Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

48
қажет. Тәжірибеге сәйкес Министрліктің бір де бір бастамасы оны қолдайтын
ақпараттық жүйелерде көрсетілмеуі мүмкін емес.
ҚР ДСМ ұйымдастырушылық  құрылымдарының  жаңа Тұыжырмдамаға
анағұрлым көбірек сәйкес келуі үшін оларға кейбір өзгерістер енгізу көзделеді.
Е-денсаулық  сақтау саясатын әзірлеу және іске асыру үшін жауапты ҚР ДСМ
институционалдық 
құрылымдарын
күшейту,
ақпараттық 
қауіпсіздікті
басқаруды құру қажет. Сондай-ақ  е-денсаулық  сақтаудың  Сараптама кеңесі
құрылады.
Е-денсаулық сақтаудың Сараптама кеңесі
Денсаулық  сақтау саласында ақпараттық  жүйелерді құру және дамыту
кезінде бірыңғай әдістемелік және техникалық саясатты айқындау мақсатында
е-денсаулық  сақтаудың  мәселелері жөніндегі Сараптама
кеңесі құрылады.
Кеңеске нысандық  саладағы мамандары (медициналық  қызметкерлер және
менеджерлер, қоғамдық  денсаулық  сақтау мамандары), сондай-ақ  АКТ
мамандары, негізінен АКТ стратегтері, архитекторлар мен аналитиктер кіреді.
Сараптама кеңесінің  функциялары: е-денсаулық  сақтауды дамыту
бойынша ұсыныстарды әзірлеу; денсаулық  сақтау жүйесінде АКТ пайдалану
мәселелері бойынша ҚР ДСМ-нің  сараптамалық қоғамының өкілдерімен өзара
іс-қимылын қамтамасыз ету; денсаулық  сақтауда АКТ дамытуда мемлекеттік
саясатты және нормативтік-құқықтық   реттеуді даярлау мен жетілдіру кезінде
консультация беру және ұсыныстарды әзірлеу.
Е-денсаулық  сақтау саясаты үшін жауапты құрылымдық  бөлімшені
институционализациялау
Бұл ҚР ДСМ құрамындағы бөлімше болады. Құрамында бірнеше
басқармаларға бөлінеді:
1) Е-денсаулық сақтауды стратегиялық дамыту басқармасы.
Бұл басқарманың мынадай функциялары болады:
-
тұжырымдаманы-е-денсаулық  сақтау саясатын айқындайтын басқа
құжаттарды одан әрі дамыту және өзгерту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
-
е-үкіметпен е-денсаулық  сақтауды интеграциялау саясатын әзірлеу
және іске асыру;
- саясатты әзірлеу, ақпараттық  жүйелерді әзірлеуді және енгізуді басым
ету;
- е-денсаулық сақтау сәттілігінің көрсеткіштерін мониторингілеу;
-
е-денсаулық 
сақтаудың 
архитектурасын
жақсарту
және
мониторингілеу;
- е-денсаулық  сақтауды іске асырудың  және бөлімше жұмысының 
ілгерлігі жөнінде есептерді дайындау;
-
әзірленген
жүйелердің  Бизнес
талаптары
мен
Техникалық 
спцеификацияларының өмірдің циклын басқару.
2)Е-денсаулық сақтауды стандарттау басқармасы.
Бұл басқарманың мынадай функциялары болады:


49
- е-денсаулық  сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға
қатысу;
- е-денсаулық  сақтау саласында стандарттарды және нормативтік
құқықтық  актілерді әзірлеуді, бейімдеуді, қабылдауды, бекітуді және енгізуді
бастамалау;
- е-денсаулық  сақтау саласында стандарттарды және нормативтік
құқықтық  актілерді әзірлеу, бейімдеу, қабылдау, бекіту және енгізудің 
мәселелері бойынша ведомствоішілік және ведомствоаралық үйлестіру;
- е-денсаулық  сақтау саласында стандарттарды, регламенттерді және
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
- е-денсаулық сақтау саласында стандарттарды және интероперабельділік
қағидаттарын сақтау саясатын айқындау;
- е-денсаулық сақтау саласында стандарттардың сақталуын бақылау.
3) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.
Бұл басқрама мынадай функцияларды орындайды:
- ақпараттық қауіпсіздік саясаттарын әзірлеу және іске асыру;
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу үшін қауіпсіздік регламенттерін әзірлеу;
- сәйкестік аудиттерін ұйымдастыру.
Сондай-ақ,  Стратегиялық  даму департаментімен бірлесіп саясатты
айқындау
функцияларына
Министрліктің  құрылымдық  бөлімшелерінен
нысандық саланың міндеттерін қоятындар қатысуы тиіс. Бұл денсаулық сақтау
жүйесінің  өзгеретін қажеттіліктеріне және жағдайларына жауап беретін е-
денсаулық  сақтаудың ұзақ  мерзімді тиімді стратегиясын қалыптастырудың 
қажетті талабы болып табылады.
2.4.2. Реттеу және стандарттау
Реттеу және стандарттау процестері үшін Қазақстан Республикасы
Денсаулық  сақтау министрлігі жауапты, бұл е-денсаулық  сақтауды іске
асырудың барлық аспектілерінің нормативтік құқықтық көрістерін қамтамасыз
етуді, сондай-ақ  регламенттер мен стандарттарды орындауды, олардың  дұрыс
пайдалануды
және
жаңартуды
қамтамасыз
етуді
білдіреді.
ДСДРО
стандарттарды әзірлеуге және олар аяқталғаннан кейін іске асыруға және
олардың сақталуын күнделікті мониторингілеуге қатысады.
ҚР ДСМ құрамында Электрондық  денсаулық  сақтауды стандарттау
басқармасы қызмет етеді, оны одан әрі білікті кадрлармен күшейту және/немесе
е-денсаулық сақтау саласындағы білікті сараптамашыларды жұмылдыру қажет.
Бұл өмірлік маңызы бар шара, өйткені стандарттарды және реттеуіш базаны
енгізу мүдделі тараптар арасындағы талпынысты бөлу жағдайларында е-
денсаулық  сақтауды
дамыту
бойынша
барлық  қызметтің  сәттілігін
айқындайтын және соңында денсаулық  сақтау жүйесінің  негізгі бағыттарын
дамытуға қолдауды қамтамасыз ететін сыни фактор болып табылады.
Сондай-ақ  ДСДРО тиісті бөлімшесі саясатты талаптарын іске асыруы
және қажетті регламенттердің жобаларын әзірлеуі үшін оны сәйкестендіру және


50
білікті кадрлармен нығайту қажет. Осы процеске денсаулық сақтау саласының 
мамандары (дәрігерлер, денсаулық  сақтауды ақпараттандыру менеджментінің, 
медициналық  информатиканың  мамандары,
қоғам
денсаулық  сақтау
менеджерлері), заңгерлер мен АКТ мамандары қатысатын болады. Саясаттарды
және регламенттерді әзірлеудің осы процесін реттейтін регламент әзірленеді.
Қызметті үйлестіру, стандарттаудың  жалпы жоспарын реттеу, жүргізу,
мониторингілеу электрондық  денсаулық  сақтауды стандарттау басқармасына,
ал
нысандық  стандарттарды
әзірлеу
Министрліктің  және
ДСДРО
бөлімшелерінің құрылымдарына қалдырылуы тиіс.
Сондай-ақ, мүдделі тараптарды жұмылдыру және келісуінің негізінде іске
асырылатын құжаттарды әзірлеу бойынша негізгі жүктемені өзіне алатын е-
денсаулық  сақтау стандарттарын әзірлеу және дамыту бойынша жұмысшы
тобы белсенді қызмет етуі тиіс.
Келесі қадам е-денсаулық  сақтаудың  стандарттарын бекіту жөніндегі
Техникалық  комитетті құру болуы тиіс. Сондай-ақ  осы функцияны іске
асыратын органға/басқармаға бекіту мүмкіндігін қарастыру қажет.
2.4.3. Е-денсаулық сақтау жобаларын іске асыру процесін басқару
ҚР Денсаулық  сақтау министрлігінің  саяси шешімдері және әзірленген
реттеуіш құжаттар денсаулық  сақтаудың  ақпараттық  жүйелерінде және е-
денсаулық сақтау компоненттерін сапалы енгізу мен қолдау үшін қажетті басқа
процестерде уақтылы, әдістемелік және техникалық  тұрғыдан сауатты іске
асырылуы тиіс.
Ел деңгейінде жобаны іске асырудың  процесін ДСДРО (ДСАО)
басқаратын болады, ол ақпараттық  жүйелерді әзірлеу жобалары үшін,
жұмыстың және осы жүйелерді енгізудің сапасы үшін, қажетті тренингтермен,
оқыту үшін қажетті материалдар мен ресурстармен қамтамасыз ету үшін
жауапты болады.
Жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін ДСДРО-да (ДСАО
немесе нақты жобаны іске асыруға жауапты ұйымда) техникалық  шешімдерді
қабылдай алатын, ақпараттық жүйелерге қойлатын талаптарды әзірлеу кезінде
нысандық  саладада мамандарды, архитекторлар тобын, жобаларды басқару
жөніндегі мамандарды үйлестіре алатын жоғары білікті топ болуы тиіс. Оған
қоса бұл топ әзірленетін шешімдер ақырғы пайдаланушылар үшін қажетті және
өмірді қиындататын бөтен жаңалық ретінде қабылданбауы үшін олармен тығыз
байланыста жұмыс істеуі тиіс.
Сондай-ақ  ҚР ДСМ-нің  бөлек қолданыстағы функцияларын анағұрлым
сәйкес келетін орындаушыларға беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Министрлік
саясат,
стандарттау
және
реттеу
мәселелерімен
анағұрлым
нәтижелі
айнасаласуы үшін ДСМ бүгінгі жабдықтарды сатып алудың  (сондай-ақ  басқа
сатып алуды) міндеттерін е-денсаулық  сақтаудың  басқа қатысушыларына


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау