Литва, Польшаға, олардың мемлекеттік орталықтану жолындағы күресіне кедергі жасауға
тырысқан әрекеттерін сипаттайтын материал алуан түрлі. Жылнамаға шаруашылық, халық
туралы мәліметтер енгізілген, мысалы, кангиттер (хвалисстер) жерінің Батый иеліктерінен
әрі орналасқаны көрсетілген. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін неғұрлым дәл, шығыс
бөлігі үшін жанама географиялық деректер хабарланған.мысалы, Үлкен немесе Алтын
Орданың астанасы Сарай қаласы болғаны, сонымен бірге Жайықтың арғы жағындағы
барлық жер- орталығы Самарқандта болған «Көк Орда» деп аталғаны атап өтілген. Көк
Орда деп «Ақсақ Темір басып алған» «жерлер мен патшалықтар» арасында аталған, бірақ
олардың ішінде Қытай да аталған, шынына келгенде бұл олай емес болатын.
Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихы жөніндегі маңызды деректемелер Сібір
жылнамалары: Строганов жылнамасы (ХУІІ ғ.орта шені шамасында), С.Есиповтың «Сібір
жылнамасы» (1687 ж.) және «Ремезо жылнамасы» (ХУІІ ғ.аяғы мен – ХУІІІ ғ. басы) болып
табылады. Оларда бұл аумақтағы және Сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейіттердің
орналасуы туралы, бұл жерлерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің,
содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар.
Ресейдің орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарында сақтаулы
материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы. Жоңғария, Қазақстан мен Орта
Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен
қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынастары туралы да мол
ақпараткелтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар
мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар
басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөзден»
қолтаңбалар және т.б. бар.
Орыс князьдары мен патшаларының Ноғай билеушісі Ибақ пен мырзалары Москваға
елшілік жіберген 1489 жылдан бастап, ХУІІ ғ.орт. дейін ноғай билерімен және
мырзаларымен, сондай-ақ Жоңғария билеушілерімен дипломатиялық хат алысулары
мейлінше ауқымды. Ноғай Ордасына 1534-35 ж.Данила Губиннің, 1569 ж. Семен
Мальцевтің , 1577 ж. Борис Доможировтың елшіліктері мәлім.
ХУІ ғ. аяғында қазақ-орыселшілік байланыстары туралы мағлұматтар пайда болды.
1594 ж. Москваға достық қатынастар жасасу және Бұқара ханына қарсы күресте көмек алу
мақсатымен Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхамед жіберілді. 1595 ж. Тәуекел ханның
Сырдариядағы ордасына Вельямин Степанов жауап грамота алып келді. ХУІІ ғ. қазақ
даласы арқылы Бұқара мен Хиуадан Ресейге қырықтан астам және Орта Азияға 9 орыс
елшіліг жүріп өтті. Сібір приказының материалдарында ХУІІ ғ.аяғындағы Тәуке хан
тұсындағы қазақ-орыс келіссөздері туоалы мәліметтер бар. «Тобольскіден Түркістанға
дейінгі Қазақ Ордасы қалашықтарының тізімі...» және «Сұрап алынған сөздер» тапсырағн
1696-
97 ж.ж. Федор Скибин экспедициясының мәліметтері зор ынта туғызады.
Елшіліктердің есептері, сауда миссияларының, экспедициялардың материалдары
өлкедегі саяси оқиғаларды, экономикалық шындықтарды көрсетіп, этнографиялық
материал, Қазақстан аумағында ноғайлардың, башқұрттардың қарақалпақтардың орналасуы
туралы мәліметтер берген.
Елшлік, сауда миссияларымен экспедициялардың чертеждері мен жазбалары алуан
түрлі географиялық шындықтармен бірег ХУІ ғ.аяғында жасалған орыстың тұңғыш ресми
жиынтық картасы «Үлкен Чертеждің» негізіне алынды. «Үлкен Чертежге Кітап» сақталған,
онда қазақ жерлері туралы мәліметтер тұтас тарауға жетедідеуге болады. Чертежді
жасаудың алдында ХУІ ғ. Ресейде зор көлемде картографиялық жұмыстар жүргізілді.
Егер ертедегі шетелдік карталарда – Петр Висконтидің картасында (1320 ж.),
Катальон картасында (1375 ж.), Фра Мауроның картасында (1459 ж.) – Қазақстанның жері
мүлде дерлік айтылмай, Төменгі Еділ бойы мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс
жағалауын бойлай жатқанжерлер көрсетілсе, С.Герберштейн (1546 ж.) мен А.Видтің (1555
ж.) орыстың картографиялық материалы пайдаланылған карталарында енді Жайыққа
дейінгі аумақ көрсетілген. 1558 ж. ағылшынның «Москва компаниясының» тапсыруымен
сауда мақсатын көздеп Орта Азияға аттанған А.Дженкинсонның картасы Қазақстан туралы
географиялық мәліметтерді еселей түсті. Оның саяхатының суреттемесінде қазақтар мен
ноғайлар туралы географиялық мәліметттерді еселей түсті. Оның саяхатының
суреттемесінде қазақтар мен ноғайлар туралы мәліметтер бар. Картада ол қазақтарды Сыр
өзенінде деп көрсеткенде, ноғайларды Жайыққа орналастырған.
Ақпараттың молдығы жағынан «Үлкен Чертеж» оның алдындағы карталарын қазақ
даласы мен сырдариядағы қалалардың географиялық шындықтармен бірге ХУІ ғ. аяғында
жасалған орыстың тұңғыш ресми жиынтық картасы «Үлкен Чертеждің» негізіне алынды.
«Үлкен Чертеж» жоғалып кеткен,бірақ «Үлкен Чертежге Кітап» сақталған, онда қазақ
жерлері туралы мәліметтер тұтас тарауға жетеді.деуге болады.чертежді жасаудың алдында
ХУІ ғ. Ресейде зор көлемде картографиялық жұмыстар жүргізілді.
ХУІІ ғ. аяғ. Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдарды
орыстың көрнекті ғалымы С.Ремезов қорытты. С.Ремезов жұмысыныңқортындысы
Қазақстан аумағы жөнініде тарихи-географиялық мәліметтер бар «Сібірдің Чертеж кітабы»
болды. Бұл картада Арал тұңғыш рет өз атымен аталып, жеке бассейн ретінде көрсетілген.
Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халықтарының тарихын
зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы ХУІІ ғ. барған сайын арта түседі.Сол
ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым
белгілі бола түседі.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
Апта №6
1 кредит сағат
Дәріс №11
Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері.
Дәріс мазмұны:
1. Деректердің негізгі түрлері.
2. ІХ ғасырдағы араб, парсы деректері (Әл-Балазур, ат-Табари, әл-Жахиз,
Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбек, Әл-Якуби, Кудама ибн Жафар, Ибн
әл-Факих, Ибн Русте т.б.).
Деректеметануда ІХ-ХУІІ ғ. араб, парсы және түркі әдебиті ерекше орын алады, онда
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір
құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық
мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман
дүниесінің саяси шекарасынан тыс жатқан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды
Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен
тайпалар туралы ақпарат жинауға құлшындырады. Арабтардың орта ғасырладағы
тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап
алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпаларынан сыртқы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи
шығармаларында кездеседі. Мәселен әл-Балазур (ІХғ.) мен ат –Табаридің (ІХғ.)
туындыларында УІІ-УІІІ ғ. орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия
халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жекелеген
аудандарында арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың
аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөнінідегі құнды
деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл- булдан) деген
шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбарлар мн патшалар тарихы» (Трих әр-русул
Достарыңызбен бөлісу: |