіп КТН (Қадірбек, 

Темір,  Нұрлан)  деген  шағын  меке-

ме  ұйымдастырады.  Бүгінгі  таңда 

Қадірбек Астанада, ал Нұрлан өз ауы-

лы  Қарағандыда  тұрады.  «Аштықта 

жеген  құйқаның  дәмі  тоқтықта  ауыз-

дан  кетпейді»  дегендей  осы  күндері 

үш отбасы бірге туған туысқандарша 

алыс-беріс, барыс-келіс жасап, өзара 

араласып тұрады. 

Ол  2003  жылдан  бастап  осы 

мекеменің  негізінде  құрылған  «На-

ладка  Энерго  Монтаж»  ЖШС-да 

коммерциялық  директор.  Мекеме-

де  бүгінгі  таңда  50-ден  астам  адам 

еңбек етіп, нәпақаларын тауып отыр. 

Олардың  негізгі  міндеті  мұнай  меке-

мелерінің  энергия  жағынан  монтаж-

дау  жұмыстарын  жүргізіп,  қалпына 

келтіру істерімен айналысады. Ұжым 

мүшелерінің  көпшілігі  тәжірибелі,  өз 

ісінің  нағыз  жетік  мамандары.  Меке-

менің  негізгі  басшысы,  яғни  директо-

ры  А.М.Черепаха  болғанымен,  ұйым-

шылдықтың  ұйытқысы  болып,  істі 

басқарып отырған - Темір Мусаұлы.

Александр Михаилұлы да ескінің 

көзіндей болған қала жұртшылығына 

танымал,  өз  ісінің  білгірі  атанған 

тәжірибелі  энергетиктердің  бірі.  Осы 

мекеменің  күшімен  осы  Александр 

Михаилұлының  ұлы  Александр  Че-

репаха  Алматыда  оқып,  арнайы 

білім  алып,  арнаулы  маман  болып 

келді.  Сондай-ақ  «Табыстың  кілті 

тәртіпте»  екендігін  жақсы  түсінген 

басқа  да  ұжым  мүшелері  еңбек 

өнімділігін 

арттыруда 

өзгелерге 

өнеге  болып,  ҚР  Тәуелсіздігінің  ши-

рек  ғасырлық  торқалы  тойына  то-

лымды  тарту  әзірлеу  үшін  алдыңғы 

шептен  көрінуде.  Мысалы,  энерге-

тиктерден  Құрбан  Сүйірбаев,  Нұ-

рымпатша  Ұлықпанов,  Амантай  Та-

станбеков,  Қолдас  Дүйсешов,  Сәбит 

Алагөзов,  Кенже  Мұрынбаев,  есепші 

Баян  Ағатаева,  мамандар  бөлімінің 

жетекшісі  Қамажай  Сидешова,  Кү-

ләш  Мұқанова  және  тағы  басқалар 

өздерінің  өнегелі  еңбегімен  ұжым 

мүшелерінің мақтанышына айналған.

Мынау 

нарықтық 



заман-

да  тиянақты  жоба  жасап,  айқын 

мақсатты  көздеп,  кедергілерден 

қиналмай  жол  тауып,  тынымсыз 

еңбек  етсең  ғана  әлемдік  қаржы 

дағдарысының  толқын-толқын  қат-

парына  төтеп  бере  аласың.  Осы 

орайда  Темір  тағы  бір  бизнес  ашып 

қала  тұрғындарына  өз  қызметтерін 

ұсынып  отыр.  Мысалы,  газбен 

жүретін  автокөліктерге  газ  баллон-

дарын  орнатады.  Сондай-ақ  автокө-

ліктерге  топограф  та  қояды.  Топо-

граф  деген  алыс  жолдарға  жүретін 

автобустар  мен  күрделі  ауыр  жүктер 

тасымалдайтын  мәшинелерге  қойы-

латын  арнаулы  құрал.  Оның  міндеті 

-  жүргізушінің  жұмыс  уақыты  мен  де-

малыс уақытын есептеп тұрады. Бұл 

құрал  ұлы  жолдарда  жиі  жүретін 

әрбір  жүргізушіге  ауадай  қажет. 

Сондықтан  автокөліктерге  сапалы 

әрі  қауіпсіз  етіп  орнатушы  шебер-

лерден  аса  жауапкершілікті,  жоғары 

біліктілікті,  табанды  төзімділікті  та-

лап  етеді.  Осындай  қасиеттердің 

бәрі  Темірдің  жігіттерінің  бойы-

нан  табылатындығын  елден  алған 

алғыстары айғақтайтындай.

Айтпақшы,  Темір  Мусаұлының 

елден  алған  алғыстарынан  басқа 

мекеме,  ұйымдардан  алған  Алғыс 

хаттарына  көз  тұнады.  Жұмыс 

кабинетіндегі  кітап  сөрелері  бей-

не  Алғыс  хаттар  сөресіне  айналып 

кеткендей.  Олардың  санын  сау-

сақпен  санап  шығу  мүмкін  емес.  

Себебі,  біздің  кейіпкеріміз  қаладағы 

мәдени 

спорттық 



шаралармен 

қатар  денсаулық  сақтау  саласы-

на  да  ерекше  көңіл  бөлетін  азамат. 

Оның  өзі  өскен  Теңге  ауылындағы 

дәрігерлік 

амбулаторияға 

жеке 

қалтасынан  қаржы  шығарып,  «Же-



дел  медициналық  жәрдем»  көлігін 

сатып  алып,  сыйға  тартуы  мен 

ауылдың  50  жылдық  мерейтойын 

өткізуге  қосқан  үлесін  ауыл  халқы 

түгіл  қала  тұрғындары  да  әлі  күнге 

дейін  аңыз  қылып  айтып  жүр.  Оның 

қала  тұрмақ  облыстық  деңгейдегі  іс-

шараларға  белсене  қатысып  отыра-

тыны көптің назарынан тыс қалмады. 

Сонау жылдары «Отпан тау» тарихи 

мәдени  кешенінің  ашылуынан  бас-

тап,  жылдағы  «Мектепке  жол»  ак-

цияларына  және  әртүрлі  спорттық 

шараларға тұрақты демеуші болудан 

қалыс қалған жері жоқ.

2007  жылы  Жаңаөзен  қалалық 

мәслихатының  төртінші  шақыры-

лымының  депутаты  болған  кездері 

ел  аманатын  орындауда  да  азамат-

тық  келбетін  көрсете  білді.  «Нұр 

Отан»  партиясының  «Ақтөбе  өңірлік 

партиялық оқу орталығы» филиалын-

да 

«Индустриялық-инновациялық 



даму  жайындағы  партия  қарекетінің 

басымдылық  бағыттары»  тақырыбы 

бойынша 2011 жылы 14-15 қыркүйекте 

біліктілікті  арттыру  курсын  бітірген. 

Осы  тағылымдаманы  іс  жүзінде  пай-

далануда  да  нәтижелі  жұмыстар 

жүргізді.  Осындай  қабілеттері  үшін 

ол  ҚР  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы 

аясында  Өзен  мұнайының  50  жыл-

дығына  орай  қала  әкімінің  Алғыс 

хатымен,  «Нұр  Отан»  партиясының 

15  жылдығына  орай  қалалық  пар-

тия  филиалына  қолдау  шаралары-

на  қатысқаны  үшін  2013  жылы  ҚР 

Президентінің  Алғыс  хатымен  ма-

рапатталды.  Жаңаөзен  қаласы  әкім-

дігінің  «Табыс-2014  жыл»  қалалық 

конкурсында  «Жылдың  үздік  кәсіпке-

рі» номинациясының иегері атанды. 

Өз  заманының  аса  дарынды 

ойшыл  білгірі,  халқының  тұтқалы 

тұлғасы  Әйтеке  би  бабамыздың 

көптеген  даналық  сөздері  қағидадай 

қалыптасып,  ел  есіне  мәңгілік  өш-

пестей  боп  жазылып  қалған.  Сол 

сөздердің  бірінде  «Бай  болсаң  елге 

пайдаң  тисін,  Батыр  болсаң  жауға 

найзаң  тисін!»  деп  айтып  кеткен. 

Қандай  даналықпен  айтылған  сөз 

десеңізші. Міне, осындай сөздер жаны 

жомарт,  көңілі  дархан,  қолы  ашық, 

Темір  сияқты  жүрегі  мейірімге  толы 

елдің  ізгілігін  ойлайтын  қайырымды 

азаматтарға арнап айтылғандай.

