63
медициналық, психологиялық, педагогикалық, əлеуметтік-
экономикалық шаралар атқарады.
Орталықтың қызмет ету шеңберін кеңейту, мүмкіндіктерін
арттыру, балалардың жағдайын жақсарту мақсатындағы қызметі
келесі құрылымдармен өзара əрекеттестікте жүргізіледі:
- облыстың білім басқармасымен;
- облыстың ішкі істер департаментімен;
- облыстың балалар құқықтарын қорғау департаментімен;
- денсаулық сақтау басқармасымен;
- аумақтық қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарымен;
- аумақтық кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі жəне
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларымен;
- облыстың қоғамдық бірлестіктерімен;
- облыстың білім беру мекемелерінің ұстаздар ұжымымен
жəне қызметкерлерімен;
- облыстың, Қазақстан Республикасының өзге де мүдделі ве-
домстволарымен жəне ТМД-мен.
Осы өзара əрекеттестіктің жемісті болуы Орталық қызметінің
тиімділігіне байланысты болары анық.
ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН
ҰЙЫМДАСУЫ
Орталық қызметінің құрылымы.
Қабылдау бөлімі. Бағыты мен қызметтері:
- жасөспірімдерді алғашқы медициналық бақылау жəне
алғашқы санитарлық көмекпен қамтамасыз ету;
- кəмелетке толмағандарға қажетті медициналық бақылау жа-
сап отыру;
- алғашқы психологиялық көмек көрсету;
- жасөспірімдердің жеке дамуының ерекшеліктері мен іс-
қимылдарын бақылап отыру.
Əлеуметтік,
психологиялық,
медициналық
жəне
педагогикалық диагностика бөлімі. Бағыты мен қызметтері:
- отбасымен жəне отбасы ішінде жойылған байланыстардың
қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін əлеуметтік оңалту
бағдарламаларының кезең-кезеңімен орындалуын ұйымдастыру;
- кəмелетке толмағандардың бір-бірімен қарым-қатынасын
64
сауықтыруға, олардың құрбылары ұжымындағы əлеуметтік
мəртебесін қалпына келтіруге, психикалық түйіткілдерді жоюға
жəрдемдесу;
- жасөспірімдердің кəсіптік шыңдалуы мен жеткілікті түрде
білім алуына педагогикалық демеу жасау;
- жасөспірімдер мен балаларды мекеме ішінде жəне одан тыс
жерде жүргізілетін əр түрлі қызмет түрлеріне қатыстыру;
- кешенді əлеуметтік, медициналық-психологиялық жəне
педагогикалық көмек көрсету.
Орталық қызметкерлерінің қажетті шараларды жүзеге асыруы
үшін тəрбиеленушілердің психологиялық тұрғыдан қаншалықты
тəрбиеленіп жатқанын, олардың отбасы мүшелерімен қандай
қарым-қатынас жасап жатқанына қарап баға беруге болады.
Əдістеме ретінде мынаны ұсынуға болады:
- кешенді түрде əлеуметтік медициналық-психологиялық
жəне педагогикалық көмек көрсету;
- Савенковтың əдістемесі (7-10 жастағылар үшін), «Өмірде
жоқ жануар», «Жаңбыр астындағы адам»;
- Филлипс, Басс-Дакри, Эллерс əдістемесі (11-13 жастағылар
үшін), SPІ əдістемесі (14-17 жастағылар үшін).
Орталықтағы баланың бейімделу ерекшелігіне байланысты
7-30 күн аралығында диагностика кезеңдері іске асырылып оты-
рады.
Бала Орталықта тəулік бойы болатын болса білім беру
ұйымында əлеуметтік оңалту бағдарламасы жүзеге асырылады.
Орталықта орналасқан жасөспірім толықтай мемлекеттің
қамқорлығында болады.
Орталық бөлімінде сауықтыру топтары кəмелетке толмаған
балаларды жинап, олардың əлеуметтік бейімделе алмау формасы
мен дəрежесін анықтайды. Сауықтыру топтарында 7 адамға
дейін жасөспірімдер мен балалар жинақталады.
Бұл топтардың жұмысы кəмелетке толмағандарды оңалтудың
жеке дара ерекшеліктерін ескеретін бағдарламалар негізінде
жүргізіледі.
Балалар тобының жоспарланған шаралары балалардың
психикалық
жағдайын
анықтау
мақсатында
кешенді
медициналық-психологиялық зерттеу жұмыстары жасалғаннан
кейін басталады.
Арнайы əлеуметтік диагностика шеңберінде жүргізілетін
диагностикалық шаралар кəмелетке толмағандардың əлеуметтік
65
бейімделе алмауын анықтап, оның негізгі себептерін талдауға
мүмкіндік береді.
Кəмелетке толмағандарды оңалту жəне бейімдеу
бағдарламаларын орындау бөлімдері. Бағыты мен қызметтері:
- кəмелетке толмағандарды əлеуметтік бейімдеуге бағытталған
жекелеген бағдарламаларды кезең-кезеңімен жүргізу, балалардың
отбасымен арада үзіліп қалған байланысын қайта орнықтыру,
кəмелетке толмағандардың өз араларында жақсы қарым-
қатынаста болуына жағдай жасау, олардың психикалық тұрғыдан
жаралануын болдырмау секілді шараларды ұйымдастыру;
- кəмелетке толмағандардың əлеуметтік мəртебесін
орнықтыру;
- арнаулы кəсіптік білім беру бойынша жұмыстар жүргізу;
- кешенді медициналық-психологиялық жəне педагогикалық
көмек көрсету;
- Орталықтағы кəмелетке толмаған балалардың өмір сүруге
құштарлығын арттыру, оларды оқу, демалыс, дене сауықтыру
қызметіне қатыстыру;
- тəрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау;
- білім беру ұйымында тұрып жатқан кəмелетке толмағандар-
ды отбасына, интернаттық мекемеге бұдан əрі орналастыру, асы-
рап алынуы, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынуы бойынша
қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына жəрдемдесу.
Дағдарыс жағдайына ұшыраған балалы отбасыларына
тиісті көмек көрсетуге бағытталған байланыс терапиясы
белсенді түрде қолданысқа енгізіледі. Өйткені осы арқылы
отбасының ажырауына жол берілмейді, қиындықтардың алды
алынады, сондай-ақ мəжбүрлі түрде сауықтыру жəне бейімдеу
орталықтарында тұрып жатқан балалар санының кемуіне, ең
соңында бақытты балалар санының артуына қол жеткізіледі.
Жасалған жұмыстан тиімді нəтиже алу мақсатында
Орталық балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас
орнатқан. Əлеуметтік желілер арқылы балаларды тəрбиелеу –
кеңінен таралған əдістерінің бірі. Бұл жерде баланың мəселесі
оның əлеуметтік байланыстары тұрғысынан қарастырылады.
Кəмелетке толмағандарды тасымалдау бөлімі. Бағыты мен
қызметтері:
- Қазақстан Республикасының басқа облыстары мен ТМД
елдерінен тұрғылықты мекен-жайына жеткізілетін балалардың
Достарыңызбен бөлісу: |