Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап.  Бала  асырап  алуды  мемлекеттік  тіркеу  туралы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет79/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100

245
250-бап.  Бала  асырап  алуды  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
өтініш
1.  Бала  асырап  алуды  мемлекеттік  тіркеу  жеке  басын 
куəландыратын  құжаттарды  көрсеткен  жəне  соттың  бала  асы-
рап  алу  туралы  заңды  күшіне  енген  шешімінің  көшірмесін 
ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша 
жүргізіледі. 
Бала  асырап  алуды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  өтініштің 
нысанын  Қазақстан  Республикасының  Əділет  министрлігі 
белгілейді.
Бала асырап алушылар бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу 
туралы өтініш беруге жазбаша нотариатта куəландырылған ны-
санда басқа адамдарға уəкілеттік  беруге құқылы.
2. Егер бала асырап алушылар немесе уəкілетті адам соттың 
бала асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен ба-
стап бір ай ішінде бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы 
өтініш жасамаған жағдайда, тіркеуші орган бала асырап алу ту-
ралы шешім шығарған соттан түскен шешімнің көшірмесі неме-
се сот шешімінің үзінді көшірмесі негізінде бала асырап алуды 
мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны дербес жүргізеді.  
251-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуын мемлекеттік 
тіркеу
1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  шетелдіктердің 
Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын  бала-
ны асырап алуын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде бала асырап 
алудың  күшін  жою  осы  Кодекстің  талаптарын  сақтай  отырып, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүргізіледі.  
2.  Шетелдіктерге  асырап  алуға  берілген  балаларды 
бақылауды  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелерi 
жəне  Қазақстан  Республикасының  балалар  құқықтарын  қорғау  
саласындағы уəкілетті органы жүзеге асырады.
252-бап.  Бала  асырап  алу  туралы  акт  жазбасының 
мазмұны
Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мəліметтер:
1) баланы асырап алуды мемлекеттік тіркегенге дейінгі жəне 
одан кейінгі баланың аты, əкесінің аты (егер бар болса), тегі; 
2) баланың туған күні, туған жері жəне азаматтығы;
3)  ата-анасының  аты,  əкесінің  аты  (егер  бар  болса),  тегі, 
азаматтығы,  акт  жазбасында  немесе  баланың  туу  туралы 


246
куəлігінде болған кезде, ұлты;
4)  бала  асырап  алу  туралы  акт  жазбасының  жасалған  күні 
жəне  нөмірі,  баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеуді  жүргізген 
тіркеуші органның атауы; 
5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні;
6) бала асырап алушылардың аттары, əкелерінің аттары (егер 
бар болса), тектері, азаматтығы, егер жеке басын куəландыратын 
құжаттарда  көрсетілсе,  ұлты,  табыс  көзі  немесе  жұмыс  орны, 
тұрақты тұратын жері;  
7)  бала  асырап  алушылардың  баланың  ата-анасы  болып 
жазылғаны не жазылмағаны;
8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып та-
былатын  құжат туралы мəліметтер;
9)  бала  асырап  алу  туралы  куəліктің  сериясы  мен  нөмірі 
енгізіледі.
253-бап. Бала асырап алу туралы куəлікті жəне баланың  
туу туралы жаңа куəлігін беру
Бала  асырап  алу  туралы  куəлікті  бала  асырап  алушыларға 
мемлекеттік  тіркелген  орны  бойынша  тіркеуші  орган  береді. 
Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерін, тегін, атын 
жəне əкесінің атын өзгерткен, сол сияқты бала асырап алушыны 
туу туралы актілерді жазу кітаптарына асырап алынған баланың 
ата-анасы ретінде жазған кезде баланың туу туралы жаңа куəлігі 
беріледі. 
Екі немесе одан да көп бала асырап алған жағдайда бала асы-
рап алу туралы куəлік əрбір балаға беріледі.   
 254-бап. Бала асырап алу туралы куəлік
Бала асырап алу туралы куəлік мынадай мəліметтерді:
1) асырап алынған баланың атын, əкесінің атын (егер бар бол-
са), тегін, туған жерін;
2) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздерді;
3) бала асырап алушылардың аттарын, əкесінің аттарын (егер 
бар болса), тектерін;
4) бала асырап алуды мемлекеттік тіркегеннен кейін берілген 
баланың атын, əкесінің атын (егер бар болса), тегін;
5) мемлекеттік тіркеу күнін, орнын, тіркеуші органның атау-
ын; 
6) бала асырап алу туралы куəліктің берілген күнін;
7)  бала  асырап  алу  туралы  куəліктің  сериясы  мен  нөмірін 


247
қамтиды. 
255-бап. Бала асырап алу туралы жазбаның күшін жою 
1. Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшін 
жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану тура-
лы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жойылады.
2. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша 
жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-
анасы  немесе,  егер  бала  асырап  алудың  күші  жойылған  болса, 
оның  талап  етуі  бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді. 
256-бап.  Тіркеуші  органдардың  бала  асырап  алудың  
құпиясын қамтамасыз етуі
1.  Тіркеуші  органдардың  қызметкерлері  бала  асырап 
алушының  келісімінсіз  бала  асырап  алу  туралы  қандай  да  бір 
мəліметтерді  хабарлауға  жəне  бала  асырап  алушылар  асырап 
алынған  баланың  ата-анасы  емес  екені  олардың  мазмұнынан 
көрініп тұратын  құжаттарды беруге құқылы емес.
2.  Асырап  алынған  бала  туралы  мəліметтер  Қазақстан 
Республикасының  заңдарында  белгіленген  өз  құзыреті  шегінде 
мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ғана беріледі. 
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
 НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ 
НОРМАЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН 
АЗАМАТТЫҒЫ 
ЖОҚ АДАМДАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
275-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес жəне мүлік-
тік жеке құқықтары мен міндеттері
  Ерлі-зайыптылардың  мүліктік  емес  жəне  мүліктік  жеке 
құқықтары  мен  міндеттері  аумағында  өздері  бірге  тұратын 
тұрғылықты  жері  бар  мемлекеттің  заңнамасымен,  ал  бірге  
тұратын  тұрғылықты  жері  болмаған  кезде  аумағында  олардың 
соңғы  бірге  тұратын  тұрғылықты  жері  болған  мемлекеттің 
заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты 
жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес жəне мүліктік 
жеке  құқықтары  мен  міндеттері  Қазақстан  Республикасының 
аумағында 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасымен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау