IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тəртiбi
15-бап. Лицензия беру шарттары
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтiң осы түрiне
қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi.
Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қоршаған ортаны қорғау, өнеркəсiп қауiпсiздiгi жəне мемлекеттiк
энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы
органдардың қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң осы Заңға сəйкес
лицензияланатын тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Лицензия берген кезде қоғамның, айналадағы ортаның, азаматтардың өмiрi мен
денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс,
көрсетілетін қызмет сапасының кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiс жағдайлары
ескерiледi. Субъектінің (өтініш берушінің жəне (немесе) лицензиаттың) біліктілік
деңгейіне сəйкестігі белгіленген тəртіппен тіркелген заңды, жеке тұлғалар
жүргізетін тəуелсіз сараптамалық бағалау негізінде белгіленуі мүмкін.
Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалана отырып қызметтер көрсету
жөніндегі кəсіпкерлік қызметке лицензиялар конкурс негізінде берілуі мүмкін. <*>
Банк қызметiн жүзеге асыруға жəне банк операцияларын жасауға арналған
лицензияларды беру үшiн қажеттi шарттар банк заңдарымен белгiленедi.
Лицензиялар берудің, олардың қолданылуын тоқтатудың тəртібі мен шарттары,
сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге
асыру жөніндегі біліктілік талаптары валюталық заңдармен белгіленеді.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар берудiң
шарттары мен тəртiбi бағалы қағаздар рыногi туралы заңдармен белгiленедi.
Азаматтық жəне қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол
атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын
жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару
түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді.
Сақтандыру рыногының кəсiпқой қатысушыларына лицензиялар беру шарты мен
тəртiбi сақтандыру жəне сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.
Кредиттік бюроға лицензия беру шарттары мен тəртібі Қазақстан
Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
заңдарында айқындалады.
Зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жəне
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға лицензия берудің шарттары мен тəртібі
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарымен
белгіленеді.
Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар.
Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он
күн ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу
құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
Жеке тұлғаның тегi, аты, əкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол бұл туралы
көрсетiлген мəлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай
мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген),
тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір
айдың ішінде көрсетілген мəліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей
отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. <*>
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он күннiң
iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу жəне көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан
Республикасының салық заңдарында белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде қызметтің
жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi.
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған
лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика
аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан
Республикасының Үкiметi тұтастай жəне кəсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота
ескерiле отырып берiледi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.08.31. N 2447
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N
282
заңымен
, 1998.12.30. N 343
Заңымен
, 1999.07.16. N 436
Заңымен
, 1999.10.08. N
471
Заңымен
, 2000.07.05. N 79
Заңымен
, 2000.12.18. N 128
Заңымен
, 2001.03.16. N
164
Заңымен
, 2001.12.24. N 276
Заңымен
, 2002.11.14. N 352
Заңымен
, 2003.03.13. N
394
Заңымен
, 2003.05.08. N 411
Заңымен
, 2004.07.05. N 568
Заңымен
, 2004.07.06. N
572
Заңымен
, 2005.04.15. N 45
Заңымен
.
16-бап. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген
үлгiдегi арыз;
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңның 15-бабының талаптарына сəйкес келетiндiгiн
растайтын құжаттар;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның
бюджетке төленгенiн растайтын құжат (осы Заңның 18-бабы).
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің
көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі
құжаттар тізбесіне қосымша жəне арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Өтiнiш берушi құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы жəне
уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тəртіппен жауапты болады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.02. N 144-1
Заңымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 2000.07.05. N
79
Заңымен
, 2001.12.24. N 276
Заңымен
, 2005.04.15. N 45
Заңымен
.
17-бап. Лицензия (патент) беру туралы арызды
қарау мерзiмi
Егер заң актiлерiнде өзгеше мерзiм белгiленбесе, лицензиялар барлық
қажеттi құжаттарымен қоса арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен, ал шағын
кəсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1998.07.10. N 283
Заңымен
.