Қазақта  «Ұлың  өссе  ұлы  жақсы-

мен,  қызың  өссе  қызы  жақсымен 

ауылдас бол» деген тәмсіл бар. Шы-

нында  да,  құдайдың  құтты  күні  май-

лы  ішектей  араласып  отырмасаң 

да  ауылдастарыңның,  көрші-қолаң-

дарыңның  перзенттері  тәртіпті,  тәр-

биелі  болса  сенің  ұл-қыздарыңа  да 

ықпал ететіні белгілі. Жалпы адам ба-

ласына ата-ананың тәрбиесімен бірге 

қоғамның,  өскен  ортаның  тәрбиесі 

ауадай қажет. Себебі, дүниеге келген 

жас нәресте ата-ананың күтімінен ба-

стап, балабақша, мектеп босағасында 

тәрбиеленеді.  Одан  кейін  кәмелетке 

толғасын  оқу  орындарына  кіріп, 

студенттік тәрбиеге тап болады. Оқу 

бітіргесін,  мамандық  алып,  жұмысқа 

орналасып,  ұжымның  тәрбиесіне 

бөленеді. Марқайып жігіт ағасы болған 

шақта  да  қоғамның  тәрбиесінен 

қол  үзе  алмайды.  Зейнеткерлікке 

шыққасын  ардагерлердің  тәрбиесіне 

кезігесің.  Миыңда  ақыл,  санаңда 

түйсік  болса  ізіңдегі  жастарға 

кеңес  беруге  бейімдесіп,  жол-жоба 

көрсетуге  тырысасың.  Яғни,  ақыл 

айтуға  оқталасың,  тәрбиеленесің. 

Сөйтіп  өскеніңше  өзгенің  тәрбиесін 

көріп,  өскесін  өзгеге  тәрбие  бересің. 

Сондықтан  өмір  бар  жерде  тәрбие 

тоқтамайды.  Оны  адам  пендесі  күн-

делікті тірліктің тауқыметімен байқай 

бермейді.  Тек  әйтеуір  тыңғылықты 

тәрбие болғай деп тілейсің. Сол үшін 

қазақтың «Ұлың өссе ұлы жақсымен, 

қызың өссе қызы жақсымен ауылдас 

бол»  деген  әдемі  сөзі  осындайдан 

айтылса  керек.  Сондай-ақ  қазақта 

«Жақсы  көршіні  сатып  ал»  деген  де 

сөз бар.

Міне, біз әңгімелеп отырған Темір 

Мусаұлының  отбасы  мүшелері  де 

осындай көргенді, тәрбиелі, өзгелерге 

өнеге боларлықтай жандар. Күмісгүл 

жары  Темірдің  қарашаңырақтың 

иесі екендігін, сол үшін соңғы түйенің 

жүгі  ауыр  болатынын  жан  жүрегімен 

түсінді. Оны отбасы, бала-шағасымен 

бірге жарық дүниенің соңғы кезіндегі 

кемпірсіз ғұмыр кешкен қайын атасы-

на еткен қалтқысыз қызметінен айқын 

аңғаруға  болады.  Әсіресе,  қайын 

атасы  өлер  шағында,  яғни  өмірінің 

ақырында  үш-төрт  ай  қиналса  да 

қабақ  шытпай,  майысса  да  сын-

бай,  қасы  мен  қабағына  қарап  күте 

білді.  Төзімділік  танытты.  Бала 



    Еңбек адамы 

күтімі,  ата  күтімі,  оның  үстіне  ел  на-

зарында  жүрген  үлкен  кісінің  күніге 

үш-төрт дүркін көңілін сұрауға келген 

келім-кетім,  қонақ-қопсының  көңілін 

табу  да  Күмісгүлдің  міндетіне  жата-

тын  қосымша  жүк  болатын.  Әрине, 

Мусекең  төсек  тартып  жатып  қалған 

кезде  қыздары  мен  басқа  да  бала-

лары,  келін-кепшіктері  қарлығаш 

көмектерін  аямады.  Дегенмен  «Тас 

түскен  жеріне  ауыр».  Сәл  жерде 

жазықсыздан  жазықсыз  «айыпты» 

болып қалу қиын емес. Өйткені, ауыл-

үйдің өсек-аяңы қабаттасып жүретіні 

бесенеден  белгілі.  Сондықтан  бұл 

Темір  мен  Күмісгүлге  үлкен  сынақ 

еді. Осы сынақтан сүрінбей өту үшін  

Күмісгүл  қайын  атасына  қалтқысыз 

қызмет  етумен  бірге  күнделікті  ке-

лім-кетімге  тамағын  берумен  бірге, 

жылы  қабағын  беруді  де  есінен  бір 

сәт  шығармады.  Сол  үшін  қайын 

атасы  көзі  тірі  кезінде  сүйікті  кенже 

келіні  Күмісгүл  мен  Темірге  ризалық 

сезіммен  ақ  батасын  беріп  кетті. 

Әрине, бұл «Ерін - Пірім» деп сыйлай-

тын  қазақтың  баяғы  әйелдері  мен 

кісінің алдын көлденең кесіп өтпейтін 

именшек,  кішіпейіл,  ұяң  мінезді, 

көргенді жас келіндерінің жазылмаған 

заңы,  бұлжымайтын  бұйрығы  бола-

тын.  Ал  қазір  осы  Күмісгүл  сияқты 

некен-саяқ келіндер болмаса, жалпы-

лама білмедім...

Жұртшылық  құрметтеген,  көре-

ген  әке,  ел  ардақтаған  асыл  атаның 

ақ  батасы  болар  бәлкім,  бүгінде 

бұлар киелі шаңырақтың иесі ретінде 

бақытты  отбасының  біріне  айналды.  

Дүниеге  келген  екі  ұл,  бір  қызы  да 

әке-шеше тәрбиесін көрген еңбекқор, 

адал, білімге құштар болып өсті. 1986 

жылы  туылған  тұңғыш  ұлы  Абылай 

«Болашақ»  колледжін.  Одан  кейін 

Алматыдағы  КазАТК  университетін 

бітіріп,  жоғары  білімді  маман  болып 

шықты.  Қазір  «Өзенмұнайгаз»  ААҚ-

қа  қарасты  УАТ  мекемесінде  еңбек 

етеді.  Оның  жары  Гүлнәр  Текеева 

«Өзенмұнайгаз»  кеңсесінде  инженер. 

1990 жылы туылған екінші ұлы Асқар 

9  сыныпты  аяқтап  Ақтаудағы  поли-

техникалық  колледжге  оқуға  кіріп, 

оны  Алматыға  барып  экономикалық 

колледжде оқып аяқтады. Ол жерден 

бағдарламашылық  мамандық  алып 

шығады. Одан әрі оқуын жалғастырып 

осы  колледждің  Рысқұлов  атындағы, 

қазіргі  Нархоз  университетінде  ком-

пьютер  мамандығы  бойынша  оқиды. 

Оны бітіргесін ҚазМУ-дың мемлекеттік 

гранты  бойынша  магистратурасына 

оқуға  түседі.  Осы  магистратураны 

Ақпараттық  технология  бойынша 

бітіріп, жақында диплом алып ауылға 

келді.  Асқардың  келіншегі  Ләззат  та 

әуелі Алматыда колледж, одан кейін 

университетін  бітіріп  мұнайшы  және 

экономистік секілді қос мамандықтың 

иесі  болып  оралды.  Ал  қызы  Әсем 

де  Алматыда  оқиды.  Ол  биыл  Нар-

хоз  университетінің  үшінші  курсын 

аяқтады. Бұл да болашақ экономист. 

Екі  баладан  сүйген  Мұхамеджан, 

Ділназ,  Аружан  атты  тәп-тәтті  неме-

релердің  сүйікті  әжесі,  яғни  тек  ғана 

Мусаның  емес,  одан  әрідегі  Төлеу, 

Есен,  Шемен  сияқты  ертедегі  ата-

бабаларының 

қарашаңырағының 

бүгінгі  отанасы  Күмісгүл  Өксікбаева 

Жаңаөзен  есептеу  орталығында 

есепші-оператор болып еңбек етеді.

Иә,  біздің  қазақ  «Ұяда  нені 

көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деп 

осындайдан  айтса  керек.  Себебі, 

Муса ақсақалдан дөреп, өмірге келіп, 

оның тұрақты тәлім-тәрбиесін көрген 

әулеттің  ең  кенжесі  Темірдің  бүгінгі 

тірлігі мен бейнесі осындай.

Сүйсінем ұшқын атқан көздеріңе,

Салмақты, терең ойлы сөздеріңе.

Жасаған қайырымдылық істеріңіз,

Сауап болып оралғай өздеріңе!

Атағың осылайша асқақтағай!

Тағдырың болмасыншы 

тас қақпадай!

Талабың әрқашан да алға басып,

Теміржан, тұяғыңды тас қақпағай!

Ырғалып бәйтеректей 

шайқалыңдар!

Бұл өмірде шаттанып, марқайыңдар!

Келбетті Күмісгүлдей келініммен,

Әдемі, қуанышты қартайыңдар!

Ақындар сіздер жәйлі толғап жүргей!

Бастарыңа бақ-дәулет орнап жүргей!

Бекет атам жар болып отбасыңа,

Адай, Мұңал бабалар қорғап жүргей!

Қалың ел ер еңбегін елеп жатқай!

Әруақтар қолтығыңнан 

демеп жатқай!

Қара сөздің зергері, сүйікті әкең,

Мусекеңнің рухы жебеп жатқай!



Мұратбай ҰЛЫҚПАН.


жүктеу 266,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау