Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет34/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100

108
мағыналық жəне қамтамасыз ету аспектілері бойынша): өзара іс-
қимыл, мақсатты қаржыландыру, сыйлау, құрбан ету, т.б. жайлы 
заңда көрсетілген үлгідегідей келісімшарттар мен өзге де заңды 
құжаттарды рəсімдеу.
 
7.2.5. Орталықтағы кəмелетке толмағандардың құқықтары
Орталық  қызметкерлері  кəмелетке  толмағандардың  келесі 
құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс:
Жеке  даралығын  сақтау  құқығы:  бұл  құқықтың  сақталуы 
баланың жеке киімдері мен жеке заттары болған кезде сақталады. 
Бұл  құқық  қызметкерлердің  баланы  өз  отбасына,  ал  ол  мүмкін 
болмаған  жағдайда – алыс  туған-туыстарының  отбасыларына 
қайтару бойынша жұмыс жүргізуіне де себеп болады.
Өз ата-аналарымен жəне жақын тартатын кісілерімен қарым-
қатынас  жасау  құқығы:  балаға  демеу  беру  ата-аналардың  не 
туыстарының құқығы ғана емес, олардың міндеті де болып та-
былады.  Бала  мен  ата-аналардың  қарым-қатынасы  кəмелетке 
толмағанның  Орталықта  болған  кезінде  жалғасын  тапқаны  аб-
зал.
Өз пікірін айту құқығы: қызметкерлер баланың болашағына 
əсер  ететін  шешімдер  қабылдайды.  Сондықтан  да  баланың  өз 
ойын еркін айтуына жəне шешім қабылдауына бөгет жасамаған 
жөн. Осы арқылы бала болашақта өзі үшін маңызды істерде аса 
қиналмастан  шешім  қабылдап,  өз  пікірін  айтып,  құқықтарын 
қорғай алатын болады.
Зорлық-зомбылықтың  кез-келген  түрінен  қорғану  құқығы: 
ересектердің  міндеті  баланы  кез-келген  зорлық-зомбылықтан 
қорғау болып табылады. Орталықтағы қызметкерлердің осынау 
ережелерге бағынуы қатаң түрде сақталады. Ересектердің жаса-
уы тиіс осындай қамқорлықтары балаларға оң əсер етеді. 
Əлеуметтік  қорғалу  құқығы  жəне  денсаулығын  қорғау  мен 
толыққанды даму құқығы: баланың осы аталған мəселелер бой-
ынша  барлық  құқықтарын  Орталық  қызметкерлері  қамтамасыз 
етеді. Бала салауатты өмір салтынан хабардар болуы тиіс. Баланың 
өз жасына сəйкес оқуы мен келешегі үшін пайдалы тəжірибелерге 
ие болуы үшін жекелеген əлеуметтік бағдарламалар түзіледі. 
Білім  алу  құқығы:  Орталықта  орналасқан  жəне  мектеп-
ке  барып  жүрген  балалардың  ешқашан  оқуын  тастамауы  жəне 


109
сабақтан  көп  уақыт  қалып  қойған  балалардың  өзі  қатарлы 
балалардың деңгейін қуып жетуіне құқықығы бар. Қызметкерлер 
балалардың оқуға күнделікті барып отыруына барынша жағдай 
жасаулары тиіс. Білімсіз баланың өз өмірін жақсарта, өзгерте ал-
мауына күмəн жоқ. 
Дене  жəне  психологиялық  оңалту  мен  əлеуметтік  қайта 
бейімделу  құқығы:  осы  аталған  құқықтардың  орындалуын 
қамтамасыз ету үшін баланың даму үрдісіне байланысты талдау 
жəне келшекке бағдарланған жоспарлар əзірленеді.


110
Қосымша 1
ЖАН-ЖАҚТЫ БАҒАЛАУДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА 
АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ  
Жағдайды жан-жақты бағалау кеңінен таралу мен кешенді та-
лаптар көрсетілген жағдайда қажет. 
Жүргізілген жан-жақты бағалау туралы есеп келесі тарауларға 
сəйкес жасалынуы тиіс:
Баланың есімі:
Жасы /Туылған күні:
Арызды берген 
күні:
Тағайындалған 
тəрбиелеуші:
Əлеуметтік қызметкер:
Дəрігер: 
Бала отбасысының тарихы, туылғанға дейін жəне одан кейін:
• 
Баланың туылғанына дейінгі ата-аналар арасындағы қарым-қатынас 
• 
Ата-аналардың қалған туысқандарымен қарым-қатынасы 
• 
Тұрғын-үй жағдайы 
• 
Ата-аналардың жұмыспен қамтылуы / қаржылық жағдай 
• 
Ата-аналармен бірге тұратын туған ағайынды-əпкелердің саны 
• 
Ананың жүктілік кезеңінде, босану кезінде немесе баламен бірге 
өмірінің алғашқы апталарында қиыншылықтардың болуы  
• 
Баланың ерте даму сатылары – тамақтану, алғашқы қадамдары, 
сөйлеу қабілеті 
• 
Баланың отбасыда жəне туыстарымен қарым-қатынастары 
• 
Бала аурулары/ауру себебіне байланысты ауруханада немесе 
отбасыдан алыс жерде өткізген уақыт 
• 
Мектепке дейінгі білім – жетістіктер /қиындықтар 
• 
Мектептегі бастауыш білім – баланың мықты жəне əлсіз жақтары 
• 
Баланың отбасыдағы жүріс-тұрысы – баланың ерте жасқа жүріс-
тұрысының күтпеген сəттерін белгілеу 
• 
Баланың отбасыдан тыс жүріс-тұрысы – баланың осы жасқа тəн 
күтпеген сəттерін белгілеу 
• 
Ата-аналардың сөзінше баламен туындаған қиыншылықтар – баланы 
басқа туған ағайынды-əпкелермен салыстыру /ата-аналардың назарын 
баламен қарым-қатынасына баса назар аудару /ата-аналар баламен 
туындаған қиыншылықтарды қалай шешті /ол кезде қандай көмек 
қажет болды жəне қандай көмек алынды? «Нақты ақпарат» ретінде 
айтылғанның бəрі шындығында дəл ақпарат екендігін тексеру 
үшін сақтық танытып, нақты ақпарат жəне жеке адам, мысалы, ата-
аналардың бірі басқасы туралы теріс пікір айтқан жағдайда берген 
ақпарат арасындағы сəйкессіздікті анықтау қажет


111
Баланың ортасынан негізгі өкілдер, сондай-ақ олардың өзара қарым-
қанынасының деңгейі мен сапасы туралы ақпарат:  
• 
Мысалы, ата немесе əже /аға немесе əпке /басқа туыстар 
• 
Қарым-қатынас деңгейі 
Отбасы ортасындағы қарым-қатынастар, дағдарыстық жəне оң 
сəттер 
• 
Отбасы мүшелерінің жəне олардың бір-бірімен қалай қосылатыны 
туралы түрлі диаграммаларды суретке салу сияқты əртүрлі амалдарды 
пайдалану, уақыт кестесін жасау, ол отбасы мүшелеріне сол 
отбасыдағы ахуалды сипаттауға көмектесу үшін өте пайдалы болуы 
мүмкін.  
Бағалаудың іске асырылуын үйлестіретін əлеуметтік қызметкер 
жүгінетін ұйымдар 
• 
Осы ұйымдардың əрқайсысы олардың түйіспелі мəліметтері туралы 
белгімен көрсетілуі тиіс 
• 
Алынған жазбаша қысқаша сипаттама, сондай-ақ толық баяндаманың 
сұратылғаны немесе қосымша ақпарат алу үшін берілгені туралы 
нұсқау 
• 
Əрбір ұйыммен байланысқа шықпас бұрын неғұрлым көбірек ақпарат 
жинау үшін сұрақтар тізімін жасау қажет 
• 
Басқа ұйымдардың алдыңдағы қатысуы туралы есепті қарап шығу 
қажет 
Басқа ұйымдардың алдыңдағы қатысуы турасындағы балалар мен 
ата-аналар туралы ақпарат 
• 
Баланы басқа ұйымдардың оның өміріне қатынасуы турасында сұрату 
қажет 
• 
Əлеуметтік қызметкер баланың өмірінде орын алған 
қиыншылықтарды жəне /немесе атталған оң сəттерді назарға алуы тиіс 
• 
Əңгімелесу жүргізілетін ата-аналар/отбасы олардың басқа 
ұйымдармен ынтымақтасу тəжірибесі турасында сұрастырылуы тиіс – 
ол оң болды ма немесе теріс болды ма? Пайдалы болды ма?
Əлеуметтік  қызметкер  осы  əлеуметтік  тарихтың  барлық  маңызды 
сəттерін мұқият жазып отыруы тиіс


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау