307
кəмелетке толмағандарды əлеуметтік бейімдеудің жекелеген
бағдарламаларды əзірлеу жəне оның іске асырылуын қамтамасыз
ету;
3) кəмелетке толмағандардың əлеуметтік мəртебесін қалыпқа
келтіру;
4) Орталықтағы кəмелетке толмағандарға медициналық
қызмет көрсетуді жəне білім беруді ұйымдастыру;
5) Орталықтағы кəмелетке толмағандарды бұдан əрі орналас-
тыру бойынша Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары-
мен өзара əрекеттесу;
6) Орталықтағы кəмелетке толмағандарды отбасыларына
қайтаруға қолғабыс ету;
7) кəмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздықты
жəне панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс
жүргізу;
8) Орталықтағы кəмелетке толмағандардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
6. Орталық келесі блогтардан құрылады:
1) баспана-тұрмыстық блог (жатын бөлмелер, оқу сыныпта-
ры, ойын бөлмелері, кинозал, кітапхана, гигиена бөлмелері);
2) медициналық блог (медициналық пункт, изолятор);
3) əкімшілік-шаруашылық блог (асхана, қызметтік кабинет-
тер жəне шаруашылық орындары).
7.
Орталықтың
техникалық
беріктілігі
кəмелетке
толмағандарға еркін кіруге жəне орталықтан тысқары шығуға
мүмкіндік беруді, тəулік бойы бақылау жүргізу үшін жағдайларды
қамтамасыз етуі қажет.
2. Кəмелетке толмағандарды қабылдау, ұстау жəне шығару
тəртібі
8. Орталыққа:
1) ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшін
қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар;
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-
анасының немесе заңды өкiлдерiнің қамқорлығынсыз қалған,
сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп
төнген кезде қамқоршылық жəне қорғаншылық органы ата-ана-
сынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған
басқа да адамдардан алып қойған балалар;
308
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кəмелетке
толмағандар қабылданады.
9. Кəмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін:
1) осы Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында аталған
кəмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Ереженің 8-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында
көрсетілген кəмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық
жəне қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
Кəмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру тура-
лы қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қаулысына
міндетті түрде:
тұрғын
үй-тұрмыстық
жағдайларын
зерттеу
актісі
(тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
кəмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының не-
месе басқа заңды өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері
анықталған жағдайда);
туу туралы куəлігі (бар болған жағдайда);
білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар
үшін);
медициналық құжаттар (егу құжаты жəне амбулаторлық кар-
тасы бар болған жағдайда) тіркеледі.
10. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы
Ереженің 8-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында аталған
кəмелетке толмағандар осы Ереженің 1-қосымшасына сəйкес
нысан бойынша Орталыққа қабылдаудың актісі негізінде
қабылданып, ол туралы Орталықтың əкімшілігі жиырма төрт
сағат ішінде жазбаша түрде прокурорды хабардар етуге міндетті.
11. Осы Ереженің 8-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында
аталған кəмелетке толмағандарды одан əрі күтіп бағу не орнала-
стыру туралы мəселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері
үш тəулік ішінде Қамқоршылық жəне қорғаншылық органы-
на панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін,
қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен
денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.
12. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары үш жұмыс
күні ішінде кəмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру тура-
лы қаулы шығарады.
13. Кəмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау жəне
Орталықтан шығару Орталықтың басшысының бұйрығымен
рəсімделеді.
309
14. Орталыққа қабылданатын кəмелетке толмағандар осы
Ереженің 2-қосымшасына сəйкес нысан бойынша рəсімделген
жеткізілген кəмелетке толмағандарды есепке алу журналында
тіркеледі.
Кəмелетке
толмағанның
сауалнамалық
деректері
анықталғаннан кейін оған осы Ереженің 3-қосымшасына сəйкес
нысан бойынша қағаз жəне электрондық таратушыларында есеп-
ке алу - статистикалық карточка толтырылады.
15. Осы Ереженің 8-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында
аталған кəмелетке толмағандар оларға көмек көрсету жəне бұдан
əрі орналастыру мəселелерін шешу үшін қажетті уақытқа, бірақ
отыз тəуліктен аспайтын, үш айға дейін ұзартылатын мерзімге
орналастырылады.
16. Кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзіміне
денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган жариялаған ка-
рантин кезеңі, сондай-ақ кəмелетке толмағандардың ауруына
байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты жəне де
стационарлық көмек беруі енбейді.
17. Осы Ереженің 8-тармағының 3) тармағында аталған
кəмелетке толмағандар Орталықта сот қаулысының негізінде бо-
лады, бірақ арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім
заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімнен аспау тиіс.
18. Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық
мас болу күйіндегі, сондай-ақ айқын психикалық аурудың
белгілері бар кəмелетке толмағандарды орналастыруға тыйым
салынады.
19. Орталыққа орналастырылған кəмелетке толмағандар
жасына жəне жынысына қарай топтарға орналастырылады.
Топтардағы балалар саны жиырма адамнан аспауы тиіс.
20. Орталыққа орналастырылған кəмелетке толмағандармен
профилактикалық жəне бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
21. Ұстаудың белгіленген тəртібін бұзған кəмелетке
толмағандармен психолог жеке-тəрбие жұмысын жүргізеді, ол
туралы кəмелетке толмағандарға толтырылатын жеке істе тиісті
жазба жазылады.
22. Кəмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау кезінде
бастапқы медициналық тексеру жүргізіледі, орталыққа түскен
сəтте кəмелетке толмағанның бар нəрселері мен құнды заттары
тəркіленеді, ол туралы осы Ереженің 1-қосымшасына сəйкес
Достарыңызбен бөлісу: |