ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сəуiрдегі N 2200 Заңы
Ескерту. Мəтiннен сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының
1997.12.08. N 200
Заңымен
, Бас тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды,
мəтініндегі сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. N
471
Заңымен
.
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-əрекеттi
(операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды
реттейдi.
2. Бұл Заң азаматтардың жəне (немесе) заңды тұлғалардың арасында
жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды
реттемейдi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді -
Қазақстан Республикасының 2005.04.15.
N 45
Заңымен
.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына
немесе белгiлi бiр iс-əрекет (операциялар) жасауға үмiткер жеке жəне заңды
тұлғалар сай келуге тиiстi талаптар;
2) лицензиар - лицензияны беретiн, қайта ресiмдейтiн, оның қолданылуын
тоқтата тұратын, тоқтататын жəне жаңғыртатын тиiстi уəкiлеттi мемлекеттiк орган;
3) лицензиат - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығына немесе белгiлi
бiр iс-əрекет (операциялар) жасауға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
4) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен
айналысуға немесе белгiлi бiр iс-əрекет (операциялар) жасауға тиiстi уəкiлеттi
мемлекеттiк орган беретiн рұқсат.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда -
Қазақстан Республикасының 2005.04.15.
N
45
Заңымен.
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай
келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сəйкес жүзеге
асырылады. Мемлекеттiк кəсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым
салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет
түрлерi кiрмейдi.
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке
кəсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тəртiппен алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кəсiпкерлiк
субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тəртiбiн белгiлеуге хақылы.
3. Бəсекелестiктi шектеу немесе кəсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына
олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан
жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады.
Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн
шектеуге себепшi болмауға тиiс.
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана
жүзеге асыру жəне iс-əрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.
6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тəртiп енгiзу немесе оны жою
мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тəртiбiн
қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын
қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді -
Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.23. N 2720
Жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-
1
Заңымен
, 1998.07.10. N 283
заңымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 2005.04.15. N
45
Заңымен
.
4-бап. Лицензиялардың түрлерi
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
1. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына
берiлетiндер;
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар
мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
2. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай,
егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне
бас лицензия беруге жол беріледі;
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе
ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не
аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мəмілелер бойынша жүргізілетін
операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген
мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге берiлетiндер.
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға жəне
валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
операциялар берiлетiндер.
3.
(алып тасталды)
4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.08.31. N 2447
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N
283
заңымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 2000.07.05. N 79
Заңымен
, 2003.05.08. N
411
Заңымен
.
5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде белгiленетiн жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi.
1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уəкiлеттi мемлекеттiк органдардың
қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2.
(алып тасталды)
2. Белгiлi бiр кəсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi
жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда
лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.
3. Лицензиарларға лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн лицензиялау
саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын
мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат
етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға,
оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың
лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.08.31. N 2447
жарлығымен
, Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N
200
Заңымен
, 1998.07.01. N 259
Заңымен
, 1998.07.10. N 283
Заңымен
, 2005.04.15. N
45
Заңымен
.
6-бап. Лицензиялардың нысандары
Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлейдi.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға
арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi