Бұл дипломдық жобаның мақсаты Кентау Трансформатор зауыдының



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет6/32
Дата22.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#16286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

23 

1980  ж  жарияланған  DIX  Ethernet  стандарты  –  топологиясы  «шина»  болып 

табылатын  коаксиалды  кабельдегі  желілерде  мәліметтерді  10  Мбит/с 

жылдамдықпен  таратумен  анықталады.  Ethernet    стандарттарын  физикалық 

деңгейде  сымдық  байланыстар  мен  электр  сигналдары  анықтайды.    Ethernet 

өткен  ғасырдың  90-шы  жылдары  Arcnet,  FDDI,  Token  ring  сияқты 

технологияларды  ығыстырып,  ЛЕЖ  ең  көп  тараған  технологиясы  болды.    Ол 

жұмыстың  бірлесуін  және  ресурстардың  қолданылуын  ұйымдастырады, 

мәліметтер  таралуының  әмбебаптылығын  және  басқарудың  қолайлылығын, 

қатысты  түрде  арзан,  сонымен  қатар  әр  түрлі  өндірушілердің  желілік 

қондырғыларды  қолдау  ықтималдығы  мен  кең  таралуын  қамтамасыз  етеді. 

Шектеулер: қосымша қондырғысыз желінің максималды ұзындығы – оншақты 

метр,  желідегі  машиналар  саны  –  екі  жүзге  жуық,  сондықтан  анағұрлым 

глобальды  аумақта Ethernet  стандарты қарастырылмайды. Осы  технологияның 

негізінде тұрғызылған желілер саны қазіргі кезде бес миллионға жуық, ал осы 

желіде  жұмыс  істейтін  компьютерлер  саны  елу  миллионға  жуық  деп 

бағаланады.  Желіні  тұрғызу  үшін  әрбір  компьютерге  тек  бір  ғана  желілік 

адаптер  және  коаксиалды  кабельдің  керекті  ұзындықтағы  бір  физикалық 

сегменті  болса  жеткілікті.  Ethernet  желілерінің  ең  басты  қасиеті  жақсы 

кеңейтілуі, яғни жаңа түйіндерді қосудың оңайлығы болып табылады. 

Ethernet-тің  айырмашылығы,  жеке  компаниялардың  меншігі  болып 

табылмайтын  ,  осындай  типті  желілер  үшін  халықаралық  стандартты  ойлап 

табу  туралы  шешім  қабылдады.  Ethernet  негізінен  802.3  тобының  IEEE 

стандартымен сипатталады.  

Ethernet  стандарттарының  физикалық  деңгейінің  спецификацияларына: 

кабельдердің  шекті  типтер  және  желілер  құрылымдарының  топологиясы 

сонымен  қатар  ,  басқа  маңызды  параметрлер    мысалы,  кабельдің  максималды 

ұзындығы  және  қайталағыштардың  шекті  саны.  Ethernet-ң  физикалық 

деңгейінің  негізгі  спецификациялары  1-  кестеде  көрсетілген.Осы  шектеулерді 

қадағалау   Ethernet-тің сенімді желілерін құру үшін қажет,оның көмегімен сіз, 

сигналдың  өшуі  және    CSMA/CD    механизмінің  жұмысына  кедергі  болып 

табылатын  айқас  бөгеуілдер  сияқты  барлық  желілерге  тән  қолайсыз 

факторларды  минимумға  төмендете  аласыз.Коллизияларды  табу,  дәл 

синхронизациялаусыз  мүмкін  емес,  осыған  орай  желілердің  орнықты  жұмыс 

істеуі  үшін  кабельдің  ұзындығы  және  қолданылған  қайталағыштар  саны  аса 

маңызды рөл атқарады. 

  Ethernet технологиясының физикалық ерекшелігіне бүгінгі күні мәлімет 

таратудың келесі орталары кіреді: 

10Base-5  - "жуан"  коаксиал деп аталатын диаметрі 0.5 дюйм  коаксиалды 

кабель.  Толқындық  кедергісі  50  Ом.  Сегменттің  максималды  ұзындығы  500 

метр.  10Base-2  -  "жіңішке"  коаксиал  деп  аталатын  диаметрі  0.25  дюйм 

коаксиалды  кабель.  Толқындық  кедергісі  50  Ом.  Сегменттің  максималды 

ұзындығы  185  метр.10Base-T  –  экрандалмаған  қос  айналым  негізіндегі  кабель 

(Unshielded Twisted Pair, UTP). Концентраторы бар жұлдыз тәріздес топология 

құрайды. 



24 

Концентрат  пен  шеткі  түйін  арасындағы  қашықтық  100  м-ден  аспайды.  

10Base-F  –  оптоталшықты  кабель.  Топологиясы  қос  айналым  стандартына 

сәйкес.  Осы ерекшеліктің бірнеше  түрлері  бар  -    FOIRL,   10Base-  FL,  10Base-

FB.10  саны  осы  стандарттардың  мәлімет  таратудағы  биттік  жылдамдығын 

көрсетеді - 10Мб/с, ал Base сөзі – 10  МГц  базалық жиілігіндегі тарату әдісі. 

Ethernet  кадрларының  минималды  мүмкін  ұзындығы  64  байтты,  ал 

максималды  —  1518  байтты  құрайды.  Кадрдың  қызмет  ақпараты  18  байтты 

құраса,  онда  «Мәліметтер»  өрісінің  ұзындығы  46-дан  1500  байтқа  ие  болады. 

Егер желі арқылы берілген мәліметтер минималды ұзындықтан аз болса, онда 

кадр автоматты 46 байтқа дейін көбейіп отырады. 

CSMA/CD  протоколы  екі  бөліктен  тұрады:  Carrier  Sense  Multiple  Access 

және  Collision  Detection.  Бірінші  бөлік  желілі  адаптері  бар  жұмыс 

станциясының хабар жіберген кездегі мезетті қалай "таңдайтынын" анықтайды. 

CSMA протоколына сәйкес, осы мезетте басқа да хабар келіп түспеуін анықтау 

үшін  жұмыс  станциясы  алғашқыда  желіні  тыңдайды.  Егер  тасымалдаушы 

сигнал  (carrier  tone)  естілсе,  онда  осы  мезетте  желі  басқа  хабармен  бос  емес, 

жұмыс  станциясы  күту  режиміне  өтеді  және  онда  желі  босамағанша  болады. 

Желіде  тыныштық  орнағанда,  станция  жіберуді  бастайды.  Екінші  бөлік- 

Collision  Detection  –  екі  немесе  одан  да  көп  жұмыс  станциялары  хабарды  бір 

уақытта  жібергісі  келген  кездегі  жағдайды  шешу  үшін  қолданады.  Егер  екі 

станция  өзінің  пакеттерін  бір  уақытта  жіберсе,  онда  таратылатын  мәліметтер 

бір-біріне  беттеседі,  сонда  хабардың  ешқайсысы  қабылдаушыға  жетпейді. 

Мұндай  жағдайды  конфликт  немесе  коллизия  деп  аталады.  Collision  Detection 

пакетті    таратқаннан  кейін  де  станция      желіні  тыңдауды    талап  етеді.Егер 

конфликт  пайда  болса,  онда  станция  уақыт  аралығы  арқылы  негізгі 

тақырыптығы  көптеген    таңдалған  кездейсоқ  түрде    пакетті  таратуды  

қайталайды.Содан  кейін  конфликт  болған-болмағанын  қайта  тексереді.Жалпы 

мүмкіндіктермен  станцияның  барлығы  желіге    мүмкіндіктің  тең  правосы  бар 

фактісін айқындайды. 

Ең  аз  күту  уақыты  берілген  станция  мәліметтерді  таратуға    алғашқы 

болып мүмкіндік алады, ал қалғандары желі бос емес немесе қайта күтуге тура 

келеді.Күту    уақытының  өлшем  бірлігі    кабельдің  бөлігінің  басынан  аяғына 

дейін  51.2  мсқа  тең  сигналды  таратудың  екі  еселенген  уақыты  болып 

табылады.Бірінші конфликттен кейін таратуды жаңалау алдында  әрбір станция 

0 немесе 1 уақыт бірлігін күтеді.Егер конфликт қайта орын алса, яғни егер екі 

станция бірдей санды таңдаса ,онда олардың әрқайсысы  күту уақыты ретінде 

төрт кездейсоқ санның біреуін таңдайды. Егер үшінші рет конфликт орын алса, 

онда кездейсоқ сан 0-7 интервалында кездейсоқ сан таңдалады.  

Ethernet  апқпараттарды  жіберу  технологиясы,  көбіне  мекемелік  ақпарат 

тарату  қызмет  атқарады.  Ethernet  стандарттары  желік  байланыстарды 

физикалық деңгейде анықтайды. Кадр форматы протаколдар басқару мекенінде  

- OSI моделінің каналдық деңгейнде жұмыс істейді. 

Ethernet  көбіне  IEEE  стандарттарымен  802.3  топшасымен  сипатталады. 

Ethernet  технологиясы  желі  құруға  ең  көп  таратылған  технология  болды. 



жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау