2016-2017 оқу жылындағы
тәрбие жұмысының І жарты жылдық
ЕСЕБІ
1. Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16
қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы
29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру
ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, 2013-2020 жылдарға арналған
бағдарламасын негізге ала отырып жасалған жұмыс жоспары
негізінде жүргізілді. 10 бағыт бойынша өткізілген шаралар
бойынша
Есеп талап бойынша 10 бағытта берілуі керек:
• патриоттық тәрбие
• отбасылық тәрбие
• рухани-адамгершілік тәрбие
• саяси және құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеу
• көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу
• еңбекке баулу және экологиялық тәрбие
• интеллектуалды тәрбие
• салауатты өмір сүруге тәрбиелеу
• полимәдени тәрбие
• діни тәрбие
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
Патриотизм — қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи
және топтық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен
толығып отырады.
Патриотизм - әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат
өміріне қауіп тендіретін термоядролық, экологиялык және террорлық
апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және
әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге
алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік
татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз байланыста
болумен өлшенеді.
В.И.Дальдың сөздігінде «патриот» ұғымына мынадай анықтама
берілген: «Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу
қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас». Тағы бір сөздікте: «Патриот -
өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері
жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын адам».
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси
құрылымына
және
де
басқа
да
компонент-
теріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір
адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі:
біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен
мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл
мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең
мағыналы ұғым ретінде қарастырады.
Тұлғаның
патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп
отырғандығы
Қазақстан
Республикасы
Конституциясында,
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан
Республикасы Президентінің республика халқына Жолдауларында,
Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан
Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында,
үкіметтің құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен
ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген.
Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей
алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
«Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында патриотизм
мазмұнына
мыналарды жатқызады:
– адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі;
– ана тіліне қүрметпен қарау;
– Отан мүдделеріне қамқорлық жасау;
– азаматтық сезімдердің көрініс беруі;
– Отанға адалдыкты сақтау;
– Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау;
– әлуеметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш;
– Отанның өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге
құрметпен қарау;
Біз
тәрбие
жүйесінде
жастарымызды рухани
және
ұлттық құндылылықтарын дұрыс бағалауға осы білімдерді
пайдалануға бағытталуы тиіс
деп
есептейміз.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, патриоттық тәрбие
процесінде «әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты
тарихына, оның болашағына қатысты екенін мақтанышпен
сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің
проблемалары да, келешегі де барлық адамға әрі түсінікті
болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным,
оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын
деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн».
Біздің мектеп-интернат коллдежіміздің Алғашқы қоңырауы
барлық Қазақстан мектептеріне арналған «Мен өз елімнің
патриотымын» тақырыбымен өтті. Осы күні барлық сынып,
курстарда тәрбие сағаты өтті. Тоқтала кетсек, Садыкованың 8
«В» сыныбында «Я патриот своей страны», «ҚР рәміздері»,
«Президент и обретение границ» тәрбие сағаттары мен ҚР
президенті туралы фильм көрсетіліп, талқыланды.
І,ІІ,ІІІ курс орыс топтары акт залында тәрбие сағаттарын бірігіп
өткізді:
С.Оспанова,
Г.И.Матвеева,
Р.Ж.Апенова,
З.Ы.МадьяроваА.Г.Катанаевтар Қазақстан картасымен, слайдпен,
карточка-тапсырмалар тарату сияқты әдістермен өткізді. Бұл ашық
тәрбие сағатына ата-аналар да қатысты.
Патриоттық тәрбиеге байланысты ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығына 20 қарашадан- 16 желтоқсан аралығында «25 күн 25
жетістік» тақырыбымен мектеп-интернат, колледж басшысының
бекітумен жоспар жасалған. Сол жоспар негізінде көп жұмыс
атқарылды.(Слайдта көрсетілді)
Отбасылық тәрбие
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи
құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс
болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған.
Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім
тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы - баланың ең жақын
әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның
құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы
мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас
орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және
«қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында
әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата -
ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі
ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың
әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері
қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның
ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі.
Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе,
керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді.
Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы -
ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге,
үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және
оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға
үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып
саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз
қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың
бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде
түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін
арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір
даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы
нәтижеге
алып
келмейтіні
рас.
Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке
салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді
құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән
беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару
да
өте
қажетті
маңызды
мәселе.
Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың
бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы
өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай
көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей
жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап
болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз.
Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай
да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп
тұратын шындық.
Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де
соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру,
көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық
құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған
тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл
алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі
ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші
біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық
қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды
таңдастырып,
қолданады.
Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажет
және олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып
отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық
сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті.
Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін
үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт
та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала
тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық
сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз
балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл
ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен
бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын
болжайды.
Отбасы тәрбиесіне байланысты Л.Қасымбекованың 7 «Б»
сыныбында «Ата-ана мен жасөспірімдердің қарым-қатынасы»
тақырыбында баяндама оқылса, Садыкованың 7 в сыныбында
«Семья и Я» тақырыбында тәрбие сағаты, Г.Ахауованың 3 курс 3
тобында «Культуры общение в семье» тәрбие сағаттары өтті.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік
қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин).
Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат
баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды
мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда
адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай
жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің
нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін
және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды
рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу –
бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Халықта «Ағаш түзу өсу
үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,
яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани
- адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке,
еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін
жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде
жоспарлы
түрде
іске
асады.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзін тегін айтпаса керек.
Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді,
денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы
араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін
дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік,
кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан
қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде
ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез
ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді,
жанашырлыққа
тәрбиелейтіні
анық.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында болуы, жанұяға, өскен
ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт
беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен
тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп
болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек,
жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген
қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа
жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Г.С.Ахауованың 3курс 3 тобында «Мы большая страна- мы
большая семья» кураторлық сағаты, Қасымбекованың 7 б
сыныбында «Қыз бала мен ұл бала арасындағы сыйластық», 2к 3
топта «Друзья, прекрасен наш союз» тәрбие сағаты, Садыкованың 7
в с «Общение и этикет» сияқты тәрбие сағаттары осы бағытта
жүргізілді.
Құқықтың тәрбие
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып,
олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке
қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады.
Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз
беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін
қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт
тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың
төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді
түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр
оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана
өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін
күресу
құқықтық
тәрбиенің
міндеті
болып
табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы
тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың
құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады.
Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын
алып
отырғаны
жасырын
емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде
отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз
ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып
қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен
баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес
пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір
табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл
болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу
үшін
жүргізілетін
шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал
ететін
жағдайды
жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
-
оқу,еңбек
іс-әрекетін
тиімді
ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз
бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты
екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала
сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда
балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін,
ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент -
ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын
тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете
керек.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып
жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның
өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да,
құқықтық
талаптарды
мойындамаған
көп
жағдайларды
байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды
білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы
заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек.
Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді
талап
етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс.
Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды
салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының
сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие
құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің
жоғары
деңгейінде
болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп
пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды
құрметтеу,
құқықты
қорғау
іс-әрекетінің
терең
бірлігі.
Көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны
жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке
адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін
білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени
өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке
адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің
өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі
өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік.
Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму
мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық,
әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның
дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында
көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі
болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық
нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік
пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп
отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі,
оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп,
осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи
бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі
болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік
және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына
әртүрлі әсер етеді.
Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды
және қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың
кез-келген әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл
жағдай ересектердің бағыт-бағдар беруі арқылы жүзеге асады.
Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-әрекетінде
қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-әрекетте ғана жан-
жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр
адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен
дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы
пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар.
Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау
болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін
білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын
анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің
қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен
қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол
ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық
қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, “адам” түсінігі
осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен
қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік
сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С.
Выготскийдің
айтуы
бойынша:
“Жеке
тұлғаның
негізгі
функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру
және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу” .
Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын
танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар
мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-
әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму
деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп,
жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-
әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі
философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық
көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П.
Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық
кемелденуімен байланыстырды.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс
бағытымен үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді
неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық
сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі.
Еңбек тәрбиесі
Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол
жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып
жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық,
рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау
мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол
үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру
стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып,
қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп
отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен
тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты. ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты
ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен
қарайтын,
ғылым
мен
техниканың,
өнердің,
мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай
дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті
адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап
көрсеткен.
Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты,
білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен
басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық
санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек
білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып
өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбектің орны
ерекше.
Жалпы еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың
еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырған, белгілі
мақсатқа бағытталған процес. Сонымен еңбек тәрбиесі жан-жақты
тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті -
жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбек ету шеберлігі мен
дағдысын қалыптастыру.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшілігінің бірі өсіп келе
жатқан баланың адамгершілік сапаларын,
еңбекке көзқарасын
тәрбиелеу көзделеді.
Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің
барлық саласында еңбек адамдарын құрметтеуден басталады.
Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда коғамға
пайдалы мүше болуға ұмытылуды, даярлықты қалыптастыру
нышаны пайда болады.
Оқушылардың еңбек процесін дұрыс ұйымдастырудың мәні
зор. Еңбектің бір саласының өзі әр
түрлі жағдайда
ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстың ұйымдастырылуының әдісіне
қарай оқушылардың сол жұмысқа көзқарасы да, оны орындауы да
әртүрлі болады.
Жалпы мектеп оқушыларды еңбекке баулу негізінде
оқушыларды
шығармашылыққа
баулуға
әкеледі.
Тұлға
тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары – шығармашылыққа ойлау,
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің
тәсілдері арқылы қалыптастыру
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық
даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды
қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және
Т.С.С. бағытталған» делінген. Денсаулық –зор байлық, адам
бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл
дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған
шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған
ие болу үшін көп күш жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бір -
ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді,
үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай
тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік
–жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының
маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру
шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің,
темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына,
құнарлы
тамақтанбауға
қарсы
жүргізілетін
үгіт-насихат
жұмыстарына
негіз
салды.
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және
нығайтудың
негізгі,
ол
жан-жақты
дамыған
азаматтың
қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар
бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің,
тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс
тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл
күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы,
ауаның,
судың
бұзылуы;
дәрі-дәрмекті
және
тұрмыс
химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде
бірінші
қатарда
қимыл-қозғалыстың
аздығы.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-
қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек
болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір
сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың
өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық
тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі
де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына,
жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Салауатты өмір салтына байланысты өте көп жұмыстар
атқарылды. (слайдта көрсетілді)
Дін - тәрбие бастауы
Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес
парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау
қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз Ислам дінін
ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани
тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін
сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан
да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Өз
жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер:
1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің
мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.
9. Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б.
Мектеп-интернат,
колледж оқушыларымен діни бағытта
көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Тарих және құқық
пәнінің оқытушысы 2016-2017 оқу жылына Тарих және құқық
пәнінің оқытушысы Г.Себепова «Діни экстремизм және
терроризмге байланысты» жылдық жоспар жасады. 3 курс 2 топта
«Діннің пайдасы мен зияны» тақырыбында ашық тәрбие сағатын
өткізді. Барлық сынып жетекшілер мен кураторлар өз топтарында
әңгіме, пікірталас ретінде көп жұмыстар атқаруда.
2. Тәрбие жұмысының жетістіктерінің көрсеткіштері бойынша есеп:
№
Көрсеткіш
Өлшем
бірлігі
2016-2017
оқу жылы
1
Жас Отан, Студенттік Парламент, ҚСА
қоғамдық
жастар
ұйымдарына
қатысушылар саны:
Саны -2
1.«Жас Отан»
2.Студенттер
кеңесі
15
17
2
Жастар саясатын іске асыруға және
патриоттық тәрбиелеуге қатысты іс-
шараларға белсенді қатысушы жалпы
студенттер бөлігі
100 %
362
3
Мәдени іс-шараларға қатысушы
студенттер
80%
300
4
Спорттық
шаралар
жұмыстарымен
қамтылған студенттер бөлігі
90 %
335
5
Шығармашылық
ұйымдармен,
көркемөнерпаздықпен шұғылданатын
студенттер бөлігі
70 %
230
6
Діни конфессиялар өкілдерімен кездесу
1
100
60
Достарыңызбен бөлісу: |