19
қызмет ұсынады. Екі профиль де ұялы топологиядағы толық масштабты желі
және ZigBee қасымшаларының барлық профилдерімен жұмыс істеу
мүмкіндігін береді.
ZigBee 2007ZigBee 2006 құрылғыларымен толыққанды істейді. Сондай-
ақ ZigBee 2007 құрылғысы ZigBee 2006 мен өткен версиялардағы желіге
қосылып жұмыс істей алады. Маршруттау опиясындағы айырмашылықтарға
байланысты ZigBee Pro құрылғылары ZigBee 2006 немесе ZigBee
2007желілерінің аяққы құрылғылары(ZEDs) бола алмайды. Ол құрылғыларда
істейтін қосымшалар, профиль ағымына қарамастан бірдей жұмыс істейді.
802.15.4 физикалық деңгей спецификациясы радиоқұрылғылардың үш
жиілік жолағының бірінде жұмыс істеуін талап етеді: 868-868.8 МГц (Еуропа,
бір арна), 902-928 МГц (Солтүстік Америка, 30 арна) және 2400-2483.5 МГц
(бүкіләлемдік, 16 арна). 2003 жылғы стандарт пен 2006 және 2007 жылғы
жаңартуларда модуляциялаудың бірнеше сұлбасы қолданылған. Дегенмен,
спектрді тікелей кеңітуші кеңжолақты модуляция болып табылатын, тура
тізбектелу әдісімен (DSSS - Direct Sequence Spread Spectrum) спектрді кеңейту
әдісі кең таралған. Бұл кеңжолақты радиосигнал құру әдіснде екілік сигнал,
тасмалдаушыны модуляциялауға арналған лақпа кездейсоқ тізбектелуге
айналады.IEEE 802.11 стандартындағы желілер мен CDMA жіберілген
импульс спектрін арнайы кеңейтулерде қолданылады [9].
Қатынауды қадағалау үшін арнаға, қатынау деңгейі 802.15.4 стандартты
ортаға тасымалдаушыны бақылау мен коллизияны июі (Carrier Sense Multiple
Access With Collision Avoidance, CSMA-CA) бар көптік қатынау жүйесімен
сипатталады. Яғни, фреймді құрылғы алдымен арнаны тындайды және еш
белсенділік байқалмаса ол өз дерктерін беруді бастайды. Егер беруші құрылғы
әлі қолданыстағы арнаны тапса, ол әлдебір кездейсоқ уақыт периодын күтеді
де арнаны қайта қолданысқа тексереді. Беру немесе басқа кездейсоқ уақыт
шаманы күтуі оның не тапқанына тәуелді. Әдетте, бір кадрды беру үшін
құрылғы шексіз күтуінің алдын алу мақсатында мүмкіндіктер санына шектеу
орнатылады[10].
ZigBee спецификациясы коммерциялық емес қолдану шартымен көп
халыққа қолжетімді. ZigBee ұйымында Adopter деп аталатын кіру деңгейінің
мүшелігі әлі жария етілмеген спецификацияларға мүмкіндік береді және
спецификацияны коммерциялық қолдану үшін бағдарламалар жасауға рұқсат
береді.
ZigBee
спецификациясын
қолдану
барысындағы
тіркелу,
коммерциялық өндірушіден ZigBee ұйымының жарияланған немесе
қолданыста бар ағымдағы қосымшалар профилінің тізіміне кіруін талап етеді:
үй автоматтандырылуы;
өндірістік автоматтандыру, кен орындарының кеніштік құрылуы;
энергияны рационалды қолдану (ZigBee Smart Energy 1.0/2.0);
коммерциялық құрылысты автоматтандыру;
телекоммуникациялық қосымшалар;
персоналды, үй және сырқаттық күтіу;
ойыншықтар.
20
Қазақстанда 122 байырғы алтын рудалы, 81 кешенді және 34
шашыраңқы аллювиалды кен орындары бар. 100-ге жуық алтын өндіруші
компаниялар тіркелген оның тек 35-і қазіргі уақытта алтын өндіру және
геологобарлау жұмыстарымен айналысады.
Ең ірі алтын өндіруші, үш Ақсу, Бестөбе және Жолымбет алтын кен
орындарын иеленетін KazakhGold Group Ltd.компаниясы болып табылады.
Бұл кеніштің арлығысолтүстік-шығыс Қазақстанда орналасқан Степногорск
қаласының маңында. Алтын қорлары мен ресурстарының, тиісінше, 442 т
және 1433 т.
Алтын тау-кен саласынажасалған барлық инвестициялар 90% құрайды.
Ірі тау-кен компаниялары «Алтыналмас» ААҚ, «Майқайыңалтын» ААҚ,
«Бақыршық ГДП» ЖШС, «ЧАРАЛТЫН» ЖШС, ТКК «АБС Балқаш», «ГМП
Пустынное» ЖАҚ, ТКК «Алтын Төбе» ЖАҚ, Компания «Кен», «Алел» ААҚ,
ТКК «Андас Алтын» ЖШС, «ГМК Қазақалтын» ААҚ, MMC «Алтын Аймақ»
ЖАҚ.
Қазақстанның алтын кен орындары нақты – алтын кенді және
кешенді.Қазақстан Қытай, Ресей және Өзбекстан сияқты ірі өңірлік алтын
өндіруші болмағанымен, әлемдік асыл металл бағасының және соңғы
жылдарда байқалатын халықаралық тұрақсыздықтың артуы алтынды, қайта
тартымды активке айналдырды.Алтынның орташа бағасының өзінде
Қазақстанның көптеген шағын және орта кен орындарытолықтай қажетті
технологиялар мен капиталмен қамтамасыз етуге қабілетті шетелдік
инвесторларға қызықты болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанның
артықшылықтарына, басқа аймақтаға қарағындатөмен инвестициялық
тәуекелді, мемлекеттік саланы реттеудің деңгеййінің төмендігі, сондай-ақ
либералды және тұрақты экономиканы жатқызуға болады. алтын бағасы бір
деңгейде алдағы бірнеше жыл тұрған немесе одан ары өскен жағдайда, біз
отандық және шетелдік инвесторлардың Қазақстанның алтын кен өндіру
өнеркәсібінде іскерлік белсенділіктерінің одан әрі өсуін болжауға болады.
Сонғы жылдарда Қазақстандағы алтын өндірудің жылсайынғы
көрсеткіші 10 т-ға шамалас. Бұл мынадай бірнеше факторлармен сипатталады:
шағын және орта кеніштерді игеру;
көптеген өндіруші және өңдеуші компаниялармен қолданылатын
ескірген құрылғылар мен бағдарламалар;
жеткілікті
өңделген
құралдардың
жоқтығы
және
отандық
кәсіпорындардың қосымша қаржыландыруының шектеулі мүмкіндіктері;
сыртқы тікелей және протфельді инвесторлардың қатысуын
қиындататын, қанағаттанарлықсыз менеджмент пен меншік формасы;
мырыш және көміртекті рудаларды өңдеуде сенімді және қоршаған
ортаға қауіпсіз технолгияның жоқтығы;
отандық тау-кен құрылғыларының жоқтығы мен өндіріс шығындарын
арттыратын, импортқа тәуелділік;
жоғары транспорттық шығындар.