18-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн төленетiн лицензиялық алым
Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның
бюджетке төленетiн ставкалары, есептеу мен төлеу жəне төленген сомаларды қайтару
тəртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сəйкес белгiленедi.
Қызметтiң тиiстi түрiмен айналысатын бүкiл кезеңге лицензия беру лицензия
берген кезде лицензиялық алымды бiр жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N
144-1
Заңымен
, өзгерiс енгiзiлдi - 1998.07.10. N 283
Заңымен
, 2000.07.05. N
79
Заңымен
, 2001.12.24. N 276
Заңымен
.
19-бап. Лицензия беруден бастарту
1. Егер:
1) субъектiлердiң осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға
заң актiлерiмен тыйым салынса;
2) осы Заңның 16-бабына сəйкес немесе басқа заң актiлерiмен талап етiлетiн
барлық құжаттар табыс етiлмесе. Арыз берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған
жағдайда арыз жалпы негiздер бойынша қаралады;
3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн
лицензиялық алым төленбесе (осы Заңның 18-бабы);
4) арыз берушi осы Заңның 15-бабына сəйкес белгiленген бiлiктiлiк
талаптарына сай келмесе;
5) арыз берушi жөнiнде оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын
сот шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Банк операцияларын жəне валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
жасалатын операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартуға арналған
өзге де негiздер банк жəне валюта заңдарымен белгiленуi мүмкін.
Сақтандыру жəне қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру
рыногының кəсiпқой қатысушыларына лицензия беруден бас тартудың өзге де
негiздерi белгiленуi мүмкiн.
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы
заңдармен азаматтық жəне қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік
қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар
мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын
жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға
лицензия беруден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
2. Мына себептер бойынша:
1) арыз берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң
жөнсiздiгi;
2) өндiруге не сатуға лицензия талап етiлетiн тауарлардың (жұмыстың,
қызметтiң) нарықта мол болуы;
3) нарықта монополиялық жағдайдың қамтамасыз етiлуi;
4) арыз берушiнiң жеке басына жəне iскерлiк беделiне күмəндану, соның
iшiнде бұрын сотталғандығы, егер тыйым салу мен қайтарып алу заңда белгiленген
тəртiпке сəйкес өзiнiң қолданылуын тоқтатқан (өтелген) деп есептелсе кəсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, мұның алдындағы лицензиялардың
қайтарып алынуы себептерiмен күмəндану бойынша лицензия беруден бастартуға тыйым
салынады.
3. Лицензия беруге мынадай талаптарды:
1) мемлекет мұқтаждары үшiн мiндеттi түрде тауарлар (жұмыстар мен
қызметтер) сатып алу туралы;
2) алынған лицензияға сəйкес өндiрiлген тауарларды (жұмысты, қызметтi)
белгiлi бiр тұтынушыларға өткiзу не оларды республиканың белгiлi аймақтарына
жеткiзу туралы, соның iшiнде белгiлi бiр əкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстен тыс жерге
немесе экспортқа шығарудан бастарту туралы талапты;
3) өндiрiлетiн тауарға (жұмысқа, қызметке) белгiлi бiр баға (тариф, нарық)
белгiлеу туралы, соның iшiнде оларды белгiлi бiр тұтынушыларға алдын ала
белгiленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етiп қоюға тыйым салынады.
4. Лицензия беруден бастартылған жағдайда арыз берушiге лицензия беру үшiн
белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дəлелдi жауап қайтарылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.08.31. N 2447
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-
1
Заңымен
, 1998.12.30. N 343
Заңымен
, 1999.07.16. N 436
Заңымен
, 1999.10.08. N
471
Заңымен
, 2000.07.05. N 79
Заңымен
, 2000.12.18. N 128
Заңымен
, 2001.12.24. N
276
Заңымен
, 2005.04.15. N 45
Заңымен
.
20-бап. Лицензия беруден бастартқаны үшiн шағым
жасау
1. Егер лицензия осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде белгiленген
мерзiмде берiлмесе немесе бастарту арыз берушiге дəлелсiз болып көрiнсе, ол бiр
ай мерзiмде бұл əрекеттерге сот тəртiбiмен шағым жасауға құқылы.
2. Лицензия беруден негiзсiз бас тарту немесе белгiленген мерзiмде бермеу
фактiсiн анықтағаннан кейiн сот лицензия органын сот шешiмi заңды күшiне енген
сəттен бастап он күн мерзiмде лицензия беруге мiндеттейтiн шешiм шығарады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.23. N 2720
жарлығымен
.
21-бап. Лицензия қолданудың тоқтатылуы
1. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
1) лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
2) лицензия берiлген ic-əрекет (операциялар) жасалып, толық көлемiнде
жүзеге асырылғанда;
3) лицензия қайтарып алынғанда;
4) лицензиялар берудің тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сəйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кəсіпкерлік қызметі
тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып
қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта
ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады.
2.
(алып тасталды)
3. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешедi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.23. N 2720
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N
79
Заңымен
, 2002.11.14. N 352
Заңымен
, 2003.05.08. N 411
Заңымен
, 2005.04.15. N
45
Заңымен
.
22-бап. Лицензияны қайтарып алу жəне оның
қолданылуын тоқтату
1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тəртiбiмен лицензияны
мынадай жағдайларда:
1) осы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын талаптарды лицензиат
орындамаса;
2) лицензия алған қызмет түрiмен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын кiдiртiп қойған себептер жойылмаса;
4) лицензиат лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат берсе, қайтарып
алуы мүмкін.
2. Лицензия осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша сотқа беру
жолымен қайтарылып алынуы мүмкiн.
3. Лицензиар кiдiрте тұру себебiн көрсете отырып, лицензияның (патенттiң)
қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Шағын кəсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды
лицензиардың, бақылау жəне қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кəсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
өтiнiштi уəкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгiленген тəртiппен жəне негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын
кəсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға
талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған
мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға
дейiн қолданылады.
4. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа
беру жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың
заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар
осындай шешім қабылдаған күннен бастап есептелсін.
5. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн лицензия
қайтадан қолданылады.
6. Жекелеген қызмет түрлерiн реттейтiн заң актiлерiнде лицензияны қайтарып
алу мен оның қолданылуын тоқтата тұрудың өзге негiздерi мен тəртiбi көзделуi
мүмкiн.
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.23. N 2720
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N
200
Заңымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 1999.11.29. N 488
Заңымен
, 2005.04.15. N
45
Заңымен
.
V-тарау. Лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн
жауапкершiлiк
23-бап. Шығындардың орнын толтыру
Лицензия беруден орынсыз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан
туындайтын шығындардың орнын толтыру азаматтық заңдарда белгiленген тəртiп
бойынша жүзеге асырылады.
24-бап. Лицензиялауға жататын қызметтi лицензиялау
туралы заңдарды бұзып жүзеге асырғаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Тиiстi лицензиясыз не лицензиялау нормалары мен ережелерiн бұза отырып
қызметпен айналысу заңдарда белгiленген əкiмшiлiк жəне қылмыстық жауапқа əкелiп
соқтырады.
2.
(алып тасталды)
3. Лицензиарлар жəне олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы
заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген
жауаптылықта болады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.09. N 116-1
Заңымен
, 1997.07.11. N 154
Заңымен
, 1998.07.10. N
283
Заңымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 1999.11.29. N 488
Заңымен
, 2000.07.05. N
79
Заңымен
, 2005.04.15. N 45
Заңымен
.
25-бап. Есепке алу жəне бақылау
Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын
бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен лицензиар жүргізеді.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1999.10.08. N 471
Заңымен
.
26-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тəртiбi
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